Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
10 сын. .т. САБА ЖОСП-ЛАРЫ 1.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
677.89 Кб
Скачать

10 Сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 5. Қола дәуіріндегі ру-тайпалардың шаруашылығы, қоғамдық қатынастары және мәдениеті

Сабақтың мақсаты:

  • Қола дәуірінде Қазақстан аумағында көшпелі мал шаруашылығының және жер шаруашылығының дами бастағанын түсіндіру.

  • Кәсіп түрлерін соның ішінде металл өндіру кәсібін жоғары меңгергенін көрсету. Қола дәуіріндегі қоғамдық қатынас пен діни наным-сенімдердің адам өміріндегі рөліне тоқталу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Сабақтың көрнекілігі:

    1. Карта

    2. Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

Көрнекілік: карта, суреттер, сызба, кесте .

Үй тапсырмасын сұрау:

  • Қола дәуірі және оның ерекшеліктері туралы не білесіңдер?

  • Қоланың пайда болуының адам өмірінде тарихи маңызы қандай?

  • Андронов мәдениеті туралы не білесіңдер?

  • Беғазы - Дәндібай мәдениеті Андронов мәдениетінен несімен ерекшеленеді?

  • Орталық Қазақстандағы қола дәуірінің ескерткіштері туралы айтып беріңдер.

  • Солтүстік және Батыс Қазақстандағы ескерткіштердің ерекшеліктері туралы әңгімелеңдер.

  • Шығыс Қазақстандағы ескерткіштердің зерттелу тарихы туралы не білесіңдер?

  • Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу аймағындағы ескерткіштердің маңызы неді?

Сабақтың жоспары:

  1. Шаруашылықтың дамуы

  2. Қола дәуіріндегі металл өндіру

  3. Қоныстар мен тұрғын үйлер

  4. Үй кәсібі мен қолөнердің дамуы.

  5. Қола дәуірі кезіндегі қоғамдық қатынастар

  6. Діни нанымдар мен әдет-ғұрыптар

Металл өндірудегі табыстар

Кен орындары

Кен өндіру құралдыры-балға, шоттар, сыналар, келі-келсаптар

Мыс пен қалайыны белгілі мөлшермен қосу

Әр түрлі қалыптар

Сәндік бұйымдар жасау

Үшінші

Сабақты бекіту:

  • Қола дәуірінде шаруашылықтың қандай түрлері дамыды?

  • Қола дәуіріндегі металл өндірудің дамуын неден көреміз?

  • Қола дәуіріндегі ру-тайпалар қоныстар мен үй-жай салуда қандай тәсілдерді қолданды?

  • Үй-жай кәсібі мен қолөнердің дамуы неге байланысты болды?

  • Қола дәуіріндегі қоғамдық қатынастардың дамуын неден байқауға болады?

  • Қола дәуірінде діни наным-сенімдердің шығуы неге байланысты болды? Осы наным сенімдердің бізге жеткендері бар ма?

Бағалау: өзін-өзі

Үйге тапсырма:§5.

10 Сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 6. Қазақстанда темір дәуірінде өмір сүрген тайпалардың зерттелуі

Сабақтың мақсаты:

  • Б.з.б. VIII-VII ғасырларда Қазақстан аймағында мекендеген тайпалар темір құрал-сайман жасай бастағанын, осы кезде өмір сүрген сақ тайпалары туралы ғылыми деректерді, олардың археологиялық ескерткіштерінің зерттелуінің маңызын түсіндіру.

  • Бәсекеге барынша қабілетті білімді азамат тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Сабақтың көрнекілігі:

    1. Карта

    2. Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

Үй тапсырмасын сұрау:

  • Қола дәуірінде шаруашылықтың қандай түрлері дамыды?

  • Қола дәуіріндегі металл өндірудің дамуын неден көреміз?

  • Қола дәуіріндегі ру-тайпалар қоныстар мен үй-жай салуда қандай тәсілдерді қолданды?

  • Үй-жай кәсібі мен қолөнердің дамуы неге байланысты болды?

  • Қола дәуіріндегі қоғамдық қатынастардың дамуын неден байқауға болады?

  • Қола дәуірінде діни наным-сенімдердің шығуы неге байланысты болды? Осы наным сенімдердің бізге жеткендері бар ма?

Сабақтың жоспары:

  1. Тас дәуіріне сипаттама

  2. Жазба деректер

  3. Дәуірдің тарихнамасы

  4. Сақ тайпаларының археологиялық ескерткіштерінің зерттелуі.

Парсы жазба деректері бойынша сақ тайпалары үш үлкен тайпаға бөлінеді:

  1. Тиграхауда сақтары- шошақ бөрік киген сақтар;

  2. Хаомаварга сақтары-хаома сусынын қайнатушылар;

  3. Парадарайя сақтары-теңіздің ар жағында тұрушы сақтар.

Бекіту:

  • Темір дәуіріне сипаттама беріңдер.

  • Сақтар туралы жазба деректер қандай грек, парсы ғалымдары мен философтарын білесіңдер? Олардың қалдырған деректерінен не білуге болады?

  • Сақтар туралы қытай деректері қандай мағлұматтар береді?

  • Анахарсистің әлем философиясындағы алатын орны қандай?

Бағалау: өзін-өзі.

Үйге тапсырма:§6.