Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мемуар толық.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
517.12 Кб
Скачать

36. С.Шаймерденовтың Ағалардың алақаны естелік кітабы туралы баяндаңыз

С.Шаймерденовтың «Ағалардың алақаны» деп аталатын кітабы халыққа танымал адамдар , көбіне жазушылар өмірінен алынған мөлтек мөдтек суреттердің философиялық ойға , авторлық түйін байламға ұласқан миниатюралар жиынтығы.Сафуан Шаймерденов кейіпкеріне байқампаз көз, суреткерлік мәнер тән. Елеусіз көріністен елеулі ой туғызатын өрелі кейіпкердің шыншыл жаны, шынайы әңгімесі қапысыз баурайды. Қарапайым күнделіктен ізденіс формасына дейінбаратын қай қай еңбекте де бар оқиға, күйініш сүйініш- автор дүниетанымы суреткер ойы арқылы өтіп отырады. Содан да бұл кітапта автор жаны қоса сәулеленіп , автордың кісілік болмысы , адам һәм қаламгер ретіндегі табиғаты, дүниетанымы аңғарылады. Жазған әрбір шығармасына жауапты қарайтын С. Шаймерденов тың «Ағалардың алақаны» эссе, повесть,әңгімелерден бас құрапты. Үлкенді кішілі туындылардың қай қайсысы да жазушы өмірбаянымен қабысып жатыр. Әсңресе «бір таба нан» «Автограф» «мені қалай үйлендірмек болды» « Жел керуені» автографиялық повестер ретінде көрінеді. Бір ғажабыкейіпкері ортақ шығармалардағы оқиға желісі сабақтасып шығармалар бірін бірі толықтырады. Тағы бір ерекшелігі - әр повесте автор саналы түрде суреткерлік бояуды құбыолтып отырғандай. Айталық «Бір таба нан» 1932-33 жылғы қазақ халқына қасірет ікелген аштықты бір ауыл тағдыры арқылы өте байсалды әңгімелесе, «Автограф» мейірімге толы психологиялық дүние. « мені қалай үйлендірмек болды» - шуақты күлкіге құрылған юморға толы, «Жел керуені» - аңғалдық , кісілік хақындаой толғайтын туындылар. Алдыңғы шығармалардағы кейбір өмірлік материал , оқиғаларды қайталауына қарамастан « Шарапаттың » да өзіндік айтары бар.

Аңалардың алақаны аталатын кітаптың екінші бөлімі түгел бірқақпайлар , миниатюралық эссе, новеллалар. Ол миниатюралық дүниелердің сүйегі не өзі бастан кешкен , не әріптестерінің басынан өткен оқиғалар. Бәлкім өзін қоя тұрып әріптестерінің әңгімелерін қамтығанын қаламады ма, әйтеуір кезінде бір жолдастың «әркімнің әңгімесін жинап кітап қып шығарғаны несі екен?» - деп күңкілдеген сөзін естіген едім. Ондай пікірге өз басым қосылмайтыным анық. Мәселенің байыбына баруымыз керек. Мәселе оқиға бұл жерде кімнің басынан өтпесін С. Шаймерденовтың дүниетанымы, суреткерлік көзқарасымен екшеліп , белгілі біройға мықтан байланып берілетіндігінде ғой. Эссе, новеллалар біздіңше 3 салада көрінеді. Біріншіден, өмірде болған, сүйегі ірі қарадай драмасы өріліп тұрған новеллалар. Екіншіден , өмір көрінісінен сәтті ойлар сабақтаған сарабдалдық аңғартатын новеллалар. Үшіншіден, өмірде болған , тіпті автор бастан кешкен, бірақ айтары арзан оқиғалар тізбегі ғанаболып қалған новеллалар.

М. Әуезов, С.Мұқанов , Ғ. Мүсірепов, Г. Мұстафин , Қ.Аманжолов, Б. Момышұлы,Т.Аханов өмірінен жазылған естелік , штрих , деталь аралас миниатюралар барынша салмақты дүниелер. Автор аға ретінде ардақ тұтқан алдыңғы толқын әріптестері өмірін ешқандай боямасыз- жетістік кемшілігін қос қатар өріп әдемі әңгімелеген деп білеміз. Ілгеріде А.Яшин есімді жазушының М.Пришвин жайында үлкен жазушыны, әр қырынан бейнелеп суреттей көрсететін тоғыз новелладан тұратын естелік әңгімелер циклын оқығаным бар еді. Сафекең естелік әңгімелері де іні болып, ізіне ілесе жүріп сыйласқан ағаларын әр қырынан бейнелепті. Ағаларын сүйе тұрып жақсылығын марапаттаумен бірге кемшілігін көре білу – естелік әңгімелердің шыншылдығын арттырған . Эссе естеліктерге шырай білдіріп тұрған және бір жай – ағалармен ара қатынасты баяндалатын автордыңара кідік өзінде аямай сынай алатыны.

Қыл қысқасы «Ағалардың алақаны» аталатын бұл кітаптағы эссе, новелла естеліктердің қай қайсысы да қарапайым, ойлы, езуіне күлкі үйіріп кейде күлдіретін, кейде күйіндіретін дербес міндет арқалайтын туындылар.

Тұтастай алып, жинақтай түйіп айтқанда алдыңғы автобиографиялық повестер мен кейінгі бірқақпайлардан біз мынадай ерекшелік қасиеттерді көреміз.

Ең алдымен –автордың кәнігі әңгімешілдігі. Бейне бір жазушы майын тамызып ауызекі әңгіме айтып отырғандай әсер аласың бұл дүниелерден. Шығарманың көлеміне қарамастан әр кейіпкерінің жан дүниесін терең барлайтын психолог райында көрінеді. Өзін оқыытқан ұстаздары Шияп пен Ғазез секілді шынайы ұстаздар жанының нәзік иірімдері өте қызықты ашылады. «Мені қалай үйлендірмек болды?» - аталатын повесінен бастап ірілі ұсақты дүниелерінде өзгемен өзінің аңғалдығын шеней күліп отыратыны бар. Әдебиет -қашанда мінез ғой. Үлкен кіші туындылардың қайсысын да қызықты етіп тұрған жайт – қаламгердің кейіпкер мінез ерекшеліктерін ұстай білетіндігінде. Ең бастысы- кейіпкер мінезін портреттеуден бастап жан құбылысына орай өзгертіп, дамытып беруге шебер. Бір мысал « ...бригадирдің атқа отырысы қызық- еңкеімейді, бойын тік ұстап, басын кекжитіп отырады. Соданболса керек шоқша сақалы состиып бірден көзіңе түседі, әрі күлкіңді келтіреді.»- деп мінездейді Үлкен Ахметжан есімді кейіпкерін.Осы кейіпкердің ұрлық үстінде ұсталып берекесі кеткен сәтін «Арты бозамық аспаннан анық көрінген бригадирдің сұлбасына қарасам басы кекжимейді, сақалы да состиып тұрған жоқ.Бұрын ат үстінде үнемі тік отыратын еді. Енді бір түрлі бүкшиіп қалған»- деп бейнелейді. Демек жазушы характер диалектикасына зер салды.

Сафекеңнің және бір қасиеті – шығармаға арқау боларлық материалды жіті екшейді. Тілге ұстамды, сөзді ұсынықты ,ұштай ұқыпты қолданады.

Әр қайсысын мысалмен дәттете бастасаң талайға кететін осы қасиеттер жинала келе Сафуан Шаймерденовтың аталған туындыларын бір қилы , қызықты етеді, көркемдік дәрежесін көтере түседі.

37)М.Мағауиннің «Мен»романындағы кезең шындығына тоқталыңыз. Роман екі кітаптан тұрады Бірінші кітап «ШЫТЫРМАН немесе жазушының жан азабы» аталыпты.«Бисмилләһ ир-рахман ир-рахим! Өзіңе тура баста…»Алланың атымен бастапты. жазушы ұрпақтың қамын, елдің зарын айтыпты. Өкімет басындағылардың құлқынына сарқылмас қазына болып құйылған тәуелсіздікке тоқталыпты. Қазақ деген халықтың тәуелсіздік жылдарындағы жағдайына қабырғасы қайысыпты. Мен — сенімнің көрінісі. Тар күндерде Мағауинге күш берген сенім. «Мен жазбасам, қазақ әдебиеті тұралап қалады, мен күреспесем, ежелгі мұра біржола ұмытылады, атаның аруағын арқалап жүрген — жалғыз өзім, алаштың мұратын келер ұрпаққа жеткізетін — Мен, Мен ғана, Мен болмасам, ұлысымның ырысы ортаяды, ұрпағымның көкірек-көзі ашылмайды…». осы романла автор өзінің өмірі ,дәлірек айтқанда шығармашылық кезі туралы толғайды.Сол тұста өз кітаптарын басып шығарудың өзі бір үлкен мұң болғанын талай сыни талқыға түскенін айта келіп,орыс жазушылары мұндай қайғыны көрмеді,қанша кітап басып шығарғысы келсе сонша шығарып отырғанын қызығып айтады. Мұхтар Мұқанұлы Мағауин (2 ақпан 1940, Баршатас ауылы, Аягөз ауданы, Шығыс Қазақстан облысы) — тарихшы, жазушы, қазақтың ауыз әдебиетін зерттеушісі ғалым. Филология ғылымдарының докторы, Мемлекет сыйлығының лауреаты (1984), Қазақстанның халық жазушысы (1996)

38)Күнделіктер табиғатына тоқталыңыз. Күнделік жалпы емес ,жалқы мінезді жазба.Қазақ xалқына қатысты бірнеше жазушының естелігі сақталған .Табиғат тамыршысы аталған М.Пришвиннің қазақ даласын аралағында қағазға түсірген күнделігі едәуір.Қазақстанға соғыс сұрапылына байланысты ығысып келген жандардың күнделігінің бір ерекшелігі -өз xалқың жайлы сырт адамдардың көзімен ұарауға мүмкіндік бар.Бұл ретте күнделік-дерек көз Күнделіктер-М.Горкий айтқандай ,кісіні сүйген жүректің дүрсілі.Күнделік-кісінің ғұмыры жеткен жерде аяқталады.Дұрысы,күнделік көбіне аяқталмай қалады.Жазушы сәбит мұқановтың күнделігінің соңғы сөзі немен аяқталғаннын білмейміз,ал Б.Кенжебаевтың күнделігінің соңғы сөзі дүниемен қоштасу ,арыздасу сипатында жазылған.

39)С.Мұқановтың хаттары туралы айтыңыз. Хат-өмірге қатынас құралы райында енген.Екі кісінің интимдік сырынан мемлекетаралық ресми мәселелерге дейін араласып,сан алуан міндет атқаратын xат-бұқарашыл жанр.Хат көшірмесін сақтау -мәдениет белгісі.Сәбит мұқанов өз xаттарын көшірме күйінде сақтаумен бірге өзіне жолданған бұқара xалық xаттарын шашпай,жинаған.Бұл-жазушылық дағды емес,бұл үлкен азаматтық іс.Сәбит мұқановтың ұқыптылығы арқасында біз бүгін жазушылар мен бұқара xалықтық xаттарымен танысуға мүмкіндік алып отырмыз.Жазушының xат формасында жазылған "қандас досыма xат" (м.Шолоxовқа) ,"досыма xат" (балкашевке) т.Б сын мақалалары xалық тариxы,әдебиет мәселелерін терең толғайтындығымен құнды.Бұл xат мақалалар сәбит мұқановтың эпистолярлық жанрға ерекше құрметпен қарағаннын белгісі.Жазушы Сәбит Мұқанов қарапайым адамдардың тыныс-тіршілігі жайлы да көптеген хаттар алып, қолынан келгенше көмек қолын бере білген адам еді. Орталық мұрағаттың жеке тектік мұрағаттармен және тарихи -құжаттық топтамалармен жұмыс бөлімінің бастығы Гүлмира Мәжікенқызы сол хаттар жайлы былай: «Сәбит Мұқановтың хаттарының ішінде Мұхтар Әуезов, Әбділда Тәжібаев, Әуелбек Қоңыратбаевтармен қоса, Ғафур Гулям, Михаил Шолохов сияқты өзге ұлт өкілдерімен жазысқан хаттары сақталған. Сонымен қатар, жазушы болсам, ақын болсам деген жастардың хаттары баршылық. Жас ақын-жазушылардың қалыптасуына ағалық қамқорлығын аямаған Сәбит Мұқанов келген хаттарға өзінің жауабын да тіркеген екен», дейді.Ташкентке Орта Азия және Кавказ жазушыларының конференциясы өтеді. Сонда Мемлекеттік мұрағаттың директоры Мұхтар Жанғалин «жазушы Сәбит Мұқановтың хаттарының 141 том болғанын, бұндай тірлік тарихта болмаған, бұл жоғары мәдениеттің белгісі» екенін айтып, ерекше баға берген екен.Академик Сәбит Мұқановтың жинаған хаттарының ішінде орыс классиктері Алексей Толстой, Всеволод Иванов, Александр Фадеев, Борис Лавренев сынды үлкен жазушылардың хаттары сақталған. Сонымен қатар, қатардағы адамдар: сауыншы, қойшы, малшы, механизаторлардың да хаты жинақталған.