- •Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі м. Әуезов атындағы оңтүстік қазақстан мемлекеттік университеті
- •1.Ботаникалық жіктеу.
- •2.Өндірістік (шаруашылық) жіктеу
- •3.Тіршілігінің ұзақтығы бойынша жіктеу
- •2.Көкөніс дақылдарының өсу және даму ерекшеліктері.
- •Тақырыбы:Дақылдардың өсіп жетілу жағдайлары және оларды реттеу тәсілдері
- •2.Су режимі
- •3 Қоректену режимі
- •Тақырып: Дақылдардың көбеюі
- •1.Тұқымның көбеюі
- •2.Өсінді жолымен көбейту
- •1.Қызанақ өсімдігіне жалпы сипаттама.
- •2 Ботаникалық сипаттамасы және биологиялық ерекшеліктері
- •1.Қиярдың халық шаруашылығындағы маңызы.
- •2. Қиярдың морфологиялық-ботаникалық маңызы
- •Қиярдың гүлі
- •1.Баялдының морфологиялық-ботаникалық маңызы.
- •1.Жылыжайларды пайдалану және құрылысын салу.
- •2.Жылыжайлар жарық өткізгіш жамылғыларының түрлері|
- •1.Жылыжайды салуға телім тандау
- •1.Қиярды қысқы жылыжайларда өсіру.
- •2.Қиярды көктемдік пленкалы жылыжайларда өсіру
- •3.Қиярды булыжайларда өсіру
- •1.Қызанақты қысқы жылыжайда өсіру
- •1.Қызанақты көшетпен өсіру.
- •-Сурет. Қызанақ көшеттерін отырғызу: шымыр (сол жақта) және сорайған
- •2.Қызанақты көшетсіз өсіру
- •3.Жинау және сақтау
- •1.Ерте пісетін орамжапырақтың көшетін өсіру.
- •1.Бұрыштың морфологиялық-ботаникалық маңызы.
- •1.Көкпиязды жылыжайларда өсіру.
- •6.Ұсынылған әдебиттер тізімі:
1.Көкпиязды жылыжайларда өсіру.
Жылыжайда басты пиязды көкпиязға өсіру көкөніс шаруашылығында маңызды орын ала-ды. Бұл мақсат үшін диаметрі 2-4 см іріктеме пияз қолданылады. Көктету үшін ең дұрысы - көп үрықты сұрыптарды қолдану. Көктеуді жеделдету үшін, отырғызар алдында бадананы дайын-дайды. Мүндай дайындаудың бірнеше тәсілі бар.
1. Баданаларды жылы жерге (айталық, жылыжай сенегінде) үйіп, жылы сумен суландарады (40-45°С), сабан бойралармен жа-уып, 5-7 тәулік үстайды. Үйіндіде баданаларды ағаш үгіндісімен қабаттастырған жөн.
2. Баданаларды 35-40°С суда 12-15 сағат үстап, сосын бір тәу-ліктен асырмай отырғызады.
3. Бадананың мойнының жоғарғы бөлігін тілу-дайындаудың өте тиімді тәсілі. Тілінген баданалардың жапырақтары тез өсіп шығады.
4. Отырғызуға жарамды, бірақ басым бөлігі ауруға шалдық-қан болса, құрғақ қыздыруды қолданады. 5-7 тәулік бойы ауаның 80-90 % салыстырмалы ылғалдылығында 30°С қыздырады.
Қазақстанның солтүстік жағдайларында жылыжайда көкпияз-ды батунның тамырсабағынан көктеткен тиімді. Бұл, басты пияз-дан алынатын көкпиязбен салыстырғанда, батунның көкпиязы-ның өзіндік құнын 3 есе кемітуге мүмкіндік береді. Батунды көктету мерзімі 10-11 тәулікке қысқарады, ол біршама төмен темпера-турада өседі, батунды отырғызу, әр шаршы метрден қымбат тұра-тын 8-10 кг іріктелген басты пиязды үнемдейді, әрі батунның 5-6 кг өнімі артық болады.
Батунның тамыр сабағын 3 жылдық егістігінен жазық тілгіш-пен, 14-16 см тереңдікке қопсытып алады. Оларды көкөніс қой-масында құммен араластырып сақтайды. Қопсытқан кезде қыр-тыстарды жәшікке салып, оларды жылыжайдың іргесіне қалап жинайды, сосын керегінше жылыжайға енгізеді. Көктету үшін жылыжайда, негізгі дақылды өсіруге дайындалған топырақты пайдаланады, оның қабаты 12-15 см. 1 м2-ге 20 г аммиак селитрасын, 25 г суперфосфатты, 15 г калий тұзын енгізеді. Пиязды көпір сұлбасымен отырғызады: грунттың 3-4 см қабатын алға қарай жылжытады, сосын баданаларды және тамырсабақтарды орнала-стырады, оларды топырақпен қалыңдығы 1-2 см етіп жабады, жылы сумен (30-35°С), бір шаршы метріне 10 л су шығындап суландырады. Бір шаршы метрге 15-16 кг іріктеме пияз немесе ірі және орташа көлемдегі (диаметрі 1,2-1,8 см) батун пиязының тамырсабағының 8-12 г отырғызады. Олардың арасына топырақ себелейді. Баданалардың бетін топырақпен сәл ғана жабуға бола-ды. Баданаларды топыраққа батыруға болмайды, себебі олардың астындағы топырақ тығыздалады да, өскен тамыр бадананы то-пырақтан дүмпіп шығарады. Жылыжайдағы температура 20-22°С болуы керек. Пиязды сирек, бірақ көлдетіп, топырақ қабатын толығымен қамтып суландырады, соңғы рет іріктеп жинауға 3-4 тәулік қалғанда жүргізеді. Ауа ылғалдылығын 70-75% деңгейде ұстау керек. Жылыжайды желдетпейді. Сабақтың биіктігі 4-6 см жеткенде бірінші рет үстеп қоректендіруді (10 л суға 40 г аммиак селитрасын, 20 грамнан суперфосфат пен калйй тұзын ерітеді) жүргізеді. Бір шаршы метрге 5 л ерітінді бүркіледі. 8-10 тәуліктен соң жоғарыдағы мөлшермен екінші рет үстеп қоректендіреді. Көкжуаны көктегеннен 22-25 тәулік өткен соң жинай бастайды. Сояу сабақты бүтін өсімдігімен жинайды, сондықтан өндірімнің көз тартарлық және тауарлық сапасы жоғары болады.
3.Көкпиязды булыжайда өсіру. Отырғызуға жеңіл, қара-шірінділі немесе қарашірінді мен булыжайдың ескі топырағының бірдей бөлігінің қоспасының топырағын алады. Бір кесекке 30 г аммиак селитрасын, 40 г суперфосфатты және 20 г калий тұзын енгізеді. Ерте булыжайға іріктеме пиязды көпір тәсілімен отырғызады. Баданаларды 1-2 см топырақпен көмеді. Бір кәсекке 15-25 кг бадана отырғызылады. Пияз көктегенше булыжайды бойралармен жаба тұрады. Сосын бойраны алады: аязды күндері бірнеше сағатқа, ал аязы шамалыда бүкіл күні бойы. Сирек, бірақ топырақтың бүкіл қабатына жететіндей етіп суландырады. Булыжайдың пиязы 30-40 тәуліктен соң пайдалануға жарайды.
Негізінен азыққа пайдаланылатын басты пиязбен қатар, пияз батунды да көктетуге болады. Тамырсабақты батунның жыртылатын ескі танабынан алады.
Батунның агротехникасы басты пияздікінен де қарапайым. Грунт - әдеттегідей, топырақ қабатының қалыңдығы 12-15 см. Тамырсабақты көпір тәсілімен, үстінен топырақпен жұқа жауып отырғызады. Бір кәсекке 15-20 кг батун шығындайды. Отырғыз-ғаннан кейін жылы сумен суландырады, алғашқы кезде темпера-тураны 10-12°С-қа жеткізеді. Бұл тамыр жүйесінің жақсы дамуына жағдай жасайды. Сосын температураны 18-20°С-қа жеткізіп, бүкіл көктеу кезеңі бойы үзбей ұстайды. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 70-75%.
Көкпияздың биіктігі 6-8 см жеткенде бірінші рет үстеп қоректендіреді (10 л суға 50 г аммиак селитрасы, 25 г суперфосфат, 25 г калий тұзы). Бір кәсекке - 15 л ерітінді. 8-10 тәуліктен соң үстеп қоректендіруді қайталайды. Булыжайды орташа ғана желдетеді. Көкпияздың тауарлы пісіп-жетілуі, көктеу басталғаннан 24-30 тәулік өткен соң басталады.
Батунды бүтін өсімдігімен жинайды. Жас көкпияздың жас жапырақтары таза, аурулармен және зиянкестермен зақымдалын-баған, бастанбаған болуы керек. Жапырақтарының негізгі бөлігінің тамыр мойнынан ұшына дейінгі ұзындығы 20 см кем болмағаны жөн. Жәшікке бостау, сәл ғана тығыздап, жасылын жасылға, тамырларын ыдыстың сыртына шығармай салады.
Порей және пияздың басқа түрлері. Қазақстанның солтүстігінде пияздың басқа түрлерінен порей жуасы, қат-қабатты (ярусты) пияз және шалот пиязы өсіріледі (7-сурет).
Порейдің жапырақтары ұзын, жайпақ. Тамаққа, жинап алғанша жасыл күйінде болатын, жуан жалған сабағы пайдаланылады. Порейдің биологиялық тыныштық кезеңі болмайды. Ол өсуін тоқтатпайды және жапырағы қоңыр күзге дейін қалыптаса береді, ал жалған сабағы көлемін арттыра түседі. Порейді көшетпен отырғызады және жасыл күйінде жинайды. Ол ашық жерде, құнарлы топырақта, түптегенде қыстап шығады.
7-сурет. А-порей жуасы (үзбе сызықпен ересек өсімдіктің азыққа пайдаланылатын бөлігі көрсетілген); Б-қат-қабатты пияз.
Карантанский сүрпы кең тараған (жалған сабағының ұзындығы 25 см-ге дейін, жуандығы - 6-8 см.). Порейдің өсіп-даму кезеңі 180-220 тәулік. Жазда сепкенде ол қыстап шығып, өнімін келесі жылдың маусымынан күзге дейін береді. Тұқымды екі ізді таспа сұлбасымен (20+50см) маусымның соңында себеді. Тұқымның себу мөлшері гектарына 4-5 кг. Сиреткеннен кейін бір қатар-дағы өсімдіктердің алшақтығы 10-15 см болады. Оны өсіп да-муының соңына дейін суарады, басты пиязға қарағанда 2-3 суа-руын және 1-2 үстеп қоректендіруін артық береді. Ерте байламдық өндірімді бір қатардағы өсімдіктердің біреуінен кейінгі біреуін сирету арқылы жинайды. Сиреткеннен кейін, қалғандарынан ұзын ағарған жалған сабақ алу үшін түптейді.
Қыста сақтау үшін порейді қазан айының соңында қызылша түбірін қопарғыш СНШ-3 машинасын пайдаланып жинайды. Өсімдіктерді жылыжайға әр шаршы метрге 60-80 өсімдіктен (30-35 кг) көміп қояды. Ол 0°С-та қыс бойы сақталады.
Көп қат-қабатты пияз. Сібірде көп тараған. Бұл дәрумені ең көп пияз. Аязға төзімділігі өте жоғары. Гүл салатын сабағында (сабақтану) гүл орнына 3-4 қабатты жақсы сақталатын және ащы (ауыз қуыратын) дәмді ауа баданаларын-жұмыршықтарын қалыптастырады. Бірінші (төменгі) қабатында олардың диаметрі 2-2,5 см жетеді. Оларды орларда топырақпен текшелеп сақтайды. Жұмыршықтарды пияз көшет сияқты СОН-2,8А, СЛН-6А тұқым-сепкіштерімен себеді. Көп қат-қабатты пиязды батун сияқты өсіреді. Ол бір орында 4-5 жыл өседі. Көк массасының гектарлық өнімі 180 ц, ауа жұмыршықтарынікі - 100-200 ц және топырақта пайда болатын пиязшықтарынікі - 120-150 ц.
Шалот пиязы — өсінді жолмен және тұқыммен көбейтілетін, басты пияздың түршесі. Шалотты көктету және басты пияз алу үшін өсіреді. Шалот ашық жерде ең ерте өнім беретін өсімдік. Кайнарский сұрпы өсіріледі. Баданасында 2-6 үрығы болады, мас-сасы - 26 г. Басты пиязының өнімі 180-185 ц/га, жапырағынікі -230-250 ц/га.
Бақылау сұрақтары
1. Батунды көктету мерзімі неше тәулікке қысқарады.
2. Көкпияздың биіктігі неше см жеткенде бірінші рет үстеп қоректендіреді.
а) сурет ә) сурет
а) Қызанақтың даладағы көрінісі; ә) Қызанақты тамшылатып суару әдісінің көрінісі.
М
азмұны
Дәріс № 1 Көкөніс дақылдарын жіктелуі
Дәріс № 2 Көкөніс дақылдарының шығу тарихы
Дәріс №3 Көкөніс дақылдарының осіп жетілу жағдайлары және оларды реттеу тәсілдері
Дәріс №4 Көкөніс дақылдарының көбеюі
Дәріс №5 Қызанақ өсіру технологиясы
Дәріс №6 Қияр-Cucumis sativus
Дәріс №7 Баялдыны өсіру технологиясы
Дәріс №8 Жылыжайларды пайдалану
Дәріс №9 Қорғаулы жердід құрылыстарын салуға телім салуға телім таңдау.
Дәріс №10 Қиярды кыскы жылыжайларда өсіру.
Дәріс №11 Қызанакты кысқы жылыжайда өсіру
Дәріс №12 Қызанакты көшетпен өсіру
Дәріс №13 Көшеттерді булыжайларда және салқын кошетханаларда өсіру
Дәріс №14 Бұрышты өсіру технологиясы
Дәріс №15 Баданалы өсімдіктер
