Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
10 сын. .т. САБА ЖОСП-ЛАРЫ 1.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
677.89 Кб
Скачать

§ 18. Ерте орта ғасырлардағы империялар

Сабақтың мақсаты:

  • Ерте орта ғасырларда құрылған Түрік империясының дамуы, өз шекарасын Қара теңізге дейін жеткізгені, империяның әлеуметтік, экономикалық жаңдайы және ыдырауы туралы білімдерін тереңдету.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Сабақтың көрнекілігі:

    1. карта

    2. Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

Көрнекілік: карта, суреттер, сызба, кесте пайдалану.

Үй тапсырмасын сұрау:

Сабақтың жоспары

  1. Түрік империясының құрылуы

  2. Түрік империясының дамуы

  3. Түрік империясының әлеуметтік, экономикалық жағдайы

  4. Түрік империясының ыдырауы

  5. Батыс Түрік қағанатының империялық дәрежеге көтерілуі

Мұғалім жаңа сабақты түсіндірер алдында оқушылардан Түрік қағанаты туралы білетіндерін естеріне түсіріп, олардың жауаптарын өзі толықтырады.

Түрік империясының құрылуын түсіндіру барысында оқушыарға мынадай сұрақ қоюға болады: «Жалпы тарихты өту барысында ежелгі дәуірдегі империялық дәрежеге жеткен қандай елдерді білесіңдер?» Мұғалім әрі қарай Батыста Грекияда, Рим империялары құрылып, дамыса, осы кезеңде Шығыста Ғұн империясы болғанын айта отырып, VI-VIII ғасырларда Түрік империясының да құрылғанына тоқталады. Империяның негізін қалаған, шекарасын кеңейтіп, империяны құрған қағандар жөнінде ереше атап кеткен жөн.

Сабақ жоспарының екінші мәселесі-Түрік империясының дамуы

Мұғалім Түрік империясының дамуы мәселесін жазба деректер (қытай, түрік), археологиялық мәдени ескерткіштер арқылы дәлелдей отырып түсіндіреді. Оқушы білімі тереңдей түскен сайын, өз ойын қорытындылап, өзіндік сараптама жасай алатын болуы керек.

Осы мақсатта оқушыларға «Түрік империясының дамуы» тақырыпшасындағы екі абзацты әр қатарға бөліп беріп, оқып шыққаннан кейін, мына сұрақтар бойынша жауап алынады.

Сұрақтар:

  1. Түрік қағандары империяны дамытуда көрші елдердегі қандай жағдайларды шебер пайдалана білді?

Түрік империясы қандай елдерді бағындырған, оны қандай деректерден білуге болады?

Сабақ жоспарының үшінші мәселесі-Түрік империясының әлеуметтік, экономикалық жағдайы.

Мұғалім оқушылардың Түрік қағанатының басқару жүйесіне ерекше мән беруіне көңіл бөледі. Мұнда айрықша бір басқару белгісі- әскери және тайпаолық құрылыстың бір-бірімен байланыстылығы, яғни әскери-демократиялық басқару.

Мемлекеттік басқару жүйесі

Қаған-хан

  1. «Тегін»- мұрагер -//- Бектер

  2. Жабғу (ябғу)-бас уәзір-//-еріктілер

  3. «Шад»- ханзада -//- Тектілер

Сонымен қатар, мұғалім айғақтарға сүйене отырып, Түрік империясында құлдықтың болғанын және Еуропа елдеріндегі құлдықтан өзіндік ерекшелігін айыра отырып түсіндіреді.

Түрік империясының экономикасы дамып, күш-қуатының өсуіне Ұлы Жібек жолы мен басқа да керуен жолдарының ықпалын, экономикалысын негізі-мал шаруашылығы дамығандығын оқушыларға ұғындыру.

Түрік империясының ыдырауын түсіндіру кезінде, оқушылардың басты көңіл бөлетіні мына жағдай болуы тиіс: біріншіден, империяның кең байтақ жерді-шығыста Хинган тауынан батыста Қара теңізге дейін алып жатуы; екіншіден, қағанның өз ішінде билік үшін талас-тартыс; үшіншіден, Қаған тағына талас; төртіншіден, осы жағдайды пайдаланып Қытайдың адым-салық төлеуден бас тартып, бағынбауы.

Ішкі алым-салық төлеуден бас тартып, бағынбауы.

Ішкі талас-тартыс, саяси бытыраңқылық, ашаршылық ел экономикасын күйзелтіп, империя VII ғасырдың басында (603 ж.) Батыс және Шығыс Түрік қағанаты болып екіге бөлінді.

Сабақ жоспарының келесе мәселесе-Батыс Түрік қағанатының империялық дәрежеге көретілуі.

Мұғалім оқушылардың сабаққа ынтасын, белсенділігін ескере отырып, Түрік империясының екіге бөлінгеннен кейінгі Батыс Түрік қағанатының жер аумағына, орталық қалаларына тоқталып өтеді. Батыс Түрік қағанаты VII ғасырдың бірінші ширегінде түрлі жорықтар жасап, ұлан-байтақ өлкені бағындырды. Қағанат империялық дәрежеге жетіп, шекарасы алдыңғы Кавказ, Еділдің төменгі ағысы, Қара теңіз, Донға дейін жеткізеді.

Батыс Түрік империясының мемлекеттік басқару жүйесін түсіндіруде дидактикадағы сызбаны пайдалануға болады.

Мұғалім қағанаттың жүз жылдан астам өмір сүріп, ішкі талас-тартыстар нәтижесінде орнына жаңа мемлекет Түркеш қағанатының құрылғаны туралы түсіндіріп, бекіту сұрақтарын қояды.

  1. Түрік империясы қай жылы қай қаған кезінде құрылды?

  2. Түрік империясының алып жатқан аумағы туралы қандай жазба деректерде келтірілген?

  3. Қағанат ішкі талас-тартыстың салдарынан қай жылы екіге бөлінді?

Беуіту сұрақтарына жауап алғаннан кейін үйге тапсырма беріледі.