Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мемуар толық.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
517.12 Кб
Скачать

59.Қазіргі қазақ прозасындағы эссе жанрының дәстүрі.

Эссе – ақиқат ұлылығы. Әдебиет-керемет қоғамдық күш. Д.И. Писарев

Әдебиет халықтың кешегі өмірін, бүгінгі тынысын кестелеу арқылы белгілі бір кезеңдердің көркем шындығын көрсетеді. Қай елдің әдебиетінде болса да көркем шығармашылықтың құнды жанры ретінде эссе туындап жатады. Әр жанрдың өз ерекшелігі мен өзіндік табиғаты бар. Әдетте бір жанрға қойылатын талапты екінші жанрдың табиғаты көтере алмайды. Вольтер:«Жалықтырып жіберетін жанрдан басқасы бәрі жақсы»-деген. Шынымен де, қызықсыз жанр болмайды, бұл тікелей жазушының көзқарасына, идеясына, бейнелеу, жеткізу әдісіне байланысты дүние.

З. Қабдолов: « Жанр-даму үстіндегі ұғым. Әрбір тарихи дәуір әр түрлі жанр олардың түп негізін сақтай тұра, оның табиғатына өз ерекшеліктерін енгізеді. Мұндай ерекшеліктер, бір жағынан, әр әдебиеттің ұлттық сыр-сипатымен тығыз байланысты болса, екінші жағынан, әр жазушының әлеуметтік орта мен әдеби процесстегі атқарар роліне, алар орнына байланысты.Жанрлардың ішіндегі қандай құбылыстар болмасын белгілі бір стильдік, көркемдік мақсатта жұмсалып, көркем шығармалардың ішінде айрықша қызметке ие болып тұрған жанрлардың бірі – эссе жанры.

Эссе жанры – тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзінше талғап, әрі дағдыдан, әдеттен, көне соқпақтардан бөлсек, тың болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын философиялық, эстетиканың, әдеби сынның, публицистиканың, көркем әдебиеттің жанры. Әдебиеттегі эссе-соны пікірлерге көбірек мән беріліп, оқырманды ой теңізінде жүздіретін таңдай қақтыратын, өзінше ойлап-сезіну қажеттілігін туғызатын, қаныңды қыздырып, рухани әлемнің азық сыйлайтын, дүние құбылыстарын өткір қабылдаумен ерекшеленетін көркем туынды. Эссе табиғаты сыршыл сезімге, тіл бояуларының айрықша салтанатына, әшекейлі композицияға құрылады. Өзгеше бітімді бұл өнер туындысында эссеист интелектуалдық байлығын, өмір саяхатындағы көрген-білгенін, сезінген-түйгенін тәжірибелерін жомарттықпен жайып салады. Эссе сипатында туған туындыларға батыл болжамдар мен өткір ұсыныстар, пікір жарыстырулар мен талас тудыратын жорамалдар, ойлар, көкейге қонымды, таным көкжиегін кеңейтуге қозғау саларлық байламдар тән.(2/378) «Эссе» сөзі француз тілінен аударғанда тәжірибе, шығарма, мүмкіншілік деген бірнеше мағына береді. Бұл жанрдың негізін салушы француз ойшылы Мишель Монтень Н.Л. Лейдерман, Л.В. Куприяновский, З.И. Кирнозе, Г.М. Цвайг сияқты зерттеушілер бұл жанрды автобиография, биография, күнделік, мемуарлар, очерк, эпистолярлық әдебиет, құжаттық драма және т.б. қатарына жатқызады. Осы жанрлар кейінгі антика дәуіріндегі өнер түрімен ұқсас болып келеді, ал тарихы көркем-құжаттық әдебиет ғылымға талпыну мен адамды, қоғамды, тарихты көркемдік жағынан зерттеу кезі – Қайта өрлеу дәуірінде бастау алады. ХХ ғасырда «фактілік әдебиет» туралы Иржи Гаек былай деп жазады: «Репортаждар, лирикалық, поэтикалық эсселер, биографиялық новеллалар-бұлардың барлығы дерлік «сюжеті жоқ», «перифериялық» жанрлар және қазіргі таңда олардың ролі өте зор. Олар әдебиеттің маңызды және ажыратылмас бөлшегіне айналды.» З.И. Кирнозе бұл феноменді ХХ ғасырдағы романның құлдырауымен байланыстырады. Бүгінде эссе жанры жаңа рөлге ие, маңызды функция атқарады, нақты айтатын болсақ, Республика деңгейінде өтетін кейбір шығарма бәйгелері осы жанрда ұсынылып жарияланады, бұның себебі-эссе жанры жеке тұлға тарапынан баяндалатын хабарламаны талап етеді.

Соңғы жылдары эссе жанры баспасөз беттерінен қайта көріне бастады. Бұның себебі – эссенің газет беттеріне қайталамас реңк, ерекшелік әкелуінде. Қазіргі заманғы эссенің негізі – қоғамдық өмірдің әр саласындағы құбылыстарынан пайда болған «теория», анықталған концепцияны ерекше бейнелеу мен жеткізуде жатыр. Эссеистың ойлау деңгейі «глобальдылық». «Глобальды» деңгейде ойланудың маңыздылығы ең алдымен адамдардың күнделікті өмірде негізгі мәселелердің ішінде көкейкесті, өтпелі кезеңдерді анық байқауға көмектеседі.

Журналист Жидегүл Әбдіжәділқызының айтуынша: «Эссе-журналистің адамгершілік көзқарасын танытатын, авторлық позициясын айқындайтын, кәсіби деңгейін аңғартатын, қалың бұқараның санасына тікелей ықпал

етіп, сол арқылы қоғамдық пікір тудыратын жанр». Яғни, журналистік тұрғыдан қарастыратын болсақ, өте тиімді, әрі журналистік функцияны атқаруға мүмкіндік жасайтын жанрлардың бірі. Өкінішке орай, кейбір эссе жазушылары оның негізгі қисынын, жанрлық ерекшелігін, құрылымдық сипатын біле бермейді, көбінесе , ойша болжаммен жазады. Себебі, олар бұл жанрдың тарихынан, мән-мазмұнынан бейхабар. А.А. Тертычный қазіргі баспасөздегі эссенің бірнеше түрлерін қарастырады, біз солардың ішіндегі ең көп таралған 4 түріне тоқталайық:

Публицистикалық эссе. Бұндай эссенің ерекшелігі күн тәртібіндегі, аудиторияны қызықтыратын мәселелерді қозғауында (мысалы өлім жазасына мораторий жариялау, терроризм т.с.с.).

Әдеби-сын эссе. Бұл әдеби шығармалар жайында жалпы ой-толғаныстар. Әдеби-сын эссенің рецензиядан айырмашылығы-эсседе шығарма детальды түрде талданбайды. Эссеист әдеби шығарманың жалпы заңдылықтарын көрсетуге тырысады, нақты шығарма арқылы өз пікірін білдіреді, идеясын өрбітеді.

Философиялық эссе. Автор эссенің бұл түрінде көбіне болмыстың жалпы мәселелерін, оның қоғамға, жеке адамға әсері туралы сөз қозғайды. Материя және рух, өмір және өлім, олардың бірлігі мен күресі-авторды толғандыратын тақырыптар осы.

Ғылыми эссе. Бұл эсселер жалпы ғылыми мәселелерге байланысты болып келеді. Техникалық жетістіктер, өркениет тағдыры, техника мен адам арасындағы қақтығыстар, ғылымның ізгіліктендірілу жолындағы әдістер мен мақсаттар және т.б.

Эссе автордан логикалық жағынан жүйелі ақпаратты талап етеді. Эссеист өзінің ой-толғанысында бір немесе бірнеше пікірді жақтайды немесе оларға қарсы шығады. Автор өз ойын факт пен логикалық негіздеу арқылы дәлелдеп қана қоймай, бұл ақпаратты аудиторияға түсінікті түрде жеткізу керек. Мысалы Қазақстан жазушысы Марат Қабанбайдың «Қазақ қайда барасың?» атты шығармалар жинағында : «Қазақ тілі, ділі, діні жүретін аумақтар Арал теңізіндей тартылып барады.» деген үзіндінің өзінде «Ханнан да, қарадан да биік ана тіліміздің күні не болады?» атты эссенің тақырыбын толық ашу үшін оқырманға түсінікті, әрі актуалды теңеу қолданады. Мәтін хронологиялық тәртіпке келтіріліп, бірден түсінуге қиын ой-пікірлер мысал келтіру арқылы, ал соңында ойды қорытып, түйіндеп жазылған эссені эссе деп атауға болады. Бұл жанрға арналып жазылған ағылшын, француз, американ әдеби теориялық шығармаларда ХХ – ғасырдағы эссеның «көкейкестігі», «өміршеңдігі» туралы көп айтылады. Дональд Друэрри өзінің «Varieties Of The Essay» еңбегінде эссенің әдебиет формасының шегінен асып, мерзімді баспасөз, баспадан жаңа шыққан кітап сияқты өте маңызды екенін жазады. Телевидение мен радионың өзінде эссе жанрдағы материалдар жиі дайындалынады.

Сонымен, эссе ғылыммен, публицистикамен және көркем әдебиетпен байланысты, дегенмен олардың ешқайсысына да тікелей қатысы жоқ жанр. Эссе көбінде «сараптамалық әдебиетке» жақын болып келетін және философия, әдебиет, саясат, сын, өнеге, эстетика, идеологияны объект ретінде қолданып, соларды сараптайтын жанр. Эссе үшін ең маңызды факторлар: өзектілілік, экспрессивтілік және бейнелілік. Жалпы сәтті жазылған эсселердің авторлары философтар, тарихшылар, мәдениеттанушылар, өнер зерттеушілері, жеке салада хабардар журналистер бола алатынына өмірдің өзі дәлелдеп жүр, демек эссе жанры автордың интеллектуалдық байлығына, өмірден білген, көрген, сезінген, түйгенін халыққа жеткізу стилінің өзіндік ерекшелігіне байланысты деген қорытындыға келуге болады.

З. Қабдолов: «Жанр-даму үстіндегі ұғым. Әрбір тарихи дәуір әр түрлі жанр олардың түп негізін сақтай тұра, оның табиғатына өз ерекшеліктерін енгізеді. Мұндай ерекшеліктер, бір жағынан, әр әдебиеттің ұлттық сыр-сипатымен тығыз байланысты болса, екінші жағынан, әр жазушының әлеуметтік орта мен әдеби процесстегі атқарар роліне, алар орнына байланысты». Жанрлардың ішіндегі қандай құбылыстар болмасын белгілі бір стильдік, көркемдік мақсатта жұмсалып, көркем шығармалардың ішінде айрықша қызметке ие болып тұрған жанрлардың бірі – эссе жанры. Эссе жанры – тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзінше талғап, әрі дағдыдан, әдеттен, көне соқпақтардан бөлсек, тың болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын философиялық, эстетиканың, әдеби сынның, публицистиканың, көркем әдебиеттің жанры. «Эссе» латынның таразылау, француз тілінен аударғанда тәжірибе, шығарма, мүмкіншілік деген бірнеше мағына береді. Бұл жанрдың негізін салушы француз ойшылы, жазушысы - Мишель Монтень. Ол 1580 жылы «Эссе» деген кітап жазып, онда қоғам, адам тағдыры туралы толғаныстарын ұсынған. Н.Л. Лейдерман, Л.В. Куприяновский, З.И. Кирнозе, Г.М. Цвайг сияқты зерттеушілер бұл жанрды автобиография, биография, күнделік, мемуарлар, очерк, эпистолярлық әдебиет, құжаттық драма және т.б. қатарына жатқызады. Осы жанрлар кейінгі антика дәуіріндегі өнер түрімен ұқсас болып келеді, ал тарихы көркем-құжаттық әдебиет ғылымға талпыну мен адамды, қоғамды, тарихты көркемдік жағынан зерттеу кезі – Қайта өрлеу дәуірінде бастау алады.

59. Өз ойларымызды қазақ журналистикасынан ойып тұрып орын алған журналист, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың шығармашылығын негізге ала отырып өрбітпекбіз. Жалпы қазақ журналистикасының соңғы 70-75 жылдық тарихы Ә. Нұршайықовтыңесімімен тығыз байланысты. Оның журналистік тырнақалды туындылары мектепте оқып жүрген кезінде-ақ аудандық, облыстық, республикалық басылымдарда шыға бастайды. Журналистика жанрларында жазған дүниелері Ұлы Отан соғысы кезінде көптеп жарияланады. Бірінші атқыштар дивизиясының құрамына енген Жүзінші дербес атқыштар бригадасында шыққан газетте ол бірге от кешіп жүрген жауынгерлердің-артиллеристердің жан алып-жан берген қаһармандық ерлік істері туралы редакцияға жиі мақала жіберіп отырады. «Батыр наводчик Бимурзин», «Артиллерист Ерназаров» және басқа мақалалары журналистика әлеміне жасаған алғашқы қадамдарының бірі ғана еді. Ә. Нұршайықовтың жорналшылық қызметі КазГУ-ді бітіріп газет жұмысына араласқан тұста оқырманға кеңінен мәлім бола түседі. Әсіресе жазушының «Алыстағы ауданда» (1956), «Тың астығы» (1958), «Ертіс жағасында» (1959), «Жомарт өлке» (1960), «Махмет Қайырбаев» (1967), «Жер туралы жыр» (1974), «Мен журналиспін» (1978), «Коммунист туралы сөз» (1982) деп аталатын очерктер жинақтары оқырмандарды елең еткізді. Қазақ журналистикасы тарихында сірескен цифрлардан ада, көркем әңгіме сияқты жүрекжарды очерктер бірінен соң бірі өмірге келе бастады.

Тағы бір тоқтала кетерлік жайт Ә. Нұршайықов деректерді жинау мен қорыту тұрғысында өзіндік ерекшеліктері мол қаламгер. Ол өмір бойы күнделік жүргізіп келген. Күнделікті қоғамдық өмірде болып жатқан жаңалықтар оның назарынан тыс қалмайды. Ол қалың дәптерлер «Тұрмыстық күнделіктер» және «Әдеби күнделіктер» болып екіге бөлінген. Алғашқысы 130-ға жуық болса (1500 баспа табақ), екіншісі әрқайсысы 40 баспа табақтан астам 4 кітап болып «Өмір өрнектері» деген атпен жарыққа шықты. Осының өзінен-ақ қаламгердің ерекше еңбекқорлығы көрініп-ақ тұр. Журналистикада ұқыптылығымен танылған мұндай журналистер некен-саяқ болса керек, тіпті жоқ болуы да мүмкін. Әзілхан Нұршайықов очерктерінің жазылу тәсілі қандай? Ол көбіне-көп «мен» деген тұрғыдан, яғни, бірінші жақтан баяндап отырады. Кез-келген шығармасының алғашқы сөйлемін оқыған адам одан басын ала алмай, еріксіз тұсалып қалады. Бұл нені көрсетеді? Әрине бұл қаламгер шығармашылығындағы шынайылықты танытады. Қара қылды қақ жарған әділеттілік, қалың елдің жүрегіне жол тапқан қарапайымдылық жазушының жан-дүниесіне берік қонақтаған қасиеттер тәрізді.

Жазушы тіпті іссапарға да бөлек блокнот алып кетіп, жол-жөнекей ойға түскен нәрселерді қысқаша түйіндеп қойып отырады екен. Кейін бәрін де егжей-тегжейлі баяндап, кеңейтіп қағазға түсіреді. Әзілхан Нұршайықовтың ерекше оптимизмі мынадан да көрінеді. Ол ауыр науқасқа шалдығып, қатты қиналып жатқан кезінде де күнделігін үзбей жалғастырып отырған: «Науқастанған кезімде қиналсам да, жазуға тырысам. Жазуға құлшынысым ауруымды жеңгендей болады. Жағдайы үміт күттіре қоймайтын науқастардың палатасында жатқан сәттерім де болды. Бетім бері қараса болды, күнделіктерімді үзбей жалғап отырдым...»10. Қорыта айтқанда, Ә. Нұршайықов – қазақ журналистикасы жұлдыздарының бірі, өзіне ғана тән өрнек-стилі бар қаламгер, қайталанбас құбылыс. Ол журналистиканың барлық жанрларында қалам тербеді, көптеген формалық жаңалықтар әкелді. Соның нәтижесінде оның есімі ұлттық журналистика шежіресіне алтын әріптермен жазылып қалды.

60. Мемуарлық романдардағы әлеуметтік талдаулар. Бүгінгі мемуаристикасының қалыптасу жайы бүкіл әлем әдебиетінің озығынан, орыс әдебиетінен оқу арқылы жетіле түскен. Ол ұлттық әдебиетіміздегі мемуарлық дәстүрлердің негізгі жолын ескере отырып, күрделене жаңарған, жаңа мазмұнмен түлеп, мәселен деп бағытта түрлене көркейген жанр.

Көркем шығарманың табиғатына әсер ететін негізгі факторлар саясат, қоғам, идеология, тарихи жағдайлар өзгергенде, көркем туындылардың келбеті де өзгеріске түсетіні белгілі. Әсіресе, мұндай факторлық әсердің ерекше күштілігін Кеңес өкіметі орнап, Коммунистік партия билеген кешегі социалистік қоғамдағы әдебиеттерден көреміз. Мұнда тұтас дәуірге татитын ұлы өзгерістердің қалай орнағанын, қалыптасып өркендеуін, нәтижесінің мәнін ашып көрсететін шығармалар жазылған.

Егер сол кездегі «Тар жол, тайғақ кешу», «Өмір мектебі», «Орындалған арман», «Көз көргенде» негізгі кейіпкерлер автордың өзі болса, «Аспандағы айқас», «Халқым үшін» т.б. автор өзге тұлғалар ғұмырын бейнелейді. Мұның өзі соңғы мемуар кейіпкерлерінің жалпы ерекшелігін белгілейтін де фактор. Осыдан автобиографияның мазмұнына материал беруші де, дәуір идеологиясын ғұмырнаманы өзгеріске келтіруші екені байқалмайды. Олай болса мемуар сипаттауына да азды-көпті болсын өзгертудің еніп отыруы (кейіпкерлері, объект нысанасы, адам психикасы, адам санасы т.т.) мүмкін жайлар.

Асылы мемуарлық шығарма қандай жағдайда туады? Ол көбіне қоғамда дүрбелең уақыт өтіп, соның соңынан уақыт-жағдайды таразылаудан келіп туады. Өзін «Ұлы трагикпін» дейтін А. Григорьевтің «Естелік» жазбаларын «Әдеби жәдігерліктер» (Литературные памятники) сериясы бойынша басылымға дайындаған профессор Б.Ф. Егоров былай деп жазады: «Көрініп тұрғандай, уақыттың өзі мемуар жазатындай кез емес болатын: әдетте, естеліктер, құжаттар, хаттар жинағын жасау мен оқуға деген жалпы құлшыныс әлдебір дәуірдің саябырсыған кезінде, біршама тұрақты жағдайда туындайды. Ресейде мұндай: дәуір аздап ертерек, Николай режимінің кұлдыраған және 1 Николайдың өлімінен кейінгі алғашқы жылдарына дөп келген еді. Яғни 50-жылдардың орталары болатын: бұл кезде әдебиет оқырмандарға Герценның «Өткендер мен ойларының» негізгі бөлігін және С.Т. Аксаковтың «Отбасы хроникасын», сондай-ақ балалық шақ пен албырт шақ туралы көптеген автобиографиялық повестерді берді. Алайда, Григорьевтің мемуарлары құрылып жатқан 1862-1864 жылдарға қорытынды жасау мен сабыр мен талдау жүргізуін жайлы уақыт емес болатын: басыбайлы шаруалар жойыла бастаған, елдегі революциялық ахуал зұлымдықпен басып – жаншылған, поляк көтерілісі бой алған және онан талқандалған, әлеуметтік-саяси салада қарқынды журналдық күрес, экономикалық, философиялық, әдеби шиеленіс орын алған кез еді. Әр күні күтпеген кездейсоқ оқиғалар тізбегінен, естелікке мұрша жоқ еді».

Ә. Нұршайықовтың «Мен және менің замандастарым» ғұмырнамалық романының негізгі композициялық діңгегі автордың өзі әңгімелейтін естеліктер болса, олардың берілу формаларының өзі біркелкі емес. Автордың бірыңғай баяндаудан гөрі формалық түрлендіруге басымырақ мән бергені көрініп тұр. Айтылып отырған әңгімені растап, бекіте түсу үшін түрлі құжаттарды, баспасөз беттеріне жариялағандарды сыналап кіргізіп отыру – мемуар жанрына тән шығармашылық дәстүр. Бірақ бұлжымастай көрінетін міндетті үрдіс емес. Мұндай құжаттарды көлденең тартпай-ақ жазылған мемуарлық шығармалар қазақ әдебиетінде де кездеседі. Автор алдыңғы айтылған шығармашылық дәстүрді пайдалануға көбірек ден қойған деуге болады.

Расында да, біз талдамаққа ниет етіп отырған Ә. Нұршайықов, М. Мағауин, Қ. Жұмаділов Кеңестік кезеңде тіршілік кешкен, әдебиетке кеңестік кезеңде келген, бірсыпыра шығармаларын сол уақытта жазып, оқырманға кеңінен танылған қаламгерлер. Егер, Желтоқсан оқиғасы болмаса, СССР аталатын алып империя ыдырап, әрбір ұлт тәуелсіздігін алып, дербес жеке мемлекет болып бөлініп шықпаса, аталған жазушылар мемуарға ден қойып, аталған шығармаларын жазар ма еді, жоқ па? Мүмкін олар көркем прозалық ізденісін одан әрі тереңдетіп алуан-алуан табиғатты шығармалар жазған болар еді. Мемуар жазбауы мүмкін еді. Жаза қалғанда жасы бұдан да ұлғайып егде тартқанда жазар ма еді? Қалай болғанда да қазақ қоғамындағы бодандықтың аяқталып, тәуелсіздікке қадам басуымыз – аталған жазушылардың мемуар жанрына келуіне белгілі дәрежеде ықпал етті.

Тарих мемуарда да көрінеді. «Өткендер мен ойлар», «Тар жол, тайғақ кешулердің» зор ерекшеліктерінің бір қыры – тарихтың әдебиетінен де белгіленіп тұр. А. Герценнің «Өткендер мен ойлардағы» өз өмірінен қоғам болмысының сәулесін сезінгісі келетіні барлығы да, В. Белинскийдің тарихи фактордан зәулім құрылыс тұрғызуға, оны қалаушы – әдебиетшіден керемет күтуінің өз де осылардың дәлеліне меңзейді. Тарихи материалдарды пайдаланып зерттегенде, мемуар сырт қарағанда тарихи романдарымен сәт-сапалас сияқты көрінгенімен, тіпті бөлекше келбетте. Рас, кейде тарихи шығармалардың мемуарға мейлінше таяуласа келетін мезеттері де болады.

Тарихи роман – повесте негізгі кейіпкер, онымен қатысты адамдар дүниеде сол қалпында шын болып өтті дегеннің өзінде, олардың басынан өткерген болмыстары да автордың көзімен көргені, сезінгені, аралас болғаны жүйесінде емес, жазушының тарихтан зерттегені, халықтан естігені, өмір құбылысынан, сонымен үндесер жайлардан қорыққаны тұрғысынан барып жазылады. Мұнда тарихи кейіпкердің өмір кешулерінің барлығы мемуарлардағыдай жазылмайды және тарихи романды жазушы тарихи кейіпкер образын толықтыра түсу мақсатындағы ізгілік үстінде кейде біршама образдарды, кейбір оқиғалар мен эпизодтары ойдан қиыстыруы да кездеседі.