- •7.«Өмір мектебі» романындағы кезең шындығы
- •8.«Көзкөрген» романының пішіндік құрылымының ерекешелігі.
- •9.Мекере Атымовтың «Өмір мектебі» жайында зерттеу мақаласы:
- •13. С.Мұқановтың мемуарлық романындағы жазушы шығармашылығына қажет мәліметтерді атап өтіңіз.
- •14. М.Әуезов туралы естеліктеріндегі «Қарагөз» пьесасының жазылу тарихына қатысты мәліметтерді атап көрсетіңіз.
- •15. Мемуарлық проза үлгілерінің жанрлық сипатына тоқталыңыз.
- •18. Ресей қаламгерлерінің естеліктерін атап өтіңіз.
- •23. Ақын-жазушылардың естеліктеріндегі дерек көздері мен автор дүниетанымы туралы айтыңыз
- •24. Қ.Жұмаділовтың «Таңғажайып дүние» романындағы тарихи өмір шындығын баяндаңыз
- •25.Б.Момышұлының«Ұшқан ұя» романдағы автор тұлғасы
- •26.Мемуарлық шығармалар тарихы
- •27.С.Мұқанов туралы естеліктер.
- •29. «Көзкөрген» мемуарлық романының зерттелу тарихы.
- •34. Эссе жанрының туып қалыптасуы туралы баяндаңыз
- •35. Ә.Нұршайықовтың Автопортрет атты эсселер жинағына тоқталыңыз
- •36. С.Шаймерденовтың Ағалардың алақаны естелік кітабы туралы баяндаңыз
- •40. М.Әуезовтың хаттары туралы айтыңыз.
- •41. М.Мақатаевтің күнделіктеріне тоқталыңыз.
- •45. Қаламгер хаттарының кезеңдік міндеті мен әлеуметтік маңызы туралы баяндаңыз.
- •46. Қазақ эпистолярлық жанрына тоқталыңыз.
- •48. Жазушы мен оқырман хаттарына тоқталыңыз.
- •49. Ұлы Отан соғысы жылдарында жазылған хат-өлеңдерге тоқталыңыз
- •50. Жазушының шығармашылық лабороториясындағы қаламгер хаттарының маңызы жайында айтыңыз.
- •55. Хаттар мен күнделіктердің құрылымдық, пішіндік ерекшеліктерін атап өтіңіз.
- •59.Қазіргі қазақ прозасындағы эссе жанрының дәстүрі.
35. Ә.Нұршайықовтың Автопортрет атты эсселер жинағына тоқталыңыз
Әзілхан Нұршайықовтың «Автопортреті» негізінен махаббат қызық молжылдар , ақиқат пен аңыз романдары лобороториясы хақында. Автопортрет деген атынан аңғарылатындай , кітапта автордың өмір жолы , творчествосы хақындағы ойлары, мәслихатжәне насихат сөздері, майдан жазбалары жинақталған. Кейіпкер жанына үңілу, кейіпкер сырын ашу әр авторда әр түрлі. Әзілхан Нұршайықов Махаббат қызық молжылдар, Ақиқат пен аңыз романдарына келген оқушы хаттарымен сырласады. Кездесулерде олар қойған сұрақтарға жауап беріп сұхбаттасады. Бұл тәсілдің бір жақсысы –көркем әдебиеттің сол туындылар жарық көрген жетпісінші жылдардағы оқушысы, оның ой өрісі көркемөнерді дүниетанымымен қабылдауы да сәулеленіп қалып жатыр.Ә.Нұршайықовтың кітабы неге автопортретаталған? «Портреттер» «Автопортреттер» «Жастарға арналған мәслихат сөздері» «Майдан жазбаларынан» аталатын 4 тараудан тұратын кітаптағы қай қай мақалада да автор өмірінің бір сәтін қамтып жатыр. Ол өзгелер жөнінде жазғанда да тақырыпқа өзінің қатысынаңдатып кетіп отырады. Тараулардың ілгерінді кейінді орын тепкеніне қарамастан осындағы барша жазбаларды түгелдей оқып болып кітапты жауып қойып ойланайықшы, көз алдыңызға батырлар жырын жаттап , жанынан өлең шығарып пионер ақын атанған автордың майдан өмірін аралап «Махаббат қызық мол жылдар», «Ақиқат пен аңыз» аталатын романдарды берген жазушылық кезеңіне дейін , тіпті кейде моралист қалпында тұтас болмысы көз алдыңа келеді. Автор талай жыл әуреленгенімен ақын бола алиағандығын да жасырмайды, майдан жолы- қарулас жолдастарыныңт ерлік жолы арқылы баяндалады, журналисттікмектеп пен жазушылық тағдырын ұтымды штрихтармен , жүрдек тілмен , оңтайын тауып орамдыайтып бере білген.
Жалпы Әзекеңқаламынан туған үлкенді кішілі дүниенің оқырман тарапынан қызығын оқылмағаны сирек. Бұл бір жағынан жазушы бақыты, сонымен қатар белгілібір кезеңдегі оқушылық талғам көрінісі. Диалог, интервью, мақала , журналисттік жазба секілдіалуан формаларда көрінген бұл дүниелерге тән ортақ белгі- жазушы әңгімешілдігі.Ә. Нұршайықов қазақ әдебиетіндегі осы жанды дәстүрді жалғастырушы. Бір қарағанда автопортреттегі көп миниатюра жоқтан бар жасағандай арзан материалдан тігілген бұйымдай әсер ететіні бар. Ал біз айтар едік , ол миниатюралар қандай материалдан тігісе де өте қонымды тігіледі. Әзекең бұл ретте майда зер тастарын шебер қиюластырушы зергер секілді. Миниатюралардың шырайын кіргізіп тұрған бір жай- жекелеген ұтырлы штрихтар, детаьдар, әдемі суреттеулер. Мәселен автор Мәншүктің ін айтар сәтін – «Содан кейін оймақ еріннің қызыл жиегі дірілдей көтеріліп, оның ар жағынан жарқ етіп, маржандай аппақ тістері көрінді.» деп суреттейді. Әйтпесе мерген Сүлейменовтің жаумен жекпе жек атысының бір сәтін- «Ыбырайым батыр табан тіреп жаумен шайқасқан кішкентай төбешік тағы бір мөңкіп қалды.» деп қазақыландыра суреттейді. ЕКі мысалдан да автор суреткерлігі аңғарылады емес пе? Сло себепті жазушылық шеберханадан сыр шерткен сәттердегі ағынанжарылып сөйлеуі де бекзаттық деп білеміз. Айталық « Бір кездескенімізде жазушы Мырзабек Дүйсенов екуміз романның жалпы атын не деп қоюды ақылдастық». Ол махаббат қызық мол жылдар деп қоюға кеңес берді. Осыған тоқтадық.» деген сөйлем сөйлем емес ау, сыр риясыз шыншылдығымен баурамай ма оқушысын?! Махаббат қызық мол жылдар романның Ербол есімді кейіпкері хақында ҚАЗПИдің Жамалова деген студентінің пікірін алға тосып, «мен бұл жйында осы студенткадан асырып ештеңе айталмайтын сияқтымын» - деген шынайы жолдар оқушысын бағалай құрметтеудің үлгісі ретінде еңбекке қарапайымдылық дарытпай ма?! Ақиқат пен аңыз романының лобараториясына орай айтылған – «Бұған дейін мен талай адамдармен сөйлесе жүріп , мұндай ұзақ интервью алып , қатты қалжыңдаған кісі емес едім . Өйткені мен бұрын бір жолы бір ақ адаммен , айталық, шопанмен немесе шаруашылық басшысымен сөйлесетінмін.Олардың бүкпесіз әңгімелерін блокнотыма тез тез түсіріп алып, тыңқиып жүре беретінмін . Албір Бауекеңмен сөйлесудің өзі маған бір жерде отырған бірнеше адаммен сөйлескенмен пара пар болды. Мен мемлекет қайраткерінің , философтың, атақты қолбасшының ,ақпа ақын психолог жазушының , жалынды жас жігіттің , жасамыс азаматтың , қатал әкенің , қамқор ағаның ортасында отырған іспеттендім. Бір Бауыржанның ьойынан осылардың бәрі маған қарап анталап тұрады. Олардың әр қайсысымен сөйлесіп тіл қатысу бір кісі үшін оңай шаруа емес еді әрине» - секілді ойлар батыр кейіпкер табиғатымен дөп үйлесіп қыбыңды қандврады.
Айта берсең «автопортреттің » мұндай жазушының оң жамбасына келген оңтайлы сәттері , жетістіктері мол. Ал кемщіл тұстарына келер болсақ- мақташылыққа дес беру, мен- меншілдік. Бірінші жақтан баяндалар мемуарлық характердегі эсседе «меннен »бас тарту мүмкін емес.Әйтсе де әдеттен тыс «мен» авторды ұятқа қалдырған. Мәселен Ә. Нұршайықов творчествлық активіне жатпайтын өлең сымақтарының лабораториясын созбақтап әңгімелегенде оқушыдан ұялып жерге кіріп кете жаздайсың. Оның баршасы «Жақсы ақын болу қолымнан келмеді»-деген бекзат сөздерге сыйып кетіп жатқан жоқ па? « менің мамандығым екеу ғана бірі журналистік, екіншісі – жазушылық. Демек мен қос моторлы сомолетке ұқсаймын...»- деген әңгіме де жарасып тұрған жоқ. «Хат танығаннан кейін «Батырлар жырының» бірін қалдырмай жаттап алдым»- деген жолдвр да артықтау. Әйтпесе «бұл автопортрет менің туған күнімде сіздерге сыйлаған сыйым болсын, сіздерге деген сүйіспеншілігімнің белгісіболсын, әлеумет »- деген сөздерді алайық. Жазушының жазғанын оқырман қабылдаса – сый, қабылдамаса несі сый? Ал жазғаныңды өзімнің туған күнімде сендерге сыйладым деу ешқандай инабаттылыққа жатпас.
Журналистика мен прозаны сәтті ұштастырып келе жатқан Ә.Нұршайықов «автопортрет » аталатын кітабына бір жүйе бір тарау етіп « Жастарға арнаолған маслихат сөздерін» енгізіпті. Иәслихат сөздер демек мәслихатта айтылатын сөздер, кеңесе отырып жазылған ойлар. Ниет дұрыс ау, үлкен жазушының көңіліне келмесін, бұл сөздер жалаң насихат сөздері болып шыққан. Неміс философы Г.К.Лихтенберг айтар еді: « Оракулдың арзандағаны сонша оны жұрт тыңдауды қойды.»- деп. Сол айтқандай орайын тауып, оябын келтіріп айтпасаң бұл күнде жалаң ақыл насихатты кім тыңдайды?
Тағы бір кемшіл тұсы: - қайталауға бой ұрушылық. Мысалы: « Енді өлең маған уыз шақта әудесін беріп есейгенде басқа біреуге ерге шығып кеткен жас кездегі ғашығың сияқты боп көрінеді»- деген ой осы кітаптың 76-бетінде «Ал поэзия , алғашында уәдесін беріп , үміттендіріп, артынан өзге біреуге күйеуге шығып кеткен қыздай болып , көңілімнен де, көкейімнен де бір жола алыстап кетті»- болып қайталанады. Сондай ақ Махаббат қызықмол жылдар романына мыңға тарта хат алған ы кітаптың 49-72 беттерінде , « Әлін білмеген әлек» аталатын мақаланың айтары , мазмұны кітаптың 75-76- беттерінде және алдыңнан шығады.
