Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
метод ПЗ ГП ОЗ КАЗ 3 КРЕДИТ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
176.08 Кб
Скачать

VII.Бақылау:

1. Сұрақтары :

1. Тамақ кәсіпорындарының аумағына қандай талаптар қойылады?

2. Сумен қамтамсыз етуге және кәріз жүйесіне қандай талаптар қойылады?

3. Микроклиматына, жылумен қамтамасыз етуіне қандай талаптар қойылады?

4. Желдетілуіне, жарықтануына және еңбек жағдайына қойылатын талаптарды атаңыз.

5. Технологиялық тәртібіне қандай талаптар қойылады?

6. Қызметкерлердің жеке бас гигиенасына, денсаулығына және қауіпсіздік

ережелердің сақталуына қандай талаптар қойылады?

7. Дезинсекциялық және дератизациялық шараларға қандай талаптар қойылады?

8. Санитарлық минимумға қандай талаптар қойылады ?

9. Тамақ кәсіпорындарын санитарлық-гигиеналық тексеруден бұрын

кәсіпорын туралы қандай мәліметтерді анықтап алу қажет?

10.Тамақ кәсіпорындарын санитарлық-гигиеналық тексерудің қандай кезеңдерін білесіз?

11. Тамақ кәсіпорындарының аумағына тексеру қалай жүргізіледі?

12. Тамақ кәсіпорындарының қажетті ғимараттар топтарының болуын тексеру

қалай жүргізіледі?

13. Жұмысшылардың медициналық құжаттамасын тексеру қалай жүргізіледі?

14. Тексеру барысында қандай құжаттар толтырылады?

15. Тексеру қорытындысын кім береді?

2. Тесттік бақылау:

1. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының ... ғимараты дайын тағамдар мен жартылай фабрикаттарды даярлау бойынша технологиялық процесті орындауға арналған.

  1. өндірістік

  2. сауда

  3. қойма

  4. әкімшілік

  5. тұрмыстық

2. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында жеміс цехын ... жақын орналастырады.

  1. тиеуші көтергішке

  2. салқын цехқа

  3. ыстық

  4. ет цехына

  5. балық цехына

3. Ет цехында бірінші кезекте міндетті түрде ескерілетін құрылғы:

  1. тоңазытқыш құрылғы

  2. жылу оқшаулағыш қалқа

  3. қысқатолқынды пеш

  4. дефростер

  5. еттартқыш

4. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында салқын цехты... цехқа жақын орналастыру қажет.

  1. дайын өнімдерді тарататын

  2. ыстық

  3. кондитерлік

  4. өндірістік

  5. балық

5. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында салқын цехты ыстық цехтан бөлуші құрылғы:

  1. жылу оқшаулағыш қалқа

  2. тоңазытқыш құрылғы

  3. шу оқшаулағыш қалқа

  4. терезе оқшаулағыш қалқа

  5. стеллаждар

6. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында ... цехы басқа цехтардан оқшауланып орналастырылады.

  1. кондитерлік

  2. ыстық

  3. ет

  4. жеміс

  5. балық

7. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында ... цехы қойма ғимараты мен ас бөлмесі арасында орналастырылады.

  1. дайындау

  2. жеміс

  3. салқын

  4. ет

  5. кондитерлік

8. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында ас үй ыдыстарын жуатын орын ... цехының жанында орналастырылады.

  1. ыстық

  2. салқын

  3. жеміс

  4. ет

  5. кондитерлік

9. Аса санитарлы-қауіпті ғимараттарда жұмыс аумағының беті мен ауаны залалсыздандыру үшін ... цехында бактерицидтік шамдар орнатылады.

  1. кондитерлік

  2. жеміс

  3. дайын өнімдерді тарататын

  4. ет

  5. ыстық

10. ...ғимараты қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында тұтынушыларға қызмет көрсету үшін қолданылады.

  1. Сауда

  2. Қойма

  3. Өндірістік

  4. Өндірістік емес

  5. Көмбе

11. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында асхана ыдыстарын жуу ... ванналарда жүргізіледі.

  1. үш секциялы

  2. екі секциялы

  3. төрт секциялы

  4. бес секциялы

  5. алты секциялы

12. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында шыны ыдыстарын жуу... ванналарда жүргізіледі.

  1. екі секциялы

  2. үш секциялы

  3. төрт секциялы

  4. бес секциялы

  5. алты секциялы

13. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында барлық асхана ыдыстары мен аспаптарын залалсыздандыру ... жүргізіледі.

  1. жұмыс күні соңында

  2. әр қолданған сайын

  3. түскі үзіліс кезінде

  4. ластануы бойынша

  5. жұмыс күні басында

14. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында ... ағындарын ажырату қажет.

  1. қызметкерлер және келушілер

  2. дайын және ылғал өнімдер

  3. тағам қалдықтары және лас ыдыстар

  4. дайын өнімдер және келушілер

  5. дайын өнімдер және таза ыдыстар

15. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында ... ағындарын ажырату қажет.

  1. дайын өнімдер және жартылай фабрикаттар

  2. дайын және ылғал өнімдер

  3. тағам қалдықтары және лас ыдыстар

  4. дайын өнімдер және келушілер

  5. дайын өнімдер және таза ыдыстар

16. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында ... ағындарын ажырату қажет.

  1. таза және лас ыдыстар

  2. дайын және ылғал өнімдер

  3. тағам қалдықтары және лас ыдыстар

  4. дайын өнімдер және келушілер

  5. дайын өнімдер және таза ыдыстар

17. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында терезе мен есіктен қоқысжинағышқа дейінгі ара қашықтық кем дегенде ... метр болуы керек.

  1. 20

  2. 5

  3. 10

  4. 15

  5. 25

18. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында санитарлық күн – бұл:

  1. айына 1 реттен кем емес құрылғылар мен инвентарьды жуу, толық жинау.

  2. қабырғалар, есіктер,терезелерді күнделікті жуу.

  3. ыстық ерітіндімен еденді күнделікті жуу.

  4. күнделікті ағымдағы жинау жұмыстары

  5. аптасына 1 рет залалсыздандырушы ерітіндімен қабырғалар, есіктер, терезелерді жуу.

19. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында санитарлық күн ... бір рет белгіленеді.

  1. айына

  2. аптасына

  3. маусымына

  4. күніне

  5. жылына

20. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында ғимараттарды негізгі жинау жұмыстары ... жүргізіледі:

  1. жұмыс күні соңында

  2. жұмысқа дейін

  3. аптасына бір рет

  4. күніне бір рет

  5. айына бір рет

10

I.Тақырыбы: Тамақтық уланулар және олардың алдын-алу(тамақтық токсикоинфекциялар) .

II.Мақсаты: Тамақтық токсикоинфекцияларды сипаттау. Тамақтық токсикоинфекцияларды зерттеу алгоритмін құрастыруды меңгеру.