Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
7 сын. .т. саб. ж. 3 чтв 2013-14.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
125.55 Кб
Скачать

IV. Жаңа сабақты бекіту.

  1. Кесте толтыру.

    Тәуекел ханға дейінгі мемлекет

    Қазақ-өзбек қатынастары

    Қазақ-орыс қатынастары

    Сауда саттықтың дамуы

    Тәуекелге сипаттама

  2. Қазақ мемлекетінің Орыс мемлекетімен қарым-қатынас орнату.

  1. Елшіліктер жіберген жылдары.

  2. Нәтижелері.

  1. Қазақ-өзбек қатынастары.

  1. Қосылған қалалар.

  2. Қай билеушілерімен күресті.

  3. ерекшеліктері ?

V. Бағалау:

Әбішев С. - __________;

Жақұпов Ә. - __________;

Нұржанова А. - __________;

Смағұлова Г. - __________;

Сұлтанова М. - __________;

Алашбаев Н. - __________.

VI. Үйге тапсырма: параграф 40, оқу, Тәукел ханды сипаттау.

Сынып: 7 «а». Сабақ №:____________ Күні:_______________

Пәні: Ортағасысырлық Қазақстан тарихы.

Сабақтың тақырыбы: Есім хан.

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларға қазақ халқының ең таңымал хандарының бірі Есім ханның билеп жүрген кезін, оның саясат бағытын, ол кезіндегі Қазақ хандығындағы болып өткен жаңалықтар туралы білім қалыптастыру;

  • Оқушылардың Тәуекел ханның қазақ ханның басқа хандарының қызметімен салыстыруға үйрету, оқушыларды жеке тұлғалардың қызметіне баға беруге үйрету, олардың ;

  • Оқушыларды патриоттық, отансүйгіштік рухта тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас.

Әдісі: жаңа сабақты баяндау, дәріс.

Сабақтың жоспары : I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа сабақ.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Оқушылармен амандасу.

  • Оқушыларды түгендеу.

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Тәуекел ханға жейінгі Қазақ хандығының жағдайы қандай болды ?

  2. Тәуекел кімнің орнына келді ? Оған бұрыңғы ханға сипаттама.

  3. Тәукел хан кезінде Қазақ мемлекетінің құрамына қандай жерлер кірді ?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Қазақ мемлекетінің ішкі және сыртқы саясаты.

  2. Тұрсын хан. Саяси күрес кезеңі.

  3. «Есім ханның ескі жолы» заң жинағы.

III. Жаңа сабақ.

Есім хан — (1598—1628) билік құрған. Есім хан қазақ тарихында «Еңсегей бойлы ер Есім» деген атпен әйгілі болды, оған бұл атақ 1598 жылы ағасы Тәуекел ханмен бірге Мауреннахрға жасаған жорықта ерекше көзге түскені үшін берілген екен. Есім хан — Шығай ханның баласы, ол бұрын қазақ хандығының Түркістан қаласындағы хан ордасында тұрған. Тәуекелден кейін тарих сахнасына 1598 жылы Есім хан шығады. Ол бұдан бұрын да ағасы Тәуекел ханның қолбасшысы ретінде талай шайқастарға катысып, "Еңсегей бойлы Ер Есім" атанған еді.  Хан тағына отырған соң Бұхарамен бітім-шартын жасасып, Орта Азия қалаларымен бейбіт, экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды. Қазақ хандығын бір орталыққа бағынған мемлекет етіп құруды көздеді. «Есім ханның ескі жолы» деп аталған заңды құрастырды. Есім ханның қазақтарды бір орталыққа бағындыру саясатына қарсы болған сұлтандар қазақ хандығын бөлшектеуге тырысты. Ташкент қаласы қазақ хандығына қараған соң оны Жәнібек ханның немересі, Жалым сұлтанның баласы Тұрсын Мұхаммед сұлтан басқарған еді. Ол көп ұзамай тәуелсіз хан болуға әрекет жасады. Тіпті өз атынан ақша соқтырып, «бажы және хараж» алым-салықтарын жинады. Сонымен, қазақ хандығын екіге бөліп, Түркістан қаласын орталық еткен Есім хан, Ташкент қаласын орталық еткен Тұрсын хан билеген еді. Бұлардың арасында соғыс қақтығыстары болды. Бұл екі жақ ұйғыр, қырғыз, қарақалпақ билеушілерінен өздеріне одақтас-жақтастар іздеуге кірісті. Есім хан тобы Яркент хандығына қарсы болып Тұрпанды билеген Әбдірахим ханмен одақтасты. Ал Тұрсын Мұхаммед хан жағы Яркент билеушісі Шажайдің Ахметтің жақтасы болды. Бұлармен одақтасып отырған Әбдірахим мен Ахметтер де бір-бірімен жауласып отырған билеушілер болатын. Есім хан өзіне мықты сүйеніш ету үшін Яркент ханы Әбдірахиммен құдандалық байланыс орнатты. Есім хан Әбдірахимнің қызы Патша ханымға үйленді де, ағасы Күшік сұлтанның қызын Әбдірахимге берді. Есім хан мен Тұрсын хан арасында күрес шиеленісе берді, 1627 жылы Есім хан Тұрсын ханды өлтіріп, қазақ хандығын өз қол астына біріктірді.Есім ханның феодалдық бытыраңқылықты жеңіп, қазақ хандығын біріктіру жолындағы күрестері қазақтың «Еңсегей бойлы ер Есім» атты тарихи жырына өзек болған.