- •7.«Өмір мектебі» романындағы кезең шындығы
- •8.«Көзкөрген» романының пішіндік құрылымының ерекешелігі.
- •9.Мекере Атымовтың «Өмір мектебі» жайында зерттеу мақаласы:
- •13. С.Мұқановтың мемуарлық романындағы жазушы шығармашылығына қажет мәліметтерді атап өтіңіз.
- •14. М.Әуезов туралы естеліктеріндегі «Қарагөз» пьесасының жазылу тарихына қатысты мәліметтерді атап көрсетіңіз.
- •15. Мемуарлық проза үлгілерінің жанрлық сипатына тоқталыңыз.
- •18. Ресей қаламгерлерінің естеліктерін атап өтіңіз.
- •23. Ақын-жазушылардың естеліктеріндегі дерек көздері мен автор дүниетанымы туралы айтыңыз
- •24. Қ.Жұмаділовтың «Таңғажайып дүние» романындағы тарихи өмір шындығын баяндаңыз
- •25.Б.Момышұлының«Ұшқан ұя» романдағы автор тұлғасы
- •26.Мемуарлық шығармалар тарихы
- •27.С.Мұқанов туралы естеліктер.
- •29. «Көзкөрген» мемуарлық романының зерттелу тарихы.
- •34. Эссе жанрының туып қалыптасуы туралы баяндаңыз
- •35. Ә.Нұршайықовтың Автопортрет атты эсселер жинағына тоқталыңыз
- •36. С.Шаймерденовтың Ағалардың алақаны естелік кітабы туралы баяндаңыз
- •40. М.Әуезовтың хаттары туралы айтыңыз.
- •41. М.Мақатаевтің күнделіктеріне тоқталыңыз.
- •45. Қаламгер хаттарының кезеңдік міндеті мен әлеуметтік маңызы туралы баяндаңыз.
- •46. Қазақ эпистолярлық жанрына тоқталыңыз.
- •48. Жазушы мен оқырман хаттарына тоқталыңыз.
- •49. Ұлы Отан соғысы жылдарында жазылған хат-өлеңдерге тоқталыңыз
- •50. Жазушының шығармашылық лабороториясындағы қаламгер хаттарының маңызы жайында айтыңыз.
- •55. Хаттар мен күнделіктердің құрылымдық, пішіндік ерекшеліктерін атап өтіңіз.
- •59.Қазіргі қазақ прозасындағы эссе жанрының дәстүрі.
18. Ресей қаламгерлерінің естеліктерін атап өтіңіз.
Семялық романдар, әр шаңырақтың ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын шежіре-намалары, белгілі адамдар жөнінде қызықты жазбаларды жариялау, естелік кітабын шығару – Европада ежелден келе жатқан дәстүр. Ал орыс әдебиетінде Державин, Жуковски, Ломоносов жөнінде кейін шығармалар жинағы мен бірге жарияланып жүрген естеліктер бар. Өзге мәдениет үлгілері секілді естеліктердің орыс әдебиетінде өркендеуі де- ХІХ ғасыр. Кезінде жарияланғаны бар, жарияланбағаны бар ол естеліктерді бертінде сала-сала, серия-серия етіп жүйелеп жариялады. Айталық, А.С.Пушкин, Н.А.Некрасов, И.С.Тургенев, А.П.Чехов, Л.Н.Толстой, Ф.М.Достоевский тағдыр-талайы хақында жинақтау формасындағы естеліктерден жеке кісінің естелік кітабына дейін сан алуан ыңғайдағы кітаптар молынан жетті оқушыларға. «Л.м.» (литературные мемуары) сериясымен ілкіде жарық көрген естелік кітаптары қазір қайта басылым үстінде. Жинақтап айтсақ ол естелік-кітаптары мынадай жүйеде: біріншіщ, бір адам хақында оның замандастары жазған естеліктердің жинағы; екіншіден, жазушының аяулы жары жазған естелік кітаптары; үшінші, жазушылардың жәрдемшісі, секретары, дәрігері жазған естелік кітаптары. Ара-тұра Л.Н.Толстой секілді ұлы жазушының баласы, балдызы жазған естелік кітаптары да кездесетінін айта кеткен жөн. Кейін келе-келе мемуарлық әдебиеттегі ХІХ ғасырда күрт өркендеген осы көрініс үзілмес дәстүрге айналып, жақсы жалғасын тапты.
Бір қарағанда том-том мемуар жазған А.И.Герцен, Л.Н.Толстой, бай эпистолярлық мұра қалдырған И.С. Тургенев жөнінде замандастары айтарлықтай не сыр қалды деп те ойлауға болады. Олай емес, бірақ, Тургеневтің туған күнінен бастап бар мінез-құлқын бақылап, бағып ақ қағазға түсіріп анасы отырған. Соңғы демі таусылуға бір сағат қалғанға дейінгі бар жағдай естелікке түскен. Некрасов жайлы естеліктердің ұзын-ырғысы екі жүздей екен. Ал, Л.Н.Толстой, И.С.Тургенев жайлы естеліктер одан да асса керек.
19.Тар жол, тайғақ кешу автор тұлғасы мен замандастар бейнесі. Алаш арыстарының жарқын бейнесін айқын бейнеленейтін, заман шындығына негізделген көркем туындылардың бірі – Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» роман-эссесі. Белгілі ғалым, профессор Т.Кәкішұлы «Тар жол, тайғақ кешу» роман-эссесі туралы төмендегідей пікір білдіреді: «Роман-эсседе ұлт-азаттық қозғалысының өзекті мәселелері, әсіресе қазақ елінің автономия алып, теңдікке қол жеткізу жолындағы ізденістері, бүкіл алаш қозғалысына ұйымдық сипат дарытатын партияның құрылу мән-жайы, алаш көсемі Әлихан Бөкейханов пен кемеңгер Ахмет Байтұрсынов жайындағы Сәкен көзқарасы мен қарым-қатынасы тарихи шындық деңгейінде байсалды суреттелген. Сондықтан ол – қазақтың төңкерісшіл, социалистік реализм бағытымен дамыған әдебиетінің ғана емес, бүкіл сөз өнерінің ұлы да кезеңді шығармасы болып тарих бетінен орын алды». Роман-эсседе ұлттық тарихымызда ешкіммен салыстыруға болмайтын ерекше тұлғалар Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатовтың өмірі, саяси қызметі, шығармашылығы, ел теңсіздігі үшін күресі тарихи шындық негізінде берілген. Тарихи сұсты оқиғаларды айқын көрсеткен «Тар жол, тайғақ кешу» роман-эссесі бір жағынан – тарих, екінші жағынан – саяси сауат ашқыш болып табылады. Қараңғылық пен надандықтың шырмауында отырған халықтың сана-сезімін ояту, елдің тұрмысын, мәдениетін, білімін көтеру алаш зиялыларының басты мақсаты болды. Сакен Сейфуллин шығармасында Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатов басқарған «Қазақ» газетінің сол кездегі қара халықтың жанашыры болғандығын, халықтың осы газеттің ықпалымен жүргендігін төмендегідей суреттейді: «Қазақты» басқарған – Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатов. Жазушылар: Бөкейханов тағы солар. Бұл газетте «Тіршіліктен» басқасының бәрі бір бетте болды. Бәрі Орынбордағы «Қазақ» газетінің ықпалымен жүрді. Бәрінің құлақ күйін қазақ газеті бұрап беріп, нұсқау беріп отыратын болды. «Қазақтың» басындағылар, Қазақстанның әр жеріндегі ниеттес адамдарына нұсқа беріп, хат жазып жатты. Газеттердің бәрі көз жұмбай ұлтшыл болды. Ұлтшыл болған соң, еріксіз байшыл газет болды. Бәрінің ортақ туы «Қазақ» газеті болды». Қазақ әдебиетіндегі Әлихан тұлғасы кӛрінетін тағы бір шығарма С.Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» мемуарлық романы. Тарих алдында және бүгінгі күні шығарма лайықты ӛз бағасын алуда. «Тар жол, тайғақ кешу» - ХХ ғасыр басындағы тарихымыздың кӛркем шежіресі. Еңбектің құндылығы сол, Сәкеннің ӛзі жазған оқиғалардың басы-қасында болуы, және сол оқиғаларды нақты дәлел, деректермен, куәгерлер сӛздерімен бере біліп, оны оқырманға кӛркем тілмен жеткізе білуінде. Ал шығармадағы Әлихан бейнесіне келер болсақ, расы сол, Әлихан жағымсыз бейнеде, яғни басқа қырынан кӛрінеді. Бұл тұрғыда біз Сәкенді қаралаудан аулақпыз. Әлихан мен Сәкен жеке бас араздығы, пендешілік қарым-қатынас негізінде бір-біріне қарсы болған емес. Оны ғалым Ахмет Күләш Садыққызы да растайды. Екеуін өмірдің екі жағына лақтырған олардың саяси ұстанымы, сол қиын шақта болып жатқан оқиғаларға деген алуан кӛзқарасы болса керек. Ойлағандары-бір елдің жағдайы, кӛксегендері-бір елдің мүддесі болса да, қос алыптың сол мұратқа жетуде екі бӛлек жолды таңдағанын білеміз. Сәкен құрылғанынан бастап басы-қасында болған большевиктік Кеңес үкіметіне адал болса, Әлихан «Алаш» идеясын ӛмірінің соңына дейін ту қылып ӛтті. Екеуінің арасындағы саяси екі ұдай пікір Ақпан тӛңкерісінен кейін басталған еді. Әлиханның жаңа үкімет құрлысы турасында «Россияның үкіметі Англия үкіметіндей патшасы бар парламентті болу керек» деген ұсынысына Сәкен бастаған топ « федеративтік республика дұрыс» деп қарсы уәж айтқан болатын. Ақмоланың уездік қазақ комитетін басқарған Сәкеннің елде жүрген әлсіздерге зорлық кӛрсеткен тӛре, шенеуіктердің іс-әркетіне ӛшігуі осы тұстан бастала керек «Совет үшін күресте» тарауында «Бӛкейханұлы бастаған съездің қарары бойынша күллі Қазақстанда «Алаш» партиясы құрылды. Біздің «Тіршілік» газетінен басқа газеттерде «Алаштың» жобасы жарияланды. Бірақ «Алаш» өзінің бұл құрғақ жобасын іс жүзінде қолданған жоқ, Колчак ағасының тәртіптерін қолданды.» - деп ашығын. Одан әрі « Барлық «Алаш» «ағасы» Әлихан Бөкейханұлын, ұлтшыл оқығандар «көкке көтерді». Дон-Кихотша Бөкейхан Сібір съезіне келді» деп суреттейді. Иә, Сәкен Әлихан бастаған Алаш зиялыларының ел басқаруда, яки басқа істе де қате-кемшілігін көрсетуде әділін айта білген, және ешкімнен жасқанып, тайсақтамаған да. Солай десек те, шығарманың өн бойында «Әлихан бастаған көкжалдар, «Алаштың қулары» тәрізді сөздер көп кездеседі. Яғни Сәкен Алаштықтарды сынауда, уытты, ащы сӛздері мен қызыл тілінінің қарымын аямағанында байқаймыз. Бұл турасында Т.Кәкішев пен К.Садыққызының «Тар жол, тайғақ кешудің тағдыры» атты кітабында жан-жақты айтылады . Өзі атаман Колчак, атаман Анненковтың азап вагонында талай қиямет-қайымды басынан ӛткізген Сәкеннің сол Ақтармен ниеттес болған «Алашорда» , оның басшысы Бӛкейхан жайлы жылы сӛз айтпауының себебі де түсінікті. Күләш Ахметова бұл жайында «обьективтік жағдайларға субьективтік түсіндірмелер қосылмай тұрмайды. Сәкеннің Бӛкейхановты «Алашорда» үкіметінің жиынтығы деп түсінуі, «Алашорда» үшін, әсіресе Ә.Бӛкейханов жауап беруге тиісті деп ұғуы қаламды қатты ұстауға, әжуа-мысқылды қолдануына тура келген сәті де жоқ емес. Шамадан асып кеткен тұсында Сәкенді жақтай қою қиын, дегенмен жазушы ретінде әсірелеп жеткізуге правосы барлығын тағы жоққа шығара алмаймыз» орынды тұжырым жасайды. Мұнан Сәкеннің Әлиханға көп ретте тисе сөйлеуі таптық көзқарастың салқындығы деп түсінеміз. Дегенмен біз жоғарыда сөз еткен «Әлиханның Семейге келуі» атты мақаланың Сәкеннің осы шығармасына енуінің өзі көп нәрсені аңғартады. Күләш Садыққызы бұл турасында «Тар жол, тайғақ кешудің 1927 жылғы басылымында Әлиханға деген құрмет пен көңіл күй 1936 жылғы түзету кезінде алынып қалыпты. Әлихан-Сәкен қарым-қатынасын ашатын мәнді тарихи дерек соңғы басылымдарда кездеспей Сәкеннің сөзі қатқыл болып кӛрінеді.» дегені шындық. Әлиханын қарсы алған халықтың жай- күйін өз шығармасында толық беруі Сәкеннің Әлиханға, оның жеке басына деген сый-құрметін, халық алдындағы Ә.Бӛкейхановтың абырой- беделін мойындап басын игендігін аңғартса керек. Демек, Сәкеннің субьективтік көзқарасына құрметпен қарай отырып Бөкейханов тұлғасын танытуда, оны мақтауынан, даттауы көп болғанымен, «Тар жол, тайғақ кешу» Әлихан тұлғасын келешек ұрпаққа жеткізуде құнды шығарма болғандығы сөзсіз. 1918 жылы маусым айында жергілікті ақ қазақтар ақ казактар контрреволюцияшыл күштердің көмегімен көтеріліс жасап, ақмоладағы Кеңес үкіметін құлатады да, совдеп басшыларын тұтқындайды. Осы дәуірдің оқиғалары арқылы Сәкен революция қайраткерлерінің тар жол, тайғақ кешуден өткен ерлік күресін суреттейді. Ақмола түрмесінде, атаман Анненковтың азап вагонында өздері басынан кешкен ауыр күрес жолдарын реалистік тұрғыда бейнелейді. Кейіпкерлерінің бейнесін сондай ауыртпашылық азап үстінде көрінеді. Онда Ә.Жангелдин, А.Иманов, Ә.Әйтиев, С.Шәріпов, Ә.Майкөтов, К.Сүтішев т.б азаттық жолындағы күрескерлер туралы мол дерек бар. Сонымен бірге, жазушы қиындыққа шыдай алшмай тез сынып, дұшпанның жетегінде кеткен адамдардың бейнесін де ашады. Ақмола түрмесінде Сербов деген монархист офицердің тұтқындарды ұрып, патшаға салауат айтқызам деген әрекетін әңгімелей отырып, осы тұстағы матрос Абдеев пен большевик Павловтың мінездерін қарсы қоя суреттейді. Түрменің күзетшілері мен полиция адамдары қаншама ұрып зәбірлесе де, ешбір күшпен Абдеевті көндіре алмайды. Бұдан кейін түрмешілер басқа есікті ашып, осы талапты Павловқа қояды. Оны да зорлайды, ұрады. Павлов шыдай алмай, «Боже, царя храни» деп жырлап қоя береді. «Жырды естіп тұрған тұтқындар ызамен күйініп жылады» дейді автор. Мұның өзі күрес қиыншылығын қандай адамдардың қалай көтергенінің бір мысалы ғана. Адам басында болатын күйініш-сүйініш, ерлік-ездік мінездердің көп жайы романда жазушының өз түйсігі, қабылдауы күйінде беріледі. Бұл бір жағынан күрескер ақынның өз образын айқындай түссе, екінші жағынан қиыншылықты басынан бірге кешкен оның достары бейнесін де толықтырып отырады.
20.Құлбек Ергөбектің естелік кітаптар туралы сын- пікірлеріне тоқталыңыз. Естелік- әдебиет жанры. Ол да мемуарлық жанрдың бір үлгісі. Естелік, көзбен көрген шындыққа құрылса игі. Ол бұл ретте «бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» дерлік шыншыл жанр. «Қызыл сұңқар», «Біздің Мұхтар», «Кәдімгі Сәбит Мұқанов», «Дастан ата» естеліктері туралы Құлбек Ергөбек төмендегідей жазады. Автордың айтуы бойынша естелікті құрастырушылар өз мүмкіндіктерін толық пайдалана алмаған. Ойлап отырсақ, біз естелік кітабын үнсіз құрастырған екенбіз. Белгілі қаламгер жайында естелік кітабы құрастырылып жатқанын біреу естісе, біреу естімей қалады екен. Осындай кемшілікке жол бермес үшін, естелік кітабының құрастырылатынын ағымдағы баспасөз арқылы хабарлау жөн. Бұл-бір. Екіншіден, «Қызыл сұңқар», «Біздің Мұхтар», «Кәдімгі Сәбит Мұқанов», «Дастан ата»- кітаптарында бағышталып отырған жазушыларды білетін шетелдік, одақтық, туыстас республикадағы тірісінде сыйласқан тұстастары, әріптестері еркін қатыса алмаған. Сәкен жайлы естелік кітабына сырт авторлардан жалғыз Галина Серебрякова ғана естелігімен қатысқан. Қалған үш кітапқа да арнайы естелікпен қатысқан сырт қаламгерлер аз. Үшіншіден, сол олқылықтың орнын толтырғымыз келіп кітапқа дүние- жиһан қаламгерлерінің қазақ ақын, жазушысы жөнінде ертелі- кеш айтқан бір-екі ауыз бағалау сөздерін тоғытамыз. Өкініші- бұл естелік болып сөйлемейді. Кітаптан- кітапқа көшіп жүретін көпке мәлім көшпелі бағалау сөзі болып шығады. Төртіншіден, кітапты естелікпен толтыра алмай, зерттеу мақалаларын көптеп араластырамыз. «Қызыл сұңқарлардың» екінші бөлімі түгелдей мақалалар мен сөздерден тұрады. «Біздің Мұхтарда» да жазушыға арналған жиынды ашу, жабу салтанатында сөйленген сөздер орын алған. Бесіншіден, естелікке, авторларына берілетін түсінік бір ізге түспей келеді. «Қызыл сұңқарда» түсінік жоқ. «Кәдімгі Сәбит Мұқановта» кейбір материалдардың қысқартылып берілгені ескерілмепті. Ең бастысы- көзі жоқ қазақ қаламгерлері жөнінде естелік кітабын шығаруды жүйелі жүргізу керек. Өйткені, естелік- әдебиеттің ең керекті жанрларының бірі. Естелік-орыс әдебиетінің ең бір құнды және жұрт құныға, құмарлана оқитын саласы. Естеліктер арқылы елдің ардагер ұлдары өз халқымен қоса өмір сүреді. Естелік- сөзден соғылған мүсін, жанды бейне.
21.Естеліктің нақты өмір шындығына қатысы туралы баяндаңыз. Естелік- әдебиет жанры. Ол да мемуарлық жанрдың бір үлгісі. Естелік, көзбен көрген шындыққа құрылса игі. Ол бұл ретте «бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» дерлік шыншыл жанр. Естелік авторларының табынатын тәңірісі-шындық болу шарт. Әсіресе, естеліктің мемуарлық аталас жанрлардан айырмашылығы- шыншылдығында. Тіпті, мемуарлық шығармалардың өзінде болмысты типтендіруге, бояй суреттеуге ырық беріледі. Ал естелік жөні бір басқа. Онда боямаға, қоспаға орын жоқ. 19ғғ орыс әдебиетінің алтын ғасыры болып саналады ғой. Сол мәдениеттің ептеп қазақ әдебиетіне, оның естелік жанрының тарих тағдырына себі тиген жағдайлары бар. 19ғғ өмір сүрген Шоқан,Ыбырай,Абай секілді ұлы аталарымыз жөнінде бірсыпыра естеліктердің жазылып, жарық көруіне бұл мәдениеттің көп ықпалы болды. Атап айтарлық жай- достарының естеліктерінен Шоқанның туған ортасы, Омбыдағы оқушылық ортасы, Омбы, Петербургете өткен саналы ғұмыры, еңбектерінің ғылыми мәні жөнінде көп құнды мәліметтер бар. Әсіресе, оның бала күнгі досы Г.Н.Потанин естелігі әрі көлемді , әрі аса құнды. Бұл естелік-жазбаларда Шоқанның бала шағынан дүниеден қайтқанына дейінгі аралықтағы мінез- құлқы, іс- әрекеті, тіпті ата-анасының жайына дейін қамтыған.Естелік табиғатын ескеріп Шоқанның жеке басындағы кейбір сұлтандық тәкаппар мінезіне дейін жасырмай айтқан. Оның естелігінде «Шоқан өзінің орыс жолдастарынан баса озып тез өркендеді», «Шоқан 14-15 жасқа толғанда кадет басшылары болашақ зерттеуші, тіпті оқымысты райында да қарайын бастаған еді», «Шоқан мінезінде Пушкин мен Лермонтов белгілерін еске түсірерлік белгілер бар еді» секілді еске алу, бағалаулар өз нақтылығымен, пікір байлығымен құнды. Естелік кітаптардан ең алдымен, қалам қайраткерлерінің шыр етіп дүниеге келген сәтінен бұл пәниден аттануына дейінгі өмір жолын әр қырынан елестетерлік мәлімет ала аламыз. Жамбыл Жабаевтің балалық шағын көзбен көрген ешкім жоқ, алайда Сәкен, Мұхтар, Сәбит секілді алыптардың балалық шағы естеліктерде едәуір берілген. Кенен Әзірбаев және бірсыпыра көзкөргеннің естелігіне ден қойсақ, Жамбыл қазақтың жуан тап байларын ғана емес, қырғыз манаптарын да қырқып сынап, астамшылығы үшін ат шапан айып тартып кетіп барады. Анненковтың азап вагонында сым торлы түрмеде Сәкенмен бірге болған З.Катченко ол жылдарды былай еске алады: «Сәкен алда, одан жиырма қадамдай кейін мен келемін.Сол арада аттылы екі қазақ байы Сәкенге екі жақтан жабысып, шашынан жұлып, қайта-қайта соқтықты. Тұла бойы қанға малынған Сәкен сонда да былқ етпей, тәкаппар шалқая басып жүріп кетті». «Арбакеш бірінші күзетшіден өтіп, екінші күзетшіге таянған кезде, үстінен салмақ басқан Сәкен қозғалса керек, арбадан кесек мұз түсіп қалды, осыдан ба, күзетші қоқым арасына қылышын сұғып кеп қалғаны. Бақылап тұрған біз жүрегіміз жарылып кете жаздады. Сәкен өлген шығар деп едік». Абақтыға қамауға әкетіп бара жатқан және түрмеден қар күресіні тиген шанаға, қоқыс астына жасырынып қашып бара жатқан Сәкен трагедиясының екі сәті Катченко естелігінде осылай берілген. М.Әуезов туралы академик Ә.Марғұлан былай дейді: «Сол Октябрь сәулесімен қатар әлеумет майданына тасыған сұрапыл күшпен жас саңлақ Мұхтар да шықты.Ол кісінің қауым алдында әдебиет жүзінде көріне бастағаны 1917жылдан былай қарай. Мұхаңның атын көпшілікке әйгілі еткен ең алдымен «Абай» журналы еді. Бұл журналды Мұхаңның ең алғашқы беташары деуге болады. Өйткені, оны бірінші рет ұйымдастырып, оның негізгі мақалаларын жазған көбінесе Мұхаңның өзі болатын». Осы бір қарапайым естелік жолдарында Мұхаңдай ұлы адамның айтылмай, жазылмай келе жатқан сыр бар. Ол сыр Мұхаңа ғана қатысты емес, М.Ә-тің творчестволық ортасына да тікелей қатысты. Ал С.Мұқановтың жетімдік, батырақтықтан қайраткерлікке өсу жолын Ғ.Мүсірепов былай айтады: «Он жетінші жылдан бері Сәбит үлкен қалаларда, мен ауыл төңірегінде болдым да, ол менен «озып» кеткен екен. Ол Совет үкіметінің болашағы жайлы сөйлей алатын болыпты. Қазақстан мәселесі түгел алақанында сияқты. Наркомдермен тең отырып сөйлеседі. Өзі бас наркомның үйінде тұрады екен, мені де сонда алып келеді». Замандастар естеліктері осы секілді болып келеді. Мұнда уақыт бедері бар. Авторлар өздерін аса жауапты сезінеді. Бұл естеліктерде трагедиялық бояулары қалың тағдыр соқпағы бар. Авторлар оны ойдан шығарып отырған жоқ, көзімен көрген шындықты баяндап қана отыр.
22. Сәкен Сейфуллин туралы естелік-кітапты құрастырудың тәжірибесі жайында айтыңыз Алғашқының аты-алғашқы, кітапта көп кемшілік орын алған. Жетпісінші жылдардың беделінде Сәкен Сейфуллин жөнінде естелік жазар авторды кеңінен қарастыруға, молынан табуға болар еді-ау деп ойлайсың. Қатысқан авторлардың өзіне түсінік берілмеген. Авторлардың кім екенін біліп болмайды. Сөйте тұра, бір есептен ақын інісіне осынау естелікті құрастырып қалдырғаны үшін риза болмасқа әддің жоқ. Өйткені тап осындай рухани ескерткіш жасалуға тиісті Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлинге бұндай несібе кезінде бұйырмады. Көз көргендердің дүниеден көшуіне байланысты ондай естеліктер жазғызып, жинап құрастыру енді мүмкін емес. «Қызыл сұңқар» естелік-кітабы ғана емес, қалған үш кітапта дұға бағышталып отырған жазушыларды білетін шетелдік, одақтық, туыстас республикалардағы тірісінде сыйласқан тұстастары, әріптестері еркін қатыса алмаған. Сәкен жайлы естелік кітабына сырт авторлардан жалғыз Галина Серебрякова ғана естелігімен қатысқан. Қалған үш кітапқа да арнайы естелікпен қатысқан сырт қаламгерлер аз. «Қызыл сұңқар» естелік кітабында замандастары аша алмаған бір жай-ақынның ақтық сәті. 1937 жылы ұсталып, араға жыл салып атылған Сәкен Сейфуллиннің көз жұмар алдындағы аманат сөзін ақынға мылтық оқтағандардан өзге ешкім естіген жоқ шығар. Ал оны атқандар бар сырын ішіне бүгіп, о дүниеге өздерімен бірге әкетер. Құпиясын ашпас.
