Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
TEST_KGU_Zh_M.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
86.86 Кб
Скачать

Методика кгу

7-нұсқа

1. Математиканы оқыту құралдарының жүйесiн, оқушылар мен мұғалiмнiң жұмыс орындарын, оқу жабдықтарын сақтауға арналған шкафтарды, дидактикалық материалды, ғылыми „iстемелiк құралдарды қамтитын күрделi жүйе қалай аталады?

А) мектеп;

B) акт залы;

C) мұғалiмдер бөлмесi;

D) математика кабинетi;

E) физика кабинетi.

2. Сабақ мынадай құрылымдық элементтердi қамтитын болса; 1. жұмыстың мақсатын анықтау; 2. оларды орындау ережелерiн теориялық негiздеу; 3. жұмысты орындау үлгiсiн көрсету; 4. жаттығулар орындау; 5. қорытынды жасау; 6. үйге тапсырма беру – сабақтың қай типiне жатады?

А) жаңа материалды оқыту сабағы;

B) практикалық iскерлiк пен машықты қалыптастыру сабағы;

C) оқыған материалды қайталау және қорытындылау сабағы;

D) бiлiмдi бақылау және тексеру сабағы;

E) құрама сабақ.

3. Сабақтың құрылымы; 1. үй тапсырмасын тексеру мен жаңа материалды игеруге қажеттi бұрынғы өтiлгендердi қайталауды; 2. жаңа материалды оқып үйренудi; 3. жаттығулар орындау және жаңа материалдың игерiлу деңгейiн тексерудi; 4. үй тапсырмасын қамтыса, онда ол...

А) жаңа материалды оқыту сабағы;

B) практикалық iскерлiк пен машықты қалыптастыру сабағы;

C) оқыған материалды қайталау және қорытындылау сабағы;

D) бiлiмдi бақылау және тексеру сабағы;

E) құрама сабақ.

4. Бiлiм тексерудiң оқушылар бiлiмiнiң күй-жайын, олардың ойлау қызметiнiң даму деңгейiн анықтауға, танымдық әрекеттiң тәсiлдерiн, оқу жұмысын тиiмдi ұйымдастыру машықтарын зерттеуге мүмкiндiк беретiн қызмет қалай аталады?

А) үйретушiлiк қызметi;

B) диагностикалық қызметi;

C) бақылаушылық қызметi;

D) болжаушылық қызметi;

E) өркендетушiлiк қызметi.

5. Бiлiм тексерудiң оқушыны немесе сыныпты оқыту мақсатының орындалу деңгейiн анықтайтын қызмет қалай аталады?

А) үйретушiлiк қызметi;

B) өркендетушiлiк қызметi;

C) бағалаушылық қызметi;

D) тәрбиелiк қызметi;

E) болжаушылық қызметi.

6. Математикадан дайындығы жоғары оқушылармен жүргiзiлетiн жарыс қалай аталады?

А) математикалық диспут;

B) математикалық олимпиада;

C) математикалық кеш;

D) математикалық үйiрме;

E) математикалық экскурсия.

7.

1. а²-в²=(а-в) (а+в)

2. 4х²-9у²=...

3. 3х²-2у²=...мұндай жаттығулар жүйесi есептердiң қай типiне жатады?

А) математикалық ұғымдарды меңгертуге арналған есеп;

B) математикалық таңбаларды түсiндiруге арналған есеп;

C) дәлелдеудi үйрететiн есеп;

D) математикалық машықтарды қалыптастыратын есеп;

E) математикалық ойлауды дамытатын есеп.

8. Көлемдерi толық беттесетiн ұғымдар қалай аталады?

А) тепе-тең қатынастағы ұғымдар;

B) iшiнара беттесу қатынасындағы ұғымдар немесе айқасатын ұғымдар;

C) қамту қатынасындағы ұғымдар;

D) қарама-қарсы ұғымдар;

E) қайшылықты ұғымдар.

9. Егер бiр ұғымның көлемi екiншi ұғымның көлемiне енсе, онда ол екi ұғым қалай аталады?

А) тепе-тең қатынастағы ұғымдар;

B) iшiнара беттесу қатынасындағы ұғымдар немесе айқасатын ұғымдар;

C) қамту қатынасындағы ұғымдар;

D) қарама-қарсы ұғымдар;

E) қайшылықты ұғымдар.

10. Тең қабырғалы үшбұрыш пен тең бүйiрлi емес үшбұрыш ұғымдары...

А) мәндес ұғымдар;

B) беттесу қатынасындағы ұғымдар;

C) бiрiн бiрi қамту қатынасындағы ұғымдар;

D) қарама-қарсы ұғымдар;

E) бағыныңқы ұғымдар.

11. Мұғалiм көрсеткен қағидаларды қайталауды және еске түсiрудi көздейтiн оқыту әдiсi қалай аталады?

А) түсiндiрмелi-иллюстрациялық әдiс;

B) қайта жаңғырту әдiсi;

C) проблеманы баяндау әдiсi;

D) эвристикалық әдiс;

Е) зертеу әдiсi.

12. Оқушылар өздерiнiң алдына қойылған проблеманы шешiп, шағын жауаптар ашуына мүмкiндiк беретiн әдiс қалай аталады?

А) түсiндiрмелi-иллюстрациялық әдiс;

B) қайта жаңғырту әдiсi;

C) проблеманы баяндау әдiсi;

D) эвристикалық әдiс;

E) зерттеу әдiсi.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]