- •Жаратылыстану-техникалық факультеті Жаратылыстану пәндері кафедрасы
- •Жаратылыстану-техникалық факультеті Жаратылыстану пәндері кафедрасы силлабус
- •1. Студенттердің білуі және түсініктері болуы тиіс:
- •Баға қою саясаты
- •Курстың саясаты
- •Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •Тәжірибелік сабақтадың тапсырмалары
- •5 Тәжірибелік сабақ. Литологиялық-стратиграфиялық бағана тұрғызу
- •Сарамандық жұмыстарға арналған тапсырмалар:
- •Аңғарындағы жер бедерінің шағын пішіндері ескі арналы көлдер, өзен иректігі(меандра),
- •Қорытындыларыңды шығарыңдар
- •1.2 Жердің ішкі құрылысын зерттеу әдістері
- •1.3 Жердің ішкі құрылысы
- •1.4 Жер қойнауының заттық құрамы
- •2.2 Минералдардың физикалық қасиеттері
- •2.3 Негізгі тау жыныстарын құрайтын минералдар және оларды анықтау
- •3.1 Магмалық тау жыныстары
- •3.2 Шөгінді тау жыныстары
- •2.3 Метаморфты тау жыныстары
- •3.2 Шөгінді тау жыныстары
- •2.3 Метаморфты тау жыныстары
- •4.2. Жердің абсолют жылнамасы
- •4.3 Кембрийге дейінгі кезеңде және палеозой эрасындағы Жер табиғатының эволюциялық дамуы
- •4.4 Мезазой және кайназой эраларындағы Жер табиғатының эволюциялық дамуы
- •5.2 Интрузивті магматизм мен магмалық денелер. Магмалық ошақтар және олардың пайда болу жолдары
- •5.3 Магмалық тау жыныстарының әр түрлі болу себептері. Магманың жіктелуі
- •5.4 Метаморфизм үрдісі . Метаморфтық тау жыныстары мен пайдалы қазбалардың түзілу заңдылықтары
- •6.2 Жанартаулардың негізгі түрлері
- •6.3 Жанартау атқылағаннан кейінгі үрдістер
- •7.2 Жер сілкінуді зерттеу әдістері
- •7.3 Жер сілкінуінуінің жер бетіндегі тараған аймақтары
- •7.4 Жер сілкінуін болжау мен оған қарсы тұрарлық құрылыс салу. Техногендік жер сілкіну
- •8.2 Материктердің пайда болуы және литосфералық тақталар тектоникасы
- •8.3 Жер қабығы және литосфераның негізгі құрамадас бөліктері. Ежелгі платформалар
- •8.4 Геосинклиналдар және олардың даму сатылары
- •9.1 Үзілмелі (дизъюнктивтік) ығысулардың түрлері
- •9.2 Неотектоникалық қозғалыстардың Жер бедерін қалыптастырудағы рөлі
- •9.3 Қазіргі тектоникалық қозғалыстардың Жер бедерін түзілудегі орны
- •9.2 Неотектоникалық қозғалыстардың Жер бедерін қалыптастырудағы рөлі
- •9.3 Қазіргі тектоникалық қозғалыстардың Жер бедерін түзілудегі орны
- •10.1 Жер бедерін түзетін экзогендік әрекеттер туралы түсінік
- •10.2 Климаттың геологиялық әрекетінің жер бедерін түзудегі алатын орыны
- •10.3 Таужыныстарының үгілуі
- •10.2 Климаттың геологиялық әрекетінің жер бедерін түзудегі алатын орыны
- •10.3 Таужыныстарының үгілуі
- •11.2 Дефляция мен корразия үрдістері
- •11.3 Тасымалдау және эолдық аккумуляция
- •11.4 Шөлдердегі жел әрекетінің жер бедерін түзудегі алатын орыны
- •1.Өзен аңғарының даму жолы және циклдігі
- •3. Атырау (дельта)
- •4. Өзен жүйелерінің дамуы және су айырығының ауысуы
- •5. Өзен әсеріне байланысты қазынды байлықтар
- •1. Көл шұнқырларынын жаралу тегі
- •12.2 Жерасты суларының химиялық құрамы
- •12.3 Жер асты суының әсерінен түзілген жер бедерінің карстлы пішіндері
- •13.2 Мұздық пен мұз суының геологиялық әрекеті
- •13.4 Жер тарихындағы мұз басу дәуірлері
- •13.5 Гравитациялық үрдістердің жер бедерін қалыптастырудағы алатын орыны
- •14. 2.Мұхит-теңіздер суының тұздылығы
- •14.3 Теңіз суының қозғалысының геологиялық әрекеті
- •15.3 Геологиялық ортаны қорғау
1. Студенттердің білуі және түсініктері болуы тиіс:
-тау жыныстары мен минералдардың құрылымы мен түзілімдері, сингониясы, шығу тегі, жатыс бағыттары түзілу жағдайлары туралы;
-Жер қойнауында жүретін геологиялық және геодинамикалық үрдістерді, қатпарлы тектоникалық қозғалыстарды, Жер сілкіну мен жанартау атқылауды зерттеу әдістерін;
- климаттың, желдің, жерасты суларының, мұзарттардың, гравитациялық үрдістердің мұхиттар мен теңіздердің геологиялық әрекетінің жер бедерінің шағын пішіндерін, кесек шөгінді жыныстарды, акумулятивті, зандрлы жазықтарды қалыптастырудағы рөлін.
Студенттер түсіндіріп анықтай алуы тиіс:
-минералдардың аттарын, физикалық қасиеттерін, тау жыныстарының құрылымдары мен түзілімдерін, шөгінді, метаморфты, интрузивті және эффузивті магмалық жыныстардың кристаллдануын, түзілу жолдарын, бір-бірімен өзара байланысын;
анықтағыштардың, сыртқы белгілерінің көмегімен кең таралған минералдардың аттарын, қасиеттерінанықтай алуы;
ашық жатқан табиғи және жасанды қималардан тау жыныстары мен минералдарға сипаттама бере алуы;
омыртқасыздар мен омыртқалы жануарлардың тасқа айналған қалдықтарына, өсімдіктердің тастағы таңбаларына, негізделіп өмір сүрген геологиялық кезеңдегі палеоэкологиялық жағдайды, палентологиялық құндылықтар табылған қабаттың салыстырмалы жасын анықтай алуы;
шөгінді тау жыныстарының үлгілерін пайдаланып шөгінділер жиналған кезеңнің физикалық-географиялық жағдайын қалпына келтіралуы;
геологиялық, геоморфологиялық, тектоникалық карталармен жұмыс істеп көлденең геологиялық қималар, стратигиафиялық бағаналар тұрғызуы, қатпарланудың, интрузиялардың жасын, жас және ежелгі платформаларды бір-бірінен ажырата алуы тиіс.
Пәнді оқыту барысында төмендегі құзіреттіліктер қалыптасады:
а. түйінді құзіреттіліктер (ТҚ).
-кәсіби қызыметте қолданатын геологиялық білім негіздерін меңгеру;
- геологиялық білім мен іскерлік-дағдыларды қалыптастыру тәсілдерін меңгеру және оны іс жүзінде пайдалану.
б. пәндік құзіреттіліктер (ПҚ).
-геологиялық түсініктерді терең түсіндіріп, танымдық белсенділіктерін арттыруға мүмкіндік беретін білім негіздері мен қарым-қатынас стратегияларын меңгеру;
- заманауи инновациялық технологияларды меңгеру;
-кәсіби шеберлікті арттыруға ұмтылдыру, геологиялық тектоникалық, геоморфологиялық карталарды, геохронологиядық шкалалар мен стратиграфиялық бағаналарды, графиктік кестелерді білім көзі ретінде пайдалану дағдыларын игеру;
-пән бойынша бақылау-бағалау материалдарын дайындауға қаблетті болу.
в.арнайы құзіреттіліктер (АҚ).
-болашақ география пәнінің мұғалімі ретінде кәсіби қызметіне қажетті теориялық білім, іскерлік-дағдылар, зерттеу және оқыту әдіс-тәсілдерін меңгеру;
-алған білімді түрлендіру дағдыларын меңгеру, кәсіби деңгейі жоғары білікті мамандардың тәжірибелерін оқып-үйрену, жинақтап іс жүзінде пайдалануға қаблетті болу;
-стандартты емес балама шешімдерді табу дағдыларын меңгеру, сын тұрғысынан ойлауды, жасампаздықпен шешуге қаблетті болу;
-нормативті құжаттардағы білімдерді (пән бойынша стандарттар, бағдарламалар) меңгеру, әдістемелік құжаттарды жасауға қаблетті болу.
Геологияжәне геоморфология негіздері пәнінің мазмұны мен құрылымы
Кіріспе дәріс. Геологияжәне геоморфология негіздері пәнін оқытудың мақсаты, құрылымы, геологиялық зерттеу әдістері. Табиғат ресурстары мен пайдалы қазбалар, Жер қойнауында жүретін үрдістер туралы жалпы мәліметтер. Геология ғылымы туралы түсінік. Жердегі геологиялық үрдістер туралы түсініктердің эволюциясы. Геологиялық пәндер. Геологияның іргелі және қолданбалы пәндерінің мақсаты мен міндеттері, зерттейтін нысандары. Геологияның басқа ғылымдармен байланысы.
1-тақырып. Жердің құрылысы мен құрамы
Жердің геосфералары: сыртқы – магнитосфера, атмосфера, гидросфера, биосфера; ішкі – ядро, мантия, Жер қыртысы; астеносфера және литосфера туралы түсінік. Жер қойнеуының химиялық және минералдық құрамыы. Геосферааның өзара әрекеті–геологиялық үрдістердің алуан түрлілігі. Жердің гравитациялық, магниттік және жылу өрістері, Жр қыртысының құрылысы, заттық құрамы.
2-тақырып. Минералдар мен тау жыныстары
Минаралдар туралы негізгі түсініктер. Минаралдардың физикалық қасиеттері. Химиялық байланыстар, минералдардың қристаллдық құрылымы, көп түрлілігі. Минерал түзілу үрдістері. Тау жыныстары туралы негізгі түсініктер. Үгілу, тасмалдау шөгу нәтижесінде тау жыныстарының пайда болуы. Балқыған магмадан Жер қойнауы мен бетінде тау жыныстарының түзілуі, интрузивті және эффузивті магмалық тау жыныстары туралы түсінік. Метаморфтық және метасоматииалық тау жыныстарының түзілуі, тау жыныстарының құрылымы мен түзілімі туралы түсінік.
3-тақырып. Тау жыныстарының жасы және геологиялық уақыт
Магмалық және шөгінді тау жыныстарының салыстырмалы жасын анықтаудың стратиграфиялық, құрылымдық, палеонтологиялық әдістері. Стратиграфиялық шкалалар және стратиграфиялық тармақтар. Изотоптық геохронология. Радиоактивті изотоптардың ыдырауы., тұрақты және радиоактивті изотоптпр туралы түсінік. Геологиялық уақыттың стратиграфиялық және геохронологиялық шкалалары.
4-тақырып. Жер қойнауында жүретін геологиялық (геодинамикалық) үрдістер. Интрузивті магматизм
Жылу көздері және магма туралы түсінік. Интрузивті және эффузивті магматизм. Жер қыртысы мен жоғарғы мантияның негізгі химиялық элементтері. Магмалық тау жыныстарының минералдық және химиялық құрамы. Магмалық тау жыныстарын құрамындағы кремнидің мөлшеріне қарай жіктеу, қышқылды, орта, негізгі және ультранегізді интрузивті және эффузивті тау жыныстары. Магмалық жыныстардың құрылымдық және түзілімдік сипаттамалары. Магмаларды жіктеу. Интрузивті алқаптар мен денелер.
5-тақырып. Эффузивті магматизм. Жанартау үрдісінің негізгі сатылары Эффузивті магматизм туралы түсінік. Жанартаудардың құрылысы, негізгі түрлері. Жарықшақтық атқылау. Жанартау атқылаудың сұйық, газ тәрізді және қатты өнімдері. Жанартау атқылағаннан кейінгі үрдістер.
6-тақырып. Жер сілкіну
Жер сілкінудің пайда болу тетіктері және оның өлшемдері. Жер сілкінудің таралуының себептері, және оның геологиялық ұстанымдары. Жер сілкінуді болжау және ғылыми зерделеу. Техногендік жер сілкіну. Жер сілкінуден қорғану шаралары. Цунами туралы түсінік.
7-тақырып. Жер қыртысындағы қатпарлы тектоникалық қозғалыстар
Жердің пайда болуы туралы тектоникалық ғылыми болжамдар, Спрединг тұжырымдамасы. Литосфералық тақталар тектоникасы. Материктер мен мұхит шарасының
пайда болуы туралы болжамдар. Литосфералық тақталар тектоникасы, литосфераның негізгі құрамадас бөліктері. Ежелгі платформалар, қалқандер, антиклинальдар, синклинальдар. Геосинклиналдар және олардың даму сатылары.
8-тақырып. Үзілмелі тектоникалық ығысулар мен неотектоникалық қозғалыстар
Тау жыныстарының бұзылуы туралы түсінік. Бұзылған тау жыныстарының жатысы. Тау жыныстарының жатысындағы сәйкестік пен сәйкессіздіктер туралы түсінік. Үзілмелі (дизъюнктивті) ығысулардың түрлері, тау жыныстарының ығысуының туу себептері. Неотектоникалық қозғалыстар және олардың Жер бедерін қалыптастырудағы рөлі. Қатпарлы-жақпарлы таулар, қазіргі тектоникалық қозғалыстар
9-тақырып. Экзогендік үрдістердің геологиялық әрекеті
Атмосфера және оның құрылысы, құрамы мен қасйеттері климат және оның экзогендік үрдістерге әсері. Тау жыныстары мен топрақтың үгілуі. Физикалық және химиялық үгілу. Климаттың тау жыныстарының үгілуіне тигізетін әсері. Тау жыныстарының негізгі түрлерінің үгілуі.
10-тақырып. Жел мен грвитациялық үрдістердің геологиялық әрекеті
Желдің геологиялық әрекеті. Дефляция және корразия . Жел үрлеген тау жыныстарының тасымалдануы, шөгуі, эолдық аккумуляция. Эуолдық үрдістерден түзілген Жер бедерінің эрозиялық және аккумулятивтік пішіндері. Эуолдық шөгудің негізгі тұрпаттары мен шөлдердің түрлері.
Сынған тау жыныстарын грвитациялық үрдістер. Қозғалу күштері, қоршаған орта, тасмалдау әдістері мен жылдамдығы. Беткейлік үрдістер: жылдам ағын, тайғанау және құлау, су астындағы кесек тау жыныстарының жылжуы, ылай ағындары, құрылық пен су астындағы «гравитациялық» қалдықтар мен тау жыныстарының негізгі түрлері.
11-тақырып. Жер үстіс және Жер асты суларының геологиялық әрекеті
Жауын мен уақытша ағын сулардың эрозиясы. Динамикалық жүйе ретіндегі өзендердің геологиялық жұмысының тетіктері, эрозияның тасмалдау мен шөктірудің тәсілдері. Арнаның ерекшеліктері, өзен аңғарының қалыптасуы, өзен торлары, өзен аңғары бедерінің эрозиялық және аккумулятивті пішіндері. Өзен шөгінділері. Көлдің түзілуі, көлдік шөгінділер. Батпақтардың шығу тегі мен түрлері, батпақ шөгінділері. Жер асты суларының шығу тегі зоналық таралуы, қозғалуы. Жер асты суының эрозиялық әрекеті және шөгінділердің шөгуі. Термальды Жер асты сулары. Карстылы үрдістер және Жер бедерінің карстылы пішіндері.
12-тақырып. Мұздықтардың, қар мен мәңгі тоңның геологиялық әрекеті
Табиғаттағы мұз. Мұздықтарды жіктеу, мұздық эрозиясы және шөгінділердің жиналуы, уақытша мұздықтық көлдер мен өзендер. Мұздықтардың бұзушы экзорациялық әрекеті. Мұз басу кезеңдері және климаттаң өзгеруі. Жердің геологиялық тарихындағы ғаламдық мұз басулардың себептері.
Мәңгі тоңдағы геологиялық үрдістер. Мәңгі тоңдардың шығу тегі Жер бедерінің криогенді пішіндері. Мәңгі тоң аймағындағы шаруашылық әрекеті.
13-тақырып. Мұхиттар мен теңіздердің геологиялық әрекеті. Мұхиттар мен теңіз сулерінің физикалық-химиялық қасиеттері. Мұхиттар алабы және мұхит табаны бедерінің ірі пішіндерінің құрамдас бөліктері. Дүниежүзілік мұхиттың динамикалық режимі, мұхиттағы беткі және терең ағыстар, толқынды қозғалыстар және толқынның ерекшеліктері. Жағалаулардың негізгі түрлері мен түзілу жолдары. Жағалаулар эрозиясы. Теңіздегі ағзалар тіршілік ететін аймақтар.
