Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
10 сын. .т. САБА ЖОСП-ЛАРЫ 1.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
677.89 Кб
Скачать
  1. «Қазақстан Республикасының саяси картасы».

  2. Кесте, сызбалар.

  3. Кітап көрмесі

Сабақтың жоспары:

  1. Қазақ халқының шығармашылық дәстүрі

  2. Ауыз әдебиетінің түрлері, олардың тарихи маңызы.

Сабақтың алғашқы қарастырылатын мәселесі-қазақ халқының шығармашылық дәстүрі. Мұғалім оқушыларға төмендегі сұрақтарды қоя отырып, сабақты бастайды:

  1. Ауыз әдебиеті дегенді қалай түсінесіңдер?

  2. Қазақ ауыз әдебиетінің ерекшелігі неде?

  3. Ауыз әдебиеті арқылы жеткен қандай жырларды білесіңдер?

Сұрақтарға жауап алып, пікір алысып, сабақты әрі қарай жалғастырып, ауыз әдебиетінің қандай салалардан тұратыны айтылады. Бұл жерде дидактикалық материалдардағы «Ауыз әдебиетінің салалары»сызбасын пайдалануға болады.

«Алпамыс», «Қобыланды батыр», т.б. жырлардан үзінді келтіріп, мазмұнын оқушыларды қатыстыра отырып талдау жасалады.

Сабақ жоспарының екінші мәселесе-ауыз әдебиетінің түрлері, оның маңызы. Бұл тақырыпшаны мұғалім оқушыларға тұрмыс –салт өлеңдерінен үзінділер келтіре отырып түсіндіреді.

Тақырып мәселесе өлең-жырлар болғандықтан, жырлардың әр түріне жеке-жеке тоқталып, жырдан үзінділер келтіріліп, оның мазмұнын, тәрбиелік маңызын көрсете отырып түсіндіріледі. Кейбір жырларды үнтаспадан тыңдауға болады. Мақал-мәтелдер мен жұмбақтар оқушылардың өздері білетін және кітаптағы жұмбақтардың мазмұнына қарай бөлініп, талдап түсіндіріледі. Сабақты қотырындылап, үйге тапсырма беріледі.

10 Сынып. Қазақстан тарихы

§ 25. Эпостық аңыздар мен ақын-жыраулар

Сабақтың мақсаты:

  • Эпостық аңыздардың тарихи маңызы және XV-XVIII ғасырлардағы ақын-жазушылардың шығармалары, ерекшеліктері, маңызы жөнінде оқушыларға түсінік беру.

Сабақтың жоспары:

  1. Эпостық аңыздар.

  2. XV-XVI ғасырдағы қазақ жыраулары

  3. XVII-XVIII ғасырдағы қазақ жыраулары.

Сабақты жоспарда қаралатын мәселе бойынша алдын ала оқушыларға тапсырма беріп өткізуге болады.

І. Тапсырманың мынадай түрлерін ұсынамыз:

  1. Тарихи оқиғаларға байланысты қандай аңыздарды білесіңдер?

  2. Өзің мекен еткен жердегі тарихи атаулар туралы не білесіңдер?

ІІ. Сабақты рөлдік немесе театрландарылған сабақ түрінде өткізіп, эпостық жырлардан көрініс көрсетуге болады.

ІІІ. Сабақты кіріктірілген сабақтүрінде өткізуге болады. Ол үшін алдын ала әдебиет пәнінің, музыка пәнінің мұғалімдерімен жоспар құрып, оқушыларға ақын-жыраулар туралы қосымша тапсырмалар беріледі. Қандай жағдайда да оқушылардың білімдерін толықтыратын мағлұматтар көбірек берілгені дұрыс.

IV. Мұғалімнің оқушыларға негізгі мағлұматтардан алдын ала тапсырма беруіне болады. Сұрақтарға карточкалар бойынша ауызша немесе жазбаша түрде жауап береді.

Сұрақтарды төмендегідей түрде дайындауға болады:

  1. Эпостық аңыздар нені білдіреді?

  2. «Жырау» атауы нені білдіреді?

  3. Асан қайғы өз өлеңінде Жәнібек пен Керейді не үшін кіналады? Пікірлеріңді білдіріңдер.

  4. Ақжол би деп кімді атаған?

  5. Едл мен Жайықты мақтап, елге, малға жайлылығын суреттеген кім?

  6. Доспанбет жырау өз жырларында негізінен жастарға қандай насихат айтады? Оның қандай өлеңдерін білесіңдер?

  7. Әскери жорықтармен Кавказдың терістігін, Қырым, Дон бойын аралап шыққан ақын-жырауды атаңдар.

  8. Жиембет жырау Есім ханның әскербасы, кеңесші қызметін атқарғанда қандай көзқараста болды?

  9. 17 жасында соғысқа қатысып, 54 жасында өлім жазасына бұйырылып, 93 жасында Семей өңірінде қайтыс болған кім? Ол өз жырларында не туралы жырлады?

  10. Абылай ханға жақын жүрген ақын. Оның жырларының ерекшелігі неде?

  11. Үмбетей жыраудың бізге қандай жырлары жеткен?

  12. Бұқар жырау туралы не білесіңдер, оның жырларының ерекшелігі неде?

V. Тақырып бойынша осындай бірнеше сабақ өткізуге болады. Немесе оқушыларға алдын ала тапсырма беріп, реферат жазып келуді тапсырып, оқушылардың шығармашылықпен айналысуына көңіл бөлген жөн.

Үйге тапсырма

  1. Оқулық соңындағы сұрақтарға жауап беру

  2. Ақын-жыраулардың өздеріңе ұнаған өлеңін жаттап келу.

  3. Қосымша деректерді пайдаланып, ақын-жыраулар жөнінде мәлімет, баяндама дайындап келу.