- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •§2 Соңындағы сұрақтарға ауызша жауап дайындау.
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •«Қазақстан Республикасының саяси картасы».
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •«Қазақстан Республикасының саяси картасы».
- •§8 Соңындағы 5-7 сұрақтарға ауызша дайындалу
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •Ежелгі тас дәуірі
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •«Қазақстан Республикасының саяси картасы».
- •§10 Бойынша сұрақтарға ауызша жауап беру
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •§11 Бойынша сұрақтарға ауызша жауап дайындау.
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •§ 12. Сұрақтарға ауызша жауап дайындау.
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •Қоғамдық құрылысы
- •§ 17. Қазақстандағы алғашқы мемлекеттер
- •«Қазақстан Республикасының саяси картасы»
- •§ 18. Ерте орта ғасырлардағы империялар
- •«Тегін»- мұрагер -//- Бектер
- •«Шад»- ханзада -//- Тектілер
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •§19. XIV ғасырларда және XV ғасырдың бірінші жартысындағы қазақстан аумағындағы хандықтар
- •Ақ Орда –Әбілқайыр хандығы- Моғолстан мемлекеті
- •Көк Орда
- •Ноғай Ордасы
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •Сұлтандар, қожалар
- •Билер, бай-шонжарлар, батырлар, ақсақалдар
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •§ 22. Орта ғасырларда қазақ жерінде рухани мәдениеттің дамуы
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •§23. Қазақ даласында туған тарихи шығармалар
- •§24. Қазақ халқының әдебиеті мен мәдениеті
- •«Қазақстан Республикасының саяси картасы».
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •§ 25. Эпостық аңыздар мен ақын-жыраулар
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •§27. Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері
- •§27; Оқулық соңындағы сұрақтарға ауызша дайындалып келу.
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •§ 28. Ұлы Жібек жолы және оның тарихи маңызы
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •§ 29. Қазақстанның Ресейге қосылуы қарсаңындағы саяси жағдайы
- •«Қазақстан Республикасының саяси картасы»
- •§29. Тақырып соңындағы сұрақтар бойынша жауап әзірлеу; қосымша дерек материалдарын оқу.
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •§30. Қазақстанның Ресейдің құрамына кіруі
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •§31. Ресейдің қазақ жеріне әкімшілік-саяси басқару жүйесін енгізуі
- •§ 32. Қазақстанның Ресей империясының шикізат базасына айналуы
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •§33. Патша өкіметінің Қазақстандағы қоныстандыру саясаты
- •Патша өкіметінің шаруаларды Қазақстанға қоныстандырудағы мақсаты
- •Ресейдің орталық аудандарындағы күшейіп келе жатқан толқуды әлсірету.
- •Жерсіз қалған шаруаларға шет аймақтардан құнарлы жер беріп, жер мәселесін шешу.
- •Шет аймақтарға қоныстанушылардың санын көбейтіп, олардың арасынан бай-кулактарды шығарып, өзіне тірек дайындау.
- •Қоныстанушылардан құрылған болыстар
- •Қазақ жеріне қоныстандыру арқылы отарлау саясатының көріністерін атаңдар
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •§ 34. Патша өкіметінің қазақ жеріне орыстандыру саясатын жүргізуі
- •§34 Оқып, тақырып соңындағы сұрақтарға ауызша дайындалу
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
10 Сынып. Қазақстан тарихы
§ 20. XV-XVII ғасырлардағы қазақ хандығы
Сабақтың мақсаты:
Қазақ хандығының құрылуының алғышарттары, XV-XVIIIғасырларда оның дамуы жайында баяндау, хандардың саяси бағыттарын көрсету, сыртқы жаудан елін, жерін қорғап, тәуелсіздігін сақтап қалған қазақ хандары туралы айта отырып,, білімдерін тереңдету.
Сабақтың жоспары:
Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ хандығының XV ғасырдың екінші жартысы мен XVI ғасырдағы саяси жағдайы
XVII-XVIII ғасырлардың 30-жылдарына дейінгі Қазақ хандығы
Сабақты мұғалім өткен сабақпен байланыстыра отырып, мына сұрақтарды қояды:
Алтын Орда ыдырағаннан кейін қандай мемлекеттер құрылды?
Моғолстан, Әбілқайыр хандығы және Ноғай ордасының әлсіреуіне не себеп болды?
Оқушы жауаптарын мұғалім толықтыра отырып, сабақты әрі қарай жалғастырады. Қазақ хандығының құрылуын XV ғасырдың 60 (70)-жылдары деп көрсетудегі дәлелдің бірі-М.Х.Дулатидің «Тарих-и Рашиди» деген еңбегінен үзінді келтіре отырып түсіндіреді. Жәнібек пен Керейдің Жетісуға қарай көшуінің түпкі негізі-біріншіден, хандықтың ішіндегі әлеуметтік-экономикалық қайшылықтар, екіншіден, этностық байланыстар. 1465-1466 (1470-1471) жылдары Қазақ хандығы құрылып, дүние жүзіндегі мемлекеттерге таныла бастағанын деректерге сүйене отырып әңгімелеу.
Тақырыптың екінші мәселесі-Қазақ хандығының XV ғасырдың екінші жартысы мен –XVI ғасырдағы саяси жағдай.
Бұл ғасырларда қазақ хандары Жәнібек пен Керей сол кездегі Әбілқайыр хандығындағы саяси жағдайларды пайдалана отырып, Оңтүстік Қазақстандағы Созақ, Сығанақ, Сауран, т.б. қалаларды жаулап алады. Қазақ хандығының аумағын ұлғайтуда Қасым ханның рөлін мұғалім деректерге сүйене отырып, ерекше атап өтеді. «XV-XVIII ғасырлардағы Қазақстан», «XIII-XVII ғасырлардағы Жетісу» карталарын, «Қазақстан Республикасының саяси картасын» пайдалану керек.
Мұғалімнің қазақ хандары Хақназар, Тәуекел, Есім тұсінда олардың батыста, солтүстік-шығыста, +Орталық Азияда хандықтың шекарасын кеңейтудегі рөлін, көрші елдермен саяси, сауда қарым-қатынастарын жасап, ел экономикасының дамуына на назар аударып отырғанын ерекше атап өтуі тиіс.
Сабақта төмендегі сызбаны пайдалануға болады.
XV-XVIғасырлардағы қазақ хандығы
Хандықтың байланыс жасаған елдірі
Моғолстан
Өзбек хандығы
Сібір хандығы
Орыс мемлекеті
Қатынас жасау түрлері
Бейбіт, дипломатиялық
Соғыс жағдайы, шапқыншылық
Сабақ жоспарындағы үшінші мәселе-XVІІ-XVІІІ ғасырлардың 30-жылдарына дейінгі Қазақ хандығы.
Мұғалім оқушылардың назарын қазақ хандығының өз ішінде жүріп жатқан саяси бытыраңқылығына аударуы керек. Бұлғасырларда күшейген көрші Жоңғар мемлекетінің шапқыншылықтары, оған қарсы қазақ халқының тәуелсіздігін қорғау жолындағы күресі ерекше орын алады.
Сонымен қатар мұғалім Жәңгір хан, Тәуке ханның ішкі, сыртқы саясатта жүргізген іс-шараларына тоқталады. Оқушылардың қызығушылығын артыру мақсатында тарихи, әдеби шығармалардан үзінділер оқып, сабақта немесе сабақтан тыс уақытта талқылауға болады.
Мұғалім сабақты қорытындылап, бекіту сұрақтарын қояды.
Қазақ хандығы қашан құрылады, алғышқы хандары кімдер?
Қазақ хандығы қай жерде құрылды?
Бұрындық пен Қасым хан кезінде Қазақ хандығының шекарасы қай жерлерге дейін ұлғайды?
Қазақ хандығы көрші қандай мемлекеттермен қарым-қатынас жасады?
Парсы тарихшысы Ескендір Мұңшы Тәуекел ханның қай елге шапқыншылығын суреттейді.
Шоңғарларға қарсы Орбұлақ шайқасы қай жылы болды, ерекшелігі қандай?
Тәуке хан ішкі саяси билікте қандай өзгерістер енгізді?
«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» қандай жылдарды еске түсірді?
