Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
метод ПЗ ГП ОЗ КАЗ 3 КРЕДИТ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
176.08 Кб
Скачать

ҚРДСӘДМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК

Гигиена – 2 кафедрасы

044 -53-1 ( )

46 беттің 46-беті

«Тағам гигиенасы» пәні бойынша тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік кешен

Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік кешен

Пән : Тағам гигиенасы

Пән коды : TG 4201

Мамандық: 5B110200 - «Қоғамдық денсаулық сақтау»

Оқу сағатының көлемі (кредит): 135 сағат (3 кредит)

Оқытылатын курс пен семестр: ІV – курс, VII - семестр

Құрастырғандар: оқытушылар

М.М. Дүйсенбаева

М.О.Затыбекова

2016-2017 Оқу жылы

Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік кешен « Гигиена-2 » кафедрасында 5B110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы үшін «Тағам гигиенасы» пәні бойынша _________________ бекітілген жұмыс бағдарламасы негізінде құрастырылды.

Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік кешен «Гигиена-2» кафедрасы мәжілісінде талқыланып, бекітілді.

Хаттама № _________ «_________» ________________ 2016ж.

Кафедра меңгерушісі м.ғ.к., доцент м.а. _________________ Ескерова С.У.

1

I. Тақырыбы: Энергия шығындары мен тағамның энергиялық құндылығы. Энергетикалық баланс. Ақуыздар, майлар, көмірсулар, дәрумендер және минералды заттардың тамақтанудағы маңыздылығы.

II. Мақсаты: Ағзаның энергетикалық шығыны мен энергияның алмасуын, энергияның өлшем бірліктерін (калория, джоуль), энергетикалық балансты ақуыздар, майлар, көмірсулар, дәрумендер және минералды заттардың тағамдық құндылығын студенттерге үйретіп, түсінік беру.

III. Оқыту мақсаты:

Студент білуі тиіс:

- ағзадағы энергия шығыны мен энергия алмасуын;

- реттелетін және реттелмейтін энергия шығындарын;

- адам ағзасында ақуыздар, майлар, көмірсулар, дәрумендер және минералды заттардың маңызы;

- ақуыз жетіспеушілігінің нәтижесінде дамитын ауруларды,;

- майлардың(липоидтар) құрамын, май қышқылдарының рөлін;

- көмірсулардың, дәрумендердің және минералды заттардың жіктелуін және атқаратын қызметтерін;

- дәрумендер мен минералды заттардың жетіспеушілігі немесе шамадан артуы жағдайының нәтижесінде дамитын ауруларды;

Студент істей алуы тиіс:

- энергия шығынын бағалауды;

- тағамның сапалық құрамын және энергетикалық құндылығын бағалауды.

- адам ағзасынының ақуыздарға, майларға, көмірсуларға, дәрумендерге және минералды заттарға қажеттілігін бағалауды.

IV. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Ағзадағы энергетикалық шығынды атаңыз.

2. Реттелетін және реттелмейтін энергия шығындарын атаңыз.

3. Энергияның өлшем бірліктерін атаңыз(калория, джоуль).

4. Ақуыздардың, майлардың тағамдық және биологиялық құндылығы және олардың түрлері.

5. Көмірсулардың, дәрумендердің және минералды заттардың тағамдық және биологиялық құндылығы және олардың жіктелуі.

6. Тағамдағы ақуыздардың, майлардың, көмірсулардың, дәрумендердің және минералды заттардың негізгі көздері.

V. Білім берудің және оқытудың әдістері: SGL ( шағын топтармен жұмыс), тесттік бақылау.

VI. Әдебиет: негізгі және қосымша

Негізгі:

Қазақ тілінде:

1. Тель З.Т. « Нутрициология ». - Алматы: Эверо, 2012ж, 588 бет.

2. Сералиева М.Ш., Илакбаева У.С. « Тағам гигиенасы » Шымкент, 2009ж,

298 бет.

3. Терехин С.П. « Қәзіргі таңда нутрициологияның өзекті сұрақтары кесте және схема түрінде »: оқу-әдістемелік құрал. – Алматы: Эверо, 2012ж, 334 бет.

Орыс тілінде:

1. Королев А.А. « Гигиена питания »: учебник. -3-е изд.перераб. М., 2008ж, 528 бет.

2. Тель З.Т. « Нутрициология ». - Алматы: Эверо, 2012ж, 588 бет.

3. Ли М.В., Бужикеева А.Б., Ушанская Е.Ю. « Гигиена питания »: учебно-методическое пособие. - Алматы». Эверо, 2014 ж, 246 бет.

4. Терехин С.П. «Актуальные вопросы современной нутрициологии в таблицах и схемах »: учебное-методическое пособие. - Алматы: Эверо, 2012 ж,334 бет.

Қосымша:

Қазақ тілінде:

1. Шарманов Т.Ш. «Ас ішудің әліппесі»: монография. – Алматы: Қайнар, 1992ж.

2. Қазақстан Республикасы территориясында істейтін тағам гигиенасы бойынша санитариялық ережелер мен нормалар, Мемлекеттік санитарлы-эпидемиологиялық қызметінің нормативтік және құқықтық актілері, нормативті-әдістемелік құжаттар.

3. Қазақстан Республикасының 2016-2019 жылдарға арналған денсаулық сақтауды дамытудың « Денсаулық » мемлекеттік бағдарламасы.

Орыс тілінде:

1. Шарманов Т.Ш. « Йодный дефицит в Казахстане:состояние проблемы и пути ее решения » монография, Астана:Б, 2008 г, 54 бет.

2. Государственная программа развития здравоохранения Республики Казахстан «Денсаулық» на 2016-2019 годы.

3. Нормативные и правовые акты, нормативно-методические докумен­ты Государственной санитарно-эпидемиологической службы, санитарные правила и нормы по гигиене питания, действующие на территории Республики Казахстан.

Электронды ресурстар:

Қазақ тілінде:

1. Сералиева М.Ш. Тағам гигенасы: оқулық. –(6, 25 мб). – Шымкент: Б, 2009.-300 бет. эл.опт. диск. (CD ROM).

Орыс тілінде:

1. Гринкевич А.М., Лазарев Г.Ю. «Детское питание» - М: Равновесие, 2006 г, (CD-ROM).