- •7.«Өмір мектебі» романындағы кезең шындығы
- •8.«Көзкөрген» романының пішіндік құрылымының ерекешелігі.
- •9.Мекере Атымовтың «Өмір мектебі» жайында зерттеу мақаласы:
- •13. С.Мұқановтың мемуарлық романындағы жазушы шығармашылығына қажет мәліметтерді атап өтіңіз.
- •14. М.Әуезов туралы естеліктеріндегі «Қарагөз» пьесасының жазылу тарихына қатысты мәліметтерді атап көрсетіңіз.
- •15. Мемуарлық проза үлгілерінің жанрлық сипатына тоқталыңыз.
- •18. Ресей қаламгерлерінің естеліктерін атап өтіңіз.
- •23. Ақын-жазушылардың естеліктеріндегі дерек көздері мен автор дүниетанымы туралы айтыңыз
- •24. Қ.Жұмаділовтың «Таңғажайып дүние» романындағы тарихи өмір шындығын баяндаңыз
- •25.Б.Момышұлының«Ұшқан ұя» романдағы автор тұлғасы
- •26.Мемуарлық шығармалар тарихы
- •27.С.Мұқанов туралы естеліктер.
- •29. «Көзкөрген» мемуарлық романының зерттелу тарихы.
- •34. Эссе жанрының туып қалыптасуы туралы баяндаңыз
- •35. Ә.Нұршайықовтың Автопортрет атты эсселер жинағына тоқталыңыз
- •36. С.Шаймерденовтың Ағалардың алақаны естелік кітабы туралы баяндаңыз
- •40. М.Әуезовтың хаттары туралы айтыңыз.
- •41. М.Мақатаевтің күнделіктеріне тоқталыңыз.
- •45. Қаламгер хаттарының кезеңдік міндеті мен әлеуметтік маңызы туралы баяндаңыз.
- •46. Қазақ эпистолярлық жанрына тоқталыңыз.
- •48. Жазушы мен оқырман хаттарына тоқталыңыз.
- •49. Ұлы Отан соғысы жылдарында жазылған хат-өлеңдерге тоқталыңыз
- •50. Жазушының шығармашылық лабороториясындағы қаламгер хаттарының маңызы жайында айтыңыз.
- •55. Хаттар мен күнделіктердің құрылымдық, пішіндік ерекшеліктерін атап өтіңіз.
- •59.Қазіргі қазақ прозасындағы эссе жанрының дәстүрі.
34. Эссе жанрының туып қалыптасуы туралы баяндаңыз
Әдебиет бір күнде туып бірден қалыптаспайды.Тарихи қажеттіліктен туып біртіндеп қалыптасады, жүре келе жетіледі. Жанр өрені, формалық ізденіс, жаңа түр табу- әдебиеттің даму жолында , тәжірибе жинақтау барысында пайда болатын кемелдік нышандары.Романның тууы бір кезде осы ғасырдың басында қазақ әдебиеті үшін құбылыс болған шығар ау, ал қазір профессионалдық биігіне көтерілген бұл әдебиет эпопеяның өзіне таңдана қоймайды. Бұл эпостан эпопеяға қарышты қадам жасаған ұлт әдебиетінің жанрлық іріленуі, тұтастану процесі. Керек болса қазір іргелі жанрдың өзі іштей жіктеліске түсіп, қолдың саласындай тарамданып кетті. Айтылған жайдың бірі жанрдың сыртқы дамуы, бірі ішкі дамуы.Сөз тұздығына мемуар жанрының жай күйін алайық.Арғы тарихын түркі халықтарына ортақ әдеби нұсқалардан таратуға болатын мемуар жанрының жазба құйма формалары XX ғасырдың басында Айқап журналы бетінде едәуір көрінді. Кейін С.Сейфуллиннің Тар жол тайғақ кешу, С.Мұқановтың өмір мектебі Ғ Мұстафиннің көз көрген романдары тұсында мемуар ірі формаға өрендей түсті.Кезіне мемуардың ірі кесек үлгісі туған болса бұл күнде оның эссе , күнделік дегендей ішкі жанрлық формалары өріс ашты.Бұл бір жанрға ғана емес барша жанрға тін. Қандай жанр үлгісі болмасын әрдайып өзгеріп өсіп дамып отырады.Әдеби тәжірбиенің өсуі, үрдіс дәстүрдің жетілуі тың формалы, табиғаты қызықты шығармаларды әкеледі өмірге. Мәселен, қазақ жазушылары үшін эссе ұғым ретінде бұдан біраз жылдар бұрын беймәлім еді. Сол таңсық эссе бұл күнде көзүйренді көп құбылыстың біріне айналып келеді. Ұғымды айтасыз , Эссе қазір қазақ әдебиетінде жанр ретінде байырқаланып орынтебе бастады. Жазушы Әзілхан Нұршайықовтың «Автопортрет», Мұзафар Әлімбаевтың «Көңіл күнделігінен », Тұрсынбек Кәкішевтің «Садақ» Сфуан Шаймерденовтың «Ағалардың алақаны» аталатын әр жылдары жарық көрген шығармалары қазақ әдебиетінің дәстүріне еркі н енбеген , шінара төбе көрсетсе де әлі берік орнығып жетпеген , формасы тың еңбектер десек кім даусалар?Әрине жанрлық формасы тың жазылу стилі тосын дегенде бұл шығармалардың бар кемшілігіне көзжұмып қарауға болмайды.Аталмыш кітаптардың қазақ әдебиеті үшін табиғатының тосындығын қапысыз мойындау ғана. Әлбетте , әдебиетте бар мәнформалық тосындығында ғана емес, шығарманың терең мазмұн, танымдық білігінде жататыны мәлім.
АВтор анықтауына ден қойсақ олардың қай қайсысы да «эссе » деген жанрлық атауға тоқтағандай. Этимологиясына дендеп барып түптесек «эссе» алғаш француз әдебиетінде өнер табиңатын саралайтын очерк райында пайда болған .Әрбір әдебиетке жанрлық атау ретінде еркін ене бастаған бұл сөздің қазіргі кезеіде қолданылу аясы барынша кең, мәнмағынасы мейлінше тереңдеген. Эссе – көбіне қалам қайраткерлерінің ойтолғанысы деген мағынада қолданылыпжүр. Кейде притча, деректі шығарма , философиялық миниатюра, формасы шағын мемуарды да эссе атау ерсі болмай қалды. Оны айтасыз, соңғы кездері»роман-эссе» , «эссе-повесть» аталатын қосанжарласқан жанрлық ұғымдар төбе көрсеіп жүр. Эссе- сын зерттеу еңбектерінен де қылаң бере бастады.
