- •Фонетика және оның ғылыми салалары
- •1.2. Дыбыс туралы түсінік. Артикуляциялық база. Тілдің дыбысталу мүшелері.
- •Әдебиеттер:
- •2.2 Түркітанушы орыс ғалымдарының еңбектері
- •2.3 Қазақ тілі фонетикасы мен фонологиясының зерттелуі
- •3.1 Дыбыс. Фонема. Фонология.
- •Әдебиеттер:
- •Дыбыс, фонема. Фонология.Фонемалардың жіктелуі. Дауысты фонемалар .
- •3.1. Дыбыс, фонема. Олардың арақатынасы. Фонеманың мәні, қызметі және аллофондар. Вариант пен вариация туралы. Әріп және әліпби.
- •3.2. Транцкрипция.Фонетикалық және фонематикалық транцкрипция.
- •3.2. Транцкрипция.Фонетикалық және фонематикалық транцкрипция.
- •Әдебиеттер:
- •Қазақ фонемаларының саны мен топтастырылу принциптері
- •4.1 Қазақ фонемаларының саны мен топтастырылу принциптері(жіктелуі).
- •Әдебиеттер:
- •Дауысты фонемалар (вокализм)
- •Дауыссыз фонемалар. Аффрикат дыбыстар.
- •6.1.Дауыссыз фонемалар (консонантизм). Дауыссыз фонемалар құрамы, олардың жасалу ерекшеліктері. Дауыссыз дыбыстар топтастырылуы. Дауыссыз дыбыстардың сөз ішінде қолданылуы. Аффрикат дыбыстар.
- •Әдебиеттер:
- •7.1 Буын (силлабизм). Буынға тән белгілер, оның дыбыстық құрамы, түрлері. Буын құрамының өзгеруі. Буын жігін ажырата білудің маңызы. Буын және тасымал.
- •7.1.Буын және оның дыбыстық құрамы
- •Әдебиеттер:
- •Екпін (акцентуация) және оның түрлері
- •8.1 Екпін (акцентуация) және оның түрлері. Қазақ тіліндегі екпіннің жайы туралы. Екпіннің сөз ішінде тұрақты, тұрақсыз қолданылатын түрлері.
- •8.1 Екпін (акцентуация) және оның түрлері
- •Әдебиеттер:
- •Дауыс ырғағы (интонация), оның бірліктері және қызметі
- •9.1 Дауыс ырғағы (интонация), оның бірліктері және қызметі
- •9.2 Бунақ–ритмикалық топ, ырғақ екпіні.
- •9.1 Дауыс ырғағы (интонация), оның бірліктері және қызметі
- •9.2 Бунақ–ритмикалық топ, ырғақ екпіні
- •Әдебиеттер:
- •Дыбыстар тіркесі
- •10.1 Дыбыстар тіркесі. Дыбыстардың сөз буыны ішінде, түбір, түбір мен қосымша, сөз бен сөз арасындағы тіркесуі туралы. Дауыссыз дыбыстар тіркесу ерекшеліктері. Дыбыстар тіркесі және орфография.
- •10.2 Алмасу туралы түсінік. Дыбыстар сәйкестігі .
- •10.1 Қазақ тіліндегі дыбыстар тіркесі туралы
- •Қатаң - ұяң тіркестер.
- •Қатаң – үнді тіркестер.
- •Үнді-үнді тіркестер
- •Әдебиеттер:
- •Дыбыс өзгерістері. Ықпал түрлері
- •Әдебиеттер:
- •12.1 Сөз басындағы дыбыстық құбылыстар
- •12.2 Сөз ортасындағы дыбыстық құбылыстар
- •12.3 Сөз соңындағы дыбыстық құбылыстар.
- •Әдебиеттер:
- •Сингармонизм заңы. Аккомадация. Ассимиляция.
- •13.1 Сингармонизм – фонологиялық категория
- •Әдебиеттер:
- •Ассимиляция– дауыссыз дыбыстардың өзара үйлесуі
- •14.1 Ассимиляция– дауыссыз дыбыстардың өзара үйлесуі. Дауыссыз дыбыстардың шеп түрленімі. Аккомадация және диссимиляция туралы түсінік
- •14.1 Ассимиляция– дауыссыз дыбыстардың өзара үйлесуі.
- •Әдебиеттер:
- •Графика, әріп және әліпби.
- •15.1 Қазақ тілінің орфоэпиясы туралы.
- •15.2 Графика, әріп және әліпби. Орфоэпия және орфография. Орфоэпия және сингармонизм. Орфоэпия және дыбыстар тіркесі. Орфография және оның принциптері. Қазақ орфографиясы мен орфоэпиясы туралы.
- •Әдебиеттер:
9.2 Бунақ–ритмикалық топ, ырғақ екпіні
Сөйлеу кезінде сөйлем құрамында бірнеше сөз өзара бір топ құрап, өзіндік ырғақ, екпінмен айтылады. Мұндай топты ритмикалық топтар (ырғақтық топ), деп атап жүр. Сөйлеу кезінде өзара бір деңгейлес, бір-біріне жуық, ұқсас, ұйқас айтылған сөздер бір ырғаққа бағынып, дыбыстар буын ішінде, буын сөз ішінде, бірнеше сөздер бунақ ішінде, бунақтар сөйлем ішінде өзіндік ырғағымен айтылады. Сөйлем ырғағы дұрыс болмаса, айтылған сөз өз мәнінде дыбысталмйды. Сондықтан айтылған ой түсінікті болуы үшін сөйлем құрамындағы жеке сөздер ғана емес, ырғақтық топтар да бір екпінмен айтылуы тиіс.Демек, сөйлем құрамындағы бір екпінмен айтылатын ырғақтық топтарды бунақ деп атаймыз. Бұл топты қазақ ұғымында бунақ деп айтамыз. Бунақ өзіндік екпіні мен ырғағы арқылы ерекшеленеді. Қазақ тілінде өлең құрылымын талдаған кезде әр шумақта бірнеше тармақ болады, әр тармақта бірнеше бунақ болуы мүмкін дейміз. Мысалы:
Өлең - // сөздің патшасы, // сөз сарасы.
Қиыннан // қиыстырар // ер данасы.
Тілге жеңіл, // жүрекке // жылы тиіп,
Теп-тегіс // жұмыс келсін // айналасы. (Абай).
Бір бунақтағы сөздер өзара үндесіп, үйлесіп, қатар келген дыбыстар ғана бір-біріне ықпал етіп тұрады. Егер бір-бірімен айтылым-жасалымы жағынан тіл табыса алмаған дыбыстар болса, олардың бірі, не екеуі де алмасады. Мысалы, ай қабақ (айғабақ), қара қыз (қарағыз), маған бер (мағамбер), сары ағаш (сарағаш), аман кел (амаңгел).
Қандай жағдайда да айтылған сөз, сөз тіркесі немесе сөйлем белгілі бір интонациямен айтылады. Сөйлемдегі сөздер белгілі бір ырғақты топқа бірігіп, бунақ арқылы бір леппен айтылады. Өлең мәтінінде ритмикалық ыңғайластыққа, рифмалық ұқсастыққа, яғни буын үйлесіміне құрылған сөз топтары өзара үйлесімді байланысқа түседі. Қазақ поэзиясында өлең ырғағының тірегі буын болып табылады. Ал ритмикалық топтарды қазақ поэзиясында “бунақ” деп атап жүрміз. Сондықтан әр өлеңдегі бунақтарды дұрыс айту арқылы өлеңнің мәнерлілігін, әсерлілігін арттыра түсеміз. Әр бунақ араларында дауыс кідірісі, яғни пауза болады. Демек, өлең шумақтарындағы әр тармақта қанша бунақ болса, өлеңді оқу барысында осы бунақтарды ескеріп, арасындағы паузаға тоқтап, мәнерлі оқуымыз қажет. Сондықтан шешендік сөздерді айтқанда оның интонациясын сақтап, бунақтарын біліп отырудың маңызы зор. Төменде біз өлеңмен берілген шешендік сөздің әр тармағындағы бунақтарды ажырата көрсетпекпіз:
Ағасы бардың, / жақсы болса, / жағасы бар, //
жаман болса, / інісіне жабар / жаласы бар.
Інісі бардың, / жақсы болса, / тынысы бар, //
жаман болса, ағасына берер / жұмысы бар.
Баласы бардың, / жақсы болса, / панасы бар,
жаман болса, / құдайдан берген / пәлесі бар.
Байдалы шешен айтыпты деген осы шешендік сөздің әр тармағында үш бунақ болса, әр бунақ 4-5 буыннан тұрады. Осы өлшем өлеңнің интонациясының белгілі бір жүйесі бар екендігін көрсетсе, оны оқыған кезде әр бунақты бір деммен айту қажеттігін де ескерген жөн. Демек, шешендік сөздерде буын мен бунақтар да сөздің мәнерлі, сазды, әр сөзі мәнді естілуіне қызмет етеді екен.
Сөйлеу кезінде бір бунақ құрап айтылатындар:
1. Біріккен сөздер: Қандағаш (Қанды ағаш), Ботагөз (Бота көз), Дошшан (Досжан), әлдегім (әлдекім).
2. Қос сөздер: қызғырқын (қыз-қырқын), көзбегөз (көзбе-көз), көрөгөре (көре-көре).
3. Күрделі сын есімдер: қарала (қара ала), ақпоз (ақ боз), көгала (көк ала).
4. Күрделі сан есімдер: омбес (он бес), тоқсамбес (тоқсан бес).
Бұдан басқа көптеген түрлі тіркес құрамындағы дыбыстар бір-біріне үйлесіп, бір екпінмен айтылатын сөз топтары (бунақтар) көп кездеседі. Әсіресе, тұрақты сөз тіркестері бір бунаққа еніп, бір ырғақты екпінмен айтылады. Мысалы, тас/бауыр/болды, тас/жүрек/екен; Демек, ырғақтық топтар белгілі бір фонетикалық заңдылықтар арқылы сөздерді баурап тұрады. Сондықтан ырғақтық топқа бастауыш пен баяндауыш, анықтауыш пен анықталатын сөз, толықтауыш пен баяндауыш сияқты т.б. жоғарыда айтылғандай, түрлі күрделі сөздер, сөз тіркестері енеді. Бірнеше ырғақтық топ синтагма құрайды. Синтагма-сөйлемдегі сөздердің (ырғақтық топтардың) мағыналық және интонациялық тұтастығына қарай жіктелген тобы. Синтагма жеке сөйлем түрінде, не құрмалас сөйлем ішіндегі жай сөйлем түрінде, ал өлең шумағында бір тармақ түрінде кездеседі. Айтылар ой айқын, түсінікті, көңілге қонымды, құлаққа жағымды айтылуы бунақ екпінінің дұрыстығына байланысты болады.
Тақырып бойынша сұрақтар.
1. Дауыс ырғағы (интонация), оның бірліктері және қызметі
2. Бунақ–ритмикалық топ, ырғақ екпіні
3. Сөйлеудің фонетикалық жақтан мүшеленуі; фраза (синтагма), бунақ, такт, интонация,
буын, екпін т.б. Силлабема термині туралы.
4. Интонологияның суперсегменттік бөлшектері. Синтагма және интонемалар.
5. Қазақ интонация мәселелері жөніндегі ғалым З.М. Базарбаева зерттеулері.
