Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дарис 2015.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.86 Mб
Скачать

2 Ботаникалық сипаттамасы және биологиялық ерекшеліктері

Қызанақ тіршілігі. Қызанақ-көп жылдық шөптектес өсімдік.Біздің елдегі құбылмалы ауа-райына қарай бір жылдық дақыл.Өсіп-өну дәуірінде әрбір жапырақтардың қойнында жанама жас сабақ бұталары қалыптасады,бұлар өсіп-жетіліп,ылғалды топыраққа иіліп жабысадыда,жаңадан тамырланып көп сабақты жанама бұталарымен ұзарып өсе береді.Одан әрі өркен жаюы үшін тіреуіштерді немесе шпалерді қажет етеді.орташа,кеш пісетінсорттары ұзақ мезгіл өсіп жетіледі.егер салқындық болмаған жағдайларда жапырақтары мен сабақтарында қолға жұққыш жабысқақ шырын бөлетін түктері болады.және бұлар ылғалды артық буландырудан қорғайды.

Тұқымдары көктеп шыққаннан соң,немесе көшеттері отырғызылып өскеннен кейін сабағында 6-11 жапырақтары пайда болады да,гүлдей бастайды.Сабақ бұтақшаларының өсуі ұшар басында шоқ гүлдерінің құрылуымен тоқталатын нағыз бұталы түрлері бар.Бұталы түрлерінің сабақтары айтарлықтай берік болғанымен,жемістері үлкейіп салмақтанғанда майысып,топыраққа дейін жеткізеді.Сабақтары көп бұтақтанып,жанама бүйірлік өскіндері қалыптасады.Ерте пісетн сорттары 6-8 жапырақтан кейін гүлдейді,осы гүлшоғырларынан кейін ортаңғы сабақ өсуін тоқтатып,негізгі өсу жанама бұтақтарына ауысады.

Ерте пісетін сорттардың жанама сабақтарының ұзындығы -60-80 см кеш пісетіндерінің 150-200см дейін жетеді.Ерте пісетіндердің жанама сабақтарында 1-2 жапырақтан кейін гүлшоғырлары мен жемістері қалыптасады,ал кеш пісетіндерінде 3-4 жапырақтан кейін гүлшоғырланады және жемістенеді.

Гүлдері қос жынысты,сары түсті,ұсақ шашақ,гүл шоғына шоқшабас шоғырланған.Қызанақ-өздігінен тозаңданатын дақыл,бірақ ыстық,құрғақ ауа райында желмен араның көмегімен тозаңданады.Гүлдерінің шоғырлары 3 түрге бөлінеді:Әдеттегідей-гүлдерімен болашақ жемістері кезектесіп бір сабаққа орналасады.(1-түрі)егер гүлдерімен жемістері бір бүтақ сабағында бірнешерет бұтақтанып орналасса-күрделі түрі(3-түрі).Сабағында бір түрімен үшінші түрінің орналасуы қайталанатын болса –оны аралық жемістерінің орналасуы дейді. Гүлдену түрлері әрбір сорттың өзіне тән ерекшеліктеріне және өсіріп өндіру жағдайларына бағынышты.

Гүл шоғырлар құрылымы жағынан –жинаңқы және шашыраңқы болып келеді.Бұндай болуы гүлдер сабағының ұзындығына,орналасу жиілігіне және гүлдер сабағының ұзынды қысқалылығына қарай белгіленеді. Гүлдері жемістерінің саны жағынан аз (7-9)және көп (10-20)оданда көп жемісті болып ажыратылады. Гүлденгеннен кейін жемістерінің даму кезеңі 2мерзімге созылады. Өсіп -өнуі ауа райының жағдайларына қарай кішкене жемістері-27-32 тәулік бойы өсіп толыса береді. Бұл кезендерде 12-15 тәулікте піседі осы жағдайда жасыл көк түстерінен –ақшыл, боз, қоңырқай сары болып қызара бастайды, бұл пісу түстері.Ол әрбір сорттың ерекшеліктеріне байланысты болады.

Піскен жемістері әртүрлі пішінді –домалақ, дөңгелек, жалпақ, алмұрт, өрік тәрізді болып келеді.

Жемістерінің орташа салмағы 80 грамға дейін,кішкене,150 грамға дейінгілері орташа,150грамнан асқандары үлкен болады.Жемістеріндегі үялардың саны-жеміс жапырақтарының қосындысына да тең болады,Ал тұқымдық ұялар-3-тен 20-ға дейін және онан да көп болуы мүмкін.Ұялардың орналасуы бір бағытқа бөлінген.Ұялары аз сорттардың жемістерінде тұқымдары көп,ал көп ұялы сорттардың жемістерінде тұқымдар аз болады.Жемістерінің дәмділігі ,тәттілігі жағынан аз тұқымдылары артық.

Жемістерінің қабықшалары неғұрлым жұқа болса,Соғырлұс тәтті,әрі дәмді болады.Жұқа қабықшалы жемістер тасымалдауға және сақтауға төзімсіз.Қалың қабықты,тығыз жемістер онша дәмді емес,тәттілігі жағынан жұқа қабықтыларға қарағанда әлдеқайда төмен.Бірақ,қалың қабықтылар тасымалдауға,сақтауға төзімді келеді.

Қызанақ көп сабақтанып,жанама бұтақтанып өсіп-өнетін дақыл.Сондықтанда жемісті де өте көп береді.Тез дамитын тамыр жүйелері өте сезімтал,тұқымдары егілгеннен кейін бірінші болып тамырлары пайда болады.содан кейін ғана тұқымдардың жарнағынық жапырақшалары көктеп шығады,ал осы орында өсетін болса тамыр жүйелері топырақтың 150 см терең қабатына дейін,ал жан-жағына 80-90 см топырақ қабатына , 60-70см жан-жағына ене алады.Сондықтан көшеттерімен отырғызылған егістікке ең кем дегенде жұмасына бір рет 25-30см тереңдікке жеткенше су жіберу қажет. Осы әр түптен 2 кг-нан 10кг дейін сапалы өнімдерін алуға болады.

Бақылау сұрақтары:

  1. Қызанақ тіршілігі.

  2. Қазақстанда ерте пісетін сорттары

Дәріс № 6

Тақырыбы: Қияр-Cucumis sativus

Жоспар:

1.Қиярдың халық шаруашылығындағы маңызы.

2.Қиярдың морфологиялық-ботаникалық маңызы.

3.Қиярдың тұқым шаруашылығы