Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
метод ПЗ ГП ОЗ КАЗ 3 КРЕДИТ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
176 Кб
Скачать
☆

VII.Бақылау:

1.Сұрақтары:

1.Тамақтануда еттің, шұжық өнімдерінің, балықтың және қалбырдағы өнімдердің тағамдық және биологиялық құндылығы неге байланысты ?

2. Еттің органолептикалық қасиеті неге байланысты ?

3. Шұжық өнімдеріне қандай өнімдер жатады ?

4. Приондар дегеніміз не? Прион ауруларының алдын-алу шараларын атаңыз.

5. Трихинеллез туралы және оның алдын-алу шаралары туралы не білесіз?

6. Тениидоз қай кезде дамиды? Тениидозбен залалданған етті тағамға қолдануға бола ма?

7. Ет сапасын қандай көрсеткіштер арқылы бағалайды?

8. Балықтың өнімдерінің тағамдық құндылығын сипаттаңыз.

9. Балық ақуызы протеиндердің қандай фракцияларынан тұрады?

10. Пресервтер дегеніміз не? Олардың консервілерден айырмашылығы неде?

11. Теңіз өнімдеріне не жатады?

12. Балық және балық өнімдері арқылы қандай аурулар беріледі? Олардың алдын алу жолдары қандай?

13. Балықты өңдеудің қандай әдістерін білесіз?

14. Балық және балық өнімдерін сақтаудың тәсілдерін атаңыз.

2. Тесттік бақылау:

1. Малдың қоңдылығы төмендегенде май тіндерінде:

  1. майдың еру температурасы артады

  2. көп қанықпаған май қышқылдарының мөлшері артады

  3. майдың еру температурасы төмендейді

  4. холестериннің мөлшері жоғарылайды

  5. көп қанықпаған май қышқылдарының мөлшері азаяды

2. Еттің азотсыз экстрактивті заттарына ... жатады.

  1. сүт қышқылы

  2. карнозин

  3. миозин

  4. ансерин

  5. креатин

3. Еттің азотты экстрактивті заттарына ... жатады.

  1. карнозин

  2. ансерин

  3. сүт қышқылы

  4. гликоген

  5. глюкоза

4. Етті микроскопиялық талдаудағы сүртінді-дақта ... анықтайды.

  1. бактериялардың жалпы санын (кокктар мен таяқшалар)

  2. бактериялардың қай түрге жататындығын

  3. коли-индексті

  4. бөгде қоспаларды

  5. коли-титрді

5. Шартты түрде жарамды финналы етті зиянсыздандыру үшін ... әдісін қолданады.

  1. жылумен өңдеу

  2. тұздау

  3. салқындату

  4. ыстау

  5. мұздату

6. Адам трихинелланы ... етін пайдаланғанда жұқтыруы мүмкін.

  1. жабайы шошқаның

  2. ұсақ малдың

  3. ірі қара малдың

  4. құстың

  5. суда жүзетін құстардың

7. Шұжық өндірісінде тартылған етте микрофлораның дамуына мүмкіндік беретін негізгі факторға ... жатады.

  1. ұзақ сақтау

  2. ас тұзының аз болуы

  3. тоңазытқышта ұзақ сақтау

  4. ас тұзының көп болуы

  5. сорпа өнімдерін пайдалану

8. Шұжық өнімдерін өндірудегі технологиялық үдерістерден ... қатаң санитарлық бақылауға алынады.

  1. нитриттерді пайдалану

  2. тартылған еттің жетілу кезеңінің ұзақтығы

  3. сорпа өнімдерін пайдалану

  4. жылумен өңдеу барысында өнімнің ішкі жағында белгілі бір температураға қол жеткізу

  5. етті сүйектен және шандырынан ажырату

9. ... етінің табиғи майлылығы жоғары.

  1. Шошқа

  2. Жылқы

  3. Қой

  4. Тауық

  5. Сиыр

10. Еттің категориясы оның ... негізінде белгіленеді.

  1. майлылығы

  2. құрамындағы ақуыз мөлшері

  3. құрамындағы алмастырылмайтын аминқышқылдарының мөлшері

  4. минералды және экстрактивті заттар кешені

  5. құрамындағы май қышқылдары

11. Биологиялық қасиеті жағынан ең жақсысы ... болып табылады.

  1. шошқа майы

  2. қойдың майы

  3. сары май

  4. сиырдың майы

  5. жылқының майы

12. ... еру температурасы басқа майларға қарағанда төмен болады.

  1. Шошқа майының

  2. Қой майының

  3. Сары майдың

  4. Сиыр майының

  5. Жылқы майының

13. Ет өндірудегі технологиялық үдерістің бұзылуы ... дамуына себепкер.

  1. тағамдық токсикоинфекцияның

  2. тағамдық интоксикацияның

  3. ботулизмнің

  4. стафилококк интоксикациясының

  5. Уров ауруының

14. Егер еттің ..., онда етті техникалық өңдеуге жібереді.

  1. 40см2 ауданында 3 финнадан асса

  2. 40см2 ауданында 1 финнадан асса

  3. 40см2 ауданында 2 финнадан асса

  4. құрамында 3 финнаға дейін кездессе

  5. құрамында ең болмаса 1 финна кездессе

15. Финндік етті ... залалсыздандырады.

  1. қалыңдығы 8см-ге дейін, салмағы 2кг. бөліктерге бөліп, 2 сағат қайнату арқылы

  2. 30 мин. қайнату арқылы

  3. арнайы пештерде

  4. бактерицидтік шаммен

  5. арнайы бөлінген жерде

16. 40см2 еттің ауданында 3 финнаға дейін кездессе ет :

  1. шартты түрде жарамды деп есептелініп, алдын ала залалсыздандырылған соң пайдалануға болады

  2. техникалық өңдеуге жіберіледі

  3. жойылады

  4. өртеледі

  5. жоғарғы температурада қайта өңделеді

17. Тениидоздың асқынуы ... әкеледі.

  1. қатерлі анемияға

  2. созылмалы анемияға

  3. теміртапшылық анемияға

  4. бауырдың зақымдануына

  5. өкпенің зақымдануына

18. Сарыппен ... жиі ауырады.

  1. сиыр, ешкі, қой, шошқа

  2. ірі қара мал

  3. жабайы аңдар

  4. қаңғыбас иттер, мысықтар

  5. жұп тұяқтылар

19. Сібір күйдіргісі анықталған жағдайда:

  1. карантин ұйымдастырылып, етті өртейді

  2. зақымданған мүшелерді ғана жояды

  3. етті мұқият қайнатқан соң пайдаланады

  4. етті шұжық өндірісінде пайдаланады

  5. ет жарамсыз деп табылып, техникалық өңдеуге жіберіледі

20. Жайылмалы туберкулезбен ауырған арық малдың ұшасы толығымен:

  1. техникалық өңдеуге жіберіледі

  2. шұжық өндірісінде қолданылады

  3. термиялық өңдеуге жіберіледі

  4. залалсыздандырылады

  5. тағамдық мақсатта шектеусіз қолданылады

21. Аусылмен ауырған малдың етін:

  1. термиялық өңдеуден соң сатуға болады

  2. жою қажет

  3. өртейді

  4. залалсыздандырады

  5. ультракүлгін шаммен өңдейді.