- •7.«Өмір мектебі» романындағы кезең шындығы
- •8.«Көзкөрген» романының пішіндік құрылымының ерекешелігі.
- •9.Мекере Атымовтың «Өмір мектебі» жайында зерттеу мақаласы:
- •13. С.Мұқановтың мемуарлық романындағы жазушы шығармашылығына қажет мәліметтерді атап өтіңіз.
- •14. М.Әуезов туралы естеліктеріндегі «Қарагөз» пьесасының жазылу тарихына қатысты мәліметтерді атап көрсетіңіз.
- •15. Мемуарлық проза үлгілерінің жанрлық сипатына тоқталыңыз.
- •18. Ресей қаламгерлерінің естеліктерін атап өтіңіз.
- •23. Ақын-жазушылардың естеліктеріндегі дерек көздері мен автор дүниетанымы туралы айтыңыз
- •24. Қ.Жұмаділовтың «Таңғажайып дүние» романындағы тарихи өмір шындығын баяндаңыз
- •25.Б.Момышұлының«Ұшқан ұя» романдағы автор тұлғасы
- •26.Мемуарлық шығармалар тарихы
- •27.С.Мұқанов туралы естеліктер.
- •29. «Көзкөрген» мемуарлық романының зерттелу тарихы.
- •34. Эссе жанрының туып қалыптасуы туралы баяндаңыз
- •35. Ә.Нұршайықовтың Автопортрет атты эсселер жинағына тоқталыңыз
- •36. С.Шаймерденовтың Ағалардың алақаны естелік кітабы туралы баяндаңыз
- •40. М.Әуезовтың хаттары туралы айтыңыз.
- •41. М.Мақатаевтің күнделіктеріне тоқталыңыз.
- •45. Қаламгер хаттарының кезеңдік міндеті мен әлеуметтік маңызы туралы баяндаңыз.
- •46. Қазақ эпистолярлық жанрына тоқталыңыз.
- •48. Жазушы мен оқырман хаттарына тоқталыңыз.
- •49. Ұлы Отан соғысы жылдарында жазылған хат-өлеңдерге тоқталыңыз
- •50. Жазушының шығармашылық лабороториясындағы қаламгер хаттарының маңызы жайында айтыңыз.
- •55. Хаттар мен күнделіктердің құрылымдық, пішіндік ерекшеліктерін атап өтіңіз.
- •59.Қазіргі қазақ прозасындағы эссе жанрының дәстүрі.
49. Ұлы Отан соғысы жылдарында жазылған хат-өлеңдерге тоқталыңыз
Қазақ әдебиетінде қарапайым хатпен бірге хат-өлең де қатар жасап келеді. Хат-өлең қазақ эпистолярлық жанрының өзіндік бір ерекшелігі дерлік. Халқымыздың ақынжандылығын танытатын хат-өлеңнің өрістеуіне халық ақындары себепкер. Хаты сақталған халық ақындары Жамбыл, Кенен, Шашубай, Омар. Игібай т.б. Олардың кейбірі хатты екінші бір кісіге айта отрып жаздырса, енді бірі хат жазарлық сауаты бар еді. Халық ақыны жазған хат-өлеңнен бір мысал келтірейік:
«Сәбитке»
Аман ба, денсаулық, Жамбыл аға,
Сен-дағы жақсымысың, Сәбит бала.
Көрмесем де сыртынан тілеулеспін.
Аман ба, келін-кепшік, бала-шаға?
Бұл тек амандық білдіргенім ғой, қалқам, Шашыңды зарықтырмай хат жазып, хабарлас. Ағаң Шашубай. Хат өлеңді профессионал жазба ақындар да назардан тыс қалдырған жоқ. Ұлы Отан соғысы жылдары өр ақын Қасым Аманжолов тылдағы С.Мұқанов, Ғ.Сланов, Ғ.Орманов секілді әріптестеріне хат-өлеңдә қайта қарап, редакциялап жыр жинақтарында жариялады. Ақынның «Сәбитке» аталатын өлеңі әуелде қарасөз аралас хат ретінде жазылған. Хат-өлең ақын қолжазбасында 20 жол, жинақтарында бұл хат өлең «Сәбитке» деген атпен тақырыппен 8 жол күйінде жарияланып жүр. Қазақ халқында хат жазысу халықтың әлеуметтік экономикалық жағдайына байланысты көшпешілілік пен отырықшылық арасында өзгеріп, өңделіп отырған. Көне түркі кезеңдерінде хат тасқа қашалып жазылса керек. Қаған билеген заманда оның билік-жарлығы, шабарман атынан өзгеріп айтылмас үшін, хат өлең формасында жеткізілген деседі. Өлең-хат құлақтан құлаққа сіңіп, жатталып адресатына жетеді. Ынтызар жүректі ғашық жандар тілегін өлеңмен айтып жеткізеді. Қазақ қыздары жігіт тілегіне ықыласты болса – оған өрнек шеккен жібек орамал сыйлаған. Бертінге дейін сақталып келген бұл дәстүр де хат сипатын беретін, хабарласу міндетін атқаратын символдық мән-мағынаға ие салт.
50. Жазушының шығармашылық лабороториясындағы қаламгер хаттарының маңызы жайында айтыңыз.
Хат жазылып жолданған сәтінде тек қана қатынас құралы міндетін атқарады. Уақыт өте келе хаттар «дәуір документіне» айналады. Осы сәттен хаттың эпистолярлық жанр ретінде әдеби ғұмыры басталады. Хат – әдебиет. Хат – тарих. Хат – көркем шығарма материалы. Хат – жазушы лабораториясын ашатын кілт.
Қазақ әдебиетінде Отан қорғау жолында шаһит болған жауыгерлер мұрасын жинақтауда белгілі ғалым, аудармашы Көбей Сейдеханов бірсыпыра еңбек сіңіріп келеді. Ғалым құрбан болған жауынгерлер өлеңдерін жинақтап, жазушы Б.Момышұлына «Алғысөз» жаздырып, «Жыраманат» аталатын тәуір жинақ құрастырды. К.Сейдеханов себелеп оқтың астында шын сағыныштан туған, жеке жолдарды архивтерден жинап жауынгерлерге үлкен ескерткіш жазады. Жауыргер жан сырын ашып, көсіліп хат жазуы үшін де сеніскен көңіл, ет-жақын туыстық керек. Өз отбасының жайы бір бөлек, мұндай да жауынгерлер рухани жетекшісі – жазушыларға көбірек үміт артады. Олардан рухани қамқорлық күтеді. Орыс әдебиетінде А.Толстой, Н.Тихонов, М.Шолохов, А.Сурков секілді аға буын жазушылар жауынгерлерден қисапсыз көп хат алған. Қазақ әдебиетінде жазушы мен жауынгер аралық байланыс – Жамбыл, С.Мұқанов, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Ә.Тәжібаев тәжірибесінде қайталанған болуы керек. Қоршаудағы Ленинград халқы жампоз жыраудың «Ленинградтық өрендерім» жырын жырға жапсырып қойып, сол жыр рухымен тыныстады. Сондықтан майданнан, түрлі ұлт өкілдерінен ұлы жырауға хаттың ағыл-тегіл келіп жатуы заңды еді.
Еуропада хатқа ерекше назар аударған халықтар – француздар мен ағылшындар. Кезең-кезеңде мәдениеті өркендеген бұл екі халық қарапайым бұқара хатынан мемлекетаралық саяси мәні бар хаттарға дейін қастерлеп сақтайтын әдет тапқан. Француз, ағылшын халқының хатқа ұқыптылығының және бір дәлелі – әрбір үйдің шаңырақ қазынасын сақтауы. Олар өз әулеттерініңбуыны хаттарын қастерлей сақтап, атадан балаға мирас етіп қалдыруы салтқа айналдырады. Кейде жинақталған хаттар негізінде әулеттік роман жазып, жеке баспалардан аз данамен бастырып, тиісті адамдарға таратады. Кейін семьялық хаттарды сақтау орыс халқына да жетті. Әулет хатын сақтау, негізінен, дәстүр тұтуға тұратын өнегелі тәжірибе, жақсы үрдіс. Өйткені хатты кім жазбасын, ол хат кімге арналмасын, ол жазбаларда өз кезеңінің қарапайым шындығы қамтылады. Уақыт өте келе ол қарапайым хат, жазбалар тарихи концепцияларды өзгертуге түрткі болуы, әйтпесе көркем шығарма арқауына айналып, әлеуметтік мәнге ие болуы әбден мүмкін. Әдеби өмірге белсенді араласқан сәттен бастап хат-эпистолярлық үлгісі. Бұл райда хат – тек қатынас құралы ғана емес, әдебиет.
54. Хат-өлеңдерінің зерттелуі мен жариялануына тоқталыңыз.
Қазақ әдебиетінде қарапайым хатпен бірге хат-өлең де қатар жасап келеді. Хат-өлең қазақ эпистолярлық жанрының өзіндік бір ерекшелігі дерлік. Халқымыздың ақынжандылығын танытатын хат-өлеңнің өрістеуіне халық ақындары себепкер. Хаты сақталған халық ақындары Жамбыл, Кенен, Шашубай, Омар. Игібай т.б. Олардың кейбірі хатты екінші бір кісіге айта отрып жаздырса, енді бірі хат жазарлық сауаты бар еді. Халық ақыны жазған хат-өлеңнен бір мысал келтірейік:
«Сәбитке»
Аман ба, денсаулық, Жамбыл аға,
Сен-дағы жақсымысың, Сәбит бала.
Көрмесем де сыртынан тілеулеспін.
Аман ба, келін-кепшік, бала-шаға?
Бұл тек амандық білдіргенім ғой, қалқам, Шашыңды зарықтырмай хат жазып, хабарлас. Ағаң Шашубай. Хат өлеңді профессионал жазба ақындар да назардан тыс қалдырған жоқ. Ұлы Отан соғысы жылдары өр ақын Қасым Аманжолов тылдағы С.Мұқанов, Ғ.Сланов, Ғ.Орманов секілді әріптестеріне хат-өлеңдә қайта қарап, редакциялап жыр жинақтарында жариялады. Ақынның «Сәбитке» аталатын өлеңі әуелде қарасөз аралас хат ретінде жазылған. Хат-өлең ақын қолжазбасында 20 жол, жинақтарында бұл хат өлең «Сәбитке» деген атпен тақырыппен 8 жол күйінде жарияланып жүр.
Осы сұрақтың астына қоя салыңыз, күнделікті
