Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дарис 2015.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.86 Mб
Скачать

1.Қызанақты көшетпен өсіру.

Егер алғы дақылдардың - орамжапырақтың және қиярдың - танабына органикалық тыңайтқыш енгізілген болса, онда сүдігер көтергенде тек 4-4,5 ц суперфосфат және 1 ц хлорлы калий енгізіледі. Қызанақ 100 ц өніммен топырақтан 32 кг азот, 10 кг фосфор және 43 кг калий алып шығады. Егер өткен жылы көң енгізілмесе, онда құнары кемдеу топыраққа, күзде жыртқанда гектарына шіріген көңнің 20-30 тоннасы енгізілгені дұрыс болады. Шірімеген көң өсінді мүшелердің - сабақтардың және жапырақтардың тым өсіп кетуіне әсер етеді де, жемісінің өніміне зиян келтіреді. Ерте көктемде ылғал жабу үшін тырмалауды екі ізбен жүргізеді, сосын қопсытады. Бұл арам-шөптердің өсуін жеделдетеді. Пайда болған арамшөптерді жою үшін екінші культивацияны және тырмалауды көшет отырғызар алдында, 10-12 см тереңдікке жүргізеді. Осы кезде гектарына 1-1,5 ц аммиак селирасын қоса енгізеді.

Ертерек отырғызу - жоғары өнімнің кепілі. Көшеттерді танапқа 27 мамырда отырғызғанда гектарынан 332 ц өнім жиналған, ал 15 маусымнан кейін отырғызғанда гектарынан 228 ц өнім жинал-ған. Қазақстанның солтүстігінде маусымның алғашқы күндерінде бозқыраудың қайталану мүмкіндіктері болғандықтан, көшеттерді грунтқа әдетте 5 маусымнан кейін отырғызады: ең дұрысы -бұлыңғыр күндері, ал шуақты ауа райы болса, түс ауа қызанақтың көшеттерін әдетте, 140x20 см сұлбасымен отырғызады.

Отырғызуға құмырасыз өсірілген 40-45 тәуліктік көшеттерді пайдаланады. Бұл құмырада өсірілген ірі көшеттерді отырғызып өсірген қызанақтың гектарын өңдеуге кеткен шығынмен салыс-тырғанда біршама төменірек болады.

Көшеттерді көшетотырғызғыш машиналармен отырғызады. Кішігірім алаңдарға, сондай-ақ бойлап өсіп кеткен көшеттерді әдетте, қолмен отырғызады.Көшеттерді булыжайда және жылыжайда өскенмен салыстырғанда 4-5 см тереңірек, ал ірілеп көлбейтіп, сабақтың төменгі жағын, 2-3 буын аралықтарын ала, культивация кезінде олар топырақ бетіне шығып қалмас үшін қатар бойымен бағыттап отырғызады ( -сурет).

Көлбеулетіп тереңірек отырғызу, өсімдіктің қоректенуін жақсартатын, қосалқы тамырлардың пайда болуына мүмкіндік жасайды. Жаңа ғана отырғызылған көшеттерді, әсіресе, құмырасыздарды, суландыруға болмайды, себебі олар жапырылады (жапырақтары және сабақтың үшы жерге иіледі), суландырғанда лай басады. Міне, сондықтан телімді дұрысы көшет отырғызу алдында суландыру. Өсімдік көндіккенде және көтерілгенде, 3-4 тәуліктен соң, отырғызғаннан кейінгі бірінші суландыруды қолданады да, ізінше түсіп қалған өсімдіктердің орнына жаңа көшет отырғызады.

-Сурет. Қызанақ көшеттерін отырғызу: шымыр (сол жақта) және сорайған

Осы мақсатқа булыжайда немесе 2-3 % құмырада және 5-7 % құмырасыз өсірілген көшеттер қалдырылады. Отырғызумен бірге лай басқан өсімдіктерді тазартып (босатып) алады және қатараралықтарды қопсытқыш табандармен 7-8 см өңдейді. Одан әрі телімді арамшөптердің пайда болуына қарай 1-2 рет қолмен отайды. Барлығы өсінді кезеңде, әдетте, сулан-дырғаннан кейін телімге 4-5 рет культивация жасайды.

Өсімдікті жеміс байлағанша 200-300 м3/га су беріп әрбір 7-10 тәулік сайын суарады. Жеміс байланғаннан бастап, топырақ 60-70 см тереңдікке дейін сулануы үшін суландыру суының мөлшерін 340-400 м3/га арттырады. Өсінді кезеңі бойы 7-8 рет суландырады.

Өсімдіктерді екі рет үстеп қоректендіреді: бірініші рет - отырғызғаннан 12-16 тәулік өткен соң (1 га 1-1,5 ц суперфосфат және 1 ц аммиак селитрасы немесе 0,5 ц аммофос) және 2-рет - бірінші үстеп қоректендіруден 18-20 тәулік өткен соң, 2-3 шашақгүлінде түйнек пайда болғанда (1,2-2,0ц суперфосфат және 0,5 ц хлоры калий) жүргізеді. Екінші рет ұстап қоректендіргенде азотты тыңайтқыштарды, қажеттігі байқалғанда ғана енгізеді – өсімдіктің баяу өсуі, жапырақтардйң сарғаюы және түсуі көрсетеді. Топы-рақта азот тым көп болса өркендердің жаппай өсуі және жемісінің нашар байлануы, әрі оның ұзақ пісуі байқалады. Тыңайтқыштарды өсімдік қоректендіргіш - культиваторлардың көмегімен, суландыру алдында енгізеді.

Гүлдердің тозаңдануын және түйнектердің сақталуын жақсарту үшін тамырдан тыс бор қышқылымен (г/л) үстеп қоректендіреді. Өсімдіктерді гүлдеу алдында бүркеді.

Бірінші гүл шоғырында бүршіктердің жартысы ашылғанда бір рет бүркеді, үлкен аумақта бұл мақсат үшін арқаға асатын бау-бақ бүріккішін пайдалануға болады. Жемістердің пісуін же-делдету үшін «дестелеуді» қолданады. Тамыз айының басында екі қатардағы өсімдіктерді, кең қатараралығын жинаушылар өтетін жол ретінде қалдырып, тар қатараралығына дестелейді. Дестеге салғанда жемістерінің сабақтарының үстіне келуін қарастырады. Күн кзінде олар тез жетіледі және шірімейді.