- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •§2 Соңындағы сұрақтарға ауызша жауап дайындау.
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •«Қазақстан Республикасының саяси картасы».
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •«Қазақстан Республикасының саяси картасы».
- •§8 Соңындағы 5-7 сұрақтарға ауызша дайындалу
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •Ежелгі тас дәуірі
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •«Қазақстан Республикасының саяси картасы».
- •§10 Бойынша сұрақтарға ауызша жауап беру
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •§11 Бойынша сұрақтарға ауызша жауап дайындау.
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •§ 12. Сұрақтарға ауызша жауап дайындау.
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •Қоғамдық құрылысы
- •§ 17. Қазақстандағы алғашқы мемлекеттер
- •«Қазақстан Республикасының саяси картасы»
- •§ 18. Ерте орта ғасырлардағы империялар
- •«Тегін»- мұрагер -//- Бектер
- •«Шад»- ханзада -//- Тектілер
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •§19. XIV ғасырларда және XV ғасырдың бірінші жартысындағы қазақстан аумағындағы хандықтар
- •Ақ Орда –Әбілқайыр хандығы- Моғолстан мемлекеті
- •Көк Орда
- •Ноғай Ордасы
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •Сұлтандар, қожалар
- •Билер, бай-шонжарлар, батырлар, ақсақалдар
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •§ 22. Орта ғасырларда қазақ жерінде рухани мәдениеттің дамуы
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •§23. Қазақ даласында туған тарихи шығармалар
- •§24. Қазақ халқының әдебиеті мен мәдениеті
- •«Қазақстан Республикасының саяси картасы».
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •§ 25. Эпостық аңыздар мен ақын-жыраулар
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •§27. Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері
- •§27; Оқулық соңындағы сұрақтарға ауызша дайындалып келу.
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •§ 28. Ұлы Жібек жолы және оның тарихи маңызы
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •§ 29. Қазақстанның Ресейге қосылуы қарсаңындағы саяси жағдайы
- •«Қазақстан Республикасының саяси картасы»
- •§29. Тақырып соңындағы сұрақтар бойынша жауап әзірлеу; қосымша дерек материалдарын оқу.
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •§30. Қазақстанның Ресейдің құрамына кіруі
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •§31. Ресейдің қазақ жеріне әкімшілік-саяси басқару жүйесін енгізуі
- •§ 32. Қазақстанның Ресей империясының шикізат базасына айналуы
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •§33. Патша өкіметінің Қазақстандағы қоныстандыру саясаты
- •Патша өкіметінің шаруаларды Қазақстанға қоныстандырудағы мақсаты
- •Ресейдің орталық аудандарындағы күшейіп келе жатқан толқуды әлсірету.
- •Жерсіз қалған шаруаларға шет аймақтардан құнарлы жер беріп, жер мәселесін шешу.
- •Шет аймақтарға қоныстанушылардың санын көбейтіп, олардың арасынан бай-кулактарды шығарып, өзіне тірек дайындау.
- •Қоныстанушылардан құрылған болыстар
- •Қазақ жеріне қоныстандыру арқылы отарлау саясатының көріністерін атаңдар
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •§ 34. Патша өкіметінің қазақ жеріне орыстандыру саясатын жүргізуі
- •§34 Оқып, тақырып соңындағы сұрақтарға ауызша дайындалу
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
§10 Бойынша сұрақтарға ауызша жауап беру
Қосымша деректерді пайдаланып, қыпшақтар жөнінде тарихи шығарма жазу.
10 Сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 11. Қазақстардың халық болып қалыптасуының аяқталуы.
Сабақтың мақсаты:
Қазақтардың халық болып қалытасуында этносаяси қауымдастыықтың рөлін көрсету. Халық болып құрылуды жеделдеткен факторларды анықтап, қазақ халқының қалыптасуының аяқталуын түсіндіру.
Бәсекеге барынша қабілетті білімді, білікті жеке тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Сабақтың көрнекілігі:
карта
Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Әнұран орындау, «Хабар»
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
Көрнекілік: карта, суреттер, сызба, кесте пайдалану.
Үй тапсырмасын сұрау:
Қыпшақтардың шығу тегі қайдан және қашан бастау алған
Қыпшақтардың алғашқы кездегі тарихи жағдайы қандай?
«Қыпшақ» сөзінің пайда болуы және қыпшақтардың тарих сахнасына көтерілуі.
Қыпшақтардың алғанқы орналасқан жерлерін картадан көрсетіңдер.
Сабақтың жоспары:
Қазақстан аумағында этносаяси қауымдастықтың қалыптасы.
Қазақ халқының қалыптасуындағы қапшық тайпаларының рөлі
Қазақ халқының қылыптасуының аяқталуы
Сабақты бекіту:
Монғол шапқыншылығының жергілікті халыққа қандай зардаптары тиді?
Этносаяси қауымдастық дегеніміз не, оның халық болып қалыптасуға қандай әсері болды?
«92 баулы қыпшақ шежіресінен» не білуге болады?
Қазақ халқының қалыптасуындағы қыпшақ тайпаларының атқаратын рөлі қандай?
Халық болып қалыптасудың қандай белгілерін білесіңдер?
Жүздердің пайда болғандығы туралы аңызда не айтылған?
Қазақ халқының қалыптасуы қашан, қалай аяқталды?
Бағалау: өзін-өзі
Үйге тапсырма:
§11 Бойынша сұрақтарға ауызша жауап дайындау.
Картамен жұмыс
Қазақ халқының қалыптасуы жөнінде қосымша деректермен жұмыс.
10 Сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: § 12. «Қазақ» атауы және қазақ жүздерінің пайда болуы
Сабақтың мақсаты:
«Қазақ» сөзінің шығуы мен мағынасы туралы ғалымдардың ой-тұжырымдары мен деректері «Алаш» атауының мағынасы, жүздердің пайда болуы туралы айту.
Білімді, ұлтжанды азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Сабақтың көрнекілігі:
карта
Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Әнұран орындау, «Хабар»
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
Көрнекілік: карта, суреттер, сызба, кесте пайдалану.
Үй тапсырмасын сұрау:
Монғол шапқыншылығының жергілікті халыққа қандай зардаптары тиді?
Этносаяси қауымдастық дегеніміз не, оның халық болып қалыптасуға қандай әсері болды?
«92 баулы қыпшақ шежіресінен» не білуге болады?
Қазақ халқының қалыптасуындағы қыпшақ тайпаларының атқаратын рөлі қандай?
Халық болып қалыптасудың қандай белгілерін білесіңдер?
Жүздердің пайда болғандығы туралы аңызда не айтылған?
Қазақ халқының қалыптасуы қашан, қалай аяқталды?
Жаңа сабақтың жоспары:
«Қазақ» сөзанің шығу тегі.
«Алаш» атауының мағынасы.
Жүздердің пайда болуы.
«Қазақ» сөзінің шығу тегі туралы деректерді кесте арқылы түсіндіру. Өйткені «қазақ» сөзінің шығуы туралы көптеген ғалымдардың пікірі бар, осы кестені пайдаланып, оқушыларға тапсырма беріп, пікірлерін білу қажет. Сонымен қатар қосымша деректерден алдын ала шығармашылық тапсырма беруге болады.
Ғалымдар |
Еңбектері мен пікірлері |
Көптеген ғалымдар |
«қазақ» сөзінің шығу тегін б.з.д. VII-IV ғасырларда өмір сүрген сақ тайпаларының атымен, «сақ», «каспи», «қас», «қаз», «хаз», «аз», «қасақ» деген тайпа аттарымен байланыстырады. |
Академик Н.Я.мар мен чех ғалымы Б.Грозный. Бұл пікірді академик Ә.Х.Марғұлан, тарихшы Ш.Ақынжанов, жазушы С.Мұқанов, т.б. қолдайды. |
«қазақ» атауының төркіні «қасақ»» «көсек» сөздері дейді. |
Академик Ә.Х.Марғұлан |
Хазарлар арасында қазар-ұғ, берішлік деген екі ірі тайпаның болғанын айтады. |
А.Н.Бернштам |
«қазақ» сөзі кас-пи мен сақ тайпасының бірігуінен тайда болған деп тұжырымдайды. |
Зерттеуші А.Әбдірахманов |
«қазақ» сөзінің төркіні қаз және оғ (оқ) деген екі сөздің қосылуынан жазылған: оғ-көне түркі тілінде ру, тайпа дегенді білдіреді. Қазоғ (оқ)-қаз тайпалары деген ұғымды білдіреді. |
Б.з.д. ІІ ғасырда қытай тарихшысы Бань Гуд |
«Хан» кітабында ортаазиялық халықтардың ішінде «се» немесе «сай» атты халықтың болғандығын жазған |
Шығыстанушы ғалым В.В.Григорьев |
Қытай транскрипциясы бойынша «се» мен «сай» сөздерінің сақтар екендігін дәлелдеген |
Қытай деректерінде |
Бұл тайпалардың Монғолияның алыс түкпірінен Әмудария мен Сырдария бойында өмір сүргенін көрсетеді. |
Б.з. ІІ ғасыры Жуңғоның тарихи дерегінде |
Каспий және Арал теңіздерінің аймағында өмір сүрген «хаса», «каса» (қазақ) тайпалары туралы жазылған |
А.А.Семенов |
Арба немесе үймені қыпшақтар пайдаланған, кейбір ғылыми пікірлерде «хазар» мен «қазақ» сөздерінің төркіні бір дейді. Оған «қаз», «қас» деген сөздердің шығуын дәлел етеді. |
XVI ғасырда өмір сүрген ибн Рузбихан |
«Бұхар қонағы» атты шежіресінде қазақтар арба үстінде адам таңғалатын қазақ үйлерін тіккен, сондықтан қазақ сөзінің шығуы да қасағ атауының шығу төркініне жат емес |
Академик В.В.Радлов |
«Қазақ» сөзінің мағынасы тәуелсіз, ерікті адамдар деп жазады. |
А.А.Самойлович, Ш.Құдайбердиев |
«қазақ» сөзінің мағынасы өз алдына ел болып, еркін жүрген халық деп жазады. |
Ш.Ш.Уалиханов |
«қазақ» өте қадірлі сөз, күшті, мықты, шабытты дегенді білдіреді дейді. |
Т.Жанұзақогв |
«қазақ» сөзінің бірінші бөлігі-«қаз», «қас»- Орал, Алтай, Кавказ, т.б. түркі тілдер тобында «еркін», «ер», «жігіт», «кісі» деген мағынаны білдіретінін дәлелдеген. |
Н.Мыңжанұлы |
Атақты «Алтын тас» кітаптарын «Күлтегін», «Тоныкөк» түркі жазуларында кездесетін «қазғану», «қазғандүк», «қазған тұтқын», «қазғанмасар» деген етістіктер «қажырлы қайрат жұмсау», «күресу», «талпыну» «еркіндікке ұмтылу», «ерлік істеу», «табысқа қол жеткізу» деген мағынада деп түсіндіреді. |
М.Х.Дулати |
Жәнібек пен Керей өздерінің еркіндіктері үшін күресіп, жеке ел болуға талпынған кезде қазақ деген ат танылған дейді. |
Жоспардағы үшінші мәселені қарастырғанда, жүз деген сөздің мағынасы ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи әлеуметтік-экономикалық категория екенін жете түсіндіру . Жүз туралы біршама пікірлер бар. Оларды кесте арқылы көрсету.
«Жүз» сөзі |
Арабтың бір нәрсенің «басты бөлігі» немесе бір нәрсенің «тармағы» деген ұғымды білдіреді. |
Сөзінің сандық жүзбен салыстырып зерттеуін ұйғарады. |
|
Адамның жүзімен байланыстырып, «бір жағы», «жүзі» деген ұғыммен салыстырады. |
|
С.А.Аманжолов: «Жүздер Х-ХІІ ғасырарды пайда болды»,-дейді. |
|
Этнолог ғалым Н.А.Аристов: «Қазақ жүздері жоңғар шапқыншылығы кезінде пайда болды»,-дейді. |
Қазақ жүздерінің пайда болуын аңыз негізінде сызба арқылы түсіндіруге болады.
Аңыздағы үш аймақ Шыңғыстың үш баласының Жошы, Шағатай және Үгедей ұлыстарының-жері екенін айту . Сабақты қорытындылай келе, XVғасырдың 50-жылдары Керей мен Жәнібектің Қазақ хандығын құруы қазақ халқының қалыптасуында негізгі рөл атқарғанын, Қазақстанда халық болып қалыптасудың өзі екі мың жылға жуық мерзімді алғынын айту.
Қотанбайдың үш баласы:
Үлкені-Үйсін
Ортаншысы-Болат
Кішісі-Алшын
Бұл үшеуі Сырдарияның бойын үшке бөліседі. /хрестоматиядан./
Жүздер жаз жайлауы, қыс қыстауы тарихи-географиялық жер жағдайына байланысты бөлінген. Жүздердің Отан қорғау жолындағы мемлекеттік функциялары туралы айтып, үшінші жоспарды қорытындылау.
Сабақты бекіту:
Ғалымдар «қазақ» сөзінің шығу тегін немен байланыстырады?
«Қазақ» сөзінің шығу тегін зерттеген қандай ғалымдарды білесіңдер?
«Қазақ» сөзінің мағынасы нені білдіреді?
«Алаш» сөзінің пайда болуы туралы қандай пікірлер бар?
Қазақ жүздері қалай және қашан пайда болды?
Бағалау:
Үйге тапсырма:
