- •7.«Өмір мектебі» романындағы кезең шындығы
- •8.«Көзкөрген» романының пішіндік құрылымының ерекешелігі.
- •9.Мекере Атымовтың «Өмір мектебі» жайында зерттеу мақаласы:
- •13. С.Мұқановтың мемуарлық романындағы жазушы шығармашылығына қажет мәліметтерді атап өтіңіз.
- •14. М.Әуезов туралы естеліктеріндегі «Қарагөз» пьесасының жазылу тарихына қатысты мәліметтерді атап көрсетіңіз.
- •15. Мемуарлық проза үлгілерінің жанрлық сипатына тоқталыңыз.
- •18. Ресей қаламгерлерінің естеліктерін атап өтіңіз.
- •23. Ақын-жазушылардың естеліктеріндегі дерек көздері мен автор дүниетанымы туралы айтыңыз
- •24. Қ.Жұмаділовтың «Таңғажайып дүние» романындағы тарихи өмір шындығын баяндаңыз
- •25.Б.Момышұлының«Ұшқан ұя» романдағы автор тұлғасы
- •26.Мемуарлық шығармалар тарихы
- •27.С.Мұқанов туралы естеліктер.
- •29. «Көзкөрген» мемуарлық романының зерттелу тарихы.
- •34. Эссе жанрының туып қалыптасуы туралы баяндаңыз
- •35. Ә.Нұршайықовтың Автопортрет атты эсселер жинағына тоқталыңыз
- •36. С.Шаймерденовтың Ағалардың алақаны естелік кітабы туралы баяндаңыз
- •40. М.Әуезовтың хаттары туралы айтыңыз.
- •41. М.Мақатаевтің күнделіктеріне тоқталыңыз.
- •45. Қаламгер хаттарының кезеңдік міндеті мен әлеуметтік маңызы туралы баяндаңыз.
- •46. Қазақ эпистолярлық жанрына тоқталыңыз.
- •48. Жазушы мен оқырман хаттарына тоқталыңыз.
- •49. Ұлы Отан соғысы жылдарында жазылған хат-өлеңдерге тоқталыңыз
- •50. Жазушының шығармашылық лабороториясындағы қаламгер хаттарының маңызы жайында айтыңыз.
- •55. Хаттар мен күнделіктердің құрылымдық, пішіндік ерекшеліктерін атап өтіңіз.
- •59.Қазіргі қазақ прозасындағы эссе жанрының дәстүрі.
13. С.Мұқановтың мемуарлық романындағы жазушы шығармашылығына қажет мәліметтерді атап өтіңіз.
С.Мұқановтың «Өмір мектебі» романындағы өмір шындығы жастайынан әке мен шешеден жетім қалып, балалық шағын ауыл арасында ағайын ішінде өткізген ақынның өз өмірімен тікелей байланыста көрінеді. Трилогияның бірінші кітабында жас Сәбиттің «Азапты өмірі», екінші кітабында «Азатты өмірі», үшінші кітабында « Есею жылдары» сөз болады. Ақын өзінің 36 жылдық өмірі арқылы қазақ ауылының Ұла Октябрь революциясының арқасында теңдікке қолы жетіп, іргелі ел болғанын көркемдікпен бейнелеп береді.Мұнда да жер дауы, жесір дауы, ағартушылық проблемалаы көтерелеп, өз кезінің уақыт тынысына сәйкес көркемдік шешімін тауып отырады. Трилогияның алғашқа кітабында күн көріс кәсібі тек қана мал мен аңшылық болған қазақ ауылының азапты өиірін көреміз.Қыс болса қолайлы қыстау іздеп, жаз болса шұрайлы жайылыс іздеп, мал соңына еріп күн кешкен ескі қазақ ауылының мігісі жоқ тіршілігі көз алдымызда тұрады. «Кітаптың күйреген ұя» атты бірінші тарауындағы «менің туу тарихамнан», «Өрт», «Саятшы Ораз», «Бақытсыз Бағила», «Жаман шұбар», «Дос», «Зарлы жоқтау» атты эпизодтарында осы жайлар баяндалған. Бұл эпизодтардың бірінде малға жайлы, қолайлы қоныс іздеп әрлі берлі көшіп- қонып жүрген ақынның ата-бабаларын көрсек , енді бірінде сиырға маса тимесін деп түтін салудан өрт шығарып алып, бауырындағы баласынан айрылған қайғылы ананы , ал енді бірінде күнтеліс күйі үшін жас қызын малға сатып , сол үшін ағайынынан ажырасқан мүжәлсіз әке мен бүкіл өмірін аңшылықпен өткізген саятшы шал Оразды көреміз. Бұл арқылы жазушы өткен өмір бейнесін аңғартып,и одан әрі жеті жасында әкеден, сегіз жасында шешеден жетім қалған өз өмірін көрсету арқылы Ұлы Октябрьге дейігі қазақ кедейінің ауыр халін баяндап береді.
Романның бірінші кітабында «Инемен қазған құдық» деп аталатын екінші тарауында бұрынғы қазақ ауылындағы ескі оқу, оның дінмен байланысты жақтары, молданың дүре соғуы, оқудың ауырлығы,и ескі мен жаңа арасындағы күрес, күні өтіп, құрып бара жатқан ескіліктің жаңаға жақтырмай қарауы кеңінен сөз болады.Сонымен қатар көршілес отырған орыс халқы мен оның жұмысшы табының арасындағы революциялық күрес ұшқындарының да игілікті әсері айқын көрінеді. Оны жазушы екінші тараудың соңынддағы «Шәйін ағай», «Жоғалған құлақшын» эпизодтарындағы Шәйін мен Ыбышобраздары арқылы береді.
Кітаптың үшінші тарауындағы «Дау» Бағиланың қалың малына келген бурыл құлыннан басталады. Атқа мінуді армандаған Сәбит желі басындағы құлын қасынан шықпай қояды. Ол құлын енесімен бірге сатылып кетсе де бала құлынның қасына баруын тоқтатпайды. Баланың бұл қылығы биені сатқан Мұстафаға да , Оны сатып алға Ыбырайға да ұнамайды. Оның үчтіне Мырзағазының азғыруына еріп Сәбит Мұстафаның үйінен бір жолата кетеді. Сөйтіп он бір жасар жетім баланың ендігі тұрағы Нұртазаның үйі болады. Сәбиттің Нұртазаның үйіндегі жағдайы да онша болмайды. Бар байлығын өзге түгіл өзінен де қызғанатын Нұртаза асқа жарытпайды.
Мұстафаның үйіне қайтып баруға ары шыдамай , кәсіп іздеуге әлі жас он бір жачар сәбиттің алғашқы кәсібі қлген адамға құран оқу болады.Содан кейінгі келесі кәсібі қисса жырларды жаттап алып ауыл арасында болған жиын тойларда айтып жүру болады. Бұл кәсіп жас Сәбиттің атын шығарып , ел арасындағы абыроцын арттыра түседі.Оның қисса айтатынын естіген Мақан жылқышы өзіне бақыршы бала етіп алады. Сәбиттің ауылға келгеннен кейінгі кәсібі ін үйрену болады.Февраль революциясы кезіндегі он жеті жасар сәбиттің ендігі талпынғаны- ақындыққа әуестік. Ол махаббат туралы өлеңдер шығарып ауыл арасындағы кішігірім айтыстарға қатынаса бастайды. Оның Ермішпен айтысы осының айғағы, Сәбит осы айтыс арқылы Троицкіде оқыып жүрген Баймағамбет Ізтқлинмен танысып , онымен жақын жолдас, қиыспас дос болып кетеді. Оның шы,арған қһөлнңдерін оқып , өзінің өлең шығаруда тәжірибесі аздығына қиналғандай да болады. Сәбит Ермішпен ерегестен кейін Балықпай ауылынан кетіп , Жуанағаштағы ауылына барып тағы да бала оқыту кәсібімен айналысады. Бұл ауылда да сәбит Досмағанбеттің азғыруымен Жамантаймен айтысқа түседі. Баймағамбет Ізтөлинмен хат арқылы хабарласып тұрады. Оның беріп жіберген кітабы арқылы татардың классик ақыны Ғабдолла Тоқайдың шығармашылығымен танысады.
Сәит Мұқановтың «Өмір мектебі» романының стильдік ерекшелігі туралы айтқанда алдымен көзге түсетене жазушының 1936 жылғадейінгі өз өміріне байланысты оқиғаларды баяндай отырып кейде оқиға екпінімен ілгері озып қазіргі кезеңді де суреттеп берушілігі. Оған жазушының өзінің туған жері Жаманшұбар туралы айта келіп : «Біздің ауыл көшкен соң , Жаманшұбар да , дос та құлазып , мемлекет қорында үстіміздегі 1954 жылға дейін бос тұрды .Советтер одағы коммунистік партиясының февраль март айларында болған пленумының қаулысына сәйкес, Жаманшұбар мен Достың маңына бірнеше совхоз орнады»- деуі, болмаса үшінші кітаптағы : « осы арада айта кетеін сөз мен 1958 жылы Қорғалжын теңізіне барсам СССР Ғылым академиясының хайуанаттар институтынан қоқиғазды аулауға арнайы експедиция келген . Ол біраз қоқиғазды ұсаған...
1960 жылы Қорғалжын маңына келген біреу – сол қоқиғаздар сол кеткеннен оралған жоқ деді » -деп келетін жолдары толық дәлел бола алады. Жазушының мұндай өзі суреттеп отырған кезеңнен біраз озып кетіп , екпінмен қазіргі кезеңді баяндап берушілігі кейде роман оқиғасының бізге жақындаптып шығапмаға жасаңдық өң береді.
Роман стилінің екінші бір ерекшелігі – жазушының өзі баяндап отырған оқиғаға оқушысын да қатынастырып отырушылығы . Мысалы, Бос көлі туралы жазушы: «Көлемінің кеңдігі төрт бес шақырымдық, аяққа құйған астай дөңгелене біткен бұл көлдің теріскейін жиектей біткен дөңес жота бар.» -деп суреттей келіп , ол көлдің не себепті дос аталғандығын оның басында уақ руынан шыққан Дос деген кісінің моласының барлығын баяндап кетеді.
Роман стиліндегі үшінші ерекшелік , жазушының көңіл күй,іс әрекетке байланысты оқиғаларды баяндайтын құрмалас сөйлемдердің бірінші сөйлемін шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемге құрыып одан кейін «қайтер едім» сөзін қосып отырушылығы. Мысалы, «Мен сол үйде тұра берер ме едім, қайтер ем, егер де «тышқан інге ене алмай жүріп құйрығына қалжуыр байлапты» дегендей өзім тиыш жүрсем».
Роман стиліндегі төртінші ерекшелік , жазушының бір оқиға шындығын дәлелдеу үшін бірнеше мысалдар келтіріп, оны бірінші, екінші, үшінші деп санамалап айтып берушілігі.Мысалы : Өмір мектебі романының бірінші кітабындағы Саятшы Ораз деген тарауда Ораздың өзі естіген үш мергендігін әңгімелеп айтып берушілігі немесе Ұмсын сұлу тарауында Шоқпыттың жол тапқыштық, әңгімешілік, ит ұрлағыштық қасиетін санамалап айтушылығы.
Өмір мектебі романының стиліне тән бесінші ерекшелік жазушының оқиғаны баяндап отырып , оқиғаға арасында оқушышыға қайырып сұрақ қойып отырушылығы. Жазушының бұл сұрақтары көбңне шығарма кейіпкеріне оқушының көңіл күйін білдіретін риторикалық сұрақтар болып келіп отырады. Мысалы романның бірінші кітабында : «Сырымбет сапарынан мен аса көтеріңкі көңілмен қайттым.
Өйтпегенде ше... Қанша жерді көрмелім мен!»
Екінші кітапта : « Бұл сапардан ол аса қайғылы қайтты. Өйтпегенде ше... Аңсап барған бостандығының жемісін жеуге сырқаты мүмкіндік бермей , деніміз сау біз бақытты өткізген күндерде, ол төсек тартып больницада жатты.»
