- •Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі м. Әуезов атындағы оңтүстік қазақстан мемлекеттік университеті
- •1.Ботаникалық жіктеу.
- •2.Өндірістік (шаруашылық) жіктеу
- •3.Тіршілігінің ұзақтығы бойынша жіктеу
- •2.Көкөніс дақылдарының өсу және даму ерекшеліктері.
- •Тақырыбы:Дақылдардың өсіп жетілу жағдайлары және оларды реттеу тәсілдері
- •2.Су режимі
- •3 Қоректену режимі
- •Тақырып: Дақылдардың көбеюі
- •1.Тұқымның көбеюі
- •2.Өсінді жолымен көбейту
- •1.Қызанақ өсімдігіне жалпы сипаттама.
- •2 Ботаникалық сипаттамасы және биологиялық ерекшеліктері
- •1.Қиярдың халық шаруашылығындағы маңызы.
- •2. Қиярдың морфологиялық-ботаникалық маңызы
- •Қиярдың гүлі
- •1.Баялдының морфологиялық-ботаникалық маңызы.
- •1.Жылыжайларды пайдалану және құрылысын салу.
- •2.Жылыжайлар жарық өткізгіш жамылғыларының түрлері|
- •1.Жылыжайды салуға телім тандау
- •1.Қиярды қысқы жылыжайларда өсіру.
- •2.Қиярды көктемдік пленкалы жылыжайларда өсіру
- •3.Қиярды булыжайларда өсіру
- •1.Қызанақты қысқы жылыжайда өсіру
- •1.Қызанақты көшетпен өсіру.
- •-Сурет. Қызанақ көшеттерін отырғызу: шымыр (сол жақта) және сорайған
- •2.Қызанақты көшетсіз өсіру
- •3.Жинау және сақтау
- •1.Ерте пісетін орамжапырақтың көшетін өсіру.
- •1.Бұрыштың морфологиялық-ботаникалық маңызы.
- •1.Көкпиязды жылыжайларда өсіру.
- •6.Ұсынылған әдебиттер тізімі:
2.Көкөніс дақылдарының өсу және даму ерекшеліктері.
Көкөніс дақылдарының өсуі, дамуы және өнімділігі өсімдіктің тұқымқуалаушылық ерекшеліктеріне және қоршаған орта жағдайына тәуелді.
Тұқымдық өсімдіктердің көпшілігінің онтогенезінде мынадай негізгі жас шақтарын: тұқымдық, өсінді (немесе жасөспірім кезеңі) және тұкым қалыптастыру (жыныс мүшелері қалыптасатын кезең) кезеңдерін белгілейді.
Осы кезеңдердің әрқайсысының шегінде өсімдіктің жекелеген мүшелерінің пайда болуымен байланысты сыртқы белгілерінің (морфологиялық) өзгерістерін білдіретін өсімдіктің өсуінің үш кезеңін ажыратады. Өсімдіктің әр тобының өсу кезеңдері бірдей болмайды.
Тұқымдық шақта тұқымның зат алмасуы аналық өсімдікпен байланысты эмбрионалды кезеңді, жетілген тұқымның әрекетсіз күйге ауысатын – тыныштық кезеңін және тұқымның қоректік заттарын пайдаланып, бөртіп, ұрық өсетін – тұкымның өну кезеңін белгілейді.
Өсінді шақта өсінді мүшелер – тамырлар, жапырақтар, сабақтар қалыптасады. Мұнда үш: көшеттік, азық қорын жинау және тыныштық кезең ажыратылады. Бір жылдық жемістік көкөніс дақылдарында (алқалар, бұршақтар және асқабақтар тұқымдасы) тек бір көшеттік, ал басқа біржылдықтарда (шпинат, ақ сүттіген, шалғам), тағы – азық қорын жинау кезеңі болады. Екіжылдықтарға (тамыржемістілер, орамжапырақ, пияз) және барлық көпжылдықтарға, тағы үшінші – тыныштық кезең тән. Тыныштық кезеңінде өсу үдерісі, зат алмасуы, транспирация жәнс тыныс алу өте баяулайды.
Өсу мен дамудың тұқым қалыптастыру шағы төрт – бүршіктену, гүлдену, жеміс салу және қартаю кезеңдерінен тұрады. Бүршіктену кезеңінде гүлсидамы және гүл шоғыры қалыптасады, гүлдену кезеңі тозаң мен аналық жасушасының пісіп-жетілуімен сипатталады. Қартаю – цитоплазма коллоидтарының (гель жиналады) тұтқырлығының артуымен, оның өткізгіштігінің төмендеуімен сипатталынады. Қоректік заттардың келіп түсуінің қиындауының нәтижесінде өсімдіктің бүкіл мүшесі бірте-бірте сола береді.
Өсімдіктің ойдағыдай өсіу мен дамуы үшін жылу, су жарық, қоректік элементтер қажет. Қоршаған ортаның кез келген себепшарты (факторы) өсімдіктің өсуін және дамуын жеделдетуі немесе тежеуі мүмкін. Сондықтан өсімдіктің өсуін және дамуын кез келген себепшарттың біреуінің әсерімен түсіндіруге болмайды. Өсімдіктің әр түрі үшін өздерінің, шектен тыс ауытқи өсуі мен дамуы тоқырамайтын ең төменгі (минималды) және ең жоғарғы (максималды) температурасы, сондай-ақ, осы үдерістер ең жоғары қарқынмен өтетін оңтайлы (оптималды) температурасы болады.
Су жетпегенде жасушаның өсуі баяулайды немесе біржола тоқтайды, олар ұсақ болып қалыптасады; фотосинтез күрт басылады, нәтижесінде өнім төмендейді. Ойдағыдай өсу және даму үшін жарықтанудың және жарықтың құрамының мәні өте зор. Қараңғыда әлсіз дамыған механикалық және өткізгіш ұлпалары мен тамырлары бар, түссізденген (этиолданған) өсімдіктер қалыптасады. Жарық құрамында көк-көгілдір сәулелер басым болса, онда жапырақтары мен тамырлары жақсы дамыған, сабағы қысқа өсімдік қалыптасады. Өсімдіктің өсуі және дамуы үшін қажет жағдай – бұл оларды қоректік заттармен қамтамасыз ету. Өсімдіктің өсуі мен дамуына қоршаған орта жағдайының әсері әртүрлі болуы мүмкін. Мәселен, үздіксіз жарықтандырғанда өсімдіктердің барлығы да тезірек өседі (құрғақ зат жинақтайды), мұндайда тек ұзақкүнділіктер ғана тез дамиды. Қысқакүнділіктер мұндай жағдайда өзінің дамуын белгісіз ұзақ уақытқа тежейді. Өсімдіктің құрамы, соған байланысты, өнім құрылымы онтогенезде өсу мен даму үдерістерінің өзара әрекетінің нәтижесінде қалыптасады. Ауыл шаруашылығы үшін фотосинтез үдерісі мен тамыр арқылы қоректенуде пайда болатын органикалық заттың, негізінен шаруашылыққа бағалы өнімді қалыптастыруға жұмсалғаны маңызды. Агротехникалық шаралар жүйесі осыны ескеріп құрастырылады. Айталық, өсімдік өсінді бөліктер (тамыр жемісі, жапырағы) үшін өсіріледі. Онда агротехника жүйесі өсімдіктің өсуін жан-жақты жеделдетуге, ал дамуын тежеуге бағытталады. Егер де өсімдік тұқымы мен жемісі үшін өсірілсе, онда агротехника жүйесі орынды шекке дейін өсіндік массасының өсуін шектеп, бір қалыпты дамуын және жеміс салатын мүшесінің жақсы қалыптасуын қамтамасыз етуге бағытталады. Өсімдіктің өсуі мен дамуына ойдағыдай әсер ететін көптеген тәсілдер бар. Көкөніс дақылдарының өсуі мен дамуын басқару агротехникалық әдістерімен: дақылмен, көктетумен, өсіріп жетілдірумен іске асырылады. Бұған шартты түрде пісіп жетілдіру мен сақтауда жатқызуға болады. Өсімдіктің өсуі мен дамуына жасушаларда және ұлпаларда пайда болатын табиғи үдеткіштер: ауксиндер, гиббереллиндер, дәрумендер, сондай-ақ, жасанды үдеткіштер, өсуді тежегіштер (ингибаторлар) әсер етеді.
Дәріс № 3
