Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дарис 2015.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.86 Mб
Скачать

3 Қоректену режимі

Қазіргі кездегі көкөніс дақылдарының экологиялық типтері мен сұрыптары, жылда тыңайтқыш енгізілетін үй маңындағы телімдерде, бақшалық дақылдар жағдайында пайда болды және өсірілді. Сондықтан да бүкіл көкөніс дақылдары топырақтың құнарлығына жоғары талап қояды.

Көкөніс дақылдарының минералды қоректенуге қатысын сипаттайтын екі көрсеткішті ажыратады: өсімдіктердің топырақтан жекелеген қоректік элементтерді тұтынуы (шығаруы) және өсімдіктің топырақта қоректік заттардың бар-жоғына реакциясы. Топырақтың қоректік элементтерін молырақ түтынатындыгымен ерекшеленетіндер кеш пісетін орамжапырақ сұрыптары, азырақ шығындайтындар - шалғам және қияр.Әр дақылмен шығарылатын минералды қоректік элементтердің көлемі өнімге және өсірілетін жағдайына тәуелді.

8 - к е с г е . Көкөніс дақылдарының қоректік заттарды шығындауы,

100 ц өнімге, кг

Дақыл

Тауарлы және қосалқы бөлігі

Тауарлы бөлігі

Авторы

N

Р20.,

К,0

N

P2Os

К20

Орташа мерзімнен

кеш піснтін

орамжапырак

40

12

44

20

6

24

В.М.Назарюк

1

2

3

4

5

6

7

8

Ерте мерзімде пісетін орамжапырақ

46

13

68

-

-

-

З.И.Журбицкий, 1963+

Қызанақ

32

10

43

15

6

20

В.М.Назарюк

Қияр

30

10

33

16

5

19

В.М.Назарюк

Сәбіз

32

13

40

19

9

26

Б.Н.Алмазов, 1976+

Асханалық кызылша

40

16

65

-

-

-

Ю.И.Ермохин,

1977

Шалғам

50

14

54

-

-

-

З.И.Журбицкий, 1963+

Пияз-көшет

31

9

17

-

-

-

...//...

Басты пияз

45

12

20

-

-

-

...//...

Көк пияз

53

16

40

-

-

-

...//...

Ескертпе: жоғары өнімділікті қамтамасыз ететін жағдайларда шығындалған қоректік заттардың көрсеткіштеріне орташалаумен алынған деректер.

Өнім артқан сайын қоректік заттардың шығарылатын мөлшері де артады. Көкөніс дақылдары топырақтан ең көбірек калийді, сосын азотты және одан кейін фосфорды тұтынады. Өсімдік тіршілігінде маңызды рөлді, топырақта олардың тапшылығы азот, фосфор, калий элементтерімен салыстырғанда сирек болатын микроэлементте иеленеді.

Өсімдіктердің минералды қорекке талабы, олардың биологиялық ерекшеліктерімен анықталады. Тез пісетін дақылдар мен сұрыптар маусымында қоректік заттарды, өсу-даму кезеңі ұзақ өсімдікке немесе сұрыпқа қарағанда, азырақ сіңіреді. Бірақ олар, бір өлшем уақытта қоректік заттарды бірнеше есе көбірек сіңіретіндіктен минералды қорекке талабы күштірек келеді. Әртүрлі қоректік заттарды сіңіруі қабілеттілігі өсімдіктің жасына да байланысты. Өсімдіктер тіршілігінің бас кезінде әлсіз дамыған тамырға ие, сондықтан олар ересек өсімдіктерге қарағанда, қиын еритін қоректік заттарды сіңіру қабілеттіліктері төмен. Зат алмасудың әлсіздігінен, жас өсімдіктер топырақ ерітіндісінің жоғары концентрациясына, әсіресе, пияздың, сәбіздің өскіндері төзе алмайды. Сәбіз өскіні үшін топырақ ерітіндісінің концентрациясы, қызылша өскінімен салыстырғанда, 6 есе, ал орамжапырақ пен қызанақ өскіндеріне қарағанда, 3 есе кем бол­таны дұрыс. Көкөніс дақылдары, тіршілігінің алғашқы кезеңдерінде әлсіз өсінді массасымен ерекшелене отырып, азоттың артық мөлшерін қажет етпейді. Тіпті, мол азот, әсіресе, аммиак түріндегісі, көмірсуы аз жас өсімдіктерді уландыруы мүмкін. Бірақ оларды осы кезеңде, тамыр жүйесінің өсуіне және өсімдіктің одан әрі жақсы дамуына әсер ететін фосфорлы-калийлі тыңайтқыштармен мол мөлшерде қамтамасыз ету қажет. Егер өсімдіктің тіршілік айналымының басында маңызды рөлді фосфорлы тыңайтқыштар (осы кезенде фосфатпен жеткілікті түрде қамтамасыз етілгенге, ірі тұқымында фосфор жеткілікті, бұршақ тұқымдастар ғана ықылас қоймайды) атқарса, өсінді мүшелері қарқынды қалыптасқанда, гүлдеу және жеміс салған кезеңдерде жетекшілік рөл азотты және калийлы тыңайтқыштарға тиеді. Осы кезеңде азот жеткіліксіз болса, өсімдіктің өсуі, ал жемісті дақылдарда - гүлдеуі кідіреді. Осының бәрі өнімінің төмендеуіне және оның кешігіп алынуына әкеп соғады. Көкөніс дақылдары топырақтан қоректік заттарды бүкіл өсу-даму кезеңінде сіңіреді, бірақ бұл үдеріс қарқыны жеміс салу кезінде күшейе түседі. Сондықтан тыңайтқыштарды егіске дейін ғана енгізіп қоймай, өсу-даму кезеңінде үстеп қоректендірумен пайдалану керек. Көкөністерді өсірген кезде топырақтың қышқылдығын да ескерген жөн. Пияз, сарымсақ, ақсүттіген, қызылша, ботташық, балдыркөк, бұрыш және үрме бұршақ үшін ең қолайлы реакция рН 7,0-6,5; баялды, қияр, кауданды және түсті орамжапырақ, ақжелкек үшін - 6,5-6,0; сәбіз, асқабақ, қызанақ, ас бұршақ, рауғаш - 6,0-5,5; ал шалқан, шалғам және қымыздық рН 4,5-5,0 жеңіл шыдайды.Көкөніс дақылдары топырақтың сортаңдануынан бірдей әсер алмайды. Тұзға төзімділігі бойынша оларды үш топқа бөледі: тұзға төзімділер - жүгері, сәбіз, қияр, шалғам, сарымсақ, бұлар тұздану 0,1 -0,4% болғанда өнімді байқалатындай төмендетеді не­месе опат болады; тұзға орташа төзімділер - пияз, қызанақ, шомыр - топырақтың 0,4-0,6 % тұздануына шыдайды; тұзға жоғары төзімділер - қызылша, баялды, асқабақ, қарбыз, топырақтың 1 % тұздануын көтереді. Өсімдік үшін топырақта қолайлы қоректену жағдайы тыңайтқыш енгізумен және топырақты мұқият өңдеумен жүзеге асырылады. Көкөніс дақылдарының органикалық тыңайтқыштарға ық-ластылықтары да әртүрлі және оны бірдей пайдаланбайды. Сәбіз, қызылша, қызанақ көңнің кейінгі жылдардағы әсерінен жоғары өнім берсе, кеш пісетін орамжапырақ оның тікелей әсерін жақсы пайдаланады. Сәбіз, ақжелкен жаңадан көң шашқан жерде өсірілсе, алынған өнімнің тауарлығы төмендейді. Ерте және тез пісетін дақылдар жас қидан (көңнен) әлсіз әсер алады, ал шіріген көңді, немесе қорданы (компосты) енгізсе, өнімін айтарлықтай арттырады. Органикалық тыңайтқыштардың тапшылығын және енгізудің көп еңбекті қажет ететінін ескеріп, оларды алдымен қорғаулы жерде көшет, қияр, көпжылдықтарды және кеш пісетін орамжапырақты өсіргенде пайдалану керек. Көкөніс шаруашылығында, егіншілікпен салыстырғанда жиірек шымтезекті, қоқым-соқымды, көңді немесе нәжісті минерал­ды тыңайтқыштармен араластырып, қорда жасап пайдаланады. Нәжісті және қаланың қоқым-соқымын ұзақ уақыт қордалап барып пайдаға асырады. Органикалық және минералды тыңайтқыштардың тиімділігі екеуін бірге пайдаланғанда арта түседі. Қорғаулы жерде коректену режимінің өз ерекшелігі бар. Ол көкөніс дақылдарының тамыры жайылатын қабатының шамалы көлеміне байланысты. Сондықтан өсімдіктер мұнда топырақ құнарлылығына жоғары талап қояды. Қорғаулы жерде табиғи пайда болған топырақтың бірде-бір жеткілікті мөлшерде көкөніс дақылдарын қоректік элементтермен қамтамасыз ете алмайды. Екінші жағынан, бір уақытта минералды тыңайтқыштардың өте жоғары мөлшерін енгізу мүмкін емес және болмайды да, өсімдіктер үшін топырақ ерітіндісінің концентрациясы зиянды шекке жетпегені дұрыс. Қорғаулы жерде өсімдіктерді оңтайлы концентрациядағы қоректік заттармен қамтамасыз ету мақсатында топырақ пен өсімдік күйін жүйелі және мұқият түрде агрохимиялық бақылауға алу керек.

Қорғаулы жерде қажетті қоректік режимін жасау және сол деңгейде ұстау үшін көкөніс дақылдарын арнаулы топырақ қоспаларында; топырақсыз жасанды ерітінділерде (гидропоника немесе дақылды гидропон әдісімен өсіру) өсіреді; тыңайтқышты жиі тамырдан және тамырдан тыс үстеп қоректендіру үшін қолданады; топырақ қоспаларының орнына шымтезекті, сабанды, күріштің қауызын, ағаштың қабығын, ағаш үгіндісін, мақта тазалау зауыттарының қалдықтарын (жаңғақшалар), полистролдарды, төмен калориялы қоңыр көмірді пайдаланады, бұған қажет болғанда тыңайтқыштар қосады; оқтын-оқтын немесе жартылай топырағы ауыстырылады немесе өсімдіктің өсу-даму кезеңінде жаңадан топырақ қосады (үстелемелейді).

Дәріс 4