Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
метод ПЗ ГП ОЗ КАЗ 3 КРЕДИТ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
176 Кб
Скачать
☆

VII. Бақылау:

1.Сұрақтары:

1. Бидай қандай бөліктерден тұрады?

2. Бидай өнімдеріне қандай өнімдер жатады?

3. Ұн қандай қасиеттеріне байланысты сорттарға бөлінеді?

4. Жармалар қалай өндіріледі?

5. Нанның зеңденуі қандай себептерге байланысты пайда болады?

6. Аурулардың пайда болуындағы бидай өнімдерінің атқаратын рөлі қандай?

7. Сүт және сүт тағамдарының тамақтанудағы маңызы неде?

8. Сүттің нутриеттік құрамын атаңыз.

9. Сүттің минералдық құрамын атаңыз.

10. Барлық табиғи сүт өнімдері қандай топтарға бөлінеді?

11. Сүт өнімдеріне қандай тағамдар жатады?

12. Сүт және сүт өнімдері арқылы берілетін ауруларды атаңыз.

13. Аурулардың пайда болуы мен күрес шараларын атаңыз.

2. Жағдайлық есептер:

№ 1есеп

Сату жүйесіндегі пастерленген сүтті талдау барысында температурасы - 14˚С, органолептикалық қасиетінде өзгеріс жоқ; үлес салмағы – 1,024; қышқылдылығы - 20%; майлылығы – 3,2%; құрғақ қалдық – 12%.

Гигиеналық қорытынды беріңіз:

№2 есеп.

Пастерленген сүтті тексеру барысында анықталғаны: түсі - ақшыл сары; дәмі – өзіне тән; үлес салмағы – 1,024; майлылығы – 2,5%; қышқылдылығы - 26ºТ. құрғақ қалдық - 12%.

Сүтке гигиеналық тұрғыдан баға беріңіз.

№3 есеп.

Пастерленген сүтті тексеру барысында анықталғаны: түсі - ақшыл сары; дәмі – өзіне тән; үлес салмағы – 1,024; майлылығы – 2,5%; қышқылдылығы - 26ºТ. құрғақ қалдық - 16%.

Сүтке гигиеналық тұрғыдан баға беріңіз.

№ 5

I. Тақырыбы: Ет және шұжық өнімдерінің тағамдық және биологиялық құндылығы. Балықтың тамақтық және биологиялық құндылығы. Қалбырдағы өнімдердің тамақтық және биологиялық құндылығы.

II. Мақсаты: Студенттерге ет өнімдерінің , балық және қалбырдағы өнімдердің түрлерін, олардың тағамдық және биологиялық құндылығын сонымен қатар аурулардың пайда болуындағы олардың рөлін оқытып үйрету.

III. Оқыту мақсаты:

Студент білуі тиіс:

- ет өнімдерінің түрлерін;

- олардың тамақтанудағы тағамдық және биологиялық құндылығын;

- ет өнімдері арқылы берілетін ауруларды және олардың алдын-алу жолдарын;

- балықтың тамақтанудағы рөлін және тағамдық құндылығын;

- балық және теңіз өнімдеріне қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптарды;

- балық арқылы берілетін ауруларды және олардың алдын алу жолдарын;

- қалбырдағы балық өнімдерінің тамақтық және биологиялық құндылығын;

- қалбырдағы өнімдерге қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптарды

Студент істей алуы тиіс:

- ет өнімдерінің түрлерін ажыратуды;

- олардың тағамдық және биологиялық құндылығын бағалауды;

- аурулар туындаған жағдайда алдын-алу шараларын белгілеуді;

- балықтың және қалбырдағы өнімдердің тамақтық және биологиялық құндылығын анықтауды;

- балық және қалбырдағы өнімдерді санитарлық-гигиеналық талаптар бойынша бағалауды.

IV. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Ет өнімдері қандай топтарға бөлінеді?

2. Олардың тамақтанудағы тағамдық және биологиялық құндылығы неде?

3. Ет өнімдері арқылы берілетін қандай ауруларды білесіз?

4. Ет өнімдері арқылы берілетін аурулардың алдын-алу үшін қандай шаралар

қолданылады?

5. Балықтың және қалбырдағы өнімдердің тамақтанудағы маңызы.

6. Балықтың химиялық құрамы мен тағамдық құндылығы.

7. Балық арқылы берілетін аурулар, алдын алу жолдары.

8. Балықты қалбырлаудың мақсаты неде?

V. Білім берудің және оқытудың әдістері: TBL (Team based learning)

VI. Әдебиет: негізгі және қосымша

Негізгі:

Қазақ тілінде:

1. Тель З.Т. « Нутрициология ». - Алматы: Эверо, 2012ж, 588 бет.

2. Сералиева М.Ш., Илакбаева У.С. « Тағам гигиенасы » Шымкент, 2009ж,

298 бет.

3. Терехин С.П. « Қәзіргі таңда нутрициологияның өзекті сұрақтары кесте және схема түрінде »: оқу-әдістемелік құрал. – Алматы: Эверо, 2012ж, 334 бет.

Орыс тілінде:

1. Королев А.А. « Гигиена питания »: учебник. -3-е изд.перераб. М., 2008ж, 528 бет.

2. Тель З.Т. « Нутрициология ». - Алматы: Эверо, 2012ж, 588 бет.

3. Ли М.В., Бужикеева А.Б., Ушанская Е.Ю. « Гигиена питания »: учебно-методическое пособие. - Алматы». Эверо, 2014 ж, 246 бет.

4. Терехин С.П. «Актуальные вопросы современной нутрициологии в таблицах и схемах »: учебное-методическое пособие. - Алматы: Эверо, 2012 ж,334 бет.

Қосымша:

Қазақ тілінде:

1. Шарманов Т.Ш. «Ас ішудің әліппесі»: монография. – Алматы: Қайнар, 1992ж.

2. Қазақстан Республикасы территориясында істейтін тағам гигиенасы бойынша санитариялық ережелер мен нормалар, Мемлекеттік санитарлы-эпидемиологиялық қызметінің нормативтік және құқықтық актілері, нормативті-әдістемелік құжаттар.

3. Қазақстан Республикасының 2016-2019 жылдарға арналған денсаулық сақтауды дамытудың « Денсаулық » мемлекеттік бағдарламасы.

Орыс тілінде:

1. Шарманов Т.Ш. « Йодный дефицит в Казахстане:состояние проблемы и пути ее решения » монография, Астана:Б, 2008 г, 54 бет.

2. Государственная программа развития здравоохранения Республики Казахстан «Денсаулық» на 2016-2019 годы.

3. Нормативные и правовые акты, нормативно-методические докумен­ты Государственной санитарно-эпидемиологической службы, санитарные правила и нормы по гигиене питания, действующие на территории Республики Казахстан.

Электронды ресурстар:

Қазақ тілінде:

1. Сералиева М.Ш. Тағам гигенасы: оқулық. –(6, 25 мб). – Шымкент: Б, 2009.-300 бет. эл.опт. диск. (CD ROM).

Орыс тілінде:

1. Гринкевич А.М., Лазарев Г.Ю. «Детское питание» - М: Равновесие, 2006 г, (CD-ROM).