- •Жаратылыстану-техникалық факультеті Жаратылыстану пәндері кафедрасы
- •Жаратылыстану-техникалық факультеті Жаратылыстану пәндері кафедрасы силлабус
- •1. Студенттердің білуі және түсініктері болуы тиіс:
- •Баға қою саясаты
- •Курстың саясаты
- •Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •Тәжірибелік сабақтадың тапсырмалары
- •5 Тәжірибелік сабақ. Литологиялық-стратиграфиялық бағана тұрғызу
- •Сарамандық жұмыстарға арналған тапсырмалар:
- •Аңғарындағы жер бедерінің шағын пішіндері ескі арналы көлдер, өзен иректігі(меандра),
- •Қорытындыларыңды шығарыңдар
- •1.2 Жердің ішкі құрылысын зерттеу әдістері
- •1.3 Жердің ішкі құрылысы
- •1.4 Жер қойнауының заттық құрамы
- •2.2 Минералдардың физикалық қасиеттері
- •2.3 Негізгі тау жыныстарын құрайтын минералдар және оларды анықтау
- •3.1 Магмалық тау жыныстары
- •3.2 Шөгінді тау жыныстары
- •2.3 Метаморфты тау жыныстары
- •3.2 Шөгінді тау жыныстары
- •2.3 Метаморфты тау жыныстары
- •4.2. Жердің абсолют жылнамасы
- •4.3 Кембрийге дейінгі кезеңде және палеозой эрасындағы Жер табиғатының эволюциялық дамуы
- •4.4 Мезазой және кайназой эраларындағы Жер табиғатының эволюциялық дамуы
- •5.2 Интрузивті магматизм мен магмалық денелер. Магмалық ошақтар және олардың пайда болу жолдары
- •5.3 Магмалық тау жыныстарының әр түрлі болу себептері. Магманың жіктелуі
- •5.4 Метаморфизм үрдісі . Метаморфтық тау жыныстары мен пайдалы қазбалардың түзілу заңдылықтары
- •6.2 Жанартаулардың негізгі түрлері
- •6.3 Жанартау атқылағаннан кейінгі үрдістер
- •7.2 Жер сілкінуді зерттеу әдістері
- •7.3 Жер сілкінуінуінің жер бетіндегі тараған аймақтары
- •7.4 Жер сілкінуін болжау мен оған қарсы тұрарлық құрылыс салу. Техногендік жер сілкіну
- •8.2 Материктердің пайда болуы және литосфералық тақталар тектоникасы
- •8.3 Жер қабығы және литосфераның негізгі құрамадас бөліктері. Ежелгі платформалар
- •8.4 Геосинклиналдар және олардың даму сатылары
- •9.1 Үзілмелі (дизъюнктивтік) ығысулардың түрлері
- •9.2 Неотектоникалық қозғалыстардың Жер бедерін қалыптастырудағы рөлі
- •9.3 Қазіргі тектоникалық қозғалыстардың Жер бедерін түзілудегі орны
- •9.2 Неотектоникалық қозғалыстардың Жер бедерін қалыптастырудағы рөлі
- •9.3 Қазіргі тектоникалық қозғалыстардың Жер бедерін түзілудегі орны
- •10.1 Жер бедерін түзетін экзогендік әрекеттер туралы түсінік
- •10.2 Климаттың геологиялық әрекетінің жер бедерін түзудегі алатын орыны
- •10.3 Таужыныстарының үгілуі
- •10.2 Климаттың геологиялық әрекетінің жер бедерін түзудегі алатын орыны
- •10.3 Таужыныстарының үгілуі
- •11.2 Дефляция мен корразия үрдістері
- •11.3 Тасымалдау және эолдық аккумуляция
- •11.4 Шөлдердегі жел әрекетінің жер бедерін түзудегі алатын орыны
- •1.Өзен аңғарының даму жолы және циклдігі
- •3. Атырау (дельта)
- •4. Өзен жүйелерінің дамуы және су айырығының ауысуы
- •5. Өзен әсеріне байланысты қазынды байлықтар
- •1. Көл шұнқырларынын жаралу тегі
- •12.2 Жерасты суларының химиялық құрамы
- •12.3 Жер асты суының әсерінен түзілген жер бедерінің карстлы пішіндері
- •13.2 Мұздық пен мұз суының геологиялық әрекеті
- •13.4 Жер тарихындағы мұз басу дәуірлері
- •13.5 Гравитациялық үрдістердің жер бедерін қалыптастырудағы алатын орыны
- •14. 2.Мұхит-теңіздер суының тұздылығы
- •14.3 Теңіз суының қозғалысының геологиялық әрекеті
- •15.3 Геологиялық ортаны қорғау
13.5 Гравитациялық үрдістердің жер бедерін қалыптастырудағы алатын орыны
Фация туралы түсінік. Гравитациялық үрдістер деп тау жыныстарының ауырлық күшінің салдарынан жер бедерінің биік жоғарғы тұсынан төмен қарай көшуін айтады. Бұл үрдістер тау бөктерінде, теңіздің жарлы жағалауында, өзен анғарларында байқалады. Тау жыныстары бүйір жағынан немесе табан тұсынан сумен немесе ауамен жанасқандай болса, олардың бұрыңғы мығымдылығы бұзылады. Оған, себеп жер сілкіну, жынысқа түскен қосымша жүк (мысалы, жоғарыдан опырылып түскен жыныс массасы), теңіз жағасының, өзен аңғарының етек тұсының ұнғылануы (абразиядан, эрозиядан, адамның әр түрлі әрекеттерінен). Осынын, бәрінен жыныс массалары бұзылып үзіліп, кесектеліп, төмен жылжиды да етекке үйіледі, Оны коллювий (латынша — үйінді) деп атайды. Коллювий деңбек, қиыршық, құм, лай-саздардан түзіледі де, үйінді арасында іріктелу, қабаттасу жоқ десе де болады, қалындығы да тұрақсыз.
Гравитациялық үрдіс көбінесе тым тез, көзді ашып-жұмғанша өте шығады. Оның дамуында жерасты суларының орны бөлекше: су шөгінді бөлшектерін ерітіп, шайып, түрлі қуыстар түзеді (карст), жыныс саңылауларына кіріп, саз шөгінділердің бет-арасына сіңіп, оларды ылғалдап, май жаққандай тайғанақ қылады. Содан шөгінді массасы үзіледі де төмен ытқиды. Мұны жер бетінің суларынан да көруге болады, жыныс массасы іркілдеген қоймалжың лайға айналып, төмен ағады. Осының бәрі көл-теңіз, су қоймаларының түбіндегі шөгінділерінен де байқалады.
Сонымен коллювий қалыптасуындағы басты факторлар ауырлық күші мен су. Ауырлық күшіне байланысты гравитациялық үрдістерді екі топқа жіктейді: ойылу және құлау. Жер ойылу үшін алдымен оның астында ірі қуыс-ұралар болуы керек. Сонда бұлардың тебесі өзінің салмағынан опырылып, құлап түседі. Ескі тастап кеткен шақтылардың төбесі құлап түседі. Кеселінен жер үстінде шұңқыр, апан, құдықтар пайда болады. Жердің кенеттен ойылып, қопарылуына жер сілкінуі, маңайында жүргізілген жару, қопару жұмыстары да себепкер болады.
Тау бөктері қия, жарлы болса, жарға параллель бағытта шөгінді арасында жарықтар жүйесі пайда болады. Олар физикалық бұзылудың өрістеуінен кеңіп, әрі қарай тереңдей түседі. Сонда түпкі массивінен үзіле бастаған бөлімі ауырлық күшінен төмен қарай ытқиды да жол-жеңекей бөлшектеніп, уатылып, жарқабақтың етек тұсында көшкін коллювий жиналады. Құлау көрінісі өте зор да болады. 1911 жылдың ақпанында Памирде тау баурайынан 8 млрд тонна жыныс құлап түсті де Усой қыстағын түгел көміп тастады. Аспан шаңға толды, жер сілкініп, дүмпуін Мәскеудің сейсмостансасы да тіркеді. Биіктігі 800 м бөгет бой түзеп, Мұрғаб өзенінің жоғарғы алқабында ауданы 100 км2 шамалы, тереңдігі 500 м Сарез көлі пайда болды. Көл қазірде де бар.
Гравитациялық құбылыстар нәтижесін кесек үгінділердің жинағы - қорымдар да көрсетеді.
Су-гравитациялық үрдістерге көп тараған сырғымалар (оползень) жатады. Сырғымаға ұшыраған баурайдың жоғарғы тұсында үзілген блоктың орнында қия айыс пайда болады, төменірек сырғыманың табаны көрінеді, етекте сырғып құлдыраған шегінді денесі үйіледі (11.1-сурет). Тау жыкысының сырғуы жер бетінің еңкіштігі 5°, су астындағы еңкіштік 1° болса басталады. Табаны неғұрлым тік келсе, соғұрлым жылжу жылдамдығы артық. Сырғыманың беті баурай етегіне қарай, еңкіштеу тегіс не әсіресе алдыңғы шегінде, адыр-бұдырлы. келеді. Беті тегіс болса, терраса тәрізді сырғыма дейміз, айшық болса, цирк тәрізді сырғыма дейді. Сырғыма әшейінде ылғалы мол саз-балшықты шөгінділерде кездеседі. Су олардың табан шегін сабын жаққандай жұмсартып, төмен ырғуына себепкер болады.
С
ырғыма
денесі баяу жылжиды. Мысалы, Қырым
төскейінде жыл сайын 0,11 метрден 100
метрге дейін сырғып, кейде тоқтап
тақалады. Әр бөлшектері әр түрлі
жылдамдықпен сырғиды да, осының салдарынан
сырғыма денесінің арасы жіктеліп,
жарылып-бөлшектенеді, кесектеледі.
Сырғыманың табан тірегінің бұзылып,
ұралануына қарай абразивтіқ, эрозиялық,
антропогендік болып жіктеледі. Жер
сілкінуінен сейсмогендік сырғымалар
жиі пайда болады.
Сырғыма денелері өте аумақты келеді. Мысалы, Қырым тауларының оңтүстік төскейіндегі ұзын бойы 3 км бір сырғыма Қошка жотасын түзді. Сырғымалардың шаруашылыққа келтіретін зияны айтарлықтай. Кеселінен елді мекендер, ғимараттар, жолдар, көпірлер бұзылады, егінжай, бау-бақшалар құриды, көміледі. Әсіресе теңіз жағалауындағы, өзен аңғарларындағы мекендер қасіреті шегеді.
Сел ағындары гравитациялық-сулы қордаланудың ең ақырғы түрлеріне жатады. Оның өрістеуі несе жауынға, мұз, қардың кенеттен күшті еруіне байланыты өз үлесін өзен-және жер асты суы да қосады. Сел кенеттен пайда болып, жойқын жылдамдықпен ағады.
Сел коллювиі іріктелмеген кесек, дөңбек, малт қиыршықтардан (су-тасты сел) немесе құм, саз, топырақ үйіндісінен (су-батпақты сел) түзіледі. Олар та сілемдерінің етегін, тау жоталарының арасын толтырады да қалыңдығы бірнеше километрге жетеді. Кейде сел ағыны жер сілкінудең пайда болып, Орта Азия республикаларында ауық-ауық елді мекендерді күйретіп, жауып кетеді. Үлкен Алматы көлінің (Жасыл көл) су беге ХІІІ ғасырда осылайша пайда болыпты.
Селдер таулы өлкелерде — кавказ, Қырым, Пами Тянь-Шань тау сілімдерінде — етеді. Осылайша 1921 жылы өткен сел Алматы қаласын басып қаланың көп ауданың бұзды, жүздеген адам опат болды. 1973 жылдың шілдесінде тағы да сол Кіші Алматы өзенінің тау жағынан түзілген селден астанамызды тек Медеу қыстағында селге тосқауыл үшін салынған зәулім бөгет аман алып қалды. Бірінші сел тасқын қала төңірегінде 2,5 млн м3 шөгінді үйсе, тек өзеннің бас жағындағы 1973 жылғы сел 4—5 млн м3 шегінді жеткізді. Үйінділердің қалыңдығы қала астында 1000 метрге жетеді.Селге ұқсас тас-лайлы ағындар жанартаулардың баурайларында да пайда болады. Жанартаулар атқылаған кезде басындағы мұз-қар ериді, нөсер жауындар өтеді. Су ағындары жанартаулардың төскейіндегі қопсыған үгінділерін шайып ағызады. Мұны л а х а р деп атайды.Қөл-теңіздер шегінділері түп беткейі қия болған кезде өз салмағының күшімен ернеуден төмен қарай сырғи береді. Жол-женекей шегінді кешкін су астындағы шатқалдарды, жыраларды бойлап ағады, қоршаған суға қарағанда құм-лайға қанық ағын ауырлығына сай үдей түседі де нағыз сел тәрізді суспензия (лай) а ғ ы н ы н түзеді (11.2-сурет).
Гравитациялық құбылыстардың маңызы және олармен күресу жолдары. Гравитациялық қозғалыстар адам қауымына зор ауырлық түсіреді. Беткейдің күтпеген жерден төмен ырғуын күні бұрын болжау қиын, содан ауыр зілзалаға ұшыратады. Бұл құбылыспен күресу үшін біздің елімізде құлау-сырғу көріністері байқалған аудандарда ара наулы стансалар құрылған. Оларда гравитациялық үрдістердің барлық факторларын мұқият және ұзақ мерзім бақылап отырады. Беткей қабақтардың жарықшақ»! тануы, олардың ұлғайып, өсе түсуі — құлау-көшудің нақтылы нышаны. Соған қоса беткі және жерасты суаларының режимін де жүйелі бақылап отыру керек. Құлау-көшкінімен күресу үшін мынадай нақтылы тәсілдерді пайдаланады: көшкінге тап боларлық төскейлерде тамыры терең ағаш-бұталар отырғызып, беткі және жерасты суларын арық, құбыр арқылы басқа жаққа бұрып жібереді, көшкінге душарлық беткейдің аяқ жағына (әсіресе жол бойында) қабырғалар тұрғызады, теңіз жағалауларында оларды бұздырмау үшін дамбалар толқынға қарсы тосқауылдар салады; көшкіннің алдынан жер қазу, ұралау жұмыстарына тыйым салады.
Сел тасқындарымен күресу қиынырақ. Ол үшін сел жүретін барлық сай-салалардың беткейіне ағаш, бұталар отырғызып бекітеді; топырақ, элювий, делювий, ком лювиді ұстап қалатын тосқауылдар орнатады. Сел жүретін өзен аңғарына бөгет салады. Көптеген осындай құрылыстарды астанамыз Алматының аты шулы Медеу қыстағынын маңындағы өзен-сайлардан көруге болады Алып бөгет жоғары тұсынан бой көтерді. 1966 жылы қарама-қарсы беткейден қопару арқылы. Қіші Алматы өзені 2 млн м3 жыныстар үйіндісімен бөгелді. Оқтын оқтын болып тұратын сел тегеуірініне төтеп беру үшін жасалған әуелде биіктігі 65 м ғана бөгет қазірде 145 метрге биіктетілді. Оның табанындағы ені — 450 м, үстіндегі ені — 60 м. Үлкен Алматы өзенінің аузында да бөгет салынды. Өзен арнасы түзетіліп, бүкіл қала ішінде бетонмен құрсауланған тас-лай шөгетін сатыланған астаулар орнатылды.
Фация туралы түсінік. Мұхит-теңізде болсын, құрлық шегінде болсын климатқа, жер бедеріне, судың тереңдігіне, тұздылығына, толқынына, кысқаша айтсақ, барлық физикалық-жағрафиялық жағдайларға тығыз байланысты әр түрлі шөгінділер жиналатынына көзіміз жетті. Тропикті белдеулерде күні жылы, өсімдігі қалың болған жағдайда латерит қабығы қалыптасты; мұхит-теңіздердің түбіне, толқынға, күн сәулесіне, суының температурасына байланысты алуан түрлі жыныстар шөкті, теңіз шөгінділері көл тұнбаларынан өзгеше екен, ал коңыржай климатты жағдайдағы көл шөгінділері, шәл даладағы көлдердің тұнбаларынан мүлде айрықша. Ендеше шөгіндіні, оның құрамын, кеңістікте тарау жағдайын, арасындағы мақлұқаттар мен өсімдіктердің қалдықтарын мұқият зерттей келе шөгінді қабаттардың пайда болу жолдарын түгелдей анықтауға болады екен. Көне геологиялық кезеңдерде еткен баршалық жағдайларды қайтадан көзге елестету үшін мұның маңызы өте зор.
Швейцария геологы Аман Гресли бұдан 150 жыл бұрын әр жердегі геологиялық жастары бірдей шөгінділердің бір-бірінен тым өзгеше болатынын ескерді. Соларды жекелеп талдау үшін ғылымға фация (латынша бет-бейне, кейіп, тұлға) деген ұғымды кіргізді. Сонымен фация деп барлық бойында құрамы да, ішіндегі мақлұқаттар мён өсімдіктер қалдықтары да біркелкі тау жыныстарын атайды. Олардың барлығының бірдейлігі әр фация тек өзіне тән физикалық-жағрафиялық жағдайда пайда болады. Мысалы, жасы бірдей теңіз шөгінділерінің арасынан риф әктасы, жағаға жақын шетінде толқын қуған құм шөгінділер, немесе шығанақтың тұз пластары да, теңіздің терең түбінде саз тұнбалары да кездеседі. Бәрінің жасы бірдей, бірақ тереңдігіне қарай түрлері (шөгінділері) әр түрлі, яғни жеке фациялар.
Сайып келгенде, тау жыныстарының өзгешеліктеріне қарап, олардың жаралу кезіндегі үстем болған физикалық-жағрафиялық жағдайларды анықтаймыз. Ендеше, екінші тұрғыдан алғанда, фация дегеніміз ландшафтың бір бөлігі (Б. Т. Марковский). Былайша айтсақ, барлық мақлұқаттардың түр-түрге бөлінетіні, химиядағы молекула, биологиядағы клетка сияқты бүкіл жер беті фацияларға жіктеледі.
Барлық фациялар ірі үш топқа бөлінеді: 1) теңіз, .2) құрлық, 3) шығанақтық. Теңіз фацияларын жоғарыда литоралдың, иериттік, батиалдық, абиссалдық фацияларға жіктедік. Континенталдық фацияларды элювий, пролювий, аллювий, эол, көл, мұзарт, флюгляциялды деп бөлдік. Аллювийді әдетте арналық, ойдым апандық, жайылмалық түрлеріне бөлеміз. Көл фациясының өзі тұщы көл-батпақты, шөлдегі тұзды түрлеріне жіктеледі. Сол сияқты шығанақ фациясы да ащы және тұщы түрлерге ажыратылады.
Фациялық талдау арқылы жер үстіндегі өткен-кеткен физикалық-жағрафиялық жағдайларды (палеогеографияны) анықтайды, сонымен қатар жер қыртысынын қозғалу-тербелуін де зерттейміз. Өйткені ол қай жердің жоғары көтеріліп, басқасының төмен майысқанын да көрсетеді. Мысалы, көтерілуі зор болса, денудация басым болып, тау бектерлерінде ірі кесекті жыныстар шөгеді. Керісінше, ойысқан аймақта өзен-көлдің, теңіздің қалың шөгінділері үйіледі.
Қөне шөгінділерді фациялық тұрғыдан талдау үшін: 1) жыныстың құрамын, құрылымын, түзілімдік өзгешеліктерін; 2) мақлұқаттар мен өсімдіктер қалдықтарын; 3) тау жыныстарының жазык, және тік бағытта өзгеріп, басқа жыныстармен алмасу көрінісін мұқият зерттеу керек. Бір-екі мысал келтірелік. Құм шөгінді кварц пен дала шпаттарынан тұрса (ондайын аркоз деп атайды) жердің климаты қуаң және үгілген жерінен тасымалдау жолы қысқа болғаны. Керісінше, тек кварц түйіршіктерінен ғана түзілген құм ылғалы мол, тасымалдануы ұзақ (негізінде жазық) жерде шөккені. Егер шөгінді арасынан коралдардың, теңіз жұлдызының қалдықтары табылса, ол теңіз фациясына жатады, ал шегіндіден пілдің сүйектері кездессе, құрлық фация болғаны. Шегінді ішінен пальма ағаштың жапырағының таңбасын кездестірсек, ол тропиктік жағдайда қалыптасқан, мүк таңбасын көрсек — шөгінді тундралық климатта пайда болғаны.
Жердің геологиялық тарихында теңіз бен құрлық шектері үнемі алма-кезек ауысып тұрған. Оның себебі— не теңіздің денгейі тербелген не жер қабығы жоғары-төмен қозғалған. Егер теңіз құрлыққа қарай шалқыса, оны трансгрессия дейді, теңіз кейін шегінген жайын регрессия дейді. Шалқу-шегінуіне байланысты теңіздің тереңдігі өзгереді де, соған сай фациялары орнынан көшіп жылжиды. Осылайша трансгрессия кезінде жағажай құрлық үстіне қарай жылжиды да, бұрынғы жағалық және тайыз жерлері жағадан алыстап, онда шеккен кесекті жыныстар үстін енді теқіздіқ терең тұсынан шыққан уақ үгінді, лайлы фациялары көмеді.
14-дәріс. Мұхиттар мен теңіздердің геологиялық жұмысы
14.1 .Мұхит түбінің бедері
14.2Мұхит –теңіздер суының тұздылығы химиялық құрамы
14.3 Теңіз суының қозғалысының геологиялық әрекеті
14.1 .Мұхит түбінің бедері
Әлемді мұхиттың су айдыны үшке ажыратылады:1) Атлант, Тынық, Үнді және Солтүстік Мұзды мұхиттар; 2) олардан арал, түбектермен, су астындағы қыраттармен бүлінген, дегенмен мұхитармен оңай қатынасы бар шеткі теңіздер (Баренц, Беринг, Охот, Жапон, Кариб теңіздері сияқты); 3) құрлық құрсауына еніп, мұхитпен немесе іргелес теңізбен бұғаздар арқылы жалғасқан ішкі теңіздер (Жерорта, Қара, Балтық, Ақ теңіздер іспеттес).
Мұхиттар мен теңіздердің геологилық әрекеті айтарлықтай күрделі же,не әдеттегідей үш түрде бөлінеді: 1) жағалаудың бұзу жұмысы – абразия; 2) бұзылған және құрлықтан жеткен жыфныстарды ірі қарай тасымалдап, іріктеу; 3) шөгінді жинау (аккумуляция).
Жердің ұзақ тарихында оның бетін талай рет теңіз басып, шөгінділер жапқан. Шөгінділер мен олардың ішіндегі жан – жануарлар қалдығы жер тарихының ең басты шежіресі кітабы.
Кейінгі 30 шақты жылда Әлемсдік мұхит барлық тұрғыдан мұқият зерттеліп, оның түбінің бедері, шөгінділерінің жене олармен байланысты қазынды байлықтардың таралу заңдылығы, құрылымы туралы аса маңызды мәліметтер жиналды. Бұл істе ісіресе мқхиттың терең түбін бұрғылайтын «Гломар Челледжер» кемесінің табыстары мол. Қазірде 650 шамалы скважиналар қазылды. Әлемдік мұхитта мұқият зерттеу арқасында Жер тарихының даму заңдылығын қолымызға ұстатқан «Тақталар тектоникасы» деп аталатын жетекші теория туып, дамыды.
Осы күнгі деректерге сай мұхиттар түбінің бедері мынадай ірі геоморфологиялық элементтерге бөлінеді: 1) теңіз астандағы құрлық шеті, Әлемдік мұхиттың табаны; 2) мұхиттың орталық жоталары.
Құрлық шеті атланттық (пассивті) және Тынық мұхиттық (активті) түрлерег ажыратылады. Біріншісі Солтүстік Мұзды мұхит, Солтүстік жіне Оңтүстік Атлантида, Үнді мұхиттың (Зонд архипелагына басқа) жағалауларында орын тепкен. Бұл топ марфологиясына сай материктік қайраңға (шельфке), материктік беткейге, материктік етекке жіктеледі.
Материктік қайран (шельф) деп теңіздің құрлыққа жалғасқан тайыз шетін атайды. Оның бетінің көлбеу жазықтыңы 1 ͦ шамасында, Шельфтің материктік беткеймен жапсарласқан тұсын оның қабағы дейді. Қабағы негізінде 200 м тереңдікте орналасқан 100 метрден 300 – 500 метрге шейін өзгереді. Көлденең ондаған километрден Солтүстік Мұзды мұхит жағалауларында 800 – 1000 километрге жетеді. Кейнгі тұстарда шельф құрлық төмен майысып құлдырағаннан пайда құлдырағаннан пайда болған. Бұған дәлел – шельф бетінен бұрынңы жер бетіндегі бедерлерді, мысалы, су астындағы өзендер арналарының жалғасы, өзен террасалары, ежелгі су жағалауы, мұз тектес формалар т.б. көретініміз.
Материктік беткей шельф қабағынан төмен қарай 2000 – 2500 (кейде 3000) метрге шейін құлайды. Беткей көлбеуінің орта шамасы 3 – 6 – 7 ͦ, ендеше шельфпен шегі тігірек болғаны. Кей жағдайда материктік беткейдің беті жарықтармен жіктелу себебінен сатыланып тұрады. Оның үстіне беті су астындағы терең (1000 м ) тік жарлы шатқалдармен тілемденіп жыртылады. Шатқвлдвр материктік етекке шейін жетеді. Олардың кейбіреулері құрлықтағы өзен арналарын (мысалы, Гудзон, Конго) жалғастырады да, теңіз түбінде жер сілкінуден, цунами толқындарының соғуынан немесе құрлықтан құйған апатты ағыстан көтерілген лайлы ағын су әсерінен пай да болады. Лайлы су ауыр болатындықтан төмен қарай тасқындап ағып, көшті эрозия жүгізеді.
Материктік етек деп мұхит табаны мен беткейінің шөгіндідегі жатық, кейде шамалы ғана бұйратталған жазықты айтады. Енді ондаған-жүздеген километр, тереңдігі 2000 – 2500 метрден 3000 – 3500 километрге жетеді.
Тынық мұхиттың активті шетінің атлант тұрпатына қарағанда, тектоникалық жай жедел өзгеретіндіктен бедері өте бедерлі болады. Мұнда құрлықтан мұхит табанына ауысу күрделі. Мысалы, Тынық мұхиттың батыс жағалауында құрлық пен мұхит шегінде алдымен таулы аралдар доғасы (Алеут, Камчатка, Курил, Жапон, Филипен) бой көтереді де олардың мұхит жағынан терең мұхит науалары орын тебеді. Кейінгілері – тар қысталаң (100 – 150км), бірақ өте терең, асимметриялы сатыланған жақты, жіктелген өте терең (7 – 8-ден 11километрге шейін) науалар. Дүние жүзіндегі ең терең Мариан науасы (11 022 м).
Әлемдік мұхиттың табаны (т ө с е н і ш і). Мұхит шарасы Әлемдік мұхиттың ауданының 50 проценттен артығын қамтиды да табанының тереңдігі 3 – 3,5 километрден 6 километрге жетеді. Ол шұңғымаларға, жоталарға, қыраттарға бөлінеді. Шұңғымалары екі түрлі болады: 1) беті тегіс абиссалды жазықтар – негізінде Атлант мұхиттың түбіне орын алады; 2) адыр-бұдырлы жазықтар Тынық мұхитта орын теуіп, төбе бұйраттары көбінесе жанартаулардан құрастырылған. Жанартаулардың ең биіктері арал түрінде теңіз деңгейіне көтеріліп тұрады. Олардың арасында г и й о т т е р (гайот) аталған төбесі те-тегіс шыңдар болады да қазіргі заманда олар 2500 м тереңдікке шейін орналасады. Төбесі тегіс болғанынан гийоттер кезінде тайыз жерде бой көтеріп абразияға душар болғанын, кейінгі кездерде табаны төмен құлдырағанын көреміз. Тынық мұхиттың шығыс бөлігінде (Америка жағы) шаралар бедерінде 3000 – 4000 километрге созылған тектоникалық жазықтар бой түзеп, олар шұңғыма табанын сатылап бөлшектейді.
Әлемдік мұхиттың табанында жер қабығы грачит гнейс қабатынан ада.
М ұ х и т т ы т т ы ң о р т а л ы қ ж о т а л а р ы – барлық мұхиттарды кесіп өтетін жалпы планетааралық жүйе құрайды. Олар мұхит табанынан 3 – 4 километрге дейін көтеріледі, ені 1000 – 2000 километрге жетеді. Кейде төбелері теңіз бетінен асы, аралдар құрайды. Мысалы Атлант мұхитындағы Буве, Вознесение, Азор, Ян-Майен, Тынық мұхиттағы Пасха, Үнді мұхиттағы Сен-Поль, Родригес т.б. аралдар.
Мұхиттың орталық жоталары бойлығының дәл орталығында жарықтармен шектелген терең қысталаң шатқалдар (р и ф т е р – ағылшынша жылға, саңылау) орын тепкен. Олардың тереңдігі 2 – 2,5 км, үстіңгі ені 25 – 50 км. Оның үстіне орталық жоталар көлденең бағытта трансформды жарықтармен бөлшектеген. Олардың тік бағытта құлдырауы 3 – 5 километрге жетеді де жазық бағытта бойлық рифтерді бірнеше жүздеген километрге жылжып көшеді. Кейде бойында екі жағы саңылауланып ашылған грабендер тәрізді тереңдігі 7 – 8 км көлденең аңғарлар түзіледі.
Келтірілген сипаттамасынан көретініміз – орталық жоталар жер қабығындағы ең өршіген белдеулер. Олардың бойында күшті жер сілкіну , аномальды артық қызу ағыны, күшті жанартау атқылауы байқалады. Рифт зонасында жер қабығы әбден сүйірленіп , бойына шала балқыған мантия заты кіреді.
Шеткі және ішкі теңіздер табандарының бедеріне қарай жайпақ жіне шұңқыр түрлерге бөлінеді. Жайпақ теңіздер тайыз Бофорт, Баренц, Қара, Ақ теңіз, Балтық, Солтүстік, Авоз теңіздері жатады. Түбі кезінде теңіз астына шөккен құрлық бөлімі болғандықтан оларды э п и к о н т и н е н т а л д ы қ теңіздер деп біріктіре атайды.
Шұңқыр теңіздерге тектоникалық қозғалысы басыңқы биік жиекпен қоршаулы, табаны жиі сілкінетін, көбіне жанартаулы теңіздер жатады. Олар: Жерорта, Қара, Беринг, Охот, Жапон, Оңтүстік Қытай т. б. Теңіздер. Олардың табанына мұхиттағы сияқты материктік қайран (шельф), беткей, терең шұңғымалар көрінеді.Тереңдігі 3 – 3,5 км шамасында, кейде 4 – 5 километрге жетеді.
