- •7.«Өмір мектебі» романындағы кезең шындығы
- •8.«Көзкөрген» романының пішіндік құрылымының ерекешелігі.
- •9.Мекере Атымовтың «Өмір мектебі» жайында зерттеу мақаласы:
- •13. С.Мұқановтың мемуарлық романындағы жазушы шығармашылығына қажет мәліметтерді атап өтіңіз.
- •14. М.Әуезов туралы естеліктеріндегі «Қарагөз» пьесасының жазылу тарихына қатысты мәліметтерді атап көрсетіңіз.
- •15. Мемуарлық проза үлгілерінің жанрлық сипатына тоқталыңыз.
- •18. Ресей қаламгерлерінің естеліктерін атап өтіңіз.
- •23. Ақын-жазушылардың естеліктеріндегі дерек көздері мен автор дүниетанымы туралы айтыңыз
- •24. Қ.Жұмаділовтың «Таңғажайып дүние» романындағы тарихи өмір шындығын баяндаңыз
- •25.Б.Момышұлының«Ұшқан ұя» романдағы автор тұлғасы
- •26.Мемуарлық шығармалар тарихы
- •27.С.Мұқанов туралы естеліктер.
- •29. «Көзкөрген» мемуарлық романының зерттелу тарихы.
- •34. Эссе жанрының туып қалыптасуы туралы баяндаңыз
- •35. Ә.Нұршайықовтың Автопортрет атты эсселер жинағына тоқталыңыз
- •36. С.Шаймерденовтың Ағалардың алақаны естелік кітабы туралы баяндаңыз
- •40. М.Әуезовтың хаттары туралы айтыңыз.
- •41. М.Мақатаевтің күнделіктеріне тоқталыңыз.
- •45. Қаламгер хаттарының кезеңдік міндеті мен әлеуметтік маңызы туралы баяндаңыз.
- •46. Қазақ эпистолярлық жанрына тоқталыңыз.
- •48. Жазушы мен оқырман хаттарына тоқталыңыз.
- •49. Ұлы Отан соғысы жылдарында жазылған хат-өлеңдерге тоқталыңыз
- •50. Жазушының шығармашылық лабороториясындағы қаламгер хаттарының маңызы жайында айтыңыз.
- •55. Хаттар мен күнделіктердің құрылымдық, пішіндік ерекшеліктерін атап өтіңіз.
- •59.Қазіргі қазақ прозасындағы эссе жанрының дәстүрі.
45. Қаламгер хаттарының кезеңдік міндеті мен әлеуметтік маңызы туралы баяндаңыз.
Қазақ әдебиетінде Отан қорғау жолында шаһит болған жауыгерлер мұрасын жинақтауда белгілі ғалым, аудармашы Көбей Сейдеханов бірсыпыра еңбек сіңіріп келеді. Ғалым құрбан болған жауынгерлер өлеңдерін жинақтап, жазушы Б.Момышұлына «Алғысөз» жаздырып, «Жыраманат» аталатын тәуір жинақ құрастырды. К.Сейдеханов себелеп оқтың астында шын сағыныштан туған, жеке жолдарды архивтерден жинап жауынгерлерге үлкен ескерткіш жазады. Жауыргер жан сырын ашып, көсіліп хат жазуы үшін де сеніскен көңіл, ет-жақын туыстық керек. Өз отбасының жайы бір бөлек, мұндай да жауынгерлер рухани жетекшісі – жазушыларға көбірек үміт артады. Олардан рухани қамқорлық күтеді. Орыс әдебиетінде А.Толстой, Н.Тихонов, М.Шолохов, А.Сурков секілді аға буын жазушылар жауынгерлерден қисапсыз көп хат алған. Қазақ әдебиетінде жазушы мен жауынгер аралық байланыс – Жамбыл, С.Мұқанов, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Ә.Тәжібаев тәжірибесінде қайталанған болуы керек. Қоршаудағы Ленинград халқы жампоз жыраудың «Ленинградтық өрендерім» жырын жырға жапсырып қойып, сол жыр рухымен тыныстады. Сондықтан майданнан, түрлі ұлт өкілдерінен ұлы жырауға хаттың ағыл-тегіл келіп жатуы заңды еді.
Еуропада хатқа ерекше назар аударған халықтар – француздар мен ағылшындар. Кезең-кезеңде мәдениеті өркендеген бұл екі халық қарапайым бұқара хатынан мемлекетаралық саяси мәні бар хаттарға дейін қастерлеп сақтайтын әдет тапқан. Француз, ағылшын халқының хатқа ұқыптылығының және бір дәлелі – әрбір үйдің шаңырақ қазынасын сақтауы. Әдеби өмірге белсенді араласқан сәттен бастап хат-эпистолярлық үлгісі. Бұл райда хат – тек қатынас құралы ғана емес, әдебиет.
46. Қазақ эпистолярлық жанрына тоқталыңыз.
Жазушы архивінде сақталған жауынгер хаттары – Ұлы Отан соғыс жылдарының эпистолярлық жанрда бейнелеген ерлік шежіресі. Олар Ұлы Отан соғысы ерлігін жырлайтын үлкен әдебиеттің деректі, керекті бір саласы. Олар жауынгерлердің жүрек қанымен жазылған хаттар.
Эпистолярлық мұра дегеннен шығады. Қазақ халқы эпистолярлық мұраға бай емес. Бұрын көшпелі тұрмыс салдарынан хат жазып, оны сақтауды дәстүрге айналдырмаған қазақ халқы қазір техникаға арқа сүйеп, эпистолярлық жазбаны мүлде тоқтатты десек болады. Әрбір хаттарда торыққан ана, зарыққан жар, әкесін сағынған бала тілегі, жауынгерлердің ерлік үні бар еді ғой. Ашу, ыза, қанды кек зығыпданын қайнатқан халық ол хаттарда ақын болып та төгілді. Хат өлеңмен өрнектелді. Өлең-хат – қазақ әдебиетіндегі эпистолярлық жанрдың өзіндік бір ерекшелігі. Эпистолярлық жанрдың формалық ерекшелігі ғана емес, мазмұн тереңдігі жөнінен де жанрдың шырқау шыңы. Өкінішке орай, ол хаттардың көбі жоғалып, жыртылып, желге ұшып отқа жанып кетті. Қатты айтсақ, бұл-ұқыпсыздық, жұмсарта айтсақ – хат сақтаудың ұлттық дәстүрге берік енбеуінің себебі.
Қазақ ақын-жазушылары эпистолярлық мұрасы дегенде Абай, Ыбырай, Шоқан хаттарын алдымен ауызға аламыз.Олардың хаттарын негізгі ерекшеліктеріне қарай мәдени-ағарту мәселелері жайында деп жинақтай бағалауға болады. Хат тарихы – жазу тарихымен сабақтас. Жазу тарихы – тіл тарихымен тектес. Демек, қатынас құралы ретінде тіл пайда болған сәтте жазу, жазумен бірге «хат» та халық тіршілгінен орын тепкен шығар.
Бұқарашыл жанр болғандықтан эпистолярлық жанрға еншілестер көп. Кім-кім де хат жазуға, жазылған хатты сақтауға праволы. Және әрбір әулеттің эпистолярлық мұрасы ұрпақтары үшін ерекше қымбат көрінуі заңды. Эпистолярлық бай мұраға ие деп отырған орыс жазушыларының хатқа қатынасы да біркелкі емес. Мәселен, Н.Некрасов эпистолярлық жанрдың бай дәстүрін біле тұра, хат жазғанды ұната қоймаған адам. Толстойдан қалған эпистолярлық мұра 31 том. Ол бір ғана әйеліне 839 хат жазыпты. Оның 171-і сақталыпты. Перзенттеріне 400-ден астам хат жазған.
Эпистолярлық мұраға бай жазушының бірі – М.Горький. Пролетариат әдебиетінің атасы өзі де хатты көп жазды, өзіне жолданған аттарды да сақтай білді. Ол тек қана совет жазушыларынан он үш мыңнан астам хат алыпты. С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Сәтбаев, Ә.Марғұлан, Қ.Жұбанов хаттары – аса бағалы эпистолярлық мұра.
Ұлы Отан соғысы жылдары эпистолярлық жанр ерекше өсті. Оған тарихи жағдайдың өзі себепкер болды. Майданнан тылға, тылдан майданға үш бұрышты хаттар ерсілі-қарсылы ағылып жатты ол жылдары. От басынан артылған сәтте барша тілегін айтып Жамбыл, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов секілді ақын-жазушыларға хат жолдады.Жауынгер хаттары тасқынын тосу үшін майдандық газеттер «Жамбыл почтасы» аталатын арнайы рубрика ашып, жауынгер хаттарын жариялап отырған.
47. Хат-өлеңдер туралы баяндаңыз.
Қазақ әдебиетінде қарапайым хатпен бірге хат-өлең де қатар жасап келеді. Хат-өлең қазақ эпистолярлық жанрының өзіндік бір ерекшелігі дерлік. Халқымыздың ақынжандылығын танытатын хат-өлеңнің өрістеуіне халық ақындары себепкер. Хаты сақталған халық ақындары Жамбыл, Кенен, Шашубай, Омар. Игібай т.б. Олардың кейбірі хатты екінші бір кісіге айта отрып жаздырса, енді бірі хат жазарлық сауаты бар еді. Халық ақыны жазған хат-өлеңнен бір мысал келтірейік:
«Сәбитке»
Аман ба, денсаулық, Жамбыл аға,
Сен-дағы жақсымысың, Сәбит бала.
Көрмесем де сыртынан тілеулеспін.
Аман ба, келін-кепшік, бала-шаға?
Бұл тек амандық білдіргенім ғой, қалқам, Шашыңды зарықтырмай хат жазып, хабарлас. Ағаң Шашубай. Хат өлеңді профессионал жазба ақындар да назардан тыс қалдырған жоқ. Ұлы Отан соғысы жылдары өр ақын Қасым Аманжолов тылдағы С.Мұқанов, Ғ.Сланов, Ғ.Орманов секілді әріптестеріне хат-өлеңдә қайта қарап, редакциялап жыр жинақтарында жариялады. Ақынның «Сәбитке» аталатын өлеңі әуелде қарасөз аралас хат ретінде жазылған. Хат-өлең ақын қолжазбасында 20 жол, жинақтарында бұл хат өлең «Сәбитке» деген атпен тақырыппен 8 жол күйінде жарияланып жүр.
