- •7.«Өмір мектебі» романындағы кезең шындығы
- •8.«Көзкөрген» романының пішіндік құрылымының ерекешелігі.
- •9.Мекере Атымовтың «Өмір мектебі» жайында зерттеу мақаласы:
- •13. С.Мұқановтың мемуарлық романындағы жазушы шығармашылығына қажет мәліметтерді атап өтіңіз.
- •14. М.Әуезов туралы естеліктеріндегі «Қарагөз» пьесасының жазылу тарихына қатысты мәліметтерді атап көрсетіңіз.
- •15. Мемуарлық проза үлгілерінің жанрлық сипатына тоқталыңыз.
- •18. Ресей қаламгерлерінің естеліктерін атап өтіңіз.
- •23. Ақын-жазушылардың естеліктеріндегі дерек көздері мен автор дүниетанымы туралы айтыңыз
- •24. Қ.Жұмаділовтың «Таңғажайып дүние» романындағы тарихи өмір шындығын баяндаңыз
- •25.Б.Момышұлының«Ұшқан ұя» романдағы автор тұлғасы
- •26.Мемуарлық шығармалар тарихы
- •27.С.Мұқанов туралы естеліктер.
- •29. «Көзкөрген» мемуарлық романының зерттелу тарихы.
- •34. Эссе жанрының туып қалыптасуы туралы баяндаңыз
- •35. Ә.Нұршайықовтың Автопортрет атты эсселер жинағына тоқталыңыз
- •36. С.Шаймерденовтың Ағалардың алақаны естелік кітабы туралы баяндаңыз
- •40. М.Әуезовтың хаттары туралы айтыңыз.
- •41. М.Мақатаевтің күнделіктеріне тоқталыңыз.
- •45. Қаламгер хаттарының кезеңдік міндеті мен әлеуметтік маңызы туралы баяндаңыз.
- •46. Қазақ эпистолярлық жанрына тоқталыңыз.
- •48. Жазушы мен оқырман хаттарына тоқталыңыз.
- •49. Ұлы Отан соғысы жылдарында жазылған хат-өлеңдерге тоқталыңыз
- •50. Жазушының шығармашылық лабороториясындағы қаламгер хаттарының маңызы жайында айтыңыз.
- •55. Хаттар мен күнделіктердің құрылымдық, пішіндік ерекшеліктерін атап өтіңіз.
- •59.Қазіргі қазақ прозасындағы эссе жанрының дәстүрі.
27.С.Мұқанов туралы естеліктер.
Б.МОМЫШҰЛЫ
Керемет бауырмал болатын
С.Мұқановпен 1928 жылдан таныс едім.Ол кезде Шымкент қаласында мектеп оқушысы болатынмын.Таныс едім деген сөзді сол жылдан бастап Сәбит кітаптарын бас алмай оқып ондағы тап тартысына толы қызық уақиғаларды құныға бойға тоқып жүрген кезім деп ұққанымыз абзал.АЛ,енді Сәбеңмен жүзбе жүз кездескен жайымды айтайын.1943 жылы мен 33жасқа толдым.Майданда жарақаттанып ,әскери госпитальде емделіп шықтым.Осыдан кейін денсаулығыма байланысты маған екі айлық демалыс берілді.Онда әскери дәрежем полковник дивизия командирімін.Демалысқа берілген уақытты елде өткізбек мақсатпен Алматыға жол тарттым.Екінші Алматының темір жол вокзалында мені Қазақстан Жазушылар одағының председателі С.Мұқанов басқарған бір топ жазушылар және басқада беделді,белгілі деген өнер мәдениет қайраткерлері қарсы алды.Аты аңызға айналған үлкен жазушымен тұңғыш дидарласуым осылай басталып,күні бүгінге дейін мен үшін аса тәтті сол бір күннің әрбір детальі есімде қалып қойды.Сол жолы Алматыда екі ай аялдадым.Сәбең көбіне бірге болды.Менің Ұлы Отан соғысы күндері халыққа сіңірген азын-аулақ еңбегімді қызу насихаттап кездесулер мен мәжілістерде айтып жүрді.Кейде мен бұған өте ыңғайсызданатынмын.Сөйтіп,бұл жағдайымды Сәбеңе ара-тұра айтсам»Ей, Бауыржан,қазіргідей халық басына қатерлі күн туып,ерлер етігімен су кешіп ауыртпалықты мойнымен көтеріп отырған уақытта қан майданда өмірін оқ пен отқа тігіп ел қорғаған азаматтарды қалай мақтасақта артық емес.Ал,сен болсаң сол ардагерлеріміздің бірісің»-дейтін.Сол жолы үйіне шақырды.Бұл қонақасында қазақ әдебиеті мен өнерінің мәдениетінің белгілі қайраткерлері де бірге болды.Мәселен,тап сол күні қазақтың қәдірлі қаламгерлері М.Әуезов,Ғ.Мүсірепов,Ғ.Мұстафин өзімнің класстас досым бірге оқыған жолдасым Ә.Тәжібаев ,Әлжаппас Әбішев ағайлармен бұлбұл әншіміз К.Бәйсейтовамен театрдың белгілі тарланы Қанабек Байсейтовпен және басқаларымен Сәбең дастарханының басында тұңғыш рет дидарласып отырдық.Сөйтіп,Сәбең қазақтың жақсыларымен жайсаңдарын танып білуіме сыйлас болуыма көп себін тигізді.Сәбеңнің арқасында сол жолы ғұлама ғалым Қаныш Сәтпаевпен де мәжілісте пікірлес болып қайттым.ОЛ ол ма Сәбең мен Қаныш ағаның ұйымдастыруы мен Ғылым академиясында 36 сағат лекция оқуыма да тура келді.Қайран Сәбең аңқылдаған,аузын ашса көмейі көрінетін ақ пейіл,адал азамат,кереметтей көпшіл ,ағаға іні,ініге аға бауырмал кісі еді ау.Мен сол алғашқы кездесудің өзінде ақ Сәбеңді солай танып ұғып,отыз жыл бойы сол пікірден бірде бір аумай ,ауытқымай,адал досы,сыйлас інісі болуға күш салдым.Сәбең ақылдылығына қоса өте кішіпейіл ретті жерінде әзіл оспақшыл,мысқылшыл еді.Осы қасиеттерінің барлығы ақпа шешендігі мен суырыпсалма айтқыштығына орайлас келіп жататын.Сәбит аға бері салғанда өзімен жақын араласқан кісілеріне әйтпесе қазақ әдебиетімен өнеріне үлкен қамқоршы болатын.Қашанда соның қамын жеп қамқорлық жасап жүретін.Бір жақсысы екеу,екеуі төртеу болса екен деп ойлайтын.Жақсыны жайсаңға өнерліні өнерпазға таныстыру қатыстыру білістіру борышым міндетім деп ұғатын.Үлкен басымен сол жұмысты мойныны алып жүретін.Әлі есімде Алматыдағы екі айлық демалысымды өзімше жақсы өткізіп енді бірер күнде майданға қайтамын ба деп жүргенімде,Сәбең маған «Әй Бауыржан-деді күні үйінде түстеніп отырғанымызда –Мен бір білместік жіберіп алыппын кешір ұят ай ұят ақ болды»-дегені.Мен ол ненің ұяты екенін білмей аңырып отырып қалсам керек.Сөзді өзі бастап кетті»Біз бүгінгі кешке қарай немесе таңертең Жамбыл қарттың ауылына барып келейік.Алдын көріп сәлем беріп қайтқаның орынды болар»-деді.Сөйтіп Сәбең арқасында ғасырымыздың ұлы жырауы Жәкеңнің де алдында болып сарқытын ішіп қайттық.Сәбең бойындағы бар дарыны мен жақсы қасиеттерін туған халқына қоғамға сарқып беруімізге бәрімізге үлгі еді. Соғыстан соң Бас штабтың академиясында оқып жүргенімде Сәбең москваға келген сайын мені іздеп тауып алатын.1952 жылы күзге салым Сібірде бригада командирі болып жүргенімде кезекті демалысымды алып москва арқылы Сочиге демалуға кетіп бара жаттым.Москва қонақ үйінде Сәбең ұшыраса кетті.Шұрқырай амандасып мені өз бөлмесіне қарай жетектей кетті.Келсем Мәриям жеңгемізде осында екен.Қуаныса қауыштық.Осы жолы әдеттегідей тағыда әдебиет жайы сөз болды.Мен өзімнің «Сібір» «Доктор» деген өлеңдерімді оқып бергенімде Сәбең толғана отырып «Әй Бауыржан сен мына өлеңдеріңді текке қор қылып жүрсің бұларды қалайда жариялатып жарыққа шығарту керек.Сонан соң кешегі өткен жер жүзілік қырғын соғыстың сыры мен сипатын халыққа алып келген қайғы қасіретін қазақта сенен жақсы танып біліп түсінетін адам кемде кем.Сондықтан сол жайды қағаз бетіне түсіріп халқыңа ел жұртыңа замандастарың мен тұстастарыңа болашақ ұрпаққа пайдасы тиетіндей кітап етіп жазып беру азаматтық міндетің»-деп отырып тағыда көп жайды мысал қылып таратып айтып берді.
-Менің бір байқағаным –Сәбеңмен дос жарандас сыйлас пікірлес болып жүргендердің қай қайсысы болсын бір кісіге өзгеше қарыздар ау деп ойлаймын.Үйіне қашан қай уақытта барсаңда Мәкең жарқын жүзбен қарсы алар еді.Берекелі дастарханды кең пейіл көңілмен әдемі әзіл оспағын айта жүріп жая білетін Мәриям жеңгеміз Сәбеңнің өз ғұмырында көп адаммен дос болуына себепші болғаны анық.Бір жолы әзілдеп Сәбеңе былай деп едім»Сізді құдай жарылқаған екен.Сәбе,Егерде Мәриям жеңгейге үйленбесеңіз осындай салиқалы да сарамжал кісіден өмірлік серік таппасаңыз әй қайдам тап қазіргідей атақты Мұқанов атты халық адамы болуыңызға шүбәм бар»-дедім.Жарықтық Сәбең мәз бола қарқылдап күліп»Әй Бауыржан ол дұрыс ол дұрыс»-деді.
Қазіргі кезде мен орыс тілінде «Люди и встречи» деген дакументті шығарма жазып жүрмін.Ондағы мақсат өзім ұстаз тұтқан ұлағатты сөздерін өнеге тұтқан кісілер туралы шама шарқымша айтып берсем деген ой.Осылардың бел ортасында Сәбең де бар.
Өзімнің Сәбеңмен бірінші кездесуімдегі айтқандағы мақсатым Бұл жалғыз менің басымдағы ғана уақиға емес дегім келеді.Осы күнгі атақты жазушылардың бірсыпырасын Сәбең әдебиетке өз қолымен әкеліп тәрбиеледі десем артық болмас еді.Сәбең қырағы да адал жолды ұстаз.Оның әдебиетке әкелген шәкірттері бәрі де қазіргі қазақ совет әдебиетінің ұйытқысы болып отыр.
Сапарғали Бегалин
Әдебиетке бәрімізді әкелген
Қырқыншы жылдары Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтында қызметте болдым.Және балаларға арналған шағын шығармаларыммен көбірек танылып келе жаттым.1943 жылы Сәбит телефон соқты «Әңгімелесіп ақылдасатын шаруа бар еді»-деп өзіне шақырды.Ол кезде Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының председателі.
Белгіленген уақытында бардым.Өзінің аға сыйлайтын жарқын мінезімен құрметтей қарсы алды.Отырғаннан кейін маған күлімдей қарап –Сізді мен союзға қызметке шақырғалы отырмын-деді.-Бізде жаңа басталып әлі өрістей алмай келе жатқан балалар әдебиеті бар.Қазір әдебиеттің осы саласын мықтап қолға алу керек болып отыр.Сіз сол жаңа көріне бастаған балалар әдебиетінің қарлығашысыз.Институтта көне жазбаны оқып тіркеп отырғаннан басқа ғылыммен айналысып жүрген жоқсыз.Сондықтан сіз жазушылар одағының балалар әдебиеті секциясына жетекшілік етіңіз. Арнайы көмекші тағайындаймыз-деп ойын талабын айтты.
Сәбиттің ұсынысы маған қатты ұнады.Совет Одағының барлық республикаларында өрістеп отырған балалар әдебиеті бізде неге мешеу деп ойлайтынмын. Сол күннің ертеңінде Тіл және әдебиет институтына өтініш етіп Қазақстан Жазушылар Одағына қызметке ауыстым.Сәбит пен енді күнбе күн біргеміз.Балалар әдебиетінің жөн жайын ақылдасып бірлесіп талай шаралар атқардық.Қиындығы мен қуанышын бірге бөлісіп отырдық.Бұрын балалар әдебиетіне қызығып талпынғанмен өріс таппай жүрегн жастардың баулап тәрбиеледік.
Сәбиттің қазақ балалар әдебиетін өрістетудегі осы бір қамқорлығын ерекше сүйсініп бағалаймын.Сол уақытқа дейін тар аядан алыстап кете қоймаған балалар әдебиеті кейін кең өріс алса онда Сәбиттің қамқорлығы мол деп білемін.Қашан да қамқор үлкенді ілтипатпен сыйлайтын Сәбитті еске алғанда осы бір інілік құрметі әрдайым ойыма оралады.
28. «Дастан ата» естелік кітабын құрастыру тәжірибесіне тоқталыңыз.
Әдебиет бир кунде туып, бирден калыптаспайды. Тарихи кажеттиликтен туып биртиндеп калыптасады, журе келе жетиледи. Жанр оркени, формалык изденис, жана тур табу- адебиеттин даму жолында, тажирибие жинактау барысында пайда болатын кемелдик нышандары. Естеликтин тууы бир кезде казак адебиети ушин кубылыс болган шыгар-ау, ал казир профессионалдык денгейге котерилген бул адебиет эпопеясынын озине тандана коймайды. Казирги иргели жанрлардын кобиси оз ишинде жиктелиске тусип, колдын саласындай тарамданып кетти.Адеби тажирибенин осуі, урдис-дастуринин жетилуі тын формалы, табигаты кызык шыгармаларды акелди. Маселен, казак жазушылары ушин естелик угым ретинде будан бираз жыл бурын беймалим еди. Сол тансык естелик бул кунде козуйренди коп кубылыстын бирине саналып келеди. Естелик казир казак адебиетинде жанр ретинде байкалынып, орын тебе бастады.
Жамбыл Жабаев туралы жазылган естелик китаптар оте коп. Мысалы,С.Шаймерденовтын «Дастан ата», «Дала абызы»,Д. Әбілеевтің « Жыр дүлдүлі» т.б китаптар.
Дастан ата китабынан узинди: Жамбыл десем, ойыма, әрине, екі рет дүниеге келген, екі ғасыр тоғысындағы ғұлама жырдың қызыл жолбарысы түседі. Жамбылдың өзі – жыр-ғұмыр, ал жыр – жыр-ғұмырдың негізі. Жүз жыл жырлап өткен Жамбыл бабамыздың өшпес мұрасы – көркем шежіре. Даңғыл жыраулардың ішіндегі ең алыбы – абыз жырау, жауынгер ақын – Жамбыл. Жамбылдың қаншалықты ұлы екенін жақсы білеміз, алайда ақын шығармашылығы әлі толық зерттелмеген. Міне, сондықтан да, Жамбылдың ақындық құдіретінің әлі де ашылмаған құпия-сырлары, жаңалықтары, толқыныстары мен қуаныштары жетерлік. Ұлылықтың қыры көп. Жамбыл ақындықтан да, жыршылықтан да, жыраулықтан да сусындаған. XIX ғасырда ана құрсағынан, XX ғасырда заман құрсағынан дүние есігін ашқан Жамбыл – ашылмаған сыр, қазақ поэзиясындағы қайталанбас тангажайып құбылыс. Қалың жұртшылықтың ықыласына бөленген қазақ Гомерінің асыл мұрасы – қазақ тарихының да жетістігі. Көпшіліктің де көңілінен шыққан, жаманға да, жақсыға да ұнаған Жамбыл – мінсіз таза айна секілді. Өйткені, қазақ айнасын жек көрген адам, қасиеттемеген халық жоқ шығар, сірә. Жүз жасқа дейін сағы сынбаған бұл өміршең халық жыршысы қазақ қоғамында ешқашан өшпейді.
