- •Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі м. Әуезов атындағы оңтүстік қазақстан мемлекеттік университеті
- •1.Ботаникалық жіктеу.
- •2.Өндірістік (шаруашылық) жіктеу
- •3.Тіршілігінің ұзақтығы бойынша жіктеу
- •2.Көкөніс дақылдарының өсу және даму ерекшеліктері.
- •Тақырыбы:Дақылдардың өсіп жетілу жағдайлары және оларды реттеу тәсілдері
- •2.Су режимі
- •3 Қоректену режимі
- •Тақырып: Дақылдардың көбеюі
- •1.Тұқымның көбеюі
- •2.Өсінді жолымен көбейту
- •1.Қызанақ өсімдігіне жалпы сипаттама.
- •2 Ботаникалық сипаттамасы және биологиялық ерекшеліктері
- •1.Қиярдың халық шаруашылығындағы маңызы.
- •2. Қиярдың морфологиялық-ботаникалық маңызы
- •Қиярдың гүлі
- •1.Баялдының морфологиялық-ботаникалық маңызы.
- •1.Жылыжайларды пайдалану және құрылысын салу.
- •2.Жылыжайлар жарық өткізгіш жамылғыларының түрлері|
- •1.Жылыжайды салуға телім тандау
- •1.Қиярды қысқы жылыжайларда өсіру.
- •2.Қиярды көктемдік пленкалы жылыжайларда өсіру
- •3.Қиярды булыжайларда өсіру
- •1.Қызанақты қысқы жылыжайда өсіру
- •1.Қызанақты көшетпен өсіру.
- •-Сурет. Қызанақ көшеттерін отырғызу: шымыр (сол жақта) және сорайған
- •2.Қызанақты көшетсіз өсіру
- •3.Жинау және сақтау
- •1.Ерте пісетін орамжапырақтың көшетін өсіру.
- •1.Бұрыштың морфологиялық-ботаникалық маңызы.
- •1.Көкпиязды жылыжайларда өсіру.
- •6.Ұсынылған әдебиттер тізімі:
3.Тіршілігінің ұзақтығы бойынша жіктеу
Тіршілігінің ұзақтығы (тұқымның өскін беруінен өсімдіктің табиғи солуына дейін) бойынша көкөніс дақылдары бір жылдық, екі жылдық және көп жылдық болып бөлінеді.
Бір жылдық дақылдар - монокраптық өсімдіктер, яғни өмірінде бір рет гүлдейді және жеміс салады. Бұларға алқалар және асқабақ тұқымдастарының өсімдіктері, сондай-ақ шалқан, аскөк, ақсүттіген, пекиндік және түсті орамжапырақтар, қыша, жебіршөп жатады.
Екі жылдық дақылдар да монокраптықтар, жемістерін тіршілігінің екінші жылында салады. Бұлар тамыржемістілер (шалғамнан басқасы) - орамжапырақтар (пекиндік және түсті орамжапырақтардан басқасы). Тіршіліктерінің бірінші жылы олар өнімді мүшелерін: тамыр - жемістерін, қаудандарын, баданаларын қалыптастырады. Қыста екіжылдықтардың топырақ бетіндегі мүшелері және тамыры әртүрлі деңгейде опат болады. Қоректік заттар жиналатын мүшелері және олардың бүршіктері терең тыныштыққа ауысады. Бұл олардың қыстыгүні тіршілігін сақтайды. Екінші жылы өсімдіктердің жандануы коректік заттарды пайдалануымен басталады. Өсімдік тамыр жүйесін жедел қалпына келтіріп, сабағын құрастырып, гүлдейді және тұқым байлайды. Азық-түлікке өсіргенде екі жылдықтардың өсу - даму кезеңі бір жылда, ал тұқымға өсіргенде екі жылда өтеді.
Көп жылдық дақылдар - поликарптық өсімдіктер (ақжелкек, қымыздық, рауғаш қозышөп жәнс т.б.), бірнеше рет жеміс салуымен сипатталынады. Күзде олардың топырақ үстіндегі барлық бөліктері опат болады, ал қоректік заттары бар тамырлары, тамыр сабақтары сақталады. Әр жылы көктемде олар өсуін жалғастырады. Жемісін екінші жылдан ерте салмайды. Бұл өсімдіктер бірінші және кейінгі жылдары қоректік заттар жинайтын мүшелерін (тамырсабақтарын, бадандарын) қалыптастырады, олар өз кезегімен қыс алдында тыныштыққа көшеді. Топырақ үстіндегі мүшелері және тамырының біраз бөлігі осы кезге қарай опат болады.
Көпжылдықтардың азық-түліктік бөлігі өсімді (қымыздық, рауғаш, ақжелкек және т.б.), сонымен бірге генеративтік те (бөрікгүл) мүшелері болуы мүмкін.
Дәріс № 2
Тақырыбы:Дақылдардың шығу тарихы
Жоспар:
Дақылдардың шығу тегі.
Көкөніс дақылдарының өсу және даму ерекшеліктері
Н.И.Вавилов бойынша мәдени өсімдіктердің орасан көп түрлері, оның ішінде көкөністер де, сегіз ортаға топтастырылған көрінеді.
Қытайлық (таулық Орталық және Батыс Қытай, Корея, Жапония). Бұл жерлерден шығыстық шалқан, пекиндік және қытайлық орамжапырақтар, ірі жемісті қияр, пияз батун, баялдының ұсақ жемісті түрлері тараған.
Үнділік (Үнді, Бангладеш, Пәкістан, Бирма) - ұсақ жемісті қиярдың баялдының, ақсүттігеннің отаны.
Орта Азиялық (Ауғанстан, Тәжікстан, Өзбекстан) - сәбіз, шомыр, шалғам, басты пияз, сарымсақ, асбұршақ, саумалдық.
Алдынғы Азиялық (Кавказ сырты, Түркия, Иран, Түрікменстанның таулық бөлігі) - қауын, асқабақ, сәбіз, порей пиязы, латук ақ сүттіген.
Жерортатеңіздік (Жерорта теңізінің еуропалық және африкалық жағалаулары) - өсімдік шаруашылығының ежелгі орталықтарының бірі. Бұл жер қоңыр салқын ауа райы өсімдіктерінің - қызылшаның, ақжелкенің, шомырдың, тарнаның, балдыркөктің, қояншөптің, ботташықтың, аскөктің, қымыздықтың, рауғаштың, асбұршақтың, көктікеннің отаны.
Абиссиялық (Эфиопия, Сомали) - асбұршақтың, бұршақтың, қарбыздың, шалот пиязының, бамияның отаны.
Орталық Америкалық - Мексика, Гватемала, Коста-Рика, Гондурас, Панама - мускаттық асқабақтың, бататтың, қызанақтың, үрме бұршақтың, бұршақтың, жүгерінің, қызылқұлақтың шыққан жері.
Оңтүстік Америкалық (Перу, Эквадор, Боливия, Чилоэ аралы) - ірі жемісті асқабақтың, қызанақтың, ірі тұқымды лимиялық үрме бұршақтың отаны.
Түрдің шығу тегін, сондай-ақ, оның қасиеттерінің қалыптасқан ортасын білу, оның басты биологиялық ерекшеліктері жөнінде түсінік алуға, одан әрі оның өсу және даму факторлары жөнінде де мүмкіндік береді. Мәселен, қиярдың отаны Үндістан мен Иранның ылғалды аудандар болғандықтан, бұл өсімдіктің ылғал мен жылуға талабы жоғары екенін түсіндіру қиын емес.
