- •Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі м. Әуезов атындағы оңтүстік қазақстан мемлекеттік университеті
- •1.Ботаникалық жіктеу.
- •2.Өндірістік (шаруашылық) жіктеу
- •3.Тіршілігінің ұзақтығы бойынша жіктеу
- •2.Көкөніс дақылдарының өсу және даму ерекшеліктері.
- •Тақырыбы:Дақылдардың өсіп жетілу жағдайлары және оларды реттеу тәсілдері
- •2.Су режимі
- •3 Қоректену режимі
- •Тақырып: Дақылдардың көбеюі
- •1.Тұқымның көбеюі
- •2.Өсінді жолымен көбейту
- •1.Қызанақ өсімдігіне жалпы сипаттама.
- •2 Ботаникалық сипаттамасы және биологиялық ерекшеліктері
- •1.Қиярдың халық шаруашылығындағы маңызы.
- •2. Қиярдың морфологиялық-ботаникалық маңызы
- •Қиярдың гүлі
- •1.Баялдының морфологиялық-ботаникалық маңызы.
- •1.Жылыжайларды пайдалану және құрылысын салу.
- •2.Жылыжайлар жарық өткізгіш жамылғыларының түрлері|
- •1.Жылыжайды салуға телім тандау
- •1.Қиярды қысқы жылыжайларда өсіру.
- •2.Қиярды көктемдік пленкалы жылыжайларда өсіру
- •3.Қиярды булыжайларда өсіру
- •1.Қызанақты қысқы жылыжайда өсіру
- •1.Қызанақты көшетпен өсіру.
- •-Сурет. Қызанақ көшеттерін отырғызу: шымыр (сол жақта) және сорайған
- •2.Қызанақты көшетсіз өсіру
- •3.Жинау және сақтау
- •1.Ерте пісетін орамжапырақтың көшетін өсіру.
- •1.Бұрыштың морфологиялық-ботаникалық маңызы.
- •1.Көкпиязды жылыжайларда өсіру.
- •6.Ұсынылған әдебиттер тізімі:
1.Баялдының морфологиялық-ботаникалық маңызы.
Баялды - Solarium melangenal. Баялдыны көкөніс дақылы ретінде Еуропада және Ресейде XVII ғасырдан бастап өсіре бастаған. Одан жеке тағам дайындауға да болады, ал көбінесе, консер-вілеу өнеркәсібінде қолданады. Тамаққа өсуін аяқтаған, бірақ піспеген - 25-30 тәуліктік жемістерін пайдаланады. Ондай жемісте 7-11% құрғақ заттар, 3-4 % қанттар, сондай-ақ фосфор, калий, темір тұздары, А, Вр В2, С, Д дәрумендері және т.б. болады.
Баялдының жемісі емдік қасиетке ие - қандағы холестериннің кемуіне әсер етеді, тамырлардың склерозын және бүйрек ауруын емдеуі үшін де пайдалы.
Баялдының тамыр жүйесі жақсы дамыған, тарамдалған, топырақтың жоғары қабатында орналасады. Сабағының биіктігі 1 м-ге жетеді, мықты, төменгі жағы ағаштанады, бұтақтанғыш, түкті. Жапырақтары ірі, сопақша, жиектері бүтін немесе сәл ойықты. Олардың түсі сұрпына байланысты жасыл немесе күлгін болады. Гүлдері қос жынысты, өздігінен тозаңданады, кейде айқас тозаңдануы да мүмкін.
Кейбір сұрыптарының жемісінің ұзындығы 40 см-ге жетеді және массасы 1 кг-нан асады. Олардың пішіні map, алмұрт, цилиндр тәрізді болуы мүмкін. Түсі күлгін, еті ақшыл немесе сәл-пәл жасылдау. Жемісінде жатын камералары болмайды, тұқымдары тікелей етіне орналасқан, бұрыштікіне ұқсас, бірақ үсақ ( -сурет). 1000 тұқымның массасы - 3,8-4,4 г.
Тұқымы 13°С-да өне бастайды. Баялдының өсіп-өнуі үшін оңтайлы температура 25-30°С. Өсімдіктің өсуі 15°С-да тоқтала-ды. Тым жоғары температура да қолайлы емес, 35°С тозаңдардың опат болуына байланысты гүлдердің ұрықтануы жүрмейді.
Баялды - қысқа күннің өсімдігі. Ол үшін ауаның оңтайлы ылғалдылығы 50-60 %, ал топырақтікі ТТСС-ның 80 % болғаны жөн. Топырақта ылғал жетіспесе, гүлдері түсіп қалады, жемісте-рінде ащы дәм көбейеді. Баялды сонымен бірге топырақта ылғал жеткілікті болса, ауа құрғақшылығына шыдайды.
Ең кең тараған сүрпы Алмаз. Донецк көкөніс бақша шаруашылығы тәжірибе стансасында шығарылған. Орташа мерзімде пісетін, өнімді (760 ц/га), ертерек өнімі оданда жоғары, механизм көмегімен жинауға жарамды. Столбурмен және теңбілмен (мозайкамен) зақымдануы шамалы, вертициллезді және фузариозды солумен, фитофторозбен, қызанақ жемісінің шірігімен орташа зақымданады.
2.Баялдының агротехникасы. Баялды үшін ең жақсы топырақ - жеңіл, қарашіріндіге бай құмбалшық және құмайт. Оны қызанақ және бұрышпен бір танапқа орналастырады. Баялды өсірілетін танапқа ықтырма дақыл себу дұрыс болады. Топырақты егуге дайындау қызанақтікіне ұқсас. Тыңайтқышты (2,5-3 ц аммиак селитрасы, 2-2,5 ц суперфосфат, 1,5 ц хлорлы калий) қызанақ танабына қолданған мерзімде жүргізеді.
Көшетті, қызанақты отырғызғаннан кейін, жылы ауа райы қалыптасқанда отырғызады. Ең жақсы нәтижені қоректік күбіршекте немесе стаканда өсірілген 60-70 тәуліктік көшет береді. Оны тігінен, өсімдікті тамыр мойнына дейін тередетіп, бір қатар, қоректік алаңы 70х30см етіп отырғызады.
6-сурет. Баялды:
1-жемістің техникалық пісуі бас кезеңдегі 9-жапырақ; 2-техникалық пісіу кезіндегі жеміс; 3-биологиялық пісіп жетілген жеміс; 4-жемістің көлденең тілігі; 5-жемістің ұзынша тілігі
Баялды - ылғал сүйгіш дақыл, сондықтан оны, әсіресе, жемістенген кезеңде жиі суландырады. Жүйелі түрде суарғанда жоғары өнім береді, жеміс нәзік және тәтті, еті ащы дәмсіз болады. Үстеп қоректендіруі бұрыштікіне ұқсас. Қатараралығын суландырғаннан кейін өңдейді. Қопсыту, арамшөптер мен қабыршақты жою-мен бірге, солумен күресу тәсілі болып табылады.
Баялдыны ішінара таңдап, жемістері сұрыпқа тән көлемге жеткенде жинайды. Түсінің бозғылттануы жемісті өсімдікте артық мезгіл ұстанғанын білдіреді. Мұндай жемістерде ащы дәм көбейеді, сапасы төмендейді. Жемісті кішкене сағағымен кесіп алады. Жиын-терін жұмыстарын суық түскенше аяқтау керек, себебі тоңазыған жемістер тауарлық сапасын жоғалтады. 13097-86 МҰҚ бойынша жеміс жас, дертсіз қиқы-жиқысыз, пішіні мен түсі бойынша осы сұрыпқа сәйкес, жарақаттанбаған, нәзік қабақты, техникалық піскен, жеміс сағағымен, еті шырынды, серпілмелі, қуыссыз, жетілмеген ақ тұқымдарымен болуы керек.
3.Баялдыны қорғаулы жерде өсіру. Булыжайда және пленка астында баялдының тез пісетін, аласа бойлы сұрыптарын өсіреді. Булыжайлардағы баялдыны ерте пісетін орамжапырақ көшетін алғаннан кейін, бір кәсекке 3 қатарлап, 9 өсімдіктен отырғызады. Пленка астына көшетті мамыр айының екінші жартысында: қалқан астына 3 қатарлап, орларға - 2 қатарлап (50x30 см) отырғызады.
Ерте өнім алу үшін өсімдікті өгей бұтақсыздандырады, әлсіз және шабан бұтақтарын аластайды. Бір өсімдікте мықты дамыған 3-4 өркенін қалдырады. Булыжайда және пленка астында бір шаршы метрден 4-5 кг жеміс жинайды.
4.Баялдының тұқым шаруашылығы. Баялды -өздігінен тозаңданатын өсімдік, бірақ оңтүстікте айқас тозаңдануы да мүмкін. Тұқымдық мақсат үшін жемісін толық биология-лық піскенде, сарғылт түстенгенде жинайды. Екінші жемістен алынған тұқымның сапасы жоғары болады.
Жиналған жемістерді 8-10 тәулік кішірек үйінділерде, толығымен жұмсағанша үстайды, сосын тамыртурағышта турайды да, оларды 4-5 тәулік ашытады. Осыдан кейін тұқымдарды БСТ- 1,5 машинасында үйкейді, кептіреді және қырнайды. Бір жеміс 3-6 г тұқым береді. Бір тонна жемістен 3-5 кг, бір гектардан - 1,5-2,0 ц тұқым алады. Тұқымның өнгіштігі 85 %-дан, сұрыптық тазалығы 98 %-ден кем болмауы керек.
Асханалық қызылшаның гектарлық тұқым өнімі орташа есеп-пен 8-10 ц болады. Тұқымдар өнгіштігін 4 және одан да көп жыл сақтайды. МҮК бойынша бірінші санатты тұқымның сұрыптық тазалығы 98 % болуы керек, екіншісінікі - 96 %, үшіншісінікі -90 %. Үшінші санаттағы басқа сұрыптар мен будандардың қоспа-сы 2 %-дан аспауы қажет. Бірінші класты тұқымның өнгіштігі 80%, негізгі дақылдың тұқымы - 97 %, 1 кг-да басқа дақылдардың тұқымы 60 дана, оның ішінде арамшөптердікі - 30 дана.
Бақылау сұрақтары:
Ең кең тараған сұрпы қалай аталады.
Баялдының тұқым шаруашылығы.
Дәріс № 8
Тақырыбы:Жылыжайларды пайдалану
Жоспар:
1.Жылыжайларды пайдалану және құрылысын салу.
2.Жылыжайлар жарық өткізгіш жамылғыларының түрлері.
3.Қоршаудың пішін үйлесімі.
