- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •§2 Соңындағы сұрақтарға ауызша жауап дайындау.
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •«Қазақстан Республикасының саяси картасы».
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •«Қазақстан Республикасының саяси картасы».
- •§8 Соңындағы 5-7 сұрақтарға ауызша дайындалу
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •Ежелгі тас дәуірі
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •«Қазақстан Республикасының саяси картасы».
- •§10 Бойынша сұрақтарға ауызша жауап беру
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •§11 Бойынша сұрақтарға ауызша жауап дайындау.
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •§ 12. Сұрақтарға ауызша жауап дайындау.
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •Қоғамдық құрылысы
- •§ 17. Қазақстандағы алғашқы мемлекеттер
- •«Қазақстан Республикасының саяси картасы»
- •§ 18. Ерте орта ғасырлардағы империялар
- •«Тегін»- мұрагер -//- Бектер
- •«Шад»- ханзада -//- Тектілер
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •§19. XIV ғасырларда және XV ғасырдың бірінші жартысындағы қазақстан аумағындағы хандықтар
- •Ақ Орда –Әбілқайыр хандығы- Моғолстан мемлекеті
- •Көк Орда
- •Ноғай Ордасы
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •Сұлтандар, қожалар
- •Билер, бай-шонжарлар, батырлар, ақсақалдар
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •§ 22. Орта ғасырларда қазақ жерінде рухани мәдениеттің дамуы
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •§23. Қазақ даласында туған тарихи шығармалар
- •§24. Қазақ халқының әдебиеті мен мәдениеті
- •«Қазақстан Республикасының саяси картасы».
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •§ 25. Эпостық аңыздар мен ақын-жыраулар
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •§27. Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері
- •§27; Оқулық соңындағы сұрақтарға ауызша дайындалып келу.
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •§ 28. Ұлы Жібек жолы және оның тарихи маңызы
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •§ 29. Қазақстанның Ресейге қосылуы қарсаңындағы саяси жағдайы
- •«Қазақстан Республикасының саяси картасы»
- •§29. Тақырып соңындағы сұрақтар бойынша жауап әзірлеу; қосымша дерек материалдарын оқу.
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •§30. Қазақстанның Ресейдің құрамына кіруі
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •§31. Ресейдің қазақ жеріне әкімшілік-саяси басқару жүйесін енгізуі
- •§ 32. Қазақстанның Ресей империясының шикізат базасына айналуы
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •§33. Патша өкіметінің Қазақстандағы қоныстандыру саясаты
- •Патша өкіметінің шаруаларды Қазақстанға қоныстандырудағы мақсаты
- •Ресейдің орталық аудандарындағы күшейіп келе жатқан толқуды әлсірету.
- •Жерсіз қалған шаруаларға шет аймақтардан құнарлы жер беріп, жер мәселесін шешу.
- •Шет аймақтарға қоныстанушылардың санын көбейтіп, олардың арасынан бай-кулактарды шығарып, өзіне тірек дайындау.
- •Қоныстанушылардан құрылған болыстар
- •Қазақ жеріне қоныстандыру арқылы отарлау саясатының көріністерін атаңдар
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •§ 34. Патша өкіметінің қазақ жеріне орыстандыру саясатын жүргізуі
- •§34 Оқып, тақырып соңындағы сұрақтарға ауызша дайындалу
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
10 Сынып. Қазақстан тарихы
§ 29. Қазақстанның Ресейге қосылуы қарсаңындағы саяси жағдайы
Сабақтың мақсаты:
Қазақ хандығының XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі ішкі, сыртқы саяси жағдайын, қазақ-қалмақ, қазақ-орыс қарым-қатынастарының тиімділігі және шиеленісті жақтарын түсіндіру. Жоңғарларға қарсы соғысындағы қазақ халқының ерлік күресін, жеңісін көрсету.
Сабақтың көрнекілігі:
«XVIIIғасырдағы Қазақстан» картасы
«Қазақстан Республикасының саяси картасы»
Сызба, кестелер, суреттер
Сабақтың жоспары:
Қазақ хандығының XVIII ғасырдың басындағы ішкі саяси жағдайы.
Қазақ хандығының сыртқы саясаты.
Қазақ-орыс қарым-қатынастары
Қазақ халқының жоңғарларға қарсы соғысы.
Бұл тақырып тараудың басы болғандықтан, мұғалім өткен тарауға шолу жасап, қорытындылап, жаңа материалды түсіндіруге көшеді.
Мұғалім жаңа сабақ жоспарын оқушы дәптеріне жазғызып, бірінші мәселені бастайды. Оқушылардың қызығушылығын, картаны меңгерудегі білімдерін тереңдете түсу мақсатында XVIII ғасырдың бірінші ширегінде Қазақ хандығының алып жатқан аумағын картадан көрсетіп, оқушылардың өзін қатыстыра отырып түсіндіреді.
Сабақ барысында Тәуке ханның билік құрған жылдардағы ішкі-сыртқы саясатына тоқтала отырып, бір орталықты күшті мемлекет құрудағы мақсатының жүзеге аспағаны, Үш жүзде үш хандықтың сайланып, бытыраңқылыққа түскені түсіндіріледі.
XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының сыртқы саясатын түсіндіру барысында мына мәселелерге көңіл бөлінеді: қазақ-жоңғар қатынасы, Жоңғар, Орал, Сібір, казактары мен қалмақтардың шабуыл жасап тонаушылық әрекеттері жоңғарлардың 1708-1710 жылдардағы шабуылы, 1723 жылы басталған жоңғарлардың жойқын шабуылына қазақ қолдарының 1726 жылы бірігіп тойтарыс беруі.
Мұғалім үшінші мәселе бойынша Ресей үкіметінің Қазақ хандығының ауыр жағдайын пайдаланып, өз қол астына алу мақсатын ойлағанын ашып көрсете отырып, бұл мақсатына бірте-бірте жетіп отырғанын, дегенмен қазақ жүздерінің де Ресеймен қарым-қатынас жасауға мүдделі болғанын айғақ келтіре отырып дәлелдейді.
Осы тақырыпшаны түсіндіру барысында оқушылардың өзіндік жұмыс жасап, оны қорытындылап, таным қабілетін жетілдіру мақсатында сұрақтарға жауап беру арқылы мәтінмен жұмыс жүргізу тәсілдерін қолдануға болады.
Алдымен, оқушыларды топқа бөліп, әр топқа тақырыпшадағы азатжолдарды бөліп беріп (5-6 топ немесе оқушы), уақыт белгіленеді (2-3 мин), оқып шыққан соң мәтінді жауып қойып, әр топқа материалдарына қарай сұрақ беріледі. Топ сұрақты талқылайды (2 мин).
Ескерту. Әр топ берілген сұрақтарды алдын ала қағазға жазып, тақтаға іліп қоюға да болады, оқушылар жауап беріп жатқанда, басқа оқушылар қандай жауап екенін еске түсіріп отырады. Кезекпен жауап береді. Мұғалім толықтырып не жетелеп отыруына болады.
Төртінші мәселеде қазақ халқының жоңғарларға қарсы соғысы түсіндіріледі. Картаны, батырлар мен билердің портреттерін, суреттерін, «Аңырақай шайқасы 1729 жыл» суретін пайдаланған дұрыс
. «Елім-ай» әнін тыңдауға болады. Жоңғар шапқыншылығына қарсы соғыс туралы жазылған тарихи, көркем әдеби шығармалардан (кітаптардан) көрме ұйымдастыру да сабақтың мақсатына жетуіне ықпал етеді.
Сабақ соңында қорытынды жасағанда көрмемен таныстыру керек. Сабақ үстінде оқушылардың дидактикалық материалдарды пайдаланып, қажет жерлерді дәптерлеріне жазып отырғаны дұрыс.
Жүйелі түрде құрылған бекіту сұрақтары арқылы оқушының өтілген материалды қандай дәрежеде меңгергендігін анықтауға болады.
Бекіту сұрақтары
Картадан XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақстандағы хандықтардың аумағын көрсетіңдер.
XVII ғасырдың басында қазақ халқының саны қанша болған?
Тәуке ханның билік жүргізген кезі қай ғасыр, ол ғасыр неге «алтын ғасыр» деп аталған?
XVIII ғасырдың басында жоңғар өкіметі билеген Себан-Рабданның сыртқы саясаттағы мақсаты қандай болды?
Қазақ ру-тайпаларының бірінші және екінші құрылтайы қандай мәселелерді қарады?
«Ақтабан шұбырынды» жылдары қай жылдар, неге олай аталған?
Қазақ-орыс қатынастарын жақсартуда екі жақ қандай мақсат көздеді?
XVIII ғасырдың бірінші жартысында Қазақ хандығы және Оңтүстік Орал,Батыс Сібір халықтарының сыртқы саясатында ортақ қандай мақсат болды?
Сонымен бірге жоңғарларға қарсы соғысқа байланысты оқушыларға кесте толтыртуға болады.
Жылы |
Оқиға |
1717 ж. |
|
1718 ж. |
|
1722 ж. |
|
1723 ж. |
|
1724 ж. |
|
1725 ж. |
|
1726 ж. күзі |
|
1726 ж. |
|
1727 ж. |
|
1728 ж. |
|
1729 ж. |
|
Оқушы білімі бағаланады.
Үйге тапсырма.
