Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
7 сын. .т. саб. ж. 3 чтв 2013-14.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
125.55 Кб
Скачать

IV. Жаңа сабақты бекіту.

  1. Қазақ хандығын сол кездегі қай хандар биледі.

  2. Қазақ хандарының оңтүстік аймақтары үшін саясатының маңызы ?

  3. Қазақ хандарының әрекетіне сипаттама беріндер.

V. Бағалау:

Әбішев С. - __________;

Жақұпов Ә. - __________;

Нұржанова А. - __________;

Смағұлова Г. - __________;

Сұлтанова М. - __________;

Алашбаев Н. - __________.

VI. Үйге тапсырма: қайталау.

Сынып: 7 «а». Сабақ №:____________ Күні:_______________

Пәні: Ортағасысырлық Қазақстан тарихы.

Сабақтың тақырыбы: Қазақ ұлттық мемлекетінің құрылуының алғышарттары.

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларға Қазақ хандығынының құрылуына әкеп соқтырған себептерімен таныстыру, Қазақ хандығы туралы толық білім беру;

  • Қазақстан аумағындағы ежелгi тайпалар мен орта ғасырдағы этностардың даму ерекшелiктерiн салыстыра отырып, оқушыларды өз бетiнше қорытынды жасауға дaғды­ландыру, танымдық қабiлетiн дамытып, iзденiске баулу;

  • Тұңғыш қазақ мемлекетінің құрылуына негіз қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу,өз елінің тарихына, адал ұлдарына деген құрмет сезімін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: аралас.

Әдісі: жаңа сабақты баяндау, дәріс.

Сабақтың жоспары : I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа сабақ.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Оқушылармен амандасу.

  • Оқушыларды түгендеу.

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Қазақ хандыры арасында өзінің мемлекетті қуаттандыру ісіне үлес қосқан хандарды атап шығу ?

  2. Қазақ хандарының Ресей империясымен қарым-қатынасы қандай деңгейде болды ?

  3. Оңтүсік аумағындағы қалалары үшін күресінің маңызы ?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Қазақ хандығын құру жолындағы күресі.

  2. Қазақ хандығының құрылуы.

III. Жаңа сабақ.

ХҮ ғасырдың орта кезінде қазақ жерінің батысында Ноғай Ордасы, Жетісу аймағында Моғол хандығы, Сыр бойы, Орталық Қазақстанда Әбілқайыр хандығы өмір сүрген.Олар жер және билік үшін бір-бірімен соғысып жатты.Оған қосымша Әмір Темірдің ұрпақтарыда қазақ жеріне шабуылдар жасап жағдай мүлде нашарлады.1428 жылы Барақ ханның белгісіз жағдайда қаза табуы Ақ Орданың саяси жағдайын мүлде әлсіретеді.Қазақ жеріндегі саяси бытыраңқылық әсіресе Әбілқайырдың билігі тұсында өзінің шарықтау шегіне жетеді.Тарихи деректерге қарағанда Әбілқайыр хан Ақ Орда билігін өз қолыга алу үшін 20 жылға жуық күрес жүргізген.Ал Ақ Орданың мұрагерлері Ұрыс хан мен Барақ ханның ұрпақтары Жәнібек пен Керей сұлтандар Әбілқайырдың билігін мойындамады.Сұлтандардың алдарына қойған басты мақсаты өздерінің жеке ұлттық мемлекетін құру еді.Міне,Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы елдегі саяси жағдай осындай бытыраңқы, аумалы-төкпелі болды. Сұлтандардың Жетісуға қарай ойысудағы басты мақсаты – Орталық және Оңтүстік Қазақстанның қазақтарын Ұлы жүз тайпаларымен біріктіру еді.Керей мен Жәнібек сұлтандар қазақтардың саяси тұрғыдан бірігуіне,Қазақ хандығының құрылуына негіз қалады.

ХV ғ.ғ. Қазақстан жерін мекендейтін қазақ тайпалары Ертістен Жайыққа,Алтайдан Каспий мен Аралға,Қараталдан Сырдарияға,Тянь-Шаньнан Қаратауға дейінгі кең байтақ, жазық даланы қоныстанған еді.Қазақ даласының негізгі тұрғындары үйсін,қаңлы,қоңырат,қыпшақ,найман,керей,маңғыт т.б. көптеген тайпалар болды.

Қорытынды: Қазақ мемлекетінің құрылуының тарихи маңызы орасан зор болды – 1) әр хандықтың билігінде ел болуды аңсап жүрген ру-тайпалардың қазақ ұлты болып қалыптасуы аяқталы. 2) осы қалыптасқан ұлтты басқару, оны сырт жаудан қорғау үшін Қазақ мемлекетінің біртұтас ұлттық саяси-әкімшілік жүйесі құрылды. 3) әлеуметтік экономиалық және мәдени жағынан өзіндік салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы, ділі, діні бар ел санатында даму жолына түскен азат,еркін елге айналды.