Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
7 сын. .т. саб. ж. 3 чтв 2013-14.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
125.55 Кб
Скачать

Сынып: 7 «а». Сабақ №:____________ Күні:__________

Пәні: Ортағаысырлық Қазақстан тарихы.

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан территориясындағы орта ғасырлық мемлекеттер.

Сабақтың мақсаты:

  • Ортағасырлық Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің пайда болуы туралы, алып жатқан аумақ туралы оқушыларда толық түciнiкті қалыптастыру;

  • Оқушылардың оқулықпен өз бетiнше жұмыс iстey дағдыларын, тарихи құрылымдарды талдап, салыстырып, қоры­тынды жасау қабiлеттерiн дамыту;

  • Қазақстан аумағындағы ортағасырлық мемлекеттердің пайда болғаны, мемлекеттік-әкімшілік басқару және этникалық үрдістер туралы түсiндiре отырып, оқушыларды еңбексуйгiштікке, дұрыс тәлiм-тәрбие алуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:аралас

Көрнекілігі:суреттер

Сабақтың барысы:

Сабақтың жоспары : I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Бағалау

VI Үйге тапсырма.

І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу.

  • Оқушыларды түгендеу.

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  1. XIV –Х V ғасырлардaғы Қазақстанның жер ayмaғындағы мемлекеттердiң әлеуметтi

Және әкiмшiлiк құрылы­сы туралы не бiлдiңдер?

2. Жерге меншiктiң түрлерiн атаңдар.

3. Салықтың қандай түрлерi болды?

4. Басқару жүйесiнде қандай лауазымдар болды?

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Қазақстан аумағындағы ортағысырлық мемлекеттерге сипаттама.

  2. Қазақстан аумағындағы ортағасырлық мемлекеттердің мемлекеттік-әкімшік басқару.

  3. Қазақстан аумағындағы ортағасырлық мемлекеттердің этникалық құрамы.

  1. О

    Түрік кезеңі

    моңғолдар

    ртағасырлық мемлекеттерге

сипаттама

Түрік қағанаты: Батыс мен Шығыс қағагаттары, Түркеш қағанаты, Қарлұқ, Оғыз, Қимақ, қағанаттары

Қазақстан аумағы орта ғасырлар

Жошы ұлысы, Шағатай ұлысы, Үгедей ұлысы

Алтын Орда: Ақ Орда, Ноғай Ордасы, Сібір, Қазан, Қырым, Астархан хандықтары ; Моғолстан, әмір Темір мемлекеті.

2. Мемлекеттік-әкімшілік басқару.

Әлеуметтік құрылыс

Хан (Шыңғыс ұрпақтары)

Сұлтандар, оғландар

мырза

әмір

бектер

билер

баһадүрлер

қараша

3. Қазақстандағы ортағасырлық мемлекеттердің этникалық құрамы.

Моңғол шапқыншылығы Қазақстан аумағындағы этникалық үрдістерді үш ғасырға жуық уақыт аралығына тежеді. Түріктердің этникалық құрамына баса көктеп моңғолдардың кіруі, жаңа бірлестіктердің пайда болуына әкеп соқты. Моңғолдар шапқыншылық жасаған кезде оларға тойтарыс берген қыпшақтардың артынан сонау Еуропаға дейін жеткен болатын. Моңғолдар Қазақстан жерінде мемлекет құрғанымен, уақыт өте келе жергілікті халықпен араласып, түр-тұрпаты қыпшақтар сияқты болып кетті.

Тапсырма кезеңі

Жерге меңшік иеленудің түрлеріне анықтама дайындау

Икта -

Вакф –

Сойырғал –

Мемлекеттік жерлер –

Қарапайым халықтың жері –

Салық түрлеріне сипаттама, анықтама дайындау

Харадж –

Баж –

Тағар –

Құшыр –

ІҮ. Сабақтың бекіту:

  • Қазақстан аумағында Шыңғысхан ұлдарының қайсысы мемлекет құрды ?

  • Ислам діні қай билеуші тұсында кіре бастады ?

  • Ортағасырлық мемлекеттер сипаты жөнінен қандай болды ?

  • Моңғол шапқыншылығы қандай болашақ этномтардың құрылуына әкеп соқты ?

Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма: 29-параграфты оқу. Aқ Орда, Моғолстан, Әбiлқaйыр xaндығы, Ноғай Ордасы тақыpыптарын қaйталау.

Сынып: 7 «а». Сабақ №:____________ Күні:_______________

Пәні: Ортағаысырлық Қазақстан тарихы.

Сабақтың тақырыбы: Экономикалық жағдайы.

Сабақтың мақсаты:

  • XIV-ХV ғасырлардағы Қазақстан аумағындағы ортағасырлық мемлекеттердің экономикалық жағдайы туралы толық түciнiкті қалыптастыру;

  • Оқушылардың оқулықпен өз бетiнше жұмыс iстey дағдыларын, тарихи құрылымдарды талдап, салыстырып, қоры­тынды жасау қабiлеттерiн дамыту;

  • Шаруашылықтың, қоленердiң дамуы, оның қыры мен сыры туралы түсiндiре отырып, оқушыларды еңбексуйгiштікке, дұрыс тәлiм-тәрбие алуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:аралас

Негізгі ұғымдар:отырықшы мал шаруашылығы, егіншілік,

Сабақтың жоспары : I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Бағалау

VI Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Оқушыларды түгендеу.

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  1. XIV–ХV ғасырлардaғы Қазақстанның жер ayмaғындағы мемлекеттердiң әлеуметтiк және әкiмшiлiк құрылы­сы туралы не бiлесiңдер?

  2. Жерге меншiктiң түрлерiн атаңдар ?

  3. Салықтың қандай түрлерi болды ?

  4. Басқару жүйесiнде қандай лауазымдар болды?

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Мал шаруашылығының дамуы.

  2. Егiншiлiктiң дамуы.

  3. Қалалар.

  4. Қолөнер мен зергерлiк өнердiң дамуы.

Моңғол шапқыншылығының ауыр зардаптарын тартқан халықтың ауыл шаруашылығы мен отырықшылық қалалық өмірі ХІІІ ғасырдың аяғында қайта жандана бастайды. Оңтүстік Қазақстандағы қалаларда қалалық өмір біртіндеп қалыпқа келеді. Қазақстанның кең-байтақ жерінде шаруашылықтың негізгі үш түрі болды: жер шаруашылығы мен мал шаруашылығы. Осы мал шаруашылығы екі салаға бөлінген: көшпелі(Солтүстік және Орталық Қазақстан) және отырықшы мал шаруашылығы. Қазақстандағы оңтүстік аймақтарында егіншілік дамыды. Моңғол шапқыншылығы кезінде бұзылған бұл шаруашылық түрі ХІІ ғасырдың екінші жартысында қайтадан қалпына келе бастайды. Егіншіліктің басты объектілері ол тары, бидай, арпа, бау-бақша дақылдары. Археологиялық зерртеулерден Сырдария, Арыс өзенінен тартылған омандар (каналдар) егін шаруашылығының жақсы дамығандығын көрсетеді.

Моңғол шапқыншылығы қалалық мәдениетке көп зардап тигізді. Жазба деректерде Жетісу аймағы қалаларының қанырап бос қалғандығын туралы жазылған. Моңғол шапқыншылығынан кейін қалалық мәдениетінің даму кезі ол – Ақ Орданың хандары Сасы-Бұқа, Мүбәрак және Шымтайлардың билік құрған тұсы. Қалалармен қатар қыстақ-кенттер де салынып, тұрақтары қоныс-жайлар қатары көбейе бастады.

Археологиялық зерттеу жұмыстары кезінде Отырар, Түркістан, Қаратаудың солтүстігінде – Күлтөбе, Раң қаларында қыш ыдыс жасайтын шеберханалар аршылды. ХІІІ ғасырдың екінші жартысынан бастап Сырдария бойындағы қалаларда кірпіш күйдіру кәсібі өркендей бастады.

Әpi қарай өзiндiк жұмыстарды орындау үшiн сыныпты 4 топқа бөлiп, әрқайсысына тапсырмалар берiледi. Әрбiр тақырыпшаның мазмұнын ашу үшiн картамен жұмыс жа­сау, кесте толтыру, сөйлемдердi толықтыру ұсынылады.

Тапсырма кезең

1-шi топ «Мал шаруашылығы» бойынша кecтeнi тол­тыруы тиiс.

Түрі

Таралған аймақ

Өсірілетін мал

2-шi топқа «Егiншiлiк» бойынша сұрақтар мен оның жауаптарын дайындау тапсырылады

Егiншiлiк Қазақстанның қай өңiрiнде, атап айтқанда қай жерлерде жақсы дамыды?

Оңтүстiк және оңтүстiк-шығыc өңipдe Жетiсу, Йасы, Сауран, Отырар, Сайрам, Созақ, Сығанақ,Тараз, Талхирда дамыды.

- Егiншiлiк қандай өзен-көлдердiң бойында дамыды?

-Сырдария, Арыс, Талас, Шу, Iле, Балдаш, Төменарық, Бозғыларық т.т. бойында.

-Қандай eгiн өнiмдерi өсiрiлдi?

-Бидай, арпа, тары, күрiш, бау-бақша өнiмдерi.

3-шi топда XIV - ХҮ ғасырлардағы Қазақстанның эко­номикалық өмiрiнде маңызды орын алған қалаларды кар­тадан көрсету және әңгiмелеу тапсырылады.

4-шi топқа кecтeнi толтыру тапсырылады (үлгiсi дидактикалық .м.атериалда берiлге)

Қолөнер салалары

Жасалған бұйымдар

Табылған жерлері

Өз бетінше жұмыс жасаудың нәтижесі - оқушының жаңадан алған бiлiмiн шығармашылықпен игеру қабiлетiн, алынған материалды өңдеу және зерттеушiлiк әдебiнiң дағдыларын дамыту болып табылады.

ІҮ. Сабақтың бекіту:

  • Жартылай отырықшы мал шаруашылығының көшпелi мал шаруашылығынан

қандай айырмашылықтары бар?

  • Eгiн шаруашылығы Қазақстанның қай жерлерiнде басым болды?

  • Қалалар қандай маңызға не болды?

  • Қолөнердiң дамуының алдынғы ғасырларға қарағанда ерекшелiктерi болды ма?

Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма: 30 параграфты оқу, мәтін астындағы сұрақтарға жауап беру.

Сынып: 7 «а». Сабақ №:____________ Күні:_______________

Пәні: Ортағаысырлық Қазақстан тарихы.

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан ХІІІ-ХV ғ. қорытындылау.

Сабақтың мақсаты:

  • Өткен тақырыптарды қайталау арқылы оқушылардың алған білімдерін орнықтыру;

  • Оқушылардың тест сұрақтарымен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдау, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;

  • Оқушыларды үзбей білім алуға, талмай ізденуге , дұрыс тәлім-тәрбие алуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас.

Әдісі: жаңа сабақты баяндау, дәріс.

Сабақтың жоспары : I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа сабақ.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Оқушылармен амандасу.

  • Оқушыларды түгендеу.

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Қазақстан аумағындағы отырықшы мал шаруашылығы мен отырықшылықтың орталықтары ?

  2. Қолөнер еліміздің қандай аумақтарында дамыды ?

  3. ХІІІ-ХV ғасырларда шаруашылықтың қандай түрлері дами бастады ?

  4. Қала мәдениеті қай кезде дами бастады ?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Қазақстанның ХІІІ-ХV ғасырлаға қысқаша шолу.

  2. Қазақстан аумағындағы ХІІІ-ХV ғасырлардағы пайда болған мемлекеттерге шолу.

  3. Қазақстан аумағындағы экономикалық, шаруашылық ахуалға сипаттама.

III. Жаңа сабақ.

Қазақстан аумағын ХІІІ ғасырдың басында моңғол тайпалары басып алған болатын. Оларды Шыңғысхан есімді билеуші басқарып келген болатын. Моңғол шапқыншылығы саяси, экономикалық, басқару, тұрмыстық қалыптасқан жүйелерін ыдыратқан болатын. Моңғол шапқыншылығы нәтижесінде жаңа тайпалық одақтар келді, жаңа мемлекеттер пайда болды. Қазақстан аумағы Шыңғысханның Жошы, Үгедей, Шағатай ұлдары арасында бөлінді. Қазақстанның көп бөлігі Жошыға тиесілі. Ұлыстар уақыт өте келе Шыңғыс ұрпақтары арасында бөлініп Алтын Орда, Ақ Орда, Моғолстан мемлекеттерінің пайда болуына әкеп соқты. Шыңғыс ұрпақтарының қырқысу нәтижесінде Әмір Темір, Ноғай Орда, Әбілқайыр хандығы мемлекеттері саяси аренаға шықты.

Шыңғыс ұрпаұтарының құрған мемлекеттеріндегі басқару жүйесі, шаруашылық жүргізу формасы, яғни барлық салалар бір-біріне ұқсас болды. Осы кезде ислам дінінің дамуы байқалады. Оны мемлекеттік дін ретінде енгізіп, медреселерді, кесенелерді салу таралған.Мысалы: Жошы хан кесенесі, Ахмет Қожа Йасауи кесенесі.

Осы кездегі экономикалық жағдай зардап шекті. Моңғолдардың келуімен мал шаруашылығы мен егіншілік қайтадан жандана бастайды. Қала мәдениеті өркендей бастайды. Әсіресе Ақ Орда хандары Сасы-Бұқа, Ерзен, Мүбәрак, Шымтайлар кезінде.

Қорытынды Қазақстан аумағын мекендеген ру-тайпалар моңғол шапқыншылығына қарамастан өз дәстүрлі өмір салтын қалпына, ретке келтіру талпыныстарын жасады. Мысалы моңғолдардың келуімен Қазақстан аумағындағы тайпалар өзіндік атауларын сақтады. Шаруашылықты өзгерткен жоқ.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

Кесте толтыру.

Мемлекет атауы

Қай аумақта орналасқан

Пайда болу себептері

Кесте толтыру.

Шаруашылық түрі

Таралу аймағы

Қандай себептер әсер етті

Басқару жүйесі сызба-нұсқасын құрастыру.

V. Бағалау:

  1. Әбішев С. - __________;

  2. Жақұпов Ә. - __________;

  3. Нұржанова А. - __________;

  4. Смағұлова Г. - __________;

  5. Сұлтанова М. - __________;

  6. Алашбаев Н. - __________.

VI. Үйге тапсырма: 6-шы тарауды қарастыру, қайталау.

Сынып: 7 «а». Сабақ №:____________ Күні:_______________

Пәні: Ортағаысырлық Қазақстан тарихы.

Сабақтың тақырыбы: ХІV- ХV ғасырлардағы Қазақстандағы этникалық үрдістер. Қазақ ұлтының қалыптасуы.

Сабақтың мақсаты:

  • Қазақстандағы этносаяси қауымдастықтың қалып­тасу тарихымен таныстыру;

  • Қазақстан аумағындағы ежелгi тайпалар мен орта ғасырдағы этностардың даму ерекшелiктерiн салыстыра отырып, оқушыларды өз бетiнше қорытынды жасауға дaғды­ландыру, танымдық қабiлетiн дамытып, iзденiске баулу;

  • Оқушыларды өз елiнiң тарихын құрметтеуге, ұлтжан­дылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас.

Әдісі: жаңа сабақты баяндау, дәріс.

Сабақтың жоспары : I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа сабақ.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Оқушылармен амандасу.

  • Оқушыларды түгендеу.

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Қазақстан аумағында моңғол шапқыншылығынан соң қандай мемлекеттік бірлестіктер пайда болды ?

  2. Моңғолдар Қазақстан аумағына қай бөлігінен кірген болатын ?

  3. Қазақстан аумағы Шыңғысханның қай ұлдары арасынан бөлінді ?

  4. Діни ахуал қандай болды ?

  5. Моңғол билеушілері мемлекеттік дін ретінде қай дін тандады ?

  6. Моңғол шапқыншылығының зардаптары қандай болды ?

  7. Моңғол шапқыншылығынан кейін пайда болған мемлекеттердің басқару жүйесінің ерекшеліктері қандай болды ?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Қазақстанда этносаяси қауымдастықтарының қалыптасуы.

  2. Қазақ халқының қалыптасуы.