Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дарис 2015.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.86 Mб
Скачать

Тақырыбы:Дақылдардың өсіп жетілу жағдайлары және оларды реттеу тәсілдері

Жоспар:

1.Жылу режимі, жарық

2.Ауа-газ режимі

3. Су режимі

4.Қоректену режимі

Оттектің, көмір қышқыл газдың, азоттың өсімдік тіршілігіне тікелей қатынасы бар. Оттек өсімдіктің тыныс алуына, әсіресе, тамырдың және тұқым өне бастағанда кажет. Оттекке талабы жоғарылар, әсіресе, тамыры тез өсетін - қияр, қауын, қарбыз сияқты дақылдар. Оттектің өсімдіктің барлық мүшелеріне - жапырақтарына, сабақтарына және тамырларына жетуі мүмкін болуы керек. Ашық жерде ауа алмасуын жақсарту үшін топырақты қопсытады, субстратты (арнаулы төсем) қолданады, тығыздалатын топырақтарды, борпаң күйде ұстайтын жадығаттарды (материалдарды) қосады, жабындау (мульчалау) жүргізеді. Түқымның көктеуін тездету үшін оларды барботылайды (суда оттекпен немесе ауамен қанықтырады).Биологиялық жылытудағы өсімдік өсіретін жайларда ауа-газ режимін жақсарту үшін желдетуді қолданады. Өсімдіктер фото­синтез үдерісінде органикалық заттар құрау үшін көмірқышқыл газын (С02) жапырақтарымен ауадан сіңіреді. Өсімдік үшін жеткілікті жоғары жарықтануда және температурада ауадағы көмірқышқыл газының қолайлы мөлшері 0,15-0,30%. Көмір қышқыл газының мөлшері 0,01% дейін кемігенде ассимиляция тоқталады. Топырақта С02 мөлшері артық (1% көп) болғанда тамыр және өне бастаған ұсақ тұқымды (сәбіз, пияз, ақжелкен, қызанақ) және басқа да өсімдіктер үшін, әсіресе, төмен температурада және ауамен нашар қамтамасыз етілгенде өте зиянды. Оттектің мөлшерін көтеру және С02 мөлшерін кеміту үшін топырақты уақы-тында қопсытып отыру керек. Егістік жерде топыраққа жақын ауа қабатындағы С02 кон­центрациясын көң және баска да органикалық тыңайтқыштарды енгізіп көбейтуге болады, олар топырақта шіріп, көмір қышқыл газын бөліп шығарады, немесе көңді жабындау ретінде қолдануға болады. Өсімдікті С02 қаныққан сумен жаңбырлатып суару да жақсы нәтиже береді.

Қорғаулы жер құрылыстарында биологиялық жылуды қолдану С02 тапшылығын сездірмейді және алынатын жоғары өнімді әдетте, осымен түсіндіреді. Бірақ мұндайда кейде С02 мөлшері тым артып өсімдікке зиянды әсер жасайды. Артық және зиянды газдар желдеткішпен оңай шығарылады. Міне, сондықтан өсімдіктерді отырғызуды немесе тұқымды себеді булыжылыжайларға көң толтырылғаннан 4-5 күн соң жүргізу керек, сонда газдардың зиянды мөлшері азайып үлгереді. Ірі жылыжай кешендерінде жылыжай ауасын С02 байыту үшін күкіртсіз табиғи газды қолданатын қыздыру (бу) қазандарының қалдығын, немесе табиғи газды жылыжайда арнаулы (УГ-6) қондырғылар арқылы жаққанда пайда болатын С02 пайдаланады. Табиғи газды жаққанда зиянды қоспалардың концентрациясын азайту үшін шамдалға берілетін ауаны 15-20 % арттырады. Кішігірім шаруашылықтарда жылыжай ауасын көмір қышқыл газымен байытуды бөшкелерге сиыр қиын сумен езіп те жүргізеді. Қи борсыған кезде С02 бөліп шығарады.Ауаның азоты - инертті газ. Ол көкөніс дақылдарының өніміне әсер етпейді, бірақ оның болуы топырақтағы пайдалы микрофлораның және бұршақ тұқымдас көкөніс дақылдарының түйнек бактерияларының іс-әрекетіне, тіршілігіне оң ықпал жасайды.

Қорғаулы жерде қиярды өсіргенде аналық гүлдерді қалыптастыру үшін ацетилен газын қолданады.Этилен, ацетилен, пропилен газдары қызанақтың калыптасқан жасыл жемісінің пісіп-жетілуін жеделдету үшін қолданылады. Ол үшін жеміс салынған камераға аталынған газдардың аз мөлшерін қосады. Этиленді қызанақ өсімдігі және пісіп келе жатқан жемісі бөліп шығарады, ондай қасиет қауында да, бұршақта да, алмада да және т.б. бар. Газ жасыл көкөністерге және қиярға қолайсыз әсер етеді, олар тез бүлінеді. Сондықтан этилен шығаратын жемістерді (қызанақты, алманы, қауынды және т.б.) және оған сезімтал көкөніс дақылдарын (қиярды, жасыл жапырақтыларды) бір жы-лыжайды сақтауға және бір көлікпен тасымалдауға болмайды.

Көкөніс шаруашылығында ауада зиянды газдардың: аммиактың, күкіртті газдың және азот тотығының бар-жоғын ескеру өте қажет. Аммиактың (0,6% ке дейін) артық мөлшері жапырақтардың шеттерін күйдіреді. Мұндай жағдайды көшетті жас көң еңгізіліп жыртылған жерге, биоотын ретінде тауық саңғырығын, аммонийланған шымтезек (ТАУ, ТМАУ) қоспаларын колданғаннан кейін отырғызғанда байқауға болады. Метанның да уландырғыштығы одан кем түспейді.Ауадағы күкіртті газдың концентрациясы 0,0001%, улы газдікі - 0,0002, ал азот тотығынікі - 0,000003 % аспауы керек.Кейбір өсімдіктер, мысалы үрме бұршақ, ауаның ластануына ерекше сезімтал, сондықтан көрсеткішті индикатор бола алады, оның күйі бойынша атмосфераның тазалығы жөніндегі тұжырым жасауға болады.