- •Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі м. Әуезов атындағы оңтүстік қазақстан мемлекеттік университеті
- •1.Ботаникалық жіктеу.
- •2.Өндірістік (шаруашылық) жіктеу
- •3.Тіршілігінің ұзақтығы бойынша жіктеу
- •2.Көкөніс дақылдарының өсу және даму ерекшеліктері.
- •Тақырыбы:Дақылдардың өсіп жетілу жағдайлары және оларды реттеу тәсілдері
- •2.Су режимі
- •3 Қоректену режимі
- •Тақырып: Дақылдардың көбеюі
- •1.Тұқымның көбеюі
- •2.Өсінді жолымен көбейту
- •1.Қызанақ өсімдігіне жалпы сипаттама.
- •2 Ботаникалық сипаттамасы және биологиялық ерекшеліктері
- •1.Қиярдың халық шаруашылығындағы маңызы.
- •2. Қиярдың морфологиялық-ботаникалық маңызы
- •Қиярдың гүлі
- •1.Баялдының морфологиялық-ботаникалық маңызы.
- •1.Жылыжайларды пайдалану және құрылысын салу.
- •2.Жылыжайлар жарық өткізгіш жамылғыларының түрлері|
- •1.Жылыжайды салуға телім тандау
- •1.Қиярды қысқы жылыжайларда өсіру.
- •2.Қиярды көктемдік пленкалы жылыжайларда өсіру
- •3.Қиярды булыжайларда өсіру
- •1.Қызанақты қысқы жылыжайда өсіру
- •1.Қызанақты көшетпен өсіру.
- •-Сурет. Қызанақ көшеттерін отырғызу: шымыр (сол жақта) және сорайған
- •2.Қызанақты көшетсіз өсіру
- •3.Жинау және сақтау
- •1.Ерте пісетін орамжапырақтың көшетін өсіру.
- •1.Бұрыштың морфологиялық-ботаникалық маңызы.
- •1.Көкпиязды жылыжайларда өсіру.
- •6.Ұсынылған әдебиттер тізімі:
1.Ерте пісетін орамжапырақтың көшетін өсіру.
Ерте пісетін орамжапырақтың тұқымын жылы булыжайларға 15-20 наурызда сепкенде грунтқа отырғызарда көшеттің жақсы дамыған 4-5 жапырағы және жасы 45-50 тәуліктік болсын деген есеппен жүргізеді.
Тұқымды сеуіп болғаннан кейін булыжайлардың кәсектерін жабады, оның үстіне бойра жауып, температурасын 18-20°С-ға жеткізеді. Алғашқы өскіндер пайда болғанда бойраларды алады, температураны 6-8°С төмендетеді және 4-5 тәулік барлық тұқымдар өскін бергенше осы деңгейде үстайды. Одан әрі температураны шуақты күні 16-18°С, бұлтты күндері 12-14°С үстайды, түнде 10°С-ға дейін төмендетеді.
Салқын және желді күндері булыжайларды суытып және көшеттерді тоңазытып алмас үшін, көлемі 180x120x100 см жеңіл қаңқалы, жарық өткізгіш пленкамен жабылған күрке қолданыла-ды. Көшеттерді сирек, бірақ көл-көсір етіп суландырады. Дұрысы таңертең шуақты күнде сәл жылытылған сумен суарып, көшет-терді буландырып алмау үшін булыжайды іле желдету.
Көшетті үш рет үстеп қоректендіреді. Бірінші рет үстеп қорек-тендіруді - кәдімгі екі жапырақ пайда болғанда. Бір шелек суға -20 г аммиак селитрасы, 35 г суперфосфат және 10 г хлорлы ка-лий. Осы ерітіндіні бір кәсекке жұмсайды. Осыдан кейін көшетті таза сумен суландырады. Екінші коректендіруді біріншіден бір апта өткен соң (30 г аммиак селитрасын, 80 г суперфосфатты, 25 г хлорлы калийді бір шелек суға), үшіншісін — (тыңайтқыш-тардың осындай мөлшерімен) көшеттерді топыраққа отырғызардан 2-3 тәулік бұрын жүргізеді.
Ашық жерге отырғызар алдында көшет шынығуы керек. Жақсы шыныққан көшет -6°С-ға дейінгі аязға шыдайды. Шынықтыруды көшеттерді іріктеуге 10-12 тәулік қалғанда бастайды. Ол үшін булыжайлардың кәсектерін алғашқыда бір күнге, сосын, егер түнде үсік болмайтыны белгілі болса, онда түнде де ашық қалдырады. Көшіріп отырғызардың алдындағы 3-4 тәулікте көшеттерді жаппайды.
Көшетті көшіріп отырғызардың алдындағы күні көл-көсір етіп суарады, суаруды өсімдікті іріктер алдында 2-3 сағат бұрын қайталайды. Көшеттердің тамырына зиян келтірмес үшін, оларды топырақ кесегімен алуға тырысады.
2.Орташа мерзімде пісетін орамжапырақ көшетін өсіру. Орташа мерзімде пісетін орамжапырақтың көшеттерін кеш және күн сәулесімен жылынатын булыжайларда, сондай-ақ салқын жүйектерде өсіреді.
Кеш булыжайларға қалыңдығын 15-20 см етіп ыстық қи төгіп, үстіне 10-12 см қалыңдықпен булыжай (қарашіріндімен топырақ қоспасы) топырағын салады. Себуді 20-25 сәуірде жүргізеді. Бір кәсек астына 6-8 г тұқым себеді. Өсімдіктерді 6x4 см қоректік алаңымен орналастырады және көшіріп отырғызбай өсіреді. Бір кәсектен 650-ге жуық көшет алынады. Топыраққа 4-5 жапырағы бар, жасы 35-40 тәуліктік көшетті отырғызады.
3.Қызанақ пен қияр көшетін өсіру. Тұқымды 10-20 сәуірде себеді. Оларды алдын ала іріктеу үшін ас тұзының 5% ерітіндісіне салады, дәрілейді. Тұқымды төмендегі дәрумендердің біреуімен өңдеу өнімділікті көтереді (мг/л): бромдық калий ерітіндісі - 200, сондай-ақ микротыңайтқыштардың әлсіз ерітінділерінде (орамжа-пырақтың тұқымдары сияқты).
Көшіріп отырғызусыз 40-45 тәуліктік көшет өсіргенде бір кәсекке 3-4 г себеді, сіңіру тереңдігі 2-2,5 см. Қатараралықтары - 6 см. Сеуіп болғаннан кейін топырақты таптағыш - тақтаймен сәл ғана тығыздайды, суландырады (бір кәсекке бір шелек жылытылған су) және булыжайларды кәсектермен және бойралар-мен жабады. Булыжайды екі тәулікте бір рет желдетеді. Темпера-тура - 20-25°С жылылықта болады.
Алғашқы өскіндер (әдетте, 4-5 тәулікте) пайда болысымен бойраларды жинап алады, температураны 8-10°С-қа дейін төмен-детеді және өскіндер толығымен пайда болғанша осы деңгейде 3-4 тәулік ұстайды. Өскіндер толығымен пайда болғаннан кейін булыжайларда температура шуақ күндері 18-20°С, бұлыңғыр күндері - 14-16°С, ал түнде - 8-10°С болуға тиіс. Кәдімгі жапы-рағы пайда болғаннан кейін өсімдікті бірінен-бірін 5-6 см қашықтыққа сиретеді. Бір кәсектен 400-450 дана көшет алады.
Көшеттерді әр кәсекке 2-4 шелектен су шығындап, 3-4 тәулікте бір рет суарады. Көшет қуатты болуы үшін оны үстеп: бірінші рет өскіндер жаппай пайда болғаннан 6 тәулік өткеннен кейін, екіншісін-көшіріп отырғызғаннан 5-7 тәулік өткеннен соң және үшіншісін, көшетті іріктеуден 2-3 тәулік бүрын қоректендіреді. Бірінші және екінші қоректендіру үшін бір шелек суға 18 г амми-ак селитрасы, 50 г суперфосфатты, 12 г хлорлы калийді, үшіншіге - 30 г аммиак селитрасы, 80 г суперфосфатты және 30 г хлорлы калийді алады.
Қиярдың көшеттерін өсіру. Қиярдан ерте өнім алу үшін көшеттерін қоректік кубиктарда немесе қүмыраларда өсіреді, қүмырасыз көшеттер көшіріп отырғызғанды нашар көтереді.
Өне бастаған тұқымдарды екі-екіден кубиктерге отырғызады. Көлемі 6x6x6 см болса, олардың әр қайсысында бір-бірден, ал көлемі 8x8x8 см болса, екі-екіден өсімдік қалдырады. Өскін пайда болғанша булыжайлардың температурасын 23-27°С деңгейінде ұстайды. Өскіндер сорайып кетпеуі үшін 4-5 тәулікте температураны күндіз 19-22°С, түнде 13-15°С-қа дейін төмендетеді.
Көшеттерді жылы сумен (22-25°С) суландырады, себебі суық су өсімдіктерді тамыр мойны шірігіне шалдықтырады. Булыжайларды күндіз орташа желдетеді. Ауа ылғалдылығы 85-90 % болуы керек.
Көшеттерді екі рет үстеп қоректендіреді. Бірінші рет өскіндер пайда болғаннан 5-6 тәуліктен соң (бір шелек суға 10 г аммиак селитрасы, 30 г суферфосфат және 10 г хлорлы калий), екінші рет - біріншіден 10-12 тәулік өткен соң (20 г аммиак селитрасы, 40 г суферфосфат және 15 г хлорлы калий, ферфосфат және 103 оң (орлы калий), екінші рет - біріншіден г аммиак селитрасы, 3 бір шелек суға) қоректендіреді. Бір кәсекке бір шелек ерітінді жұмсалады. Минеральды тыңайтқыштардың орнына мал қиын (1:6) немесе құс саңғырығын (1:15) қолдану өте тиімді.
4.Бұрыш пен баялдының көшеттерін өсіру. Бұрыш пен баялдының көшеттерін ашық жерге қызанақтан кейін отырғызады. Тұқымды булыжайларға 5-10 сәуірде себеді. Алдын ала оларды дәрілейді және ауыспалы температурамен 12 тәулік бойы тәуліктің 8 сағатында 20-25°С жылылықта және 16 сағатында +1°С шынықтырады. Бір кәсекке себілетін тұқым: бұрыштікі -30 г, баялдынікі - 20 г. Егер көшіріп отырғызбай өсірсе, онда: 6-7 г бұрыш және 4-5 г баялды тұқымы себіледі. Температура 20-25°С болғанда, бұрыш тұқымы 7-8, ал баялды 10-12 тәулікте өне бастайды.
Екпе көшеттерді алғашқы кәдімгі жапырақ пайда болғанда қоректік алаңы: бұрыш үшін — 5x3 см, баялды үшін 6x4 см етіп көшіріп отырғызады. Бұл дақылдардың көшеттерін күтіп-баптау қызанақ тікіне ұқсас.
Бақылау сұрақтары:
Көшетті неше рет үстеп қоректендіреді.
Тұқымды қай айда себеді.
Бұрыш тұқымы температура неше градус болғанда өне бастайды.
Дәріс № 14
Тақырыбы:Бұрышты өсіру технологиясы
Жоспар:
1.Бұрыштың морфологиялық-ботаникалық маңызы.
2.Бұрыштың агротехникасы.
3.Бұрышты қорғаулы жерде өсіру.
4.Бұрыштың тұқым шаруашылығы.
