- •Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі м. Әуезов атындағы оңтүстік қазақстан мемлекеттік университеті
- •1.Ботаникалық жіктеу.
- •2.Өндірістік (шаруашылық) жіктеу
- •3.Тіршілігінің ұзақтығы бойынша жіктеу
- •2.Көкөніс дақылдарының өсу және даму ерекшеліктері.
- •Тақырыбы:Дақылдардың өсіп жетілу жағдайлары және оларды реттеу тәсілдері
- •2.Су режимі
- •3 Қоректену режимі
- •Тақырып: Дақылдардың көбеюі
- •1.Тұқымның көбеюі
- •2.Өсінді жолымен көбейту
- •1.Қызанақ өсімдігіне жалпы сипаттама.
- •2 Ботаникалық сипаттамасы және биологиялық ерекшеліктері
- •1.Қиярдың халық шаруашылығындағы маңызы.
- •2. Қиярдың морфологиялық-ботаникалық маңызы
- •Қиярдың гүлі
- •1.Баялдының морфологиялық-ботаникалық маңызы.
- •1.Жылыжайларды пайдалану және құрылысын салу.
- •2.Жылыжайлар жарық өткізгіш жамылғыларының түрлері|
- •1.Жылыжайды салуға телім тандау
- •1.Қиярды қысқы жылыжайларда өсіру.
- •2.Қиярды көктемдік пленкалы жылыжайларда өсіру
- •3.Қиярды булыжайларда өсіру
- •1.Қызанақты қысқы жылыжайда өсіру
- •1.Қызанақты көшетпен өсіру.
- •-Сурет. Қызанақ көшеттерін отырғызу: шымыр (сол жақта) және сорайған
- •2.Қызанақты көшетсіз өсіру
- •3.Жинау және сақтау
- •1.Ерте пісетін орамжапырақтың көшетін өсіру.
- •1.Бұрыштың морфологиялық-ботаникалық маңызы.
- •1.Көкпиязды жылыжайларда өсіру.
- •6.Ұсынылған әдебиттер тізімі:
2. Қиярдың морфологиялық-ботаникалық маңызы
Тамыр жүйесі.Тұқымдары егіліп, тұқым жарнақтары топырақ бетіне шығып болғанша тамыр жүйелері қалыптасады.Осы тамыр жүйелері тігінен және жан-жағына көптеп таралып,топырақ қабатына жайылып өсе бастайды.Негізгі бастапқы тамыр 1 метрге дейін болады,осы тік тамырдан жайылып таралған көптеген жанама тамырлары топырақтың жоғары қабатында (25-30см)орналасады. Осы тамырлардың физологиялық функциясы қоректі қажеті ертінділерді көптеген ұсақ тамырша түктерімен өзіне сорып,топырақ бетіндегі вегетативтік және генеративтік мүшелерін қамтамасыздандырады.
Сабақтары.Шырмауық сияқты және қысқа ұзынды мұршаларымен жармасып өзіне жақын биік өскен өсімдіктердің сабақтарымен жоғарылап өсе бастайды немесе бұндай жағдай болмағанда топырақ бетіне жайылып өркендейді.Сабақтары жұмыр-қырлы, қырлы, нәзік, орташа қатты түктерімен қалыптасып өседі. Орталық басты сабақтан бірінші қатар, біріншіден екінші,екіншіден үшінші сабақтары қалыптасып, осылайша жалғасып, сорттарының ерекшеліктеріне байланысты өркендей береді. Осылайша сабақтануы аз, орташа, көп болуы сорттың ерекшеліктеріне , қоректену алаңының көлеміне , өсіп- өндіру технологиясының қолайлы жағдайларына байланысты болады. Сабақтанудың түрлері: орталық бір сабақты, көп сабақты(сегізден де көп сабақтар) орташа(5-8 дейін) ,аз(1-4). Сабақтарының ұзындығы сорттарына ,өсіру жағдайларына қарай салқындау аймақтаырда 1,5 м, ал қоңыржай жылы жақтарда 2-3 м-ге дейін өсіп өнеді.Сабақтарының ұзындығына қарай 4 топқа бөлінеді: түпкісі- 0,1 м, қысқа сабақтысы- 0,1-0,5м, орташасы -0,6-1,5м ұзын сабақтылары 1,5 м-ден де ұзынырақ болып қалыптасады. Сабақтарының жуандығы : жіңішкесі – 0,5см, ал жуандары-0,5см-ден де жуан. Қысқа сабақтылары ерте піседі, жемістері онша үлкен емес. Сабақтарының жапырақтанулары аз, орташа, және көп болып бөлінеді.
Жапырақтануы. Сабағының өсіп-дамуы кезеңінде жапырақтары кезектесіп қалыптасады.Жапырақ алақандары тұтас- аздап қана қалақтануы болады, жапырақтарының беттері тегіс, аздаған қыртыстары бар , кедір-бұдырланған , шеттері бүтін , тұтас немесе жиектері ара тісі тәрізденіп қалыптасады. Жапырақтарының екі жақ беттері сабақтары сиқтанып түктенеді немесе түксіз де болып өседі.
Жапырақтарының сыртқы түр пішіндері әртүрлі сүйірленген, сопақша бес ұшты сопақша болып қалыптасады. Жапырақ алақандарының ұзындығы қысқа (12 см-ге дейін ) орташа (12-15см), ұзын (15 ден ұзын) болады. Жапырақтарының ендері : кішкене ( 15 см- дей), орташа (15-20см), енділеу (20-ден енді).
Қиярдың гүлі
Қияр жемістері
Гүлденуі. Қияр дақылы бір үйлі бөлек жынысты аталық және аналық гүлдері бөлек-бөлек немесе қосжынысты болып қалыптасады. Гүлдері жапырақтарының қолтығында, аталық гүлдер бірнешеуден топтасып аналық гүлдерге қарағанда
2-3, 3 тәулік ерте қалыптасып гүлдейді аналық гүлдері жапырақ қолтықтарында немесе қосақтасып екеуден, анда- санда үшеуден орналасады.
Қазіргі кезеңде негізінен тек аналық гүлдерін қалыптастыратын сорттар мен будандар көптеп шығарылуда, осыладың аналық түрлерін, осындай сорттармен будандарды жан-жаққа кеңінен жалпылай шаруашылықтан пайдалануы қиярдың өнімділігін 2-3 рет арттырады.
Аталық гүл шоғырында тек қана күлте жапырақ болады. Осы күлте ішіндегі аталық жынысында тозаңы пісіп-жетіліп аналық гүлді тозаңдандыруға 1-2 тәулікте жетіледі. Осы гүлдер жеміс бермейді, ал аналық гүлдің күлтешесінің астында кішкене болашақ жемісінің негізі болып жапырақ қолтығында тығыз орналасады, тап осылайша аталық гүл мен аналығының айырмашылығы көрініп тұрады, бұл заңдылық барлық асқабақ тұқымдастарының өздеріне тән бір ерекшеліктері. Аталақ және аналық гүлдерінің күлтешелері ашық сары араларымен, жәндіктермен айқас тозаңданады. Аталық гүлдері 1-2 тәуләкте, ал аналықтары 3-4 тәулікте күлтешелері аналық гүл тозаңданбаса кеуіп түсіп қалады. Егер тозаңданса , болашақ кішкентай жемісі дамып өсе бастайды. Осы жастай піспеген жемістерінің 2-3 тәулігін пикули, 4-5 тәулігін корнишон деп аталады.осы екеуін көкөнісшелер нәзіктігіне қарай уызға теңейді. 9-12 тәуліктен асырмай тағамға жинап тұру қажет, өйтпеген жағдайда қабықтары қатая бастайды.
Жемістері. Жемістерінің қысқасы 5см-ден 10 см-ге дейін, орташасы 11 см-ден 20 см-ге дейін, ұзындары 21-30 см –ге дейін, өте ұзындары 30 см-ден де ұзын болады. Жемістері жас, қысқа болса, соғырлым құнды болып есептеледі. Жемістерінің сыртқы пішіндері домалақ, жұмыртқа пішінді, қолорақ тәрізді болады.
Сыртқы беттері тегіс, бүршікті, кішкене бүршікті, ірі бүршікті, ал енді қияр жемістерінің өзіне тән түктері үш түрге бөлінеді: қарапайым, әдеттегідей, ақ, қара аралас, күрделі бүршікті, кедір –бұдырлы, қара-көк, жасыл –көк, күңгірт-қоңырға дейін, ал осыладың негіздері сорттарының айырмашылықтарына және өсірілген ортаның жағдайларының технолоиясына байланысты өзгеріп қалыптасады.
Өсіп-өндіру мезгілдеріне қарай үш кезеңге бөлінеді: ерте пісетін сорттарының тұқымдары топыраққа егіліп жатпай көктеп шыққан кейін ауа райыынң қолайлы жағдайында жемістері 32-48 тәулікте, орташа пісетіндері 50-55 тәулікте, ал кеш пісетіндері 55-70 тәулікте тағамға пайдалануға жарамды болады. Жақсы жемістерін қалыптастыра бастаған түптен бірінші, екінші, үшінші жемістерін тағамға пайдаланып, 4-5-ші жемісінің түстері сарғайыа, сүттей ағарып, қабығы піскенге дейін тұқымдыққа қолдану қажет, ал кейбір сорттардың өздеріне тән ерекшеліктеріне қарай тұқымдық жемістерінің сырты бірнеше түрлі торланады, осындай кезінде күңгірт-қоңырға дейін түстері өзгереді. Қияр жемістері жалған жидек, осыған байланысты әрбәр тұқымдық жемісте 3-тен 5-ке дейін тұқымдар пісіп-жетілетін бөлімшесінде сақталады. Бір тұқымдық жемістен 100-400 дана тұқымдар алынады. 1000 дана тұқымдарының салмағы 15-35 грамға дейін. Тұқымдық жемістер әбден сарғайып, пісіп жетілгеннен кейін, жылы жерге әкеліп қойып жұмсарып, босап иісі шыға бастағанда ұзына бойына пышақпен кесіп, тұқымдарын шай қасықпен әйнек банкаға салып, 2-3 тәулік сақтайды, осы мезгілде банкінің ішіндегі тұқымдардың беті кілегеіленіп көпіршиді, осыған жеткенде тұқымдарды таза сумен бірнеше рет жуып қағаз, кардон, панераның үстіне жайып, жылы көлеңке орында кептіреді. Өсімділігі 6-8 жылғасақталады.
Бақылау сұрақтары:
Қияр жемісіндегі пайдалы калий элементінің пайдасы
Қиярдың морфологиялық-ботаникалық маңызы қандай
Дәріс №7
Тақырыбы: Баялдыны өсіру технологиясы
1.Баялдының морфологиялық-ботаникалық маңызы.
2.Баялдының агротехникасы.
3.Баялдыны қорғаулы жерде өсіру.
4.Баялдының тұқым шаруашылығы.
