Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9 сын. Қ.т. САБАҚ ЖОСП-ЛАРЫ 2.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
180 Кб
Скачать

Сабақ №18

12/11/2014Ж Қысқа мерзімдік жоспар

Қазақстан тарихы 9 «А,Ә» сынып

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның 1920-1940 жылдардағы қоғамдық саяси жағдайы.

Сабақтың мақсаты:Қазақстанда тоталитарлық жүйенің орнығуы, Қазақстандағы саяси қуғын-сүргіннің зардаптары, Қазақ АКСР-ң одақтас республика болып қайта құрылуы, Қазақ КСР-ң соғыс қарсаңындағы экономикалық дамуы туралы мәлімет беру, баяндау. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Дамытушылық : ой-өрісін қалыптастыру;

Тәрбиелік: патриоттыққа, ойша ойлауға тәрбиелеу.

  1. Саб. түрі: аралас сабақ

  2. Саб. әдісі: Блум таксаномиясы

  3. Дерек көздері: плакат,стикер,карта.

  4. Күтілетін нәтиже: Тақырыптың құрылымын түсінеді, сабаққа деген ынтасы артады. Қызығушылығы оянады.

  5. Саб. барысы:

    Саб. құрылымы

    Мұғалімнің іс-әрекеті

    Оқушының іс-әрекеті

    уақыты

    Ұйымдастыру кезеңі

    А) оқушыларды түгелдеу

    Ә) топқа бөлу

    Түрлі түсті қағаздар арқылы топқа бөлінеді

    5 мин

    Білу

    Қазақстанның 1920-1940 жылдардағы қоғамдық саяси жағдайы туралы білу.

    Тақырып бойынша оқушылардың өз ойларын тыңдау.

    5 мин

    Түсіну

    Оқулықтан тақырыптар бөлінеді

    Берілген тақырыптар бойынша оқушылар оқулықтан оқиды, талқылайды.

    10 мин

    Қолдану

    Тақырыптар бойынша сұрақтар

    Әр топ өз тақырыптарын қорғайды.

    5 мин

    Талдау

    Әр топқа осы тақырып бойынша деңгейлік тапсырма беріледі.

    Берілген тапсырманы әр оқушы өз бетімен орындайды, білмегенін топ мүшелерінен сұрау арқылы тапсырманы орындайды.

    5 мин

    Синтез

    Үш топқа эксперименттік тапсырма беріледі

    Әр топ өз тапсырмалары бойынша тақырыптан алған білімін сынайды

    10 мин

    Бағалау

    Рефлекция жазу

    Сабақ үстінде алған бағаларын топ басшылар бағалайды, сабақтан алған әсерлерін жазу

    5 мин

  6. Бағалау: топ басшыларының қойған бағаларын саралап бағалау

  7. Үйге тапсырма: §22-23

Сабақ №19

14/11/2014Ж Қысқа мерзімдік жоспар Қазақстан тарихы 9 «а,ә» сынып

Сабақтың тақырыбы: 1920-1930 жылдардағы Қазақстандағы мәдени құрылыс.

Сабақтың мақсаты: Қазақстан халқы арасындағы сауатсыздықты жою, жоғары оқу орындары, мамандар даярлау, ғылыми-зерттеу мекемелері, ғылымның дамуы, Қазақ кеңестік өнерінің дамуы туралы меңгерту, тарихын анықтау, білу.

Сабақтың нәтижесі: Қазақстан халқы арасындағы сауатсыздықты жою, жоғары оқу орындары, мамандар даярлау, ғылыми-зерттеу мекемелері, ғылымның дамуы, Қазақ кеңестік өнерінің дамуы туралы білетін болады. Сабаққа деген ынтасы артады. Қосымша мәліметтер жинақтайды.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: «Джигсо», «СТО», « Ойды жалғастыр»

Уақыты

Сабақтың

кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасын критерийі:

Қолданылатын

ресурстар

2 минут

Кіріспе

Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.

Оқушыларды топқа бөлу.

Сәлемдесу.

Оқушылар топқа бөлінеді.

Қазақстанның саяси картасы, тірек сызба.

10 минут

Үй тапсырмасын Джигсо әдісі бойынша тапсырма беріп топ ішінде жұптастырып сұраймын. Үй тапсырмасын қорытындылау мақсатында барлық топқа ортақ , «Қазақстандағы тоталитаризмнің көріністері туралы не білеміз»? деп сұрақ қоямын.

Берілген сұрақтарға жауап береді.

Әрбір дұрыс жауапты мақтап, мадақтап отырамын.

3минут

Таныстырылым

Өткен тақырыппен бүгінгі жаңа сабаққа байланыстырып сұрақ қоямын. Оқушылар екі тақырыпты байланыстыра отырып таныстырылымын қорғайды.

Оқушылар сын тұрғысынан ойлап жауап береді. А және Б оқушы таныстырылым қорғайды.

Оқушылардың жауабын қолдап отырамын.

Қазақстанның саяси картасы, Плакат, маркерлер.

26 минут

Негізгі бөлім

Жаңа тақырыпты «Джигсо» әдісі бойынша сұраймын.

Оқушыларға тапсырма беремін. Әр топқа жалпы тақырыпты оқуға беремін.

Оқушылар рөлге бөлініп өз міндеттерін атқарады.

Критерий:

1.Қазақстан халқы арасындағы сауатсыздықты жою туралы білуі.

2. жоғары оқу орындары, мамандар даярлау туралы білуі.

3.Ғылыми-зерттеу, мекемелері, ғылымның дамуы туралы білуі.

Қазақстанның саяси картасы, Плакат, маркерлер.

Оқушыларға оз жұмыстарын қорғатамын.Топтарға деңгейлік тапсырма беремін.

Оқушылар тапсырманы оқиды. Постерге түсіреді.

Әр топқа өнімді жұмыс жасағандары үшін, стикер беремін.Оқушылар өз жұмыстарын қорғап болған соң ризашылықтарын білдіріп, қол шапалақтайды.

А4 парақ, маркерлер.

4 минут

Қорытынды

Сабақты «Ойды жалғастыр » әдісімен қорытындылаймын. Әр топтан оқушылар бір мәлімет бастайды келесі топтағы оқушы жалғастырады. Жасаған еңбектеріне қарай арнайы белгілер мен бағалаймын. Үй тапсырмасын беру.

§24.

Эссе жазу.

Оқушылардан кері байланыс алу.

Әр топтан оқушылар бір мәлімет бастайды, келесі топтағы оқушы жалғастырады. Қойылған сұрақтарға жауап береді.

Оқушылар өзін-өзі бағалайды.

Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін, «Екі жұлдыз, бір тілек » арқылы кері байланыс береді.

Дұрыс жауап берген оқушыларды мақтап, мадақтаймын, белгілер беремін .

Стикер беремін.

Қазақстанның саяси картасы, Стикер