Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мемуар толық.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
517.12 Кб
Скачать

29. «Көзкөрген» мемуарлық романының зерттелу тарихы.

... Ғабиден жазушылығының ерекшелігі – ол ең алғашқы жауапты қадамынан бастап арнасын, өз тақырыбын талғап тапқан жазушы.

Мұхтар Әуезов

Мұстафин Ғабиден (29. 11.1902, Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Жауыр тауы – 20.1.1984, Алматы) – жазушы, Қазақстанның халық жазушысы (1984), қоғам қайраткері. Ауыл молдасынан ескіше сауат ашып, 14 жасында Спасскі зауытының табельшісінен бір жыл орысша оқиды. Сондағы бес жылдық орыс-қазақ мектебін бітірген (1916). 20-жылдардан бастап ауылдағы кеңес жұмыстарына араласты. 1925 жылдан білімін көтеру мақсатында Қызылордаға келіп, оқуға түсе алмай, өлкелік сотта іс-қағаздарды тіркеуші болып істеді. Түскен шағымдарды негізге ала отырып, ел ішіндегі заңсыздықтар туралы мақалалар жазуға үйренді. Жазушылыққа ұмтылысы да осы кезеңдерден басталды.  Шығармадағы өмір шындығы “Көз көрген” романында (1963) отаршылдық пен езгіге қарсы күрес арқылы жалғасын тапты. Өз өмірінен және өзімен тұстас аға буынның басынан кешкен тарихи кезеңдері жайында мағлұмат беретін мемуарлық трилогия жазуды жоспарлаған Мұстафин Ғабиден “Көз көргенді” дүниеге әкелді. Мұстафин Ғабиден шығармаларының негізгі тақырыбы – өндіріс өмірі мен ауыл тіршілігінің тынысы. Ғ.Мұстафиннің бірінші кітабы жарияланған, әлі аяқталып бітпеген «Көз көрген» (1963) романы көп белгілерімен суреткерлік ұсталықтың жақсы үлгісі деуге болады. Романға кіріспе, түсіндірме жасаған кезде автор өзі анық білетін коргені мен сезгенін ғана хатқа түсіретінін ескерткен. Шынында да, шығармада өмірде болған, әсері суымаған ОҚИҒалар айтылып отырғаны сендіреді. «Көз көргенде» /жазушының жас кезінен есейіп жігіт болған шағына (1925) деЙІН білгені мен түйгені әңгімеленеді. Сол дәуірдің қаншама кы іықты шындығы жиырма бес әңгіменің өн бойында желі тартып жатыр. Шығармада қамтылған оқиғалар құрамы комақты. Қазақ шаруаларының жерін переселендер алу, рулар мрасындағы өзара бақталастық, қырбайлық, ұрлық пен қарлық коріпістері, 1918 ясылдың дүрбелеңі, азамат соғысы /кылдарының алмағайып оқиғалары, ауылда совет өкіметін орпатудың    жағдайлары    сез    болған.    Бұл    кезең    қазақәдебиетінде бұрын кең, жүйелі түрде суреттелмегенін ескерсек, шығарманың танытқыштық қасиеті ұлғая түсетініне шүбә қалмайды.Романда болашақ қаһарман Сарыбаланың есею, сауаттану, әлеумет ісіне араласу оқиғалары айтылған. Шығармада қазак ауылындағы тұрмыстық-салттық дәстүрлер санадағы, өзгерістер, түрлі қайшылықтар сездірілген. «Көз көргеннің» революция қарсаңын суреттеген тұсының негізгі пафосы қоғам әділетсіздіктерін, тұңғиыққа тірелген ескі ауыл шындығын көрсету. Бұл тұста Сарыбала әлі жас, оқигаларға аз араласады. Сонда да болса бұдан бастапқы тараулардың сыншылдық қуаты кемімеген. Сарыбаланың бойында парасат ұрығы бар екені, оның жамандыққа өш, нсақсылыққа дос бола білетіні, кез келгенде нақтылы, жігерлі іс-әрекетіне де қабілеттілігі байқатылған.Аса көрнекті жазушы Ғабиден Мұстафиннің халқымыздың көркемдік дамуына сіңірген еңбегін шолып қарағанда, оны мұндай биік құрметке бөлеген бірсыпыра себептер екшеліп шығады.Қаламгерлік табыстың кілті, мәңгілік мектебі - өмірден оқып-үйренуде екенін Ғ.Мұстафин творчествосы айқын дәлелдейді. Жазушының бас университеті өмірдің өзі болғаны ғибрат. Оның романдарында көрсетілген өмір, сезім сабақтары, ізгілік пен зұлымдық күресінің шынайы суреттері, халқының, еңбекші адамның терең аңсарлары, оқу мен тоқудан туған жан сырлары өзгеше әлем.

Шығарманың құндылық, керектік дәрежесі де, өмірдің жанды сауалдарын шыншыл, адал, азаматтық тұрғыдан барша ақиқатымен бейнелей білуге байланысты екенін де жазушы туындылары өнеге етеді.Нағыз шығарма туған халқын шын жүрегімен сүйе білген ясазушы қаламынан ғана жаралатынын Ғ.Мұстафин творчествосы тамаша куәлендіреді. Оның туындыларында адамды, кісілікті, жақсылықты ардақ тұтқан зор парасат иесінің келбеті көрінеді. Оны жазушылықтың бейнеті ауыр косібіне ұмтылдырған, сөз өнерінің сиқырына ғашық еткен, творчество азабына көндіктірген де, халқына пайдалы болсам деген ізгі тілек. Осы себептен де ол бояуы қанық, сапасы мықты, ұзақ жасайтын шығармалар беруді ғана дағды еткен.Ғ.Мұстафин творчествосы - адамзат тарихында тұңғыш рет орнаған еңбекшілер билігі дәуірінің мадағы, ұранды, жігерлі сөзі. Оның суреткер ретіндегі үлкен бақыты өз заманының шежіресі бола білуінде. Жазушы сөзін биікке котерген, әлемдік аренаға жеткізген совет заманы, Коммунистік партияның шапағаты. Өз халқының, еліміздегі барша халықтардың әдеби, көркемдік байлығын меңгере білген, лсаһан көлеміндегі рухани игіліктерден тағлым алған жазушы өзі де әлем жұртшылығына даусы жетерлік болып қалыптасуы - дәуіріміздің табиғатымен орайлас.

30. «Өмір мектебі» романының зерттелуіне тоқталыңыз. Сәбит Мұқанов Мұқанұлы (1900-1973) – қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі. Туған жері қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаманшұбар деген жер.  Әке шешеден жастай жетім қалып, балалық шағын ауқатты ағайындарына жалданып, қой бағумен өткізген Сәбит өзінің талаптануымен хат танығанымен, мұғалім алдын көріп, жүйелі білім ала алмайды. Тек он сегізге толғанда, Омск қаласына барып, мұғалімдер курсында оқуға мүмкіндік туады. Оны бітіргеннен кейін ауылға барып, біраз мұғалім болады. Осында ауылды кеңестендіру жұмысына белсене араласып, таптық күрестің Көкшетау облысындағы оперативтік өкілі және партияның Ақмола губкомының нұсқаушысы қызметін атқарады. Бұдан кейін 1922 жылы Орынбордағы рабфакқа түсіп, оны бітіріп шыққаннан соң, баспасөз орындарында жұмыс істейді.   Жастайынан халық арасында жиі айтылатын жыр дастандарды жаттап, өзі де ауызша, жазбаша өлең шығарып талаптанып жүрген Сәбит осы кезден бастап, шығармашылыққа шындап бет бұрады. Оның есімін жалпы қазақ оқырманына кеңінен танытқан «Сұлушаш» дастаны, «Адасқандар» романы осы кезде өмірге келді. Осыларға жалғаса жазылып, бірінен кейін бірі жарық көрген «Майға сәлем» (1933), «Сөз Советтік армия» (1934) атты өлеңдері, «Ақ аю» поэмасы (1935), «Жұмбақ жалау» романы (1938) және осылар тәріздес толып жатқан шығармалары қазақ әдебиетінің дамуында ерекше рөл атқарады. Осы кезге дейін атқарған сан салалы қызметінде болсын, шығармашылық өрлеу жолында болсын, ілгерлеудің басты кепілі терең білім екенін, онсыз көздеген мақсатында жету мүмкін еместігін айқын сезінген ол 1928 жылы Ленинград университетінің филология факультетінде оқиды, Москвадағы Қызыл профессура институтының әдебиет бөліміне түсіп оны бітіреді. «Қазақ әдебиеті» газетінің редакторы болады, Қазақстан Жазушылар одағын басқарады. Бұл жылдары да олөндіріп жазумен болды. Драматургия, сын, әдебиеттану салаларында ерекше еңбек етті. 200-ден астам әдеби сын мақалалар жазды. Қазақтың ауыз әдебиетін зерттеді, фольклор және көне жазба мұраларды жинап бастырды, әдебиет тарихы және ағартушы демократтар шығармашылығы туралы зерттеутт еңбектер жазды, халық поэзисының ірі өкілдері туралы толымды пікірлер айтты. Оның 1974 жылы жарық көрген «Халық мұрасы» деген тарихи этнографиялық шолуы халқымыздың мәдениеті, өнері, тілі, материалдық игіліктері жайында жазылған ерекше құнды зерттеу еңбек болды. 

Өмір мектебі - жазушы Сәбит Мұқановтың 1970 жылы Алматы қаласындағы «Жазушы» баспасынан қазақ тілінде жарық көрген 3-томдық мемуарлық романы.

1-кітабы «Азапты жолда»,

2-кітабы «Азаттық жолда»,

3-кітабы «Есею жылдары» деп аталады.

Әр кітаптың көлемі 27,32 баспа табақ. Алғашқы кітабында жазушының шыққан ортасы, жетімдікпен, жоқшылықпен өткен балалық шағы; одан кейінгі кітабында елдегі әлеуметтік өзгерістерге ілесе, білім жолына ұмтылысы, қоғамдық істерге араласа бастаған жастың алғашқы қадамы сипаталады. Ал соңғы кітапта Мұқанов өзінің ақын, азамат, қоғам қайраткері ретінде есеюі жайында сыр шертеді. Сол арқылы ел өміріндегі өзгерістер, қоғамдық жаңару сөз болады. «Есею жылдары» кітабына Қазақстанның Кеңес өкіметі тұсындағы өмірі негіз болған.

Кітап авторы қазақ ауылындағы тап тартысының күшеюі, ауылдың кеңес жолына түсуі, Қазақстандағы алғашкы өндірістер мен ұжымшарлардың құрылуы, жаңа әдебиеттің тууы мен қалыптасуы сияқты негізгі оқиғалар жайын әңгімелей отырып, осы жолдағы қиыншылықтар мен асыра сілтеу фактілерін де өз пайымдауымен сипаттайды. Онда Қазақстан өміріне қатысты сол кезеңдегі қайраткерлердің (С.Сейфуллин, Ә.Досов, С.Меңдешев, А.Асылбеков, Ж.Сәдуакасов, О.Жандосов, О.Исаев) еңбегі сөз болады. Бүкіл шығарманың идеялық түйіні - 20 ғасырдағы халықтың азаттық жолындағы күресі мен жеңісінің табиғи жолын көркем бейнелеу. 3-кітаптың «Қарсақбай сапары» атты тарауында автордың Қарсақбайға барған сапары сөз болады. Ол сол сапарында жас инженер Қаныш Сәтбаевпен танысқанын, Қаныштың өлке тарихы және Жезқазғанның болашағы, атқарылып жатқан жұмыстар жайында қозғаған әңгімесін баяндайды.

Құлбек Ерөбековтің зерттеуінен:

Сәбит Мұқановтың «Өмір мектебі» романында «Чемберленді шекесінен ату» аталатын тарау бар. Онда оты­зыншы жылдардағы халықаралық жағдай әңгіме болады. Жай сауатының өзі шамалы жап-жас Сәбит Мұқа­новтың саяси оянуының күштілігін көрсетеді. Чемберленді біз көпке дейін Сәбең жарықтықтың әйгілі романының әлгі тарауы арқылы оқып, білдікке санап жүрдік. Сөйтсек, жағдай тіпті басқаша екен. Сәбең халықаралық жағ­дайда Совет өкіметі көзімен, ол ұстан­ған идеология парқымен қараған екен. Кейін Кертманның «Чемберлен әулеті» аталатын кітап оқып әулет әлеуетіне қайран қалғаным бар. Сонымен Сәбит Мұқанов жарықтық Чемберленді шекесінен атты ма, жоқ па? - деп ойланып жүрдім. Ол бір шетін мәселе. Чемберленді шекесінен атты ма жоқ па, бірақ Сәбит Мұқа­новтың коммунистік партия арқырап билеп, қазақтан өзге ұлтқа барынша басымшылық беріп, құлағы­мыз­ды сал­питып қарап отырған қысыл­таяң уақыт­та идеологиялық дауылдан қо­рық­пай, үрікпей Қазақ ССР Оқу ми­нистрінің орынбасары Щерба­ковты шө­кесінен түсіргені бар. Кеңес өкіметі тұсында идеологиялық жаңбыр, жоқ бұршақ соғып тұрғанда басынан бақай­ша­ғына шейін коммунист Сәбең­нің ұлт үшін басын оққа байлап атқар­ған сол бір ісін замандастары аңызға айналды­рып айтумен өтті. Біреу жеткізбей ай­тады, біреу асырып айтады, біреу бұ­рып отырып, біреу таңқалып орны­нан тұрып айтады... Аңыздың аты - аңыз. Өзі де аңызға лайық батырлық. Ал  ақиқаты ше? Ақиқаты қандай? Ақи­қат­ты тек архив айтады.