Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1 Дәрістер билеттері Жылу алмасу негіздері және жылу алмастырғыштар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.82 Mб
Скачать
  1. 1

  2. 2 Жылыу алмасудағы жылу тасымалдағыштардың температураларының өзгеруі.

  3. Рекуперативті жылу алмастырғыштар

  4. Регенеративті жылу алмастырғыш

  5. Жылу алмастырғыш аппараттар құрылымы

  6. Көп жолды жылу алмастырғыштар

  7. Температуралық кернеулерді калыптастыратын жылу алмастырғыштар

  8. «Құбыр ішінде құбыр» типті жылу алмастырғыш:

  9. Пластиналы жылу алмастырғыштың жылу алмасу элементінің схемасы

  10. Пластиналы жылу алмастырғыштың жылу алмасу элементінің схемасы

  11. Бу және өнім арасындағы температуралардың орташа айырмасы

  12. Бу және қабырға арасындағы температуралар айырмасы

  13. Қабырға және өнім арасындағы температуралар айырмасы

  14. Бу жағынан қабырғаның температурасын анықтайтын формуланы көрсетіңіз

  15. Өнім жағынан қабырғаның температурасын анықтайтын формуланы көрсетіңіз

  16. Конденсат қабықшасының температурасын анықтайтын формуланы көрсетіңіз

  17. Өнімнің орташа температурасын анықтайтын формуланы көрсетіңіз

  18. Құбырлар ішіндегі судың ағыны үшін Рейнольдс санын R анықтайтын формуланы көрсетіңіз

  19. Құбыр ішіндегі өнім ағыны үшін Прандтль санын Р анықтайтын формуланы көрсетіңіз

  20. Турбулентік режим үшін Нуссельт критерийін Nu анықтайтын формуланы көрсетіңіз

  21. . Орталар арасындағы жылу өту коэффициентін k анықтайтын формуланы көрсетіңіз

  22. . Орталар арасындағы жылу өту коэффициентін k

  23. Буландыру процестін мақсаты

  24. Буландыру тәсілдері.

  25. Вакуумдағы буландыру процестерінің кемшіліктері

  26. Бір корпусты буландыру қондырғылары

  27. . Орталық циркуляциялық құбыры бар буландыру аппараты

  28. Термодинамика негіздері

  29. Меншiктi жылу сыйымдылығы.

  30. Iшкi энергия туралы түсiнiк. Термодинамикадағы жұмыс

  31. Жылу мөлшерi. Жылу балансының теңдеуi

  32. Буға айналудың меншiктi жылуы

  33. Балқудың меншiктi жылуы.

  34. Жылу балансының теңдеуi.

36Идеал газдың iшкi энергиясы. Термодинамиканың бiрiншi заңы

37 Бiр атомды газдың iшкi энергиясы.

38 Термодинамиканың бiрiншi заңын изопроцестерге қолдану

39 Жылулық процесстердiң қайтымдылығы.

40Тура және керi циклдар.

41 Жылу двигателi.

42Карно циклi

43 Термодинамиканың екiншi заңы.

44 Айналмалы процесс немесе цикл

45 Жылу двигателiнiң пайдалы әсер коэффициентi (ПӘК)

46 Карноның идеалды жылу машинасының ПӘК

47 Жылулық изоляция қабатының қалыңдығын есептеу

48 Материалдык жылу баланс.

49Дюринг ережесі

50Бабо ережесі

51Температуралық депрессия

52Үздіксіз әрекетті буландыру

53Ысытатын будың меншікті мөлшері

54Ысытатын будың мөлшері D, (кг/с):

55Жылу балансының теңдеуі

56Жылу балансы

57Материалдык жылу баланс.

Буландыру негіздері

Ұшпайтын заттар ерітінділерін қайнатып, еріткіштің кейбір бөлігін буға айналдыру арқылы ерітінділерді қоюландырып (концентрациясын жоғарлату ) процесі буландыру деп аталады.

Тамақ өндірісінде буландыру процесі коюланған сүт, томат шырынының, концентрациялған сорпа, қант, желім және өнімдерді өндіріп алу үшін кеңінен қолданылады.

Буландыру процестін мақсаты:

- жоғары концентрациядағы ерітіндіні алу;

- ерітінділердің тасымалдауын жеңілдету және арзандату;

- ерітінділердің сақтау мерзімдерін ұлғайту.

Тамақ өндірісінде көбінесе су ерітінділерін буландырады.

Буландыру процесін буландыру аппараттарында жүргізеді. Буландырғыш. аппараттарында ысытатын жылу тасымалдағыш - ретінде көбінесе су буы қолданылады. Мұндай буды ысытатын немесе біріншілік бу деп атайды. Ысытатын немесе біріншілік бу ретінде бу генераторларынан, бу турбиналарының аралығынан алынған немесе пайдаланылған буларды қолданады. Ерітінді қайнағанында пайда болатын буды екіншілік бу деп атайды.

Буландыру тәсілдері. Буландыру процесі вакуумда, атмосфералық немесе атмосфералық қысымнан жоғары (артыкша қысымда өткізіледі.

Вакуумда өткізілетін буландыру процесінің атмосфералық қысымдағыда қарағанда бірнеше артықшылықтары бар:

- процесті көп төмен температурада өткізуге, яғни аппаратты ысыту үшін төмен қысымды буды пайдалануға болады;

- жоғары температурада ыдырап кетуі мүмкін болаты» заттардың ерітінділерін қоюландыруға болады;

- ысытатын бу мен ерітіндінің қайнау температураларының айырмасы (пайдалы температуралардың айырмасы) үлкен болады яғни аппараттың өлшемі мен жылу алмасу (Ғ = Q/ktпай) беті азаяды.

- буландыру аппаратынан шыққан екіншілік буды ысытатын бу ретінде пайдалану мүмкіндігі туады.

Вакуумдағы буландыру процестерінің кемшіліктері: қосымша құрылғылар - конденсаторлар, тамшы ұстауыштар және вакуум сорғылар керек, яғни қондырғы қымбаттайды сонымен бірге шығын көбейеді.

Атмосфералық қысымдағы буландыруда екіншілік бу пайдаланбай атмосфераға шығарылады. Буландырудың бұл тәсілі өте карапайым бірақ экономикалық тиімсіз болып саналады.

Атмосфералық қысымнаң жоғары қысымда буландыру, ерітіндінің кайнау температурасын көбейтеді және пайда болған екіншілік буды кайтадан буландыру процесінде немесе басқа жылутехникалық мақсаттар үшін пайдалануға болады. Баска мақсаттар үшін ажыратылатын екіншілік будың бөлігін экстра бу деп атайды. Жоғары қысымда буландыру үшін жоғары температуралы ысытатын бу керек, сондықтан, бұл тәсілмен жоғары температураға шыдамды заттардың ерітінділерін қоюландырады.

Атмосфералық қысымдағы, ал кейбір кезде вакуумдағы буландыру процесі бір буландыру аппаратында /бір корпусты буландыру қондырғыларында/ өткізіледі. Бүл жағдайда ысытатын /біріншілік/ будың жылуы бір рет қана пайдаланып, ал екіншілік будын жылуы пайдаланбайды.

Тамақ өнеркәсібінде бірнеше аппараттан немесе корпустан кұрылған көп корпусты буландыру кондырғылары жиі кездеседі. Бұл қондырғыларда ысытатын бумен тек бірінші корпус қана ысытылады, ал кейінгі корпустарды ысыту үшін алдындағы аппараттардан /соңғысынан басқа/ шыққан екіншілік бу жылуы колданылады. Демек, көп корпусты буландыру қондырғыларындағы ысытатын будың мөлшері дәл сондай өнімді бір корпусты қондырғыға қарағанда едәуір аз болады.

Ысытатын буды жылу сорғысы бар бір корпусты буландыру қондырғыларында да үнемдеуге болады. Мұндай қондырғыларда аппараттан шыққан екіншілік бу, жылу сорғының /мысалы, жылу компрессордың/ жәрдемімем ысытатын будың температурасына сәйкес қысымға дейін сығылып, сосын аппаратқа кайтадан ысытатын бу орнына беріледі.

Тамақ өнеркәсібінде негізінен үздіксіз әрекетті буландыру қондырғылары қолданылады. Мерзімді әрекетті аппараттар аз өнімді Өндірісте және ерітінділерді жоғары концентрацияға дейін буландыруда қолданылады.

Қазіргі заманғы буландыру аппараттарының жылу алмасу бттері үлкен (кейбір кезде әр корпустың беті 200 м2 дейін), сондықтан. көп жылу мөлшерін талап етеді.