Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дарис 2015.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.86 Mб
Скачать

Ф .7.03-03

Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі м. Әуезов атындағы оңтүстік қазақстан мемлекеттік университеті

Агротехналогия кафедрасы

«Жабық грунтта дақылдары өсіру технологиясы» пәнінен

ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ

Шымкент 2016 ж

ӘОЖ 635.1/.8 (075)

Құрастырушы: б.ғ.к., аға оқытушы Джамалова Г.Т., магистр оқытушы Батыр Э.Е.

«Жабық грунтта дақылдары өсіру технологиясы» пәнінен 5В080100 – «Агрономия» мамандығы бойынша оқитын студенттер үшін дәрістер жинағы. Шымкент: М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 60 бет, 2016ж.

5В080100 – «Агрономия» мамандығының студенттеріне пәні оқу жоспары және бағдарламаның талабына сай, дәрістер жинағына барлық қажетті мәліметтер енгізілген.

Пікір берушілер:

Есенгелдиева Л.Қ-а.ш.ғ.к., аға оқытушы «Агротехнология» кафедрасы М.Әуезов атындағы ОҚМУ

Әдістемелік нұсқау «Агротехнология» кафедрасының мәжілісінде қаралды және баспаға ұсынылды

(Хаттама № « » 2016 ж. )

© М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, 2015ж.

Кіріспе

Қорғаулы жер - маусымнан тыс уақытта көконіс және баска да ауыл шаруашылығы дакылдарын өсіруге пайдаланатын, өсімдіктерге қолайлы жасанды микроклиматы бар, арнаулы құрылыстар немесе жер телімі. Қорғаулы жердің негізгі міндеті күзде-қыста және көктемдс көкөністер өндіру; ашык жер үшін көкөніс дакылдарынын көшеттерін өсіру. Қорғаулы жер көкөніс шарушылығын солтүстікке жәнс шығыска жакындатуға мүмкіндік жасайды, өсірілетін көкөніс дақылдарының турлерін көбсйтуге, халықты жыл бойы жас көкөніспен камтамасыз етуді үйымдастыруға көмектеседі.

Қорғаулы жер өсіру құрылыстары жылыжай, булыжай және жылытылған жер болып бөлінеді. Ашық және қорғаулы жерлерді дұрыс үйлсстіріп, көкөніс өнімін сактауды жаксы ұйымдастыра отырып, жас кокөністі жыл бойы өсіруге болады.

Дәріс № 1

Тақырыбы:Дақылдары жіктелуі

Жоспар:

1.Ботаникалық жіктеу

2.Өндірістік жіктеу

3.Тіршілігінің ұзақтығы бойынша жіктеу

1.Ботаникалық жіктеу.

Дақылдарың ботаникалық белгілері бойынша және олардың өсімдіктер жүйесіндегі орнына байланысты жіктеу ең дәлірек, себебі ол өсімдік түрлерінің туыстық байланысын көрсетеді. Дақылдары мынадай тұқымдастарға жатады:

1. Ақкекірелер (күрделігүлділер): бөрікгүл, қойжелкек немесе ақтамыр, егістік ақ сүттіген (шашыратқы ақ сүттіген), эндивий және эскариол ақ сүттігені (көктікен), скорционер (кара тамыр, тәтті тамыр), жер алмұрты (топинамбур), эстрагон (эстратондық жусан, торқұн).

  1. Бұршақтар: атбас бұршақ (мал азықтық, орыстық), егістік асбұршақ, кәдімгі үрме бұршақ, бойдана немесе көгілдір тас беде (тригонелла), лима үрме бұршағы.

  2. А й л а у л ы қ т а р: бәдіреншөп (бораго, бурачник).

  3. Шүйіншөптілер: далалық шүйіншөп.

  4. Шырмауықтар: тәтті картоп немесе мәдени батат.

  5. Т а р а н д а р: рауғаш, қышқылтым қымыздық.

  6. К е у е л д і л с р: кеуелдер.

  7. О р а м ж а м ы р а қ т ы л а р (крестгүлділер): брокколи, тарна, жапырақты қыша (сарепеттік), ақ қауданды, брюссельдік, қытайлық, жапырақты, пекиндік, савойлық, түсті орамжапырақ, кольраби, қатыран (қырымдық ақжелкен), екпе шығар (бақшалық шығар), шалғам, шалқан, шомыр, ақжелкек.

  8. Ж у а л ы қ т а р: алтай жуасы, порей жуасы, қат-қабатты жуа. Ошанин жуасы немесе жабайы пияз, батун жуасы, екпе не­месе басты пияз, шалот пиязы, шырынды пияз, сарымсақ, шнитт пиязы.

  1. С а р ғ а л д а қ т а р: содана.

  2. А л а б ұ т а л а р: жусан к ө к п е к, а с х а н а л ы қ қ ы з ы л ш a, ш п и н а т, мангольд.

  3. Қ о ң ы р б а с т а р: қантты немесе көкөністік жүгері.

  4. А л қ а л а р: баялды, қызыл бұрыш, кызанак, қызылқұлақ.

  5. Қ а р а о т т а р: бақшалық қараот.

  6. Р у т а л а р: бақшалық рута.

  7. Б а л д ы р к ө к т е р (шатыргүлділер): бәден, кервель, күнзе, сүймснтамыр, дәрілік сермене, сәбіз, ботташық, ақжелек, балдыркөк, зере (зире), аскөк, арамсарбас (әптиек аскөгі), көкөністік арамсарбас.

  8. Қ о я н ш ө п т е р: қояншөп.

18. А с қ а б а қ т а р: қарбыз, қауын, кәді (қауақ), қияр, самсар, асқабақ, чайот (мексикалық қияр).

  1. А й з он д ы қ т а р: жаңазеландық шпинат.

  1. Тауқалақайлар (еріндігүлдер): насыбайгүл, жыланбас, сайсағыз, жұпаргүл, киікшөп, көп жылдық майоран (киікоты), бір жылдық майоран (кәдімгі бақтық), бұрыш жалбыз, гүлшетен, жебіршөп (бір жылдық немесе иісті жебіршөп).

21.Құлқайырлар: бамия.

Жуалар, қояншөптес және коңырбастар тұқымдастарының өсімдіктері дара жарнақты, ал қалғандары - қос жарнақты. Гүлді өсімдіктерден басқа өндірісте тақта тәрізділер тұқымдасынан: қозықұйрық, томарқұлақ саңырауқұлақтары белгілі.