Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
10 сын. .т. САБА ЖОСП-ЛАРЫ 1.DOC
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
677.89 Кб
Скачать

10 Сынып. Қазақстан тарихы

§ 26. XV-XVIII ғасырлардағы қазақ халқының өнері

Сабақтың мақсаты:

  • Қазақ халқының музыка өнерінің түрлері, ерекшеліктері туралы толық мағлұмат беру.

Сабақтың жоспары:

  1. Музыка өнері

  2. Айтыс.

  3. Қазақтың музыкалық аспаптары

  4. Қолөнер және қолданбалы өнер

І. Егер мүмкіндік болса, сабақты мұражайда, көркемсурет галереясында өткізуге болады. Кейін оқушыларға мұражайда көргендері туралы тарихи шығарма жазғызуға болады.

ІІ. Сабақты күні бұрын жоспарлау барысында сурет пәнінің мұғалімімен келісіп, көрнекі құрал ретінде және оқушылардың есіне жақсы сақталу үшін музыкалық аспаптардың суреттерін сызып, сол аспап туралы оқушыларға түсінік беруге болады. Музыка пәнінің мұғалімін немесе оқушылардың біреуін сол аспаптардың бірінде ойнатқан жөн.

ІІІ. Еңбек пәнінің мұғалімімен біріге отырып қолөнер және қолданбалы өнер жөнінде көрме ұйымдастыруға болады. Қосымша деректі пайдаланып, бір оқушыға алдын ала қолөнер жөнінде мәлімет дайындап келуді тапсыру да оқушының сабаққа деген ынтасын арттырады.

Айтыс тақырыбы бойынша оқушылар арасында (мүмкіндік болса) айтыс ұйымдастыруға болады. Теледидардан қазіргі айтыс өнерінен үзінділер көрсетілсе, құба-құп.

Сабақ соңында жаңа сабақты қалай түсінгенін тексеру үшін мынадай тест сұрақтарын қоюға болады:

  1. Таң патшалығының көрнекті ақыны Бэй Жуші өзінің «Биші бикеш» деген өлеңінде қандай тайпаның қыздарының билерін суреттейді?

    1. Қаңлы;

    2. Үйсін;

    3. Сақ;

    4. Сармат.

  1. «Бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай» деген сөзді айтқан кім?

  1. Ш.Уалиханов;

  2. Г.Н.Потанин;

  3. А.В.Затаевич;

  4. А.Құнанбаев.

  1. «Қазақ халқының 1000 әні» кітабының авторы:

  1. Г.Н.Потанин;

  2. Ш.Уалиханов;

  3. А.Құнанбаев;

  4. А.В.Затаевич.

  1. Елге жау шапқанда хабар беретін аспап:

  1. Керней;

  2. Асатаяқ;

  3. Сырнай;

  4. Домбыра.

  1. Бақсы-балгерлер зікір салғанда пайдаланатын аспап:

  1. Асатаяқ;

  2. Сырнай;

  3. Сыбызғы;

  4. Дабыл.

  1. Әншілер немесе күйшілер ән айтып күй тартқанда пайдаланатын аспап:

  1. Домбыра;

  2. Даңғыра;

  3. Дабыл;

  4. Керней.

  1. Балшықтан, қамыстан, мүйізден жасалатын аспап:

  1. Сазсырнай;

  2. Домбыра;

  3. Асатаяқ;

  4. Дабыл.

  1. Соқпалы музыкалық аспаптар:

  1. Даңғыра;

  2. Қобыз;

  3. Домбыра;

  4. Сырнай.

Үй тапсырмасы:

Қосымша деректерді пайдаланып, қазақтың бір музыкалық аспабы жөнінде мәлімет дайындап келу.

§27. Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері

Сабақтың мақсаты:

  • Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері туралы толық мағлұмат бере отырып, оқушылардың бойында әдет-ғұрып, салт-дәстүрге деген объективті көзқарасын қалыптастыру.

Сабақтың жоспары:

  1. Ұлттық салт-дәстүрлер. Шаруашылыққа байланысты әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер.

  2. Отбасыға байланысты әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер

  3. Ұлттық ойындар

  4. Діни наным-сенімдер

Сабақты толық сабақ ретінде жүргізуге болады. Ол үшін осы жоспардағы 3 тақырыпты сынып оқушыларын үш топқа бөліп берген жөн. Сөйтіп, әр топ өз тақырыбын қосымша деректер мен нақты мысалдар келтіру арқылы кең түрде мағлұмат беріп дәлелдегені дұрыс.

Сабақ соңында әр топ өзінің сұрақтарын қалған топқа ұсынып, дұрыс-бұрыстығын бағалайды. Бұл сабақта еңнегізгі шарт: әр топқа берілетін уақытты белгілеу қажет.

Әр топ шамамен төмендегідей сұрақтар дайындайды.

1-топ. Ұлттық салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар.

  1. Ұлт жегеніміз не?

  2. Түркі тілдес халықтардың әдет-ғұрып, салт-саналарының ұқсастығы неде?

  3. Қандай ұлттық салт-дәстүрлерді білесіңдер

  4. Отпен тазарту, «Қарқаралы көш», отау қағу, қазық байлау, бие мұрындық сөздеріне түсінік беріңдер.

  5. Құрық, желі, көген, жүген, ноқта, бақан-олар не үшін қажет, оларды басуға неге тыйым салынған?

2-топ. Отбасына байланысты әдет-ғұрыптар, салт-саналар.

  1. Бата аяқ, қарғыбау немесе үкітағар, киіт кигізу, ұрын бару, қыз қашар, желі тарту, есік ашар, т.б. ырымдар қай кезде жасалады?

  2. Ат тергеу дегенді қалай түсінесіңдер?

  3. Жылу, немеурін, үме, асар деген не?

  4. Қоштасу, кешірім сұрау, естірту, жұбату, көңіл айту, жоқтау, ас беру, т.б. қай жағдайларда айтылады?

  5. Наурыз көже жылдың қай мезгілінде беріледі, оған қандай тағамдар қосылады?

3-топ. Ұлттық ойындар.

  1. Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіңдер, олардың маңызы қандай?

  2. Халқымыздың спорттық ойын түрлерінен бүгінге жеткені қайсылары?

Сабақ барысында әр топ алғашқыда өз тақырыбы жөнінде тек түсіндіріп қана қоймайды, қосымша көрініс, рөлдік ойындар да көрсетуге болады. Қай топтың сұрағына көпшілік жауап бере алмаса, сол топ жеңіске жетеді.

Сабақ соңында оқытушы діни наным-сенімдер жөнінде айта отырып, сабақтағы негізгі мәселелер бойынша қорытынды жасайды.

Үйге тапсырма: