Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дарис 2015.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.86 Mб
Скачать

2.Қызанақты көшетсіз өсіру

Қызанақтың тұқымын топыраққа сеуіп өсіру өте тиімді. Қарабалық ауылшаруашылық тәжірибе стансасының (В. Р. Гюнтер, 1987) деректері бойынша оның гектарлық орташа өнімі 200-370 ц болған. Технологиядан көшетті өсіруді шығарып есептегенде, өнімнің өзіндік құны 1,5-1,9 есеге кеміген.

Көшетсіз өсіргенде өсіп-даму кезеңі 12-15 тәулікке азаяды.

Тұқымдардың шынығуы топырақта өтіп, өскіндері қысқа мерзімдік - 3°С суыққа шыдайды. Тұқымды топыраққа сепкенде өсімдік терең бойлайтын, қуатты тамыр жүйесін қалыптастырады, соның есебінен суландыруды азырақ талап етеді және ауруға азырақ шалдығады.

Көшетсіз өсіруге ең тез пісетін сұрыптарды (Сибирский скороспелый, Доходный және т.б.) пайдалану керек. Жел өтінен қорғалған, топырағы жеңіл, жақсы жылынатын және арамшөптерден таза танапты таңдап алады. Алғы дақыл-гектарына супер-фосфаттың 90 кг ә.ә.з енгізілген сүрі жер. Ол өнімділікті арттырады және жемістің пісіп — жетілуін жеделдетеді. Тұқымды 10-15 мамырда себеді. Арашөптермен күресті қызанақ өскіні көрінбей-ақ тұрып жүргізу үшін, оның тұқымымен бірге шалғамның тұқымын себеді. Шалғамның тұқымы қызанақтікіне қарағанда көп ерте көктеп шығады. Шалғам тауарлық күйге жеткенде оны жинап алып, іске асырады.

Бір гектарға 2,5-3,0 кг қызанақ тұқымын, және толықтырғыш ретінде қуырылған 3-4 кг тары қосылып (оларды мүқият аралас-тырады) себіледі. Себу жұмыстарын СОН-2, 8А, СКОСШ-2,8 не-месе СКОН-4,2 тұқым сепкіштерімен қатараралығынан 70 см қойып жүргізеді. Тұқымның сіңіру тереңдігі 3-4 см. Себуге дейін және себуден кейін топырақты тығыздағыштармен тығыздайды.

Өскін пайда болғаннан 8-10 тәулік өткен соң, егістікті жеңіл тырмалармен себу қатарларына көлденең тырмалайды. Бұл кезде арамшөптермен қатар қызанақ өскіндерінің 20% жуығы жойылады. Егер қызанақ тұқымына шалғам қоса себілсе, онда егістікте тырмалау жүргізілмейді, қолмен отап, өсімдіктің гектардағы санын 40 мыңға жеткізеді. Ақтық қоректену алаңы 70x40 см болады. Өскіндер пайда болғаннан соң бірінші қопсыту жүргізіледі. Өскіндерді жарақаттап алмау үшін культиваторға ұстара-табан қояды. Сиреген жерлерге қолмен қосымша көшеттер отырызғады және суландырады. Одан кейінгі күтіп-баптау жұмыстары көшетпен отырғызған қызанаққа ұқсас.

Грунттық қызанақтың жеміс салуы көшеттерден кешірек, бірақ қолайлы күзде өнімділігі көшеттік қызанақтікіндей, сонымен бірге пісіп-жетілген жемістерінің пайызы азырақ болады.

3.Жинау және сақтау

Сұрыпты дұрыс таңдап алғанда, толық піскен жемістерін 20-25 шілдеде жинай бастайды, ал жап-пай пісуі тамыздың екінші онкүндігінде жүреді. Егер Қазақстанның оңтүстігінде қызғылт және қызыл жемістерін жинаса, жергілікті жағдайда, сақтау кезінде жетілетін бурылын жинайды. Дәмдік сапасы бойынша олар өсімдікте піскеннен төменірек болса да, кейінгілерінің пісуін тежемес үшін, оларды жинауға тура келеді. Бозқырауға дейін жинауды әрбір 3-4 тәулікте, ал бозқырау түсерде, барлық құбалана, ағара бастағандарын және жасылдарының ірісін жинап алады.

Еңбек өнімділігін арттыру үшін жинауға жинағыш платформаларды пайдаланады: T-16M тракторына ілінетін, 10-15 адам қызмет жасайтын ПНСШ-12; 16 жұмыскер қызмет жасайтын ПОУ -2 тіркеме платформасы. Машинамен бір рет жинағанда машиналар кешені: өзі жүретін СКТ-2 комбайыны; контейнерлі жүкті өз түсіретін ПТ-3,5 тіркемесі, КОН- 3,5 контейнер қотар-ғыш пен АВН -0,5 контейнер тиегіші және СПТ-15 сұрыптағыш нысаны пайдаланылады. Нысанда 20 жұмыскер қызмет жасайды. 1 сағат таза жұмыстағы еңбек өнімділігі 12 т.Жемістерді көлемі мен пісу деңгейіне қарай сұрыптайды және пісіп-жетілуі үшін жылы құрғақ жайда сөрелерге 2-3 қабат етіп орналастырады немесе жәшіктерге салады. Жеміс жәшіктерін қолданғанда, желдетуді жақсарта түсуі үшін әр қабаттың астына жүқа тақтайшалар келтіреді. Пісіп-жетілдіру үшін булыжайды дайындауға болады. Оны топырақтан және қара шіріндіден тазалайды, ордың түбіне таза сабан төсейді де, оның үстіне жеміс-терді орналастырады. Бір кәсек астына 40-60 кг жеміс сияды. Булыжайды кәсекпен жауып, әйнегін іш жағынан әктейді.Пісіп-жетілу 23-25°С және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 80-85% болғанда тезірек жүреді. Мұндай жағдайда қызғылт қызанақ 2-3 тәулікте, ақшылы - 4-6, жасылы - 7-10 тәулікте қызарады. Температура төмендегенде пісіп-жетілу үдерісі күрт баяулайды және жемістің басым бөлігі шіриді.

Жемістерді арнаулы камераларда жасанды түрде этиленмен өңдеп, пісіп-жетілдіруге болады. Этилен, әсіресе, жасыл жеміс-терге белсенді ықпал жасайды (ақшылы қалыпты жағдайда да пісіп-жетіледі). Жемістердің жеміс сағағын алып тастайды, себебі газ жемістің ішіне сағақ бекіген жердің борпаң ұлпасы арқылы өтеді. Жеміс салынған жәшіктерді камерада шахмат ретімен орналастырады. Қызыл жемістерді әрбір 2-3 тәулікте алады да орнына жасылын салады. Камераның әрбір шаршы метріне 0,5 л этилен жібереді, температураны 20-22°С, салыстырмалы ауа ылғалдылығы 85% деңгейінде ұстайды. Камераны күнде желдетеді және қайтадан этиленмен толтырады.

Ақшыл және қызғылт жемістерді тоңазытқыштарда 1,5-2 ай сақтауға болады, сақтауға қояр алдында жәшіктер мен жемістерді формалиннің ерітіндісімен (1:300) зарарсыздандырады немесе 45-50° 4 сағат бойы қыздырады. Тоңазытқыштарда 1-2°С жылы-лықты және 90 % ауа ылғалдылығын қамтамасыз етеді.Шаруашылық жағдайында, әдетте, қызанақты жеміс сағағын үстіне келтіріп, кішірек кереге көз ағаш жәшіктерде 10-12°С сақ-тайды. Жәшіктің түбіне және жемістердің арасына ағаш үгіндісін салады.

ҚЫЗАНАҚТЫ ПЛЕНКА АСТЫНДА ӨСІРУ. Пленка астында тез пісетін, біркелкі өнім беретін сұрыптарды, мысалы, Сибирский скороспелыйды өсіреді. Сүдігердің әр гектарына 25-30 т көң, 4-5 ц суперфосфат және 1,0-1,5 ц хлорлы калий енгізеді.Көшетті ашық жерге қарағанда, 20-25 тәулік ерте отырғызады; ағаш қаңқа астына қатараралығын 50-60 см етіп 3 қатар, бір қатардағы өсімдіктерді бірінен-бірін 25-30 см; тоннелді жабуда 2 қатармен, қатараралықтарын 40 см және қатарда 30 см етіп орналастырады. Әдетте, аптасына бір рет суландырады. Суландырудан кейін қаңқа мен тоннельде ауаның ылғалдылығын төмендету үшін міндетті түрде желдетеді. Бірінші үстеп қоректендіруді отырғызған-нан 12-15 тәулік өткен соң жүргізеді.

5-сурет. Қызанақты өгей бұтақсыздандыру:

1-негізгі сабақтағы жапырақ;

2- өгей бұтақтың жұлынған орны;

3 - өгей бұтақ

Жамылғыны бозқырау қайталану қауші өткен соң және түнгі темтемпература 7°С-дан төмендемейтін маусымның орта кезінде алады. Одан әрі күтіп - баптау кәдімгі көшетпен өсірген-ге ұқсас. Дұрыс күтіп баптаса, әр пайдалы алаңның бір шаршы метрінен 5-8 кг қызанақ жиналады.

Дәріс №13

Тақырыбы:Көшеттерді булыжайларда және салқын көшетханаларда өсіру

Жоспар:

1.Ерте пісетін орамжапырақтың көшетін өсіру.

2.Орташа мерзімде пісетін орамжапырақ көшетін өсіру.

3. Қызанақ пен қияр көшетін өсіру.

4.Бұрыш пен баялдының көшеттерін өсіру.