- •7.«Өмір мектебі» романындағы кезең шындығы
- •8.«Көзкөрген» романының пішіндік құрылымының ерекешелігі.
- •9.Мекере Атымовтың «Өмір мектебі» жайында зерттеу мақаласы:
- •13. С.Мұқановтың мемуарлық романындағы жазушы шығармашылығына қажет мәліметтерді атап өтіңіз.
- •14. М.Әуезов туралы естеліктеріндегі «Қарагөз» пьесасының жазылу тарихына қатысты мәліметтерді атап көрсетіңіз.
- •15. Мемуарлық проза үлгілерінің жанрлық сипатына тоқталыңыз.
- •18. Ресей қаламгерлерінің естеліктерін атап өтіңіз.
- •23. Ақын-жазушылардың естеліктеріндегі дерек көздері мен автор дүниетанымы туралы айтыңыз
- •24. Қ.Жұмаділовтың «Таңғажайып дүние» романындағы тарихи өмір шындығын баяндаңыз
- •25.Б.Момышұлының«Ұшқан ұя» романдағы автор тұлғасы
- •26.Мемуарлық шығармалар тарихы
- •27.С.Мұқанов туралы естеліктер.
- •29. «Көзкөрген» мемуарлық романының зерттелу тарихы.
- •34. Эссе жанрының туып қалыптасуы туралы баяндаңыз
- •35. Ә.Нұршайықовтың Автопортрет атты эсселер жинағына тоқталыңыз
- •36. С.Шаймерденовтың Ағалардың алақаны естелік кітабы туралы баяндаңыз
- •40. М.Әуезовтың хаттары туралы айтыңыз.
- •41. М.Мақатаевтің күнделіктеріне тоқталыңыз.
- •45. Қаламгер хаттарының кезеңдік міндеті мен әлеуметтік маңызы туралы баяндаңыз.
- •46. Қазақ эпистолярлық жанрына тоқталыңыз.
- •48. Жазушы мен оқырман хаттарына тоқталыңыз.
- •49. Ұлы Отан соғысы жылдарында жазылған хат-өлеңдерге тоқталыңыз
- •50. Жазушының шығармашылық лабороториясындағы қаламгер хаттарының маңызы жайында айтыңыз.
- •55. Хаттар мен күнделіктердің құрылымдық, пішіндік ерекшеліктерін атап өтіңіз.
- •59.Қазіргі қазақ прозасындағы эссе жанрының дәстүрі.
8.«Көзкөрген» романының пішіндік құрылымының ерекешелігі.
Мемуарлық шығармалардың бірі очерк,публицикаға құрылса,енді бірі әдеби зерттеу очергіне ұқсап жатады.Ал Ғабит Мүсіреповтың «Көз көрген» романы мүлдем басқаша жазылған.Жиырма бес әңгімеден құрылған романда бір эпизодтан екінші эпизод өрбіп,тың тартыс,жаңа оқиға туындап отырады.Жазушы көрген-білгендерін жалаң баяндай бермейді,тек қажетті деген мәселелерді ғана таңдап алып отырған.Оның өзінде тек фактіге ғана тәуелді болып қалмайды.Өмірден түйгенін қортындылап отырады,көркемдік бояуын құбылтып,жетілдіріп отыруға ерекше назар аударған.Осы жағынан Көз көрген документальдықтан гөрі суреткер көзімен қараушылық басым.Көптеген жазушылар творчествалық жолын,сәтсіз сәттерін,өз аттарынан баяндайтын болса,ал мұнда жазушының өзі-Сарыбала бейнесі арқылы көрінген.Көбелек қүып,қызыққа батып жүретін Сарыбала шығарманың алғашқы бетінде-ақ алдыңнан шығады.Ойын баласы болса да,үлкендер сөзіне құлақ түріп,әр нәрсені өзінше түйіп,өзінше сезінетін Сарыбала кітап соңында әлеуметтік тартысқа,қоғамдық іске белсене араласып,жаңа заманның жаршысы болып жүргенін көре аламыз.Сарыбала әке тәрбиесін көп көрген.Әкесі Мұстафа баласына:«құдай бір,пайғамбар хақ»-деп баласын адалдыққа,адамгершілікке ғайбат сөйлемеуге,бір сөзді болуға,мейрімділікке ғана баулиды.Әкесі Мұстафа қажыда әлсізге араша түсіп,әділдікті сүйетін жан болған сонысымен ел құрметіне бөленген жан.Сарыбала Спасск заводында жүрген кезде көзбен көріп,түйгендері де көп.Қазақ жұмыскерлерінің ауыр күйін ең алғаш осы жерде көрген еді.Жұмыстағы ауыр жұмысқа тек қазақ жұмысшыларын салған.Жұмысшылар қазақ байларынан тепкі көріп,осы заводқа келіп тығылғын.САРЫБАЛА СОНЫҢ БӘРІН ДЕ ӨЗ КӨЗІМЕН КӨРГЕН.Іші қазақндай қайнайды.Күресуге ол әлі жас.Романда түрлі мәселелер сөз болған.Орыс-жапон соғысына қатысқан Шодырдың қайтқан кезінен бастап,переселендердің келуі,қазақ даласын да қамтыған Столыпин реакциясының ауыр зардабы,1916 жылдың оқиғасы мен совет өкіметін нығайту жолында болған күрес сүреттелген.Көз көрген романы жиырмасыншы жылдың тек алғашқы жарымын ғана қамтыған.Романды жазғанда жазушы тарихи фактіден тыс кетпеген.Өзінің арқа тұтар ағасы Біләл жөнінде де шындықты бүкпей айтқан.Шығармада ерекше көзге түсетін бір жай-қазақ пен орыстың достығы,туысқандық қарым-қатынасы.Мемуарлық шығарманы тұтастай алғанда көзге түсетін бір жай,революция әкелген жаңалықтар мен замандастар характерінің өзгеруі,ескінің күйреп,жаңаның салтанат құруына байланысты тарихи заңдылықтарымен көрінеді де,социолистік реализм әдебиетінің бүгінгі өкілдерінің творчествалық өсу жолдары анық танылады.
9.Мекере Атымовтың «Өмір мектебі» жайында зерттеу мақаласы:
Автор шығармада сан-салалы мәселені қамтыған.Әйел теңсіздігінің ауыр зардабын Балсары,Бағила,Ұлтуған мен Зәуре өмірлерінен алынып,нақтылап елестеткен.Он алты жастағы Зәуренің жездесі Сүлейменнен үнемі таяқ жеп,одан қалса бәбішесі Қанапияға жақпай көрген өмірі тозаққа татырлықтай болған сәттерді ашық айна-қатесіз суреттей алған.Мұнда әдет-ғұрып та салт-дәтүр де,әлеуметтік-қоғамдық жағдай да кеңінен қозғалған.Романның алғашқы басылуында жылқышыны суреттеп,оның қаз-қартаны,жал-жаяны мұрын исін жаратындай етіп әзірлеп тоя жеуі,қыс бойы ат үстінен түспейтін жылқышы өмірін жеңілдете түсетіндей көрінеді.Қонақтан қонаққа барып,қолдары тимей жүретіндері де аз емес-ті.Осыған орай ру жайын,оның үрім-бұтақтарын тізбектеп кетушілік те кездесетін.Әлти,Абылай байлықтарын тым көп сөз ететін.Өмір мектебінің кейін басылған соңғы екі кітабында бұл айтылған кемшіліктер жойылып,түйінді мәселелерді сөз еткен.Халықтың ән-күйге,өнер-білімге деген құмарлықтарын өзекті мәселе етіп алған.Сонымен бірге романнан бірінші империалистік соғыс пен 1916мжылғы халық көтерілісі,февраль ревалюциясының оқиғасы да орын алған,Құтырлағандағы қазақ орыстардың соғысқа аттануы,майданға шақырылған қазақ жігіттерінің нанразылығы да сөз болған.Романда геройдың жастық шағынан бастап,өмірден алған тәжірибесі мен есею кезіндегі көрген,түйгендеріне негізделген.Жазушы шығармада жарты ғасырдың айғағы ретінде көрінеді де,тарихи документальды фактілерге көп көңіл аударады.Романда үлкен өмірдің ауқымынан алынған көптеген жайттар жазушының көз алдынан тізбектеліп өтіп жатады да,сол кезде өзімен бірге болған адамдардың іс-әрекеті мен өзара қарым-қатынастары,олардың күрес-тартыстары көбірек баяндалып кетеді.Сондықтан да жазушының сүбелі де,ірі туындыларында суреттелетін кейбір оқиғаларды мемуарлық шығармаларда елес беруін қайталау деп түсінбей,тарихи заңдылық деп қарау орынды.Өйткені жазушы шығарма сюжетін фактіге құрады да,революция кезінен бастап,Ұлы Отан соғысына дейінгі дәуірде болған әр алуан оқиғаларды қамтып,өзі осы бір жылдардың куәсі болып отырады.Шығармада бірінен соң бірі көрініп,кей кездері шығарманың орта жолында қалып қойып отыратын Дәметкен,Қабынбайдың Ғабдолы,Шоқпыт,Қымбат,Ерміш,Мәшік,Мұстапа сынды кейіпкерлер көп.Бұлар романда әрбір эпизодтарға арқау болып,кейбір жағдайларда өрелі істер атқарып жүргенімен,оқиға желісін құруға септігі тимейді.Көбіне көріне түсіп,көзден тасаланып кететіндіктен,олардың образдары типтендіріліп отырмайды.Мұның өзі негізінде мемуарлық шығармалардың жанрлық ерекшелігінен келіп туады.Жазушы Менің мектебімде кісі есігінің алдында жүрген кедей,жалшылардың айғайы ретінде көрінсе,екінші кітапта олардың оқу оқып,білім алып,жаңа қоғамның иесі өздері болып отырғандығын тарихи адамдар арқылы ашқан.Міне бұл мемуарлық шығарманың тарихи сипатын танытады.Көргені мен түйгені мол жазушы болған оқиғаларды ған топшылап қоймай,философиялық терең топшылаулар жасаған,Коммунистік қоғам құрылысының зор болашағын көрсетіп,замандастар бейнесін көз алдына әкелген. «Өмір мектебінің» үшінші кітабының да «Есею» жылдары деп аталуы осыдан.
10. Н.Ақыштың қазақ мемуарлық романы туралы пікірлеріне тоқталыңыз
Н.Ақыш қазақ мемуарлық романдарын тұңғыш рет монографиялық зерттеу деңгейінде әр қырынан талдап, мүмкіндігінше кең ауқымда ғылыми айналымға енгізді. Ол “Қазақ мемуарлық романы” атты докторлық еңбегі де осы жанрда жазылған романдардың басын біріктіре зерттеп, бірсыпыра қомақты ойларға, тосын тұжырымдарға тізгін береді. Ең әуелі мемуарлық роман дегеннің өзі не, оның жанрлық анықтамасы қандай болуы тиіс және қазақ мемуарлық романдары қандай түрлерге бөлінеді деген сияқты теориялық мәселелерді бір қаузап алып, өзімізге таныс шығармарлардың беймәлім қырларына үңілтеді. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері өмірге келген мемуарлық шығармалардың табиғатын ашып, етінен сүйегін айырғандай етіп жіліктеп көрсете білгендігі. Көпшілігіміз көңіл бөле бермейтін, тіпті сыншы, әдебиеттанушы ағайындардың қырағы көздеріне іліне қоймаған көркемдік мәселелерін таратып береді. Сонымен қоса онда қазақ әдебиетіндегі мемуарлық романдарға талдау жасайды. Атап айтқанда, М.Х.Дулатидың «Тарих-и Рашиди» атты еңбегін атап, соның екінші бөлімін талдаған, осы еңбекті алғаш мемуарлық роман деп таныды. Одан кейін С.Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешуін» тақырыпқа орай сөз етеді. Бұл екі еңбектің де қазақ әдебиеті тарихында алатын өзіндік орны мен бағасы бар. Тарихи маңызы да зор.
Н. Ақыштың «Қазақ мемуарлық романы» атты диссертациялық зерттеу жұмысында «Мемуарлық романның өмірбаяндық сипаты күшті болып келеді, бірақ кез келген өмірбаяндық шығарма, соның ішінде естеліктер де мемуарлық роман бола алмайды. Осы аталған еңбекті жазу барысында ұсынатын теориялық қорытындының бірі осындай болуға тиісті», – деп тұжырымдайды.
Барынша өмірлік материалдар негізінде жазылған шығармалар қазақ әдебиетіндегі ғұмырнамалық жанрдың табиғаты мен болмыс бітімін таныту да озық үлгілердің қатарынан санауға келердей.
Автор – кейіпкер үшін ең басты мәселе, бұл тұрғыда, шығармашылық процестің материалдарын жинау, еске түсіру, сұрыптау. Онан ары да қаламгер жұмысы ауырлай түседі. Ендігі жерде шығарманың жүзеге асуы процесінде қажетті эстетикалық таным тұрады. Өмірде білу, көру, бастан өткеру, бұл ғұмырнаманың бір жағы болса, сол дайын айтылған, деректі дүниені көркемдік танымға айналдыру – ең күрделі тұсы. Ғұмырбаяндық шығармалар айғақтықты, дәлдікті, өмірлікті талап етеді, бұл шығарманың құжаттылығын жоққа шығармайды. Осы тұрғыдан келсек, ғұмырнамалар тек әдеби көркем туынды ғана емес, деректі көркем дүние де болып табылады. Олай болған күнде ғұмырнамалық көркем шығарманы деректі көркем шығармадан бөліп тұратын басты құрылым бұл екеуінің арасындағы танымдық және эстетикалық мүмкіндіктерге байланысты болса керек. Нақты өмірдің өзінен алынғандықтан, Ә. Нұршайықов, М.Мағауин, Қ. Жұмаділов ғұмырнамалық шығармаларында көркем қиял жоғары мәнге ие емес. Жазушылардың кейбір өткен оқиғаларды бейнелеуде айтылар пікір, ойларына қарай көркем-шынайы болжамдардың ара-кідік кездесуі заңды да. Тарих және тарихи тұлғалар мен оқиғалардың автор-кейіпкерлер ғұмырларына қатысты тұстары ғана алынып отырғандықтан, қаламгерлер бұл мәселерге аса сақтық және ыждағаттылықпен қарайды. Көркем туындылар стилінде баяндаудың қызметі жоғары болып келеді. Себебі, оқиғаны бастан өткерген автор-кейіпкерлер бірінші жақта өз атынан баяндаса, кейде сол оқиғаның ортасында жүріп бейнелеуі де ұшырасады. Біз қарастырған ғұмырнамаларда өмірлік шындықтың көркемдік шешімін беруде авторлар психологиялық талдаудың түрлі әдіс-тәсілдерін қолдануы кездеседі. Өмірде болған тарихи тұлғалар бейнесінің көркемдік бейнесіне бару үшін, олар кейіпкерлердің ішкі жан-дүниесіне енуге ұмытылады. Өздері бастан кешірген оқиғаларға қатысты кейіпкердің портреттік сөйлеу, іс-әрекеттері арқылы бейнелеп, деректіктен арылып, көркемдікке үйлестіреді
11. Естелік әдебиет жанры
Естелік – әдебиет жанры. Одан да мемуарлық әдебиеттің бір үлгісі. Естелік, көзбен көрген шынайы шындыққа құрылса игі. Жанрдың қалыпты формасы жоқ. Ықтимал формаларды қайталаудың өзі қателікке ұрындыруы бек мүмкін. Естелік – еске алып отырған адамның шын табиғатынан тууға, еске алып отырған адамның шын болмысына ғана ұқсау керек. Көрнекті мемуарист К. Чуковскийдің өз естеліктерін «Ойдан шығарылмаған әңгімелер» деп атауының сыры да осында.
Ж. Жабаев, М. Әуезов, С. Мұқанов замандастарының естеліктерінде аяулы дарындардың балалық, жастық шағы терең толғатып айтулы шығармаларын жаартуы, жарық дүниеден көшуі еркін қамтылып. Бұл – творчество адамының ең жауапты үш сәті. Олай болса, ұлы замандастары хақында жадындағы қимас суреттерді сағынышқа орап, сезімге бөлеп, сыр бөліскен естелік авторлары мақсатқа жетті деген сөз. Олай болса, дүйім дүниені күңірентіп өмірден көшкен дарындар жөнінде естелік кітабын құрастыру оңтайын тапқан орайлы іс.
Әулеттік романдар, әр шаңырақтың ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын шежіренамалары, белгілі адамдары жөнінде қызықты жазбаларды жариялау, естелік кітабын шығару Европада ежелден орын тепкен дәстүр. Өзге мәдениет үлгілері секілді естеліктердің орыс әдебиетінде өркендеуін сала-сала, серия-серия етіп жүйелеген жарияланымдардан көреміз. Олардың алды әлденеше дүркін басылым көрді. Э. Золя, Ги де Мопассан, О. Бальзак, Э. Хемингуэй, А. Пушкин, Н. Некрасов, И. Тургенев, Л. Толстой, Ф. Достоевский, А. Чехов және басқа мәдениет, өнер, ғылымның атақты тұлғаларының тағдыры туралы жинақтау формасындағы естеліктерден жеке кісінің естелік кітабына дейін сан алуан ыңғайдағы кітаптар оқушыларға молынан жетті. Естелік кітаптары мынадай жүйеде: бірінші, бір адам хақында оның замандастары жазған естеліктердің жинағы; екінші, жазушылардың аяулы жарлары жазған естелік кітаптары; үшішнін, жазушылардың жәрдемшісі, секретары, дәрігері жазған естелік кітаптары, ара-тұра Л. Толстой секілді ұлы жазушының баласы (Толстой), балдызы, (Кузминская) жазған естелік кітаптары да кездесетінін айта кеткен жөн . ХІХ ғасырда күрт өркендеген мемуарлық әдебиеттегі осы көрініс үзілмес дәстүрге айналып, жақсы жалғасын тапты.
Орыс әдебиетіндегі естеліктің жай-жағдайына тәтпіштеп үңілуіміз тектен-тек емес. ХІХ ғасыр – орыс әдебиетінің алтын ғасыры. Сол мәдениеттің ептеп қазақ әдебиетіне, оның естелік жанрының тарих тағдырына себі тиген жағдайы бар. ХІХ ғасырда өмір сүрген Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев секілді ұлы аталармыз жөнінде бірсыпыра естеліктердің жазылып, жарық көруіне өскен, өркендеген бұл мәдениеттің көп ықпалы болды. Әсіресе Ш. Уалиханов еңбегінің жинақталып жарқы көргені, замандастарының сәтті-сәтті естеліктер жазып қалдырғаны үшін, біз оның орыс және өзге ұлт өкілдерінен бас құрған достарына қарыздармыз. 1904 жылы Санкт-петербургте Ш. Уалихановтың шығармалары кітап болып басылуы игілікті іс болды. Шоқантанушы академик Ә. Марғұлан кезінде газет-журналдан жинап-теріп, Шрқанның достарына естеліктерін оның бес томдық шығармалар жинағының бесінші томына енгізуі аса зор ыждағаттық белгісі. Атап айтарлық жай достарының естеліктерінде Ш. Уалихановтың туған ортасы, Омбыдағы оқушылар ортасы, Омбы, Петербургте өткен саналы ғұмыры, еңбектерінің ғылыми мәні жөнінде көп құнды мәліметтер бар.
Естелік одан әрі желі тартып әдебиет дәстүріне ене қойған жоқ. Қазақ совет әдебиетінде көп уақыт бойы естелік жеке жанр райында да түзілім құрмайды. Жекелеген естеліктер мерзімді баспасөзде жазылуымен шектелді. Әдебиет пен өнердің, ғылым мен спорттың қайталанбас қайраткерлеріне арнапестелік жинақтарын құрастырып дәстүрге берік бастады. «Жазушы» баспасы ілгеріде «Қызыл сұңқар», «Біздің Мұхтар», «Кәдімгі Сәбит Мұханов» аталатын естелік кітаптарын шығарған еді. Соңғы кезде баспа естелік кітабын «Жайсаң жандар» деген арнаулы сериямен шығара бастады. «Дастан ата» мен «Қаныш аға» осының айғағы.
12. «Біздің Мұхтар», «Кәдімгі Сәбит Мұханов» естелік-кітаптарының құрастырылып, жариялануы туралы әңгімелеңіз
Естелік құрастыруда Архивтік деректі көпшілікке ұсынуда екі түрлі себеп бар. Бірінші, "Біздің Мұхтар" естелік кітабында М.Әуезов өмірінің ат жалын тартып қайраткерлікке мінген 1917-1920 жылдар кезеңі қамтылмаған. Бұл - уақыттың өзгеруіне орай орны толтырылуға керекті олықылық. Екіншіден, "Екеу" кімнің бүркеншік аты деп сұраушылар көптеп кетті, соларға бұл архивтік дерек жауап болады. Аталған естелік кітапта оқуушы қауымға осы сияқты архивтә деректер беріледі.
"Біздің Мұхтарды" құрастырған әдебиетші ғалым Баламгер Сахиев орыс тілінде жазылған естеліктерді қазақшаға аударығу қатысқан, түсініктерін қоса жазған.
«Кәдімгі Сәбит Мұқанов» атты естеліктер кітабында замандастары мен қаламдастары – М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, С.Бегалин, Ә.Тәжібаев, М.Қаратаев, Б.Кенжебаев, Т.Кәкішев, С.Қирабаев, Ә.Нұрпейісов, С.Шаймерденов, С.Мақпыров, Қ.Ергөбек т.б. жазушы еңбегі мен шығармашылық мұрасын жан-жақты сөз етсе, бауырлас елдің ақын-қаламгерлері – Б.Кербебаев, С.Құдаш, Ғ.Ғұлам, Ш.Айтматов, С.Маршак, Р.Ғамзатов, Л.Леонов, Э.Межелайтес, В.Собко, И.Шимкус, Н.Фазылов т.б. өмірде де, өнерде де алды ашық, жолы кең, батыр болмысты, қарапайымдылығымен де келісті тау тұлғалы, дара дарынды өзгеше жаратылған адами болмысын, азаматтық һәм қайраткерлік қырларын емен-жарқын еске алды.Адамтанудағы орын-үлесі де тиісінше сөз етіледі.
Жазушы С.Шаймерденовтың "Кәдімгі Сәбит Мұқановқа" сіңірген еңбегі ересен. Естеліктерді іріктеп, редакциялап өңдеп, жөндеуде жазушы көп іс атқарды.
"Кәдімгі Сәбит Мұқановты" құрастыру жолында әлем әдебиетіндегі естелік жанры дәстүріне ден қойып, тәжірибе жинағаннан кейін жинақтады.
Әдетте, біз кітап құрастыру - барды жинақтап салу деп түсінетініміз бар. Шындығында құрастырушылық - өз міндетін адал атқарса, белшеден бейнет. Құрастырушылық - білім-білік, ғылыми көзқарас. Құрастырушылық - мол тәжірибе, редакторлық, авторлық. Осының барлығының басын қосып ұсынықты ұйымдастырушы, үйлестірушілік өнер.
