Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мемуар толық.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
517.12 Кб
Скачать

1. Тарихи мемуарлық романда жазушының өз образы өзекті орын алатындығын сыншы ескермейді. Тұрпайы социологиялық сынның үсті-үстіне тигенімен «Тар жол, тайғақ кешу» дәуір талабынан шықты.

Партиялық газет бетінде кезінде дұрыс бағаланды. Революционер жазушы бұл романда ұлы оқиғаның, революциялық күрестің куәсі болып, Ленин даналығын паш етті. Замандастар образын жасап, дәуір шындығын нақтылы фактіге сүйене отырып ашты. «Жазушылардың бірсыпырасы, әсіресе, Сәкен өздерінің қолымен істеп, өз бастарынан кешкенін өз өмірбаянынан алып жазды. Сәкен 3-4 жылдан бері «Тар жол, тайғақ кешу» өзінің төңкерісшіл болып жүрген уақытынан, сондағы жолдастарымен бірге істеген жұмыстарынан бастап жазып жүр. Бұлай жазу әдебиет әдебиет заңында дұрыс нәрсе. Төңкерісшіл романтизмге бұл түгел қосылады.Гап тарихқа кіретін материалды тым қоюландыруда». Мұнда Е.Алдоңғарұлы «Тар жол, тайғақ кешудің» өзіндік өзгешелігін дұрыс таныған. Солай бола тұра романды көркем туындыдан гөрі тарихқа кіретін материал есебінде қараушылық бар. Романның осы сияқты жекелеген кемшіліктеріне қарап Н.Төреқұлов «Тар жол, тайғақ кешудің» тілінде қуатты көркемдік әсерлік жоқ»,- деп те айтқан-ды. Сөйтіп сыншы романның көркемдік қасиеттерін де бір сөзбен сипап тастағысы келді. Әрине, бұл әділетті айтылған сын емес еді. «Тар жол, тайғақ кешудің» бірде тіліне, бірде композициялық құрылысына, енді бірде образдар жүйесіне мін тағып романның революциялық пафосын елемеушілік те болды. Ондай сындарға партиялық баспасөздер кезінде тойтарыс берді де романның шығуының жиырма жыл толуын атап өтті. Бұл роман, әсіресе, соңғы жылдары жан-жақты зерттеліп, идеялық, көркемдік қасиеттері бұрынғыдан да ашыла түсті.Бұл салада профессор М.Қаратаев, Е.Ысмайылов, Б.Кенжебаев, Т.Нұртазин, С.Қирабаев тәрізді ғалымдардың байсалды зерттеулерін айрықша атап өткен жөн. Мысалы С.Қирабаев: «Тар жол, тайғақ кешуде» очерк емес роман белгілері мол. Онда суреттелетін оқиғалардың байлығы әлеуметтік күрес картиналарының кеңдігі күрес заманының эпикалық бейнесі одан нағыз роман белгілерін танытса автордың уақиғаға өзі араласып, әлеуметтік күрестің жуан ортасында жүруі романға мемуарлық сипат береді», - деп дұрыс тұжырымдаған

.

2. С.Сейфулиннің «Тар жол тайғақ кешуі» шын мәнінде революция жолындағы халықтық күресті танытатын шығарма. Мұнда жазушы тарихи шындықтан тыс кетпей, революция жолында болған әр алуан қиындықтарды бүкпесәз баяндайды. Ауыр азап, не бір қиын жағдайларды бастарынан кешірген революционерлердің ауыр ойға шомып шығар жолды шарқ ұра іздейтін кездері де аз емес. Кейбір жағдайда жазушының келтірген фактілері комментарий беріп, түсіндіріп жатуды қажет етпейді де. Болған оқиғаның жылы, күні, айы тұтас дерлік шығармадан орын алған. «Тар жол, тайғақ кешудің» тарихи мәні ең алдымен осы жақтарында. Күрескерлер бейнесін нақтылы танытуында. Романда халықтық күш, халықтық қозғалыс жазушының өзі көріп, өзі араласқан революциялық күрестің үстінде көркемдікпен танылады. Романдағы қаһармандар да өзіндік ерекшеліктерімен көрінген.Соципалисттік Ұлы Октябрь революциясының жеңістерін халық игілігіне айналдыру ісінде алғашқы жылдарда жүргізілген әлеуметтік саяси жұмыстар шығарма көркемдік шешімін тапқан. Бұл романның және бір айрықша қасиеті азамат соғысының қиын-қыстау кезеңін суреттеуде жасанды әсірелеуге бармай, жазушының сол бір тұстың картинасын айқын елестетуде нақтылы фактіге жүгінуінде деу керек. Романда, әсіресе, орыс революционерлерінің бейнесі көзге үздік түседі. Қылышын жарқылдатып төніп келген ақтардың офицерлеріне қасарыса қарсы тұратын матрос Авдеев образы бұған айқын мысал.

3.Шығарманың идеялық-көркемдік ерекшелігі де,қазақ совет әдебиетінен алатын тарихи мәні де ең алдымен осы жақтарынан аңғарылады. Доктор Черновтың провакациялық әрекетін әшкерелейтін де, ааш партиясының жиынын талқандап, көпшілік алдындаолардың бет-пердесін ашатын да Сәкенмен бірге жүретін революционерлер. Бұл салада азамат соғысы жылдарында аянбай күрескен Монин, Павлов, Ә.Жангелдин, Қасымұлы, Сабыр Шарипов , А.Асылбеков, Ысқақ Бөбекұлы, Кәрім Дүйсекеұлы, Прудов сияқтылардың күрес жолдары романда айрықша орын алған. Мұның өзі Сәкеннің өзі араласқан күрес майданынан алып суреттелетіндіктен, шығармадағы кейіпкерлер бір эпизодта көрінсе, екінші жерде көрінбейді, жаңа кейіпкерлердің бой көрсететін кездері де бар. Әрине бұл да мемуарлық шығармаға тән өзіндік ерекшелікке жатады. Революционер жазушы мұнда әртүрлі топтардың ашық майданға шығуын суреттегенде олардың екі жүзділіктері мен зұлымдық әрекеттерін өмір фактісіне сүйене отырып ашты. Мұндай жағдайларда жазушы көбіне тарихи фактілерге жүгінеді де, өз басы сол шындықтың айғағы есепті танылады.

4) Мемуарлық шығармалар жайын сөз еткенде ең алдымен жанр табиғаты еске алынады. Сол себепті бұл жанрдың өзіндік өзгешелігімен бірге , әр жазушының стильдік ерекешелігін де тануға болады. Мемуарлық шығарманың және бір өзгешелігі суреткердің өз замандастарымен қарым қатынасын, өмірге деген көзқарасын, күйініші мен сүйінішін әрбір эпизодта өзекті мәселе етіп алып, өз шешімін , өзіндік дүние танымын ұсынып отыруында. Әрине, бұл шығармада әртүрлі қырынан көрінеді де, мемуарлық жанрдың әдебиет тарихындағы айрықша орнын белгілейді. «Мемуарлық шығармалар және оның жанрлық табиғаты » зерттеуінде мемуарлық шығармалардың ерекшелігіне , құрылымына тоқталып өткен. Бұл еңбекте С.Мұқановтың «Өмір мектебі», С.Сейфуллиннің «Тар, жол тайғақ кешу» мемуарлық романдарының жанрлық табиғаты мен ерекшелігін көрсеткен. Мысалы С. Мұқанов «Өмір мектебінде» шығарма желісін басты кейіпкердің жастық шағынан бастап, өмірден алған тәжірбиесі мен есею кезіндегі көрген-түйгендеріне негіздеген. Жазушы шығармада жарты ғасырдың айғағы есебінде көрінеді де, тарихи ақиқат фактілерге көбірек көңіл аудартады. «Өмір мектебінде» үлкен өмірдің ауқымынан алынған көптеген жәйттер жазушының көз алдынан тізбектеліп өтіп жатады да, тарихи фактілермен сол кезде өзімен бірге болған адамдардың іс-әрекетіне, өзара қарым-қатынасына, олардың күрес тартыстарына көбірек жүгінеді. «Өмір мектебінде» айрықша көзге түсетін мәселе, өмірбаяндық шығармаға тән негізгі кейіпкерлердің жүрген-тұрған жерлеріндегі кездескен жайды, жазушы тосын адамдар мен жаңа кейіпкерлер өзара қатынастарын сипаттау арқылы ауыл өмірі мен қала тұрмысынан көп мәселені қамтып отыруында. Осы жақтарынан алғанда шығарманың халықтық сипаты ашыла түседі де, ел өмірі, ел тағдыры әңгімеленеді. Тап күресінің туын ұстаған кейіпкерлер әлеуметтік үлкен істі бастап жүреді.

5) С.Мұқанов шығармада сан саналы мәселені қамти отырып әйел теңсіздігінің ауыр зардабын Балсары, Бағила, Ұлтуған, Зауре өмірлерінен алып, нақтылы елестеткен. «Апам Зәурені де, жездем Сүлейменді менің анық тануым осы жорлы ғана...Балаға зарыққан Сүлеймен менің апам Заурені жасы қырықтардан асқан кезде тоқалдыққа алады. Зәуре о кезде он алтыда жаста болады. Зәуреден Зәкіш, Салима, Бәдігүл атты үш қыз, Сұлтан, Нұрке атты екі ұл туады» Баланы зарығып көрген Сүлейменнің алдында Зәуре қадірлі болуы керек қой. Алайда Зәуре ол үйдің отымен кіріп, күлімен шығатын болған. Бұл сол кезде жазушының өз көзімен көрген жайттары. Жазушы сол замандағы әйел теңсіздігі туралы өзінің әпкелерінің басынан өткен жағдайларды келтіре жазған. Жас қыздардың малға сатылып, бай, манаптардың босағасында күңдей жүріп, қиыншылықтарға төзе білген. С. Мұқанов оны өмірбаяндық шығармада өсірмей де, өшірмей де қалтықсыз айтқан. Мемуарлық шығарманың құндылығы да міне сонда. Материалының нақтылығында.

6) Мемуарлық туындыда суреткер роман, повестеріндегідей шығарма сюжетін әр тараптан өрбітіп, негізгі бір үлкен арнаға құйып отыруға мүмкіндігі келе бермейді. Суреттелетін оқиға жазушының өз басы тікелей, жанама түрде болса да қатысты болғандықтан, шығарманың сюжеттік желісі автордың дүниетанымы мен көрген-түйгендеріне негізделеді. Осыған орай мемуарлық шығармаларда документтік фактіге сүйену, дәлелдеу жиі орын алады да, суреттемелерден гөрі, баяндау тәсілі басым болып келеді. Өмірді терең барлаған жазушы ел ғұрпы, ауыл салты, халық дәстүрі жайында әр алуан оқиғаның куәсі болып отырады да, оқушыға нені құптатып, неден безіндірмек болғанын шығармада ашық айтады.Сәбит Мұқанов «Өмір мектебінің» бірінші кітабында қазақ аулының революция алдындағы өмірін кең қамтиды да, жоқшылық пен мұқтаждық жайлаған елдің ауыр халін тебірене суреттейді. Мұны бірде өзі көріп, өз басынан кешірген әр қилы ауыртпалықтар арқылы сезінсең, енді бірде мұқтаждықтың ауыр салмағы түскен ауыл кедейлерінің тұрмыс-тіршілігінен аңғарасың. «Мынау үйде оның бірі де жоқ. Бұл үйдің іші төсенішсіз, шаңы шыққан тақыр. Керегелердің айнала басында не киімнен, не ат-тұрманнан ілінген ешнәрсе жоқ, жап-жалаңаш. Бұл үйдегі бар мүлік: іргеде жинаулы жатқан бірер жамаулы ескі көрпе мен бір-екі кір жастық қана. Ыдыс атаулыдан босаға жақта жалғыз кішірек қазан, құлақ-мұрнынан айрылып, бүйірлері майысқан кішкене самауыр, ескілеу ағаш табақ, кетік ожау және табақтың үстіне жиналған азын-аулақ ескі шәшкелер…» Бұл тұста жазушы мемуарлық романдарға тән әдіс-тәсілдерге сүйеніп өзінің өмір өткелдерін шығарманың сюжетіне арқау еткен де, ауыл мен жатақтар өмірін салыстыра отырып шындықтың бетін ашқан.

7.«Өмір мектебі» романындағы кезең шындығы

«Өмір мектебі» мемуарлық үлгіде жазушының өзі бастан кешкен тарихи дамудың шындығын дәл суреттейді. «Өмір мектебі» кітабында бас кейіпкер автордың өзі, ол сондағы оқиғаларға белсене араласып отырады, замана жайында да толғаныс, тебіреністерін ортаға салады. Бұл кітап халық өмірін, түптеп тарта, асықпай-саспай кең қамтиды да, оның салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүр құбылыстарын егжей-тегжейіне дейін дәл суреттеп отырады. Біздің көз алдымызда қырық жылғы бойғы уақыттың алуан түрлі қарбалас шиеленіс, қызу және қызық оқиғалары дәл бүгінгідей барлық әр – нәрімен туындап жатады.

            Романның бірінші кітабында Сәбит Мұқанов революцияға дейінгі қазақ ауылындағы феодалдық-потриархалдық қарым-қатынастардың сонау тереңде жатқан түп-тамырларына дейін өте дәл және үлкен шыншылдықпен айқын ашық көрсетті, жан түршігерлік жоқшылық, теңсіздік, зорлық-зомбылықты, отаршылдар мен байлардың екі жақты қанауымен тепкісін нанымды суреттермен бейнелеп берді. Бірақ суреткер әлеуметтік әділетсіздіктің түп тамырын дәл басып, ашып көрсетіп қана қоймай,халықтың терең қойнауында, халықтың жомарт жанының қалтарыс құрышында жыл санап жиналып, қонысына сыймай сыртқа тепкен жаңа да жарқын күштерін көрегендікпен аңғарып, жеріне жеткізе сипаттай білді. Бұл арада көптеген оқиғаларға автордың өзі белсене араласып, көзімен көргені өмірбаяндық мемуарлық шығарманың сәтті шығуына айрықша ұтымды әсер етті. Ол барлық оқиғаны өз атынан баяндау формасын да дұрыс таңдап алған, сондықтан да шығарма жемісі соншама нанымды, дәлелді болып өздігінен құйылып-төгіліп тұрады. Ауылдың жарлы-жақыбайларының қайнаған ортасынан шыққан, барлық ауыл кедейлерінің балалары сияқты, революцияға дейінгі жетімдік пен жоқшылықтың ауыр қасиетін басынан кешкен үлкен жазушының, қоғам қайраткерінің өмірі кітапта өз халқының бостандық пен қайта өрлеу үшін күрестегі тарихи жолымен табиғи жағынан қиюласып, астасып жатады. Сәбит Мұқанов қоғамының барлық топтар өкілдерінің аса бай портрет галереясын жасады десек артық айтқандық болмас еді. Оның кітаптарында әсіресе халықтың өзі ішінен шыққан қарапайым адамдардың, ер көңілді, адал бейнетқорларды: аңшылар мен малшылардың, ұсталар мен ер-тұрман шеберлерінің, етікшілер мен тігіншілердің, зергерлер мен кілемшелердің –өз іскерлігін мақтан тұтатын және оның үстіне суырып-салма ақындығы мен ділмар шешендігі бар, әнші –жыршылығы бар алуан түрлі кәсіп иелерінің образдары өте-мөте тартымды шыққан.  Мәселен, саяткер аңшы Ораз бен Аткелтірдің, жаны сұлу халық шеберлері Қабдол Хасеннің, Жабайдың, сондай-ақ дарынды домбырашы, ертегішілердің жарқын бейнелері ұмытылмай есте қалады. Жазушы басқа бір топты да ерекше сүйіспеншілікпен суреттейді. Олар- қазақтың революцияға дейінгі үркердей ғана демократияшыл интеллигенциясы. Баймағанбет Ізтолин, Спандияр Көбеев, Мырзағазы, Халит, Ғабит Мүсірепов. Баймағанбет Ізтолиннің бейнесі айрықша айқын, ерекше сүйіспеншілікпен суреттелген, әңгіме арқауына оның өлеңдерінің еніп отыруы да сәтті шешім болып шыққан.  Жас ақын, халық мұғалімі Ізтолин революцияға дейінгі басқа да көптеген ауыл балалары секілді жас өспірім Сәбит Мұқановқа шын жаны ашып, қамқорлық жасайды. Ізтолин образы арқылы жазушы туған халқының бақыты мен бостандығы үшін күреске ұмтылған қазақтың интеллегенциясының алдыңғы қатарлы аз ғана тобының революцияға араласуын, онда атқарған рөлін нанымды сипаттады.  Сонымен қатар осы романда әсіресе, оның ұлағатты ұлы адамдармен кездесуі, өзінің  шығармашылық  өсу жолы, қоғамдық, мемлекеттік қайраткер ретінде еліміздің игілігі үшін қызмет атқаруы, қаламгер достары, қазақ халқының белгілі өнер қайраткерлері жайлы сансыз сырлар шертіледі. Солардың ішінде Қажымұқан,Балуан Шолақ, Иманжүсіп сияқты күш аталары мен өнерді өрге бастыруда елге елеулі болған Иса Байзақов, Күләш Байсейітова, Ақмолалық атақты Ғазиз ақын, Әміре Қашаубаев сияқты өр тұлғалар да баршылық. Жазушы өз шығармасында бұл адамдардың есімдерін құрметпен атай отырып, олардың  адамгершіліктері, өмірдегі өрен жүйріктігі жайлы жұртшылыққа толық мағлұматтар бере кеткен.Жаңа өмір орнату, жаңа адамдар тәрбиелеп шығару, әрине оңайға түскен жоқ. Сәбит Мұқанов оны жақсы біледі және бұрылыс-бұлтарыстарының тігісін жатқызбай боямаға салмай-ақ, жаңа дүние орнату жолындағы күресте жеңістеріміз бен жетістіктеріміз үшін қаншама құрбандық бергенімізді бүкпей ашып айтады. Осыған орай турасын айту керек, «Өмір мектебі» - Қазақстандағы ең ауыр кезеңнің, ауыл шаруашылығында өрескел қателер жіберілген 1929-1932 жылдардың қайшылықтарын батыл да терең ашып көрсеткен қазақ әдебиетіндегі ең татымды, ең тұңғыш шығармалардың бірі. Жазушы бұл кезеңді партиялық тұрғыда байсалды ой елегінен өткізіп, ол туралы партиялық қаржымен, шын және әділ әңгімелейді. Нағыз халықтық сипатта жазылған бұл еңбегіне суреттелетін жайттардың бәрі де социолистік дәуірдің қым-қуыт қызу оқиғаларын бастан өткізген жауынгердің, коммунист жазушының көзімен суреттеледі, сондықтан да мұндағы айтылған әңгімелердің бәрі өзінің тарихи нақты шындығымен баурап алады, оқушыны тебірентіп, болған іске кәміл сендіреді, сонымен қатар оған эстетикалық ләззат беріп, заманымыздың ақиқат көркем шындығы жайлы деректерді молайта түседі. Жазушы өзі туралы, өзінің рушылдығымен оны жеңуі туралы, өзінің үйленуі, баласының туу туралы жазғанда да ақиқатқа қиянат жасамайды.    «Өмір мектебі» мемуарлы шығарма болғанымен, қазіргі дәуірімізбен үндесіп тұр. Ол тіпті өзінің балалық шағын баяндағанда да біз оның ақырына дейін ақылмен қорытқан, айқын позициясы бар осы заманғы үлкен жазушы екенін аңғарып отырамыз.Қазақ әдебиетінде Сәбит Мұқановтың «Өмір мектебі» атты трилогиясының айрықша мәні бар. Өйткені  20 ғасырдағы қазақ халқының аумалы-төкпелі тағдыры, жаңа заманның адуында бейнесі көркем арнадан көрініп, эпопеялық сипатқа ие болады. Осы мәнді шығармаға байланыстыра бір жайды айрықша атап көрсеткен жөн. «Тура айтып, туғаныңа жақпайсың» дегендей, дүниеде шындықты айтудан, оны тарихта болған ірі тұлғалармен жанастыра айтудан қиыны жоқ. Себебі, ақиқат әрқашан ащы, ал оны көркем шығарма бетінен көре беруге ешкім де құмар емес. Сөз жүзінде құптағанмен, көңілде сызат қалып қояды. Сәбеңнің «Өмір мектебінде», әсіресе, оның үшінші томы «Есею жылдарында» болсын талай қайраткерлердің тарихтағы түр-келбеті, іс-әрекеті ашық айтылып, айқын суреттеледі. Оны өздері де, кейінгі ұрпақтары да тіксіне қабылдап, ұнамсыз болса сөзге қалдырып жатулары не сан. Сондықтан көркем шығарма деп жанға тимейтін әйтеуір біреулерді суреттеген шығармадан тарихи шындық негізінде жазылған туындылар дау-дамай тудырып жатады. Ал мұның өзі әдебиеттің әлеуметтік қызметін өсіре түсіріп, шығарманың өміршеңдігіне, жазушы пәрменділігіне жол ашады, ел алдындағы бағасын асыра түседі. «Өмір мектебі», оның үшінші томы «Есею жылдарында», әдебиеттің бүгінгі өкілдері жайында жазған мақалалары мен естеліктерінде тарихи шындықтың бетіне шіркеу түсірмей, ақиқатты ашық жазу,  ұлы тұлғаның бақыты да, соры да болды деп ойлаймын.

            Сол кезде болып жатқан саясатқа қоғамдағы тартысқа қарамастан шындықты бар бет пердесімен, ашық, өзгеріссіз мына отырған біз кейінгі ұрпаққа жеткізу менің ойымша, үлкен батырлық.