- •Жаратылыстану-техникалық факультеті Жаратылыстану пәндері кафедрасы
- •Жаратылыстану-техникалық факультеті Жаратылыстану пәндері кафедрасы силлабус
- •1. Студенттердің білуі және түсініктері болуы тиіс:
- •Баға қою саясаты
- •Курстың саясаты
- •Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •Тәжірибелік сабақтадың тапсырмалары
- •5 Тәжірибелік сабақ. Литологиялық-стратиграфиялық бағана тұрғызу
- •Сарамандық жұмыстарға арналған тапсырмалар:
- •Аңғарындағы жер бедерінің шағын пішіндері ескі арналы көлдер, өзен иректігі(меандра),
- •Қорытындыларыңды шығарыңдар
- •1.2 Жердің ішкі құрылысын зерттеу әдістері
- •1.3 Жердің ішкі құрылысы
- •1.4 Жер қойнауының заттық құрамы
- •2.2 Минералдардың физикалық қасиеттері
- •2.3 Негізгі тау жыныстарын құрайтын минералдар және оларды анықтау
- •3.1 Магмалық тау жыныстары
- •3.2 Шөгінді тау жыныстары
- •2.3 Метаморфты тау жыныстары
- •3.2 Шөгінді тау жыныстары
- •2.3 Метаморфты тау жыныстары
- •4.2. Жердің абсолют жылнамасы
- •4.3 Кембрийге дейінгі кезеңде және палеозой эрасындағы Жер табиғатының эволюциялық дамуы
- •4.4 Мезазой және кайназой эраларындағы Жер табиғатының эволюциялық дамуы
- •5.2 Интрузивті магматизм мен магмалық денелер. Магмалық ошақтар және олардың пайда болу жолдары
- •5.3 Магмалық тау жыныстарының әр түрлі болу себептері. Магманың жіктелуі
- •5.4 Метаморфизм үрдісі . Метаморфтық тау жыныстары мен пайдалы қазбалардың түзілу заңдылықтары
- •6.2 Жанартаулардың негізгі түрлері
- •6.3 Жанартау атқылағаннан кейінгі үрдістер
- •7.2 Жер сілкінуді зерттеу әдістері
- •7.3 Жер сілкінуінуінің жер бетіндегі тараған аймақтары
- •7.4 Жер сілкінуін болжау мен оған қарсы тұрарлық құрылыс салу. Техногендік жер сілкіну
- •8.2 Материктердің пайда болуы және литосфералық тақталар тектоникасы
- •8.3 Жер қабығы және литосфераның негізгі құрамадас бөліктері. Ежелгі платформалар
- •8.4 Геосинклиналдар және олардың даму сатылары
- •9.1 Үзілмелі (дизъюнктивтік) ығысулардың түрлері
- •9.2 Неотектоникалық қозғалыстардың Жер бедерін қалыптастырудағы рөлі
- •9.3 Қазіргі тектоникалық қозғалыстардың Жер бедерін түзілудегі орны
- •9.2 Неотектоникалық қозғалыстардың Жер бедерін қалыптастырудағы рөлі
- •9.3 Қазіргі тектоникалық қозғалыстардың Жер бедерін түзілудегі орны
- •10.1 Жер бедерін түзетін экзогендік әрекеттер туралы түсінік
- •10.2 Климаттың геологиялық әрекетінің жер бедерін түзудегі алатын орыны
- •10.3 Таужыныстарының үгілуі
- •10.2 Климаттың геологиялық әрекетінің жер бедерін түзудегі алатын орыны
- •10.3 Таужыныстарының үгілуі
- •11.2 Дефляция мен корразия үрдістері
- •11.3 Тасымалдау және эолдық аккумуляция
- •11.4 Шөлдердегі жел әрекетінің жер бедерін түзудегі алатын орыны
- •1.Өзен аңғарының даму жолы және циклдігі
- •3. Атырау (дельта)
- •4. Өзен жүйелерінің дамуы және су айырығының ауысуы
- •5. Өзен әсеріне байланысты қазынды байлықтар
- •1. Көл шұнқырларынын жаралу тегі
- •12.2 Жерасты суларының химиялық құрамы
- •12.3 Жер асты суының әсерінен түзілген жер бедерінің карстлы пішіндері
- •13.2 Мұздық пен мұз суының геологиялық әрекеті
- •13.4 Жер тарихындағы мұз басу дәуірлері
- •13.5 Гравитациялық үрдістердің жер бедерін қалыптастырудағы алатын орыны
- •14. 2.Мұхит-теңіздер суының тұздылығы
- •14.3 Теңіз суының қозғалысының геологиялық әрекеті
- •15.3 Геологиялық ортаны қорғау
Литосфералық тақта дегеніміз не?Жар қыртысы қанша литосфералық тақталардан тұрады?
Матерктік және мұхиттық Жер қыртысының бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?
Литосфералық тақталардың шекаралары қайдан өтеді?
Тақта, платформа, рифтілі аймақ түсініктерінің мәнін анықтаңдар.
Литосфералық тақталардың жылына2-10 см дейінгі жылдамдықпен баяу қозғалуының себептерін түсіндіріңдер.
Сарамандық жұмыстарға арналған тапсырмалар:
1-тапсырма: Оқулықтың, дәрістің мәтініндегі мәліметтерге сүйеніп . Эли дс Бомон ұсынған Жертің пайда болуы мен Жер қойнеуындағы тектоникалық қозғалыстар жөніндегі контракциялық (сығылу), Бухер ұсынды пульсациялық болжамыдары мен А. Вегенер ұсынған Мобилистік бағытқа салыстырмалы сипаттама беріп негізгі ұстанымдарын, бір-бірінен айырмашылықтарынанықтаңдар. Болжамдарға талдау жасап өз ой қорытындыларыңды шығарыңдар.
тектоникалық қозғалыстар жөніндегі ғылыми болжамдар |
||
Контракциялық болжам |
пульсациялық болжам |
мобилистік бағыт |
|
|
|
Негізгі ұстанымдары |
||
Айырмашылықтары |
||
2-тапсырма: А) Литосфералық теорияға сәйкес мезазой эрасының төменгі юрадағы, палеоцендегі (палеоген дәуіріндегі) және қазіргі пішіні мен қозғалу бағыттары бағдар сызықпен берілген суреттерін салып, қазіргі алты материк пен төрт мұхиттың пайда болу заңдылықтарын түсіндіріңдер.
Ә) Ежелгі Пангей метеригі, Панатласса мұхиты, Гондвана және Лавразия материктері мен тетис теңізінің бөлшектенуінің себептерін, төрт мұхит пен қазіргі материктердің қалыптасуындағы маңызын анықтаңдар.
3-тапсырма: Жер қыртысының құрылысы және дүниеижүзінің физикалық карталарына талдау жасап мұхиттық және материктік литосфералық тақталардың жылжу бағыттарын, олардың соқтығысқан шекарасында түзілген таулар мен шұңғымаларды анықтап кестені толтырыңдар
Слқтығысқан литосфералық тақталар |
Соқ тығыскқан шекарасында түзілген таулар |
Қалыптасқан тау түзілу кезеңі |
Түзілген шұңғымалар
|
Тереңдігі,м
|
||||
1 тақта |
Жылжитын бағыты |
2 тақта |
Жылжитын бағыты |
|||||
наска |
|
Оңтүстік Америка |
|
|
|
|
|
|
Үнді Аустралия |
|
Пацифик |
|
|
|
|
|
|
Үнді Аустралия |
|
Еуразия |
|
|
|
|
|
|
Африка |
|
Еуразия |
|
|
|
|
|
|
5-тапсырма: А) 9.2-суреттте берілген Жер қыртысының құрылысының сызба-нұсқасына талдау жасап материктік және мұхиттық Жер қыртыстарының негізгі қабаттарын, бір-бірінен басты айырмашылықтары мен ұқсастықтарын, литосфералық тақталар шекаралары өтетін аумақтардыанықтап, жер қыртысындағы қозғалыстардың түзілу себептерін түсіндіріңдер .
Ә) Еуразияның тектоникалық картасын сызып негізгі тектоникалық құрылымдар платформалар мен қатпарлы белдеулердің аттарын таралу ерекшеліктерін анықтаңдар. Дәптердеріңе әр қатпарлықтың атын сол кезеңде түзілген тауларды, олардың шыңдарын кескін картаға түсіріңдер.
Таулардың аты |
Жататын қатпарлықтары |
Қалыптасқан тау түзілу кезеңдері |
Абсолют биіктігі |
Орналасқан платформа аралық тары |
|
|
|
||||
орал |
|
|
|
|
|
Байкал таулары |
|
|
|
|
|
Гималай |
|
|
|
|
|
Алтай |
|
|
|
|
|
Хинган |
|
|
|
|
|
9.1-сурет.Жер қыртысының құрылысының карта-сызбасы
9.2-сурет.Жер қыртысының құрылысының сызба-нұсқасы
10-тәжірибелік сабақ. Қатпарлы тектоникалық қозғалыстар
Сабақтың мақсаты: Жер қыртысындағы тік және көлденең бағыттағы тектоникалық қозғалыстардың пайда болуына әсер еттетін күштерді, геосинклинальдаың даму сатыларын, қатпарлану үрдісін, қатпарлы және қатпарлы-жақпарлы таулардың түзілу заңдылықтарын анықтау.
Сабаққа қолданылатын құрал-жабдықтар: литосфералық тақталар қозғалысының,
геосинклинальдың даму сатыларының, қатпарланудың үлгілері, тектоникалық,
геологиялық және физикалық карталар, үлестірмелі және көрсету құралдары.
Пйдаланатын әдебиеттер тізімі:
1. Сорохтин, О.Г. Развитие Земли / О.Г. Сорохтин, С.А. Ушаков. – М.: Изд-во Моск. ун-та, 2002. – 560 с.
2. Хаин, В.Е. Историческая геология/ В.Е. Хаин, Н.В. Короновский, Н.А. Ясаманов. – М., МГУ, 2006 – 447 с.
3. Шейдеггер, А. Основы геодинамики / А. Шейдеггер. – М.: Недра, 2007. – 384 с.
Студенттердің білімін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
Антиклиналь дегеніміз не?
Синклиналь дегеніміз не?
Қатпарланудың негізгі құрамдас бөліктерін (элементтерін) атаңдар?
Қатпарланудың қанаттары мен біліктік жазықтығының тау жыныстарының қабаттарына қатысты қатпарлану қанша топқа ?
Қатпарланудың негізгі сатыларынна сипаттама беріңдер.
Қатпарлы таулардың қатпарлы-жақпарлы таулардан айырмашылығын анықтаңдар.
Сарамандық жұмыстарға арналған тапсырмалар:
1-тапсырма: Оқулықтың мәтініне, басқа дерек көздеріне, 10.1-суретке талдау жасап геосинклинальға анықтама беріп оның негізгі даму кезеңдерін сипаттаңдар.
10.1 сурет. геосинклиналбдың даму кезеңдері
Геосинклинальдың негізгі даму сатылары |
Сипаттамасы |
20 шақырымға дейінгі терең ойыс геосинклинальдың пайда болуы |
|
|
|
|
|
1-тапсырма: 10.3-суреттті, оқулық пен дәрістің материалдарын пайдаланып Жер қыртысының қатпарлануының негізгі түрлері мен олраға әсер ететін күштерді анықтаңдар. Суреттерін салып оларға сипаттама беріңдер.
Жер қыртысының қатпарлануының түрлері |
Суреті |
сипаттамасы |
Антиклиза |
|
|
Синеклиза |
|
|
Моноклинель |
|
|
Флексура |
|
|
10.3-сурет. Жер қыртысының қатпарлануының негізгі түрлері
3-тапсырма: Оқулықтың мәтініне, 10.1 және 10.2 суретке, басқа дерек көздеріне, қатпарланудың негізгі құрамдас бөліктерін анықтап суретін салыңдар. Ірі таум жүйелерінің қалыптастыратын қатпарланудың жүруіне әсер ететін күштерді анықтап, кескін картаға Еуразияның тектоникалық картасын түсіріңдер.
10.2-сурет. қатпарланудың құрамдас бөліктері
4-тапсырма: Оқулықтың мәтініне, басқа дерек көздеріне, 10.2-суретке талдау жасап
Таулы аймақтардағы қатпарлануды сипатына қарай жіктеп олардың әрқайыссына сипаттама беріп кестені толтырыңдар. Оқулықтың мәтініне, басқа дерек көздеріне сүйеніп олардың сураттарін салыңдар
Қатпарланудың түрлері |
Суреті |
Сипаттамасы |
Тура |
|
|
желпуіш тәрізді |
|
|
Брахиантиклинальды |
|
|
Күмбез тәрізді |
|
|
Диапирлі |
|
|
Жалды қапарлану |
|
|
Қорап тәрізді қатпарлану |
|
|
Толық қатпарлану |
|
|
Желілі (сызықтық) қатпарлану |
|
|
11-тәжірибелік сабақ. Үзілмелі (дизьюктивті) тектоникалық қозғалыстар
Сабақтың мақсаты:Неотектоникалық қозғалыстардың әсерінен жаңғырған қатпарлы-жақпарлы таулардың птүзілу заңдылықтарын, Жер қыртысында жүретін үзілмелі тектоникалық қозғалыстардың түрлерін, олардың жер бедерін қалыптастырудағы алатын орынын анықтау.
Сабаққа қолданылатын құрал-жабдықтар: Үзілмелі (дизьюктивті)тектоникалық қозғалыстардң үлгілері, тектоникалық, геологиялық және физикалық карталар, үлестірмелі және интербелсенді көрсету құралдары.
Пйдаланатын әдебиеттер тізімі:
1. Никонов А.А. Современные движения земной коры. М.: 1979, 184 с.
2. Хаин В.Е., Ломизе М.Г. Геотектоника с основами геодинамика. М.: издательства МГУ, 1995, 473 с.
3. Шейдеггер, А. Основы геодинамики / А. Шейдеггер. – М.: Недра, 2007. – 384 с.
Студенттердің білімін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
Үзілмелі (дизьюктивті тектоникалық ығысулар дегеніміз не?
Үзілмелі (дизьюктивті тектоникалық ығысулардың негізгі түрлерін атаңдар.
Жер қыртысының көлденең бағыттағы жылжуының көлбеу бағыттағы төмен бағытталған ығысулардан айырмашылықтарын сипаттаңдар.
Өркеш таулар мен опырылмалы ойыстардың қалыптасуына әсер ететін негізгі күштерді атаңдар.
Қатпарлы таулардан қатпарлы-жақпарлы таулардың негізгі айырмашылықтарын анықтаңдар.
Үзілмелі (дизьюктивті тектоникалық ығысулардың қатпарлы-жақпарлы тауларды қалыптастырудағы алатын орынын анықтаңдар.
Сарамандық жұмыстарға арналған тапсырмалар:
1-тапсырма: А) Оқулықтың мәтініне, 11.1 суретке, басқа дерек көздеріне, талдау жасап үзілмелі тектоникалық ығысулардың негізгі түрлерін, олардың жүруіне әсер ететін негізгі күштерді анықтаңдар.
Ә) 11.1 суретке негізделіп Жер қыртысының көлденең және көлбеу бағыттағы ығысуларының бір-бірінен айырмашылығын, олардың қатпарлы-жақпарлы таулардың бедерін түзудегі алатын орынын түсіндіріңдер.
Үзілмелі (дизьюктивті тектоникалық ығысулардың түрлері |
||
Көлденең бағыттағы жылжулар |
Көлбеу бағыттағы (төмен) ылықсымалы ығысулар |
|
|
|
|
айырмашылықтары |
||
ұқсастықтары |
||
11.1-сурет. Жер қыртысындағы үзілмелі (дизьюктивті) ығысулардың түрлерінің сызбасы
2-тапсырма: Оқулықтың мәтініне, 11.1 суретке, басқа дерек көздеріне, талдау жасап баспалдақ тәрізді ығысулардың, опрылмалы ойыстар мен орқаш таулардың түзілуіне әсерететін негізгі күштерді, олардың қатпардлы-жақпарлы таулардың бедерін қалыптастырудағы алатын орынын анықтаңдар.
3-тапсырма: Оқулықтың мәтініне, тектоникалық картаға, геохронологиялық кестеге талдау жасап неотектоникалық қозғалыстардың жүру себептерін олардың Қазақстанның Жер бедерін қалыптастырудағы рөлі анықтап, төрттіуік дәуірдегі ежелгі жабын мұздықтарының пайда болуының себептерін түсіндіріңдер.
4-тапсырма: Оқулықтың мәтініне басқа дерек көздеріне негізделіп қазіргі тектоникалық қозғалыстардың туу себептерін олардың Жер бедерін түзілудегі орны анықтаңдар. 1989 жылғы Армения (Спитак) мен 1991 жылғы Зайсандағы жер сілкінудің себептері мен салдарын түсіндіріңдер.
12-тәжірибелік сабақ. Геологиялық карталармен жұмыс
Сабақтың мақсаты: Геологиялық картаның шартты белгілерімен, стратиграфиялық қатарымен, геологиялық шкаламен таныстырып, қарапайым геологиялық карталарды оқу және Қазақстан аумағының геологиялық қималарын тұрғызу дағдыларын қалыптастыру.
Сабаққа қолданылатын құрал-жабдықтар: Қазақстанның геологиялық картасы, стратиграфиялық қатарлардың, геологиялық шкаланың, көлденең қима-сызбалардың
үлгілері, үлестірмелі және интербелсенді көрсету құралдары.
Пйдаланатын әдебиеттер тізімі:
1. Сорохтин, О.Г. Развитие Земли [текст] / О.Г. Сорохтин, С.А. Ушаков. – М.: Изд-во Моск. ун-та, 2002. – 560 с.
2. Хаин, В.Е. Историческая геология [текст] / В.Е. Хаин, Н.В. Короновский, Н.А. Ясаманов. – М., МГУ, 2006 – 447 с.
3. Шейдеггер, А. Основы геодинамики / А. Шейдеггер. – М.: Недра, 2007. – 384 с.
Студенттердің білімін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
Геологиялық карта қандай қызмет атқарады?
Геологиялық карталардағы гохронологиялық кестенің Жер табиғатының қалыптасу кезеңдерін анықтауда қандай маңызы бар.
Геологиялық карталардағы шартты белгілері мен ондағы индекс қандай қызмет атқарады?
Геологиялық картадағы стратиграфиялық қатарлардың атқаратын қызметін анықтаңдар.
Геологиялық карталар туралы жалпы мәлімет
Геологиялық карта – беткі жер бедері қамтылған аумақтың геологиялық құрылысын айқындайтын белгілі бір масштаппен құрылған картографиялық үлгісі. Оны құру үшін соңғы 1,8 млн жылда қалыптасқан төрттік дәуірдің шөгінді қабаттар карта мен оның қосымшаларына түсіріледі.
Кез-келген геологиялық картаның басты және міндетті мазмұны геологиялық дененің шекаралары мен стратиграфиялық қималардың құрамдас бөліктері (жүйе, бөлім, тау жыныстарының келесі қабаттарына дейінгі белгілі бір тау жыныстарының қалыңдығы немесе свита) эффузивті және интрузивті денелердің, метаморфты кешендердің ағындары мен жабынын және т.б. көрсету. геологиялық картаның міндетті құрамдас бөліктері болған жағдайда үзілмелі (дизъюнктивті) ығысулар.
Барлық стратифияланған тармақтардың (шөгінді, жанартаулық және метаморыты қабаттардың қалыңдығы) жастары халықаралық стратифиялық шкалаға сәйкес, ал интрузивті жыныстар химиялық құрамдарына қарайи анықталады.
Геологиялық денелер белгілі бір түспен қатар халықаралық стратифиялық шкалаға сәйкес латин әріптерімен белгіленетін инднекспен беріледі. Мысалы, D – девон, С – таскөмір, К – бор. Төменгі оң жағында берілетін 1, 2, 3 сандары аталған жүйелердің бөлімдерін көрсетеді. Атап айтсақ D1 – төменгі девон, С2 – орта таскөмір, К2 – вжоғарғы бор жүйесі болып табылады.. интрузивті түзілімдердің жастық индексінің сол жағына магмалық жыныстардың химиялық құрамын көрсететін грек әріптерін қосып жазады. Мысалы, γD1–ерте девон жасының шекарасы, ξС3 – кейінгі таскөмір жасындағы сиениттер.
Жастық боялар мен стратиграфиялық қабаттардың индекстері. Архей – AR – күңгірт қызғылт; протерозой – РR – қызғылт; кембрий – Є – көк-; ордовик – О – сұр-күңгірт жасыл; силур – S – жасыл; девон – D – қоңыр; карбон – С – сұр; пермь – Р – қызғылт сары қоңыр, триас – Т – қара көк; юра – J – көкшл; бор – К – ашық сұр- жасыл; палеоген – Р – қызғылт-сары, неоген – N – сары; четвертичный – Q – жасыл-сұр.
Жүйенің ішіндегі бөліктер әр түрлі қоюлықтағы сәйкес келетін түспен, әріптік индекстің төменгі оң жақ шетінде жазылатын 1, 2,3 сандарымен жазылады. Мысалы, төменгңі юра – J1 – қара көк, орта юра – J2 – көк, вжоғарғы юра – J3 – ашық көк.
Интрузивті түзілімдердің бояуы мен индекстері. Қышқыл (граниттер) – γ – қызыл; орташа (диориттер) – δ – құлпынай түстес қызыл; сілтілі (сиениттер) – ξ – қызғылт-сары; негізгі (габбро) – υ – күңгірт жасыл; ультранегізді(пироксениттер, дуниттер, перидотиттер) – σ- қара көк.
Дайкаларды индекстеу барысында, сонымен қатар, интрузивті жыныстардың құрылымдық немесе минералдық ерекшеліктерін көрсету үшін химиялық құрамының негізгі әріпіне аплиттер үшін- ά, профирлі құрылымды тау жыныстары үші π, меланократты жыныстар үшін-m қосып жазылады. Сонымен қатар, минералдардың атын қысқартуға ol – оливинді, px – пироксенді, amf – амфиболды және т.б жазылады. Мысалы, рх υπР2 –кейінгі пермь жасындағы пироксенді габбро-порфирит.
Геолгиялық карталарда жоғарыда аталғандардан басқа төменде аталғандар көрсетілуі мүмкін:
- шөгінді қабаттардың литологиялық құрамы мен магмалық түзілімдердің петрографиялық құрамы әр түрлі сызықтық, нүктелік, штрыхтық белгілердің жиынтығымен;
- масштабтан тыс шартты белгілермен белгіленетін қабаттар мен дайкалар (түрлі-түсті сызықтармен)кен түзілу көрністері және пайдалы қазбалардың кен орындары (әр түрлі түспен кескінделетін геометриялық пішіндер), палеонтологиялық құндылықтардың қалдықтары. т.б;
- гидрологиялық (өзен) торлары, жер бедерінің горизонтальдары мен олардың абсолют биіктіктері.
Қорыта келе геологтардың жұмысының жемісі және одан ары жүргізілетін зерттеулердің бастау болып табылады.
Геологиялық карталарда қандай жағдайда, қандай кезеңде түзілгенін айқындауға мүмкіндік беретін геологиялық қималар мен стратиграфиялық қоса беріледі.
Геологиялық карталарды талдауға арналған әдістемелік нұсқаулар
Геологиялық карталарды талдау (оқу) төменде көрсетілген негізгі мәселелерді анықтау мақсатын көздейді.
1. астыңғы қабаттарда ежелгі, бетінде жас жыныстар қабаты орналасуына сәйкес шөгінді, эффузивті жыныстар мен қабатталған (стратификацияланған) метаморфтық кешендердің жастық жату ретін, олардың салыстырмалы жастарын анықтау.
2. Сол қабаттардың жатысының өзара қатынасын, сәйкес тігі мен сәйкессіздігін, жатыс бағыттарының бағыттас немесе бұрыштық болуын жағдайын айқындау.
3. қатпарларды сипаттау. Антиклинальдар мен синклинальдарды, олардың санын көлденең қимасының пішіндері-симметриялы немесе симметриялы емес болуын, білігі көлденең немесе көлбеу болуын, көкжиектің тұстарына қатысты жатыс бағыттары мен батуын анықтау.
4. интрузивті денелердің пішіндері мен олардың өлшемдерін, кеңістіктегі орынын, араласатын тау жыныстарымен өзара қатынасын, қандай қабаттарды бұзып шығатынын және интрузияның салыстырмалы эаын анықтау.
5. үзілмелі (дизъюнктивті) ығысуларды тауып, олардың көтеріле, төмен түсе ығысулары мен жылжуын, қандай бөліктерінің көтерлгенін, қақайысының төмен түскенін, ығысу амплетудасы мен олардың жасын анықтау.
Геологиялық картаны талдаудың соңғы нәтижесі барлық геологиялық оқиғалардың бір ізділігі мен ретін шөгінді қабаттардың жиналуын, шөгінділердің шөгуіндегі сәйкессіздікті, қатратлануды, интрузияның енуін табуды, ауданның геологиялық даму тарихын қалпына келтіруді көздейді.
Геологиялық картаны талдау (оқу барысында төменде көрсетілген негізгі ережелерді қолдану қажет:
- стратиграфиялық қабаттар көлденең жатқан жағдайда олардың шекарасы Жер бедерінің горизонтальдарына сәйкес келеді. Бастапқы карталарда горизонтальдар болмаған жағдайда мұндай қабаттарды дақ түріндегі абсолют биіктіктері бірдей табанымен анықтайды. Беткі қабаттар басқа барлық тау жыныстарын жауып жататын ең жасы болып табылады.
- бір қатпарлықтың шегіндегі стратиграфиялық қабаттар қатпарланып жатқан жағдайда бұл қабаттардың Жер бетіне шығып жатқан бөлігін картадан бағыттас, түзу немесе иілген доға тәрізді сызықтар арқылы табады. Бір қабаттың жолақтары қатпарлардың санына байланысты болады. Бір қабаттың жолақтарының ені қабаттардың құлау бұрыштары кемігенде артыуы, сол юұрыш артқанда кемуі мүмкін.
- салыстырмалы геологиялық жасының анықтауды қатар жатқан екі қабаттың қабаттың қайыссы жас, қайыссы біршама ежелгі екендігін төмендегі маңызды геологиялық ережеге сәйкес жүргізеті. Біршама ежелгі қабаттар антиклинальды қатпарланудың ядросында, ал біршама жасы синиклинальды қатпарланудың ядросында Жер бетіне шығады.
- қабаттардың сәйкестігі жағдайда шөгінділер бірінің үстіне бірі жатады және олардың бір біріне бағыттас жатқан сәйкессіздіктер геологиялық карталардағы ең күрделі қатпарлықтың өзінде бір-бірімен қилыспай бағыттас жатады. Бұрыштық сәйкессіздікте біршама жас қабаттар геологиялық шекараны жасырып дақ түрінде жабын жыныстарды жауып жатады. .
- еніп жарып шығу барысында шөгінділерді метаморфтандыратын интрузиялық денелер мен үзілмелі ығысулардың (дизъюнктивтердің) салыстырмалы жасы өздері жауып жатқан қабаттарға қарағанда әрқашан жас, ал үстілерінен жауып жатқан қабаттарға қарағанда интрузиялық денелер мен үзілмелі ығысулардыкі (дизъюнктивтердің) біршама ежелгі.
Қатпарлы тектоникалық қозғалыстар, үзілмелі (дизъюктивті) ыңысулар тақырыптарын өту барысында осы ережелерді пайдаланып бастапқы геологиялық карталарға талдау жасау қажет.
Сарамандық жұмыстарға арналған тапсырмалар:
1-тапсырма. 10.1-суреттегі бастапқы геологиялық картаға талдау жасау арқылы жастық индекс пен картаның шартты белгілерін пайдаланып АБ нүктелерінің арылығының геологиялық қимасын, стратиграфиялық бағанасын тұрғызу арқылы барлық геологиялық оқиғалардың жүру ретін қалпына келтіріңдер.
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар: АБ нүктелерінің арылығының геологиялық қимасын, стратиграфиялық қатарын тұрғызу үшін алдымен барлық геологиялық оқиғалардың іретін, шөзінді және эффузивті тау жыныстарының қабаттарың ретін, енген интрузиялардың, қатапрланулар мен үзілмелі ығысулардың қалыптасуын; шөгінді және эффузивті жыныстардың өзара әрекетін тау жыныстарының жату бағыттарының сәйкес тігі мен сәйкессіздігін; интрузиялардың қщандай жыныстарды жарғанын, қайыссын жармағанын; қатпарланудың түрлері мен олардың санын, үзілмелі ығысуларды анықтау қажет.
Осы құрамдас бөлікетері бойынша қабаттардың алыңдығы мен олардың дер бетіне шығу сипатын, көлбеу немесе иіліп қатпарланын, соңғы жағдайда антиклиналь мен снклинальдың қайда екенін табуға баса назар аудару қажет.
Одан ары қатпарлану мен қабаттардың өзара орналасуын талдауға негізделіп, жалпы стратиграфиялық жату ретін; интрузиялық денелердің түрлері дайка әлде шток екенін, енген қабаттармен өзара әрекетін, олардың жасын; үзілмелі ығысулардың түрлерін,ығысу бағытын, ығысу амплитудасын анықтайды.
Ең соңында шартты белгіде көрсетілген сәйкес келетін жастық индексті пайдаланып шөгінді қабаттар мен интрузивтік денелердің жасы анықталады. Халықаралық геохронологиялық шкаланы студент өзі қолданып олардың орналасу ретін анықтауы тиіс.
Геологиялық картаны талдау барысы төмендегі ретпен жүргізілуі тиіс (12.1-сурет). Басқа геологиялық түзілімдер кешенді бұзатындықтан (солтүстік-шығыстағы конглемереттер мен құмтастардың моноклиналь) немесе оны жаратындықтан (гранитті шток, диабаздардың дайкасы, үзілмелі ығысу (дизъюнктив) біршама ежелгі жыныстарға қатпарлы кешен жатады (12.1-сурет).
Орталық антиклинальдың құлыбынан табылғандықтан қатпарлы кешеннің ішінде ең ежелгі қабат әктастар, ал ең жасы батыс сниклинальдың ядросынан табылған сазды (көмірлі) тақтатас болып саналады. Әк таспен сазды тақтатастың аралығында филлиттер (хлоридті тақтатастар) қабаты орналасқан(12.1-сурет).
Картада ұсынылған геохронологиялық шкаланың индексіне сәйкесең ең ежелгі жыныс әктастың жасы–орта кембрий, ал филлиттер (хлорлы тақтатас) ордовик, ал сазды тақта тас (көмірлі тақтатас) силур жасына сәйкес келеді.
Сазды (көмірлі) тақта тастар филилттердің (хлоридті тақтатастардың) үстіне шөккендіктен олардың аралығында үзіліс жоқ. Ал әктаста филлиттер бағыттас сәйкссіздікпен шөгеді олардың аралығында жоғарғы кембрий шөгінділері жоқ. Ең жас қабат моноклиннің солтүстік шығысындағы конгломераттер мен сілтіленген құмтас болып табылады. Олар әр түрлі бұрыштық сәйкессіздікпен бақа барлық тау жыныстарын жабады. Геохронологиялық шкалаға сәйкес конглемераттардың жасы юра мен жоғарғы борға жатады. Қорыта айтқанда бағыттас сәйкессіздікпен жоғарғы юра конглемератының үстінде жоғарғы бор құмтасы жатады.
Кембрий, ордовик пен силурдың қатпарланған шөгінділерімен граниттердің оңтүстік-батыс денесі шектеседі. Біршама жас бұл жыныстардға шток түзетін диабазды дайкалар, граниттер жарады. Ұсынылған геологиялық картаға, ондағы жастық индекс пен жалпы геохронологиялық шкалаға назар аударсақ граниттердің таскөмір, ал диабаздың төменгі пермь жасына жататынын көреміз.
Таскөмір дәуірінің граниті төменгі палеозойдың майысып қатпарланған девон жасындағы шөгінділерді жарады.
Қатпарлы кешенді юра қабатына дейін жететін солтүстік-шығысқа бағытталған үзілмелі ығысу (дизъюнктив) бөліп жатыр . Картада ол жіңішке жолақ түрінде кескінделген. Үзілмелі ығысуды (дизъюнктивті) силуртан кейін юра дәуіріне дейін түзілген деген қорытынды шығаруға болады. Үзілмелі ығысу (дизъюнктив) жарған солтүстік бөлігі көтеріліп ені артқан. үзілмелі ығысу (дизъюнктив) жазықтығы солтүстікте бағытталғандықтан қатпарланудың солтүстік бөлігі аспалы болып табылады. Сондықтан бұл үзілмелі ығысуды жоғары көтерілген ығысуға жатқызуға болады.
Геологиялық картаға жасалған талдауларға негізделіп барлық геологиялық оқиғаларды төмендегі жастық ретпен тұрғызамыз:
1. терең тектоникалық иін геосинклинальға орта камбрий әктастарының жиналуы;
2. жоғарғы кембри кезеңінде шөгінділердің жиналуында үзілістердің болуы;
3. ордовик пен силурда шөгінділердің жиналуы аймақтық (шекаралық) метоморфизмнің әсерімен жүрііп шөгінді жыныстар метаморфтанып хлоридті және көмірлі тақтатас қабаттары түзілді;
4. кембрий, ордовик шөгінділері девон дәуірінде қатпарланды;
5. таскөмір дәуірінде қатпарлы кешенге гранитті интрузия енді;
6. төменгі пермь жасындағы диабаздар дайкасының енуі;
7. силур мен юра дәуірлерінің аралығында үзілмелі ығысулар түзілді;
8. юра дәуірінде конгломераттардың жиналуы;
9. төменгі борда шөгінділер жиналуында үзілістің болуы
10. жоғарғы борда құмтастардың жиналуы.
Бор дәуірінен кейінгі кезеңдерде қатпарланудың әлсіз жүруі солтүстік-шығыс моноклиннің түзілуі. Көтерілулер жүріп аумақтың құрылыққа айналуы.
Геологиялық қима Жер бедерінің геологиялық құрылысының бірқатар тереңдігін экстрополяциялау (тұрғызу) жолымен геологиялық картаны тік жазықтта кескіндеу болып табылады. Бірінші тапсырмадағы біртұтас геологиялық құрылымдармен салыстырғанда тұрғызылатын қима кесіп өтетін барлық геологиялық құрылымдар мен денелерді тауып кескіндеу қиындық тудыратын күрделілігімен ерекшеленеді. Бірінің астнда бірі белгілі бір ретпен қабаттасып жатқан геологиялық құрылымдар мен денелерді біршама толық кескіндеу үшін геолгиялық картада көрсетілген қиып өтетін шекараларын тауып белгілі бір масштабпен кескіндеу қажет. Интрузивті денелердің шекарасын қимата тік сызықтар жолағы тетінде кескінделеді.
Қиманы геологиялық картаның масштабы мен шартты белгісіне сәйкес құрады. Қиманың тереңдігін геологиялық құрылымдардың картадағы дәлелді көрсеткіштерінің көмегімен кескінделеді. Біздің жағдайда ол қиматың ұзындығының оннан бір бөлігіне сәйкес келуі тиіс. Қимаға литологияға сәйкес келетін шартты белгілер қойылуы тиіс. Геологиялық қиманы тұрғызғанда келесі қателіктер кетеді:
1. қиманың бағытынан шатасатындықтан батыстан шығысқа қарай тұрғызу қабылданған;
2. Жер бетері ескерілмейді. Жер бедерін бастапқы карталарды пайдаланып биіктік белгілерін пайдаланад. Абсолют биіктік белгілері болмаған жағдайда жер бедерінің биіктік белгісі ретінде 250м алынады.
3. көлденең және тік масштабтарын өз бетімен өзгерту қималардағы геологиялық құрылымдардың бұрмалануын тудырады. Тұрғызуды жеңілдеті үшін бастапқы картадағы өлшемдерді ұлғайтуға ғана ұлықсат беріледі.
4. тау жыныстары қабаттарының қлыңдығын өз бетімен өзгертіледі. Егер қосымша мәліметтер болмаса қиманың барлық ұзындығында әр қабаттың қалыңдығы тұрақты болып қалуы тиіс.
5. шөгінді қабаттардың литологиялық құрамының шартты белгілері көпнесе геологиялық құрылымдарға қатыссыз белгілі бір қабаттың қалыңдығын көрсететін шекараларын қиып өтетін түзу, қиғаш штрыхтар түрінде беріледі. Шын мәнісінде қимадағы геологиялық құрылымдарды көрсететін шартты белгілердің сызықтық құрамдас бөліктері геологиялық картадағыдан ауытқымай қабаттың табаны мен қалыңдығына бағыттас жүргізілуі тиіс.
Геохронологиялық шкала және оның шартты белгілері. Жаңа ережелерге сәйкес 1:50 000 және оданда ірі геологиялық масштабты карталардың қосымшалары өзгерді.. Барлық геологиялық түзілімдердің шартты белгілері бұрын тек шартты белгілерде көрсетілсе қазір олар берілген ауданның геохронологиялық шкала бойынша сол геологиялық түзілімдердің жастарына сәйкес таратылады. Көптеген жылдар бойы стратиграфиялық бағананы жеке шартты белгілермен белілеп келсе қазір ол картаның шартты белгілерімен біріктірілген. Стратиграфиялық бағана 12.1 ә суретте берілген.
Картагның геохронологиялық шкаласы жалпы халықаралық геохронологиялық шкаланың құрамдас бөлігі болып табылатындықтан бастапқы геологиялық картада қамтылған аумақта кескінделген қандайда бір шөгінді, эффузивті, интрузивті жыныстар мен кендердің түзілгенін көрсететін геологиялық уақыттың белгілі бір бөлігін қамтиды. Оның құрылысы 12.1 суреттегі 1:100 000 масштабты геологиялық картаның бөлігінде жақсы бейнеленгендіктен оныоқу қиындық тудырмайды. Тек бірін-бірі үздіксіз алмастыратын геологиялық уақыттың (мысалы, ордовик, силур) шекараларының кескінделуіндегі айырмашылықтарға, түзу сызықтар шөгінділердің жиналуындағы үзілістерді көрсететін толқынды үзіктермен алмасуына, дәуірлер мен кезеңдердің шегіндегі үзілістер мен масштабта көрсетілген шөгінді қабаттардың еніне баса назар аударыңдар.
Шкаланы тұрғызып бағананың оң жағына қабылданған геологиялық ережелерге сәйкес бірінің үстіне бірі қабаттасып келетіндей ретпен шөгінді қабаттарды тік төрт бұрыштармен белгілеп бояп әр қабаттың ішіне жастық индексін қою қажет. Қабаттардың қалыңдығын көрсететін тік төрт бұрыштардың бағыттас сәйкессіздігі толқын тәрізді сызықтармен белгіленеді (12.1-суреттегі ордовик, жоғарғы бор). Бұрыштық сәйкессіздік болған жағдайда ара тістес сызықтармен жүргізіледі.
Интрузивті түзілімдердің тік төрт бұрыштары шөгінді қабаттардың оң жағында жеке бағанада кескінделеді. Тік төрт бұрыштардың оң жағында шөгінді қабаттардың немесе интрузивті денелердің сипаттамалары жазумен берілед. Геолгиялық қимадан алынған шөгінді қабаттардың қалыңдығы жақшаның ішінде метрмен көрсетіледі..
13-тәжірибелік сабақ. Климат пен желдің геологиялық әрекеті
Сабақтың мақсаты: жер бедерін түзуші экзогендік күштердің негізгі түрлерін жіктеу, климат пен желдің геологиялық әрекетін анықтау.
Сабаққа қолданылатын құрал-жабдықтар: Жер бедерін өзгертетін сыртқы эндогендік күштердің үлгілері, үлестірмелі және интербелсенді көрсету құралдары.
Пйдаланатын әдебиеттер тізімі:
1. Макарова Н.В., Суханова Т.В. Геоморфология. - М.: КолосС. –2009.-320с.
2. Костенко Н.П. Геоморфология. – М.: Изд. МГУ, 2013.-358с.
Леонтьев О. К., Рычагов Г. И. Общая геоморфология. –М.: изд. «Высшая школа», 2006.-383с.
Студенттердің білімін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
Жер бедерін өзгертетін сыртқы эндогендік негізгі түрлерін атаңдар.
Климаттың геологиялық әрекетінің жер бедерін түзудегі алатын орынын сипаттаңдар.
Үгілу қабығы дегеніміз не?
Таужыныстарының үгілуіне, тасмалданып шөгуіне әсер ететін негізгі күштерді анықтаңдар.
Желдің геологиялық әрекетін, тасымалдау және эолдық аккумуляцияның мәнін түсіндіріңдер.
Дефляция және коразя дегеніміз не?
Сарамандық жұмыстарға арналған тапсырмалар:
1-тапсырма: А) Оқулық пен дәрістің мәтініне, 12.1-суретке талдау жаспа магмалық, метаморфты және шөгінді тау жыныстарының түзілу заңдылықтарын анықтап өз ой қорытындыларыңды шығарыңдар.
Ә) 12.2 суретке негізделіп интрузивті және эффузивті магмалық жыныстардың бұзылуына әсер ететін сыртқы күштерді жіктеп шөгінді жыныстардың физикалық қасиеттерін өзгертіп метаморфтануына, магмалық жыныстардың кристаллдану себептерін түсіндіріңдер.
Шөгінді жыныстардың метаморфты жыныстарға айналуының себептері |
Магманың кристаллдануының себептері |
|
|
Негізгі қорытындылар |
|
12.1-сурет.Магмалық, метаморфты және шөгінді тау жыныстарының түзілу заңдылықтары
12.2-сурет.Тау жыныстарын бұзушы сыртқы экзогендік күштер
2-тапсырма: А) Оқулық пен дәрістің мәтініне, қосымша мәліметтерге негізделіп, элювий, үгілу қабығы және тау жыныстарының үгілуі түсінікткрінің мәнін, үгілудің негізгі түрлерін анықтаңдар 12.1-суретке талдау жаспа магмалық, метаморфты және шөгінді тау жыныстарының түзілу заңдылықтарын анықтап өз ой қорытындыларыңды шығарыңдар.
12.3-сурет.үгілу қабаты
Ә) Оқулық пен дәрістің мәтініне, қосымша мәліметтерге, 12.3 және 12.4 суреттерге
негізделіп, климаттың геологиялық әрекетінің жер бедерін түзудегі алатын орыны физикалық, химиялық және биогенді үгілуге әсер ететін орта жағдайларына сипаттама беріп кестені толтырыңдар
Үгілудің негізгі түрлері |
Үгілуге әсер ететін орта жағдайлары |
Үгілу нәтижесінде түзілетін тау жыныстары |
Физикалық |
|
|
Химиялық |
|
|
Биогенді |
|
|
Негізгі қорытындылар |
||
.
Б) топрақтың, әк тастың, бордың, ас тұзының құмның, саздың түзілуіне әсер ететін орта жағдайлварын анықтап өз ой қорытындыларыңды шығарыңдар.
12.4-Үгілудің негізгі түрлері мен элювийлі шөгінді жыныстардың ерекшеліктері
3-тапсырма: Оқулық пен дәрістің мәтініне, қосымша мәліметтерге, 12.4 суретке негізделіп, үгілу қабаттарының, ұгілу өнімдерінің түрлерін, тасмалдау аймақтарын анықтап өз ой қорытындыларыңды шығарыңдар. 12.4 суреттідәптерлеріңе салыңдар
А 12.5-Үгілу өнімдерін шығару, тасмалдау және шөгу аймақтары мен үгілу қабаттарының шөгу өнімдерінің түрлерінің сызбасы
4-тапсырма: А) Оқулық пен дәрістің мәтініне, қосымша мәліметтерге, 12.4 және 12.5 суреттерге негізделіп, желдің геологиялық әрекетін анықтап дефляция мен корразия, тау жыныстарын тасмалдау және шөгу аймақтарын түсініктеріне сипаттама беріңдер.
Ә) сусымалы құм жалдары мен шағылдардың түзілуіне әсер ететін орта жағдайларын анықтап өз ой қорытындыларыңды шығарыңдар.
Б) Оқулық пен дәрістің мәтініне, қосымша мәліметтерге негізделіп лесстің (саздың) түзілуіне әсер ететін орта жағдайын анықтаңдар. Балықты, Текелі өзендері аңғарына ұйымдастырылған оқу-танымдық жорық нәтижесінде жиналған дернектерге негізделіп жар қабақтардың көлденең қимасын дәптерлеріңе сызыңдар. Лесті, құмды, малта тасты шөгінді жыныстар қабаттарының кезектесіп орналасу себептерін түсіндіріңдер.
5-тапсырма: Оқулық пен дәрістің мәтініне, қосымша мәліметтерге, 12.6 суретке нешізделіп құмды, сазды, тасты және тақырлардың түзілуіне әсер ететін орта жағдайларын анықтап түзілу заңдылықтарын түсіндіріңдер
12.4-сурет. шөлді аймақтардағы температураның, желдің әрекетінен жүретін дефляция мен корразия үрдісінен тау жыныстарының үгілуінен түзілген саңырауқұлақ (ағаш) тәрізді морфо мүсіндер ментау жыныстарындағы ойықтар
12.7-сурет. Гравитациялық үрдістің әсерінен түзілетін жылысулар (сырғамалар)
6-тапсырма: А) Оқулық пен дәрістің мәтініне, қосымша мәліметтерге, 12.7 суретке нешізделіп жылысулар (сырғамалар) мен қорымдардың пайда болу себептерін түсіндіріп олардың шаруашылыққа келтіретін залалын, олармен күрес шараларын түсіндіруіңдер.
Делюви, колюви және делювилі шөгінділер түсініктеріне анықтама беріп түзілу жолдарын түсіндіріңдер.
14-тәжірибелік сабақ. Өзендердің, Жер асты сулары мен мұзарттардың геологиялық әрекеті
Сабақтың мақсаты: Тұрақты және уақытша ағын сулардың, мұздықтар мен жер асты суларының геологиялық әрекетін, олардың әсерінен түзілетін тау шөгінді тау жыныстары мен жер бедерінің шағын пішіндерін анықтау.
Сабаққа қолданылатын құрал-жабдықтар: Тұрақты және уақытша ағын сулардың, мұздықтар мен жер асты суларының геологиялық әрекетінің үлгілері, үлестірмелі және интербелсенді көрсету құралдары.
Пйдаланатын әдебиеттер тізімі:
1. Якушева А. Ф. Общая геология.- М.: Недра,2008.-360с.
2. Мельничук В. И. Общая геология. - М.: Недра,2009.-384с.
3. Ершов В. В. Основы геологии. -М.: Недра, 2010.-420с.
Студенттердің білімін тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
Өзендердің геологиялық жұмысын сипаттаңдар.
Жырала мен жылғалар, сайлар қалай пайда болады?
Жер асты суының әсерінен түзілген жер бедерінің карстлы пішіндерін анықьтаңдар?
Карстлы үңгірлер қандай тау жыныстары тарлған аумақтарда түзіледі?
Моренналы шөгінділер қалай түзіледі?
Дефляция және коразя дегеніміз не?
Сарамандық жұмыстарға арналған тапсырмалар:
1-тапсырма: А) Оқулық пен дәрістің мәтініне, 13.1-суретке талдау жаспа тұрақты алюви және алювилі шөгінділертүсініктерінің мәнін айқыедап, ағын судың геологиялық әрекетінен түзілетін Жер бедерінің флювиальды пішіндерінің негізгі түрлерін, өзен аңғарының негізгі құрамдас бөліктері өзен арнасының, жайыламсы мен жайылма үсті текшелерінің түзілу жолдарын анықтаңдар.
13.1-сурет. Өзен аңғарының құрамдас бөліктері
2-тапсырма: А) Оқулық пен дәрістің мәтініне, 13.2-суретке талдау жаспа өзен алабының құрамдас бөліктерін, анықтап, жазықтық эрозия, эрозия базисі абсолюттік базис, салыстырмалы базисі түсініктеріне сипаттама беріңдер.
Ә) Таулар мен жазықтарда басым болатын эрозияның негізгі түрлері бүйір және табан эрозиясының мәнін ашып көрсетіңдер, бүйір эрозиясының әсерінен түзілетін өзен
