- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
- •Тараз мемлекеттік педагогикалық институты
- •Эволюциялық ілім пәнінен зертханалық жұмыстарды
- •Орындауға арналған әдістемелік нұсқау (лаборатроиялық практикум)
- •Тараз 2015
- •Зертханалық сабақтың тақырыптық жоспары
- •Жұмыстың қысқаша мазмұны
- •Жұмыстың барысы:
- •Жұмыстың қысқаша мазмұны
- •Жұмыстың барысы:
- •Жұмыстың қысқаша мазмұны
- •Жұмыстың барысы:
- •Жұмыстың қысқаша мазмұны
- •Жұмыстың барысы:
- •Жұмыстың қысқаша мазмұны
- •Жұмыстың барысы:
- •Жұмыстың қысқаша мазмұны
- •Жұмыстың барысы:
- •Жұмыстың қысқаша мазмұны
- •Жұмыстың қысқаша мазмұны
- •Бақылау қорытындысын мына таблицаға толтырыңдар (жауаптың мысалдары берілген)
- •Жұмыстың қысқаша мазмұны
- •Жұмыс барысы:
- •Жұмыстың қысқаша мазмұны
- •Жұмыс барысы:
- •Өсімдіктердің бейімделгіштік белгілерін зерттеу
- •Жануарлардың бейімделгіштік белгілерін зерттеу.
- •Жұмыстың қысқаша мазмұны
- •Жұмыстың барысы:
- •Жұмыстың қысқаша мазмұны
- •Коллекциялық сорттардың фенотиптік белгілерімен танысу
- •Жергілікті сорттардың фенотиптік белгілерімен танысу.
- •Жұмыстың қысқаша мазмұны
- •Жұмыстың қысқаша мазмұны
- •Жұмыстың барысы:
- •Жұмыстың қысқаша мазмұны
- •Жұмыстың барысы:
Бақылау қорытындысын мына таблицаға толтырыңдар (жауаптың мысалдары берілген)
Систематикалық топ |
Эволюция барысында пайда болған бейімделу өзгерістері |
Пайда болған өзгерістердің биологиялық маңыздылығы |
Берілген систематикалық топтың эволюциялық жолы |
Гүлді өсімдіктер |
Көбею мүшесі ретінде гүлдің пайда болуы. Жемістің пайда болуы. |
Ұрық диплоидты хромосомалы, оның жетілуі тұқымның қоректік заттарының қоры есебінен жүреді, ол сыртқы ортаның қолайсыз әсерлерінен жақсы қорғалады. Ұрықтар таралуға көптеп бейімделген. |
Араморфоз |
Клен остролистный (вид) |
Тостағанша жапырақшаларының қанат тәрізді өсінділері болады. |
Жемістері ағаштан түскен кезде желдің әсерінен алыс қашықтыққа таралады. |
Идиоадаптация |
4.Жалаңаш тұқымды өсімдіктердің өкілдері. Қайың, шырша, пихта, т.б. өсімдіктердің (коллекциялары, гербарий материалдары, өркендері арқылы) мұқият танысыңдар.
- зерттеліп отырған өкілдердің қай систематикалық топқа жататынын анықта.
- қылқан жапырақты (хвойное) өсімдіктер өкілдерінің тұқымының пайда болуының биологиялық маңыздылығын ашып көрсет.
- эволюция барысында тұқымдардың белгілі бір таралу әдістеріне бейімделуін көрсет.
- берілген жалаңаш тұқымды өсімдіктердің мүмкін болатын эволюциялық даму жолдарын атап көрсету керек.
Бақылаудың қорытындысын таблицаға толтырыңдар.
Сұрақтарға жауап беріңдер
1. Систематикалық топ (жалаңаш тұқымды немесе гүлді) қандай маңызды араморфоздарды басынан өткерді ?
2. Қандай өзгерулерді (преобразования) идиоадаптацияға жатқызуға болады, неге ?
Қорытындылар.
1.Барлық ірі систематикалық топтар (бөлімдер, типтер, отрядтар) ароморфоз жолымен пайда болады.
2.Майда систематикалық топтар (тұқымдастар, туыстар, түрлер) эволюция барысында идиоадаптация жолымен пайда болады.
№9 Зертханалық жұмыс
Сабақтың тақырыбы: Популяциялық генетика
Жұмыстың мақсаты: Білімгерлерді популяциялық генетикамен таныстыру
Қажетті құрал-жабдықтар: генетикалық карта, бақылауларды жазып алатын дәптерлер, таратылатын материалдарға арналған табақшалар.
Жұмыстың қысқаша мазмұны
1. Эволюцияның генетикалық негіздері;
2. Популяциялық толқындар, олардың ерекшелігі және гендер жиілігі;
3. Сұрыптау әрекеті – популяциялар эволюциясындағы бағыттаушы фактор екендігі;
4. Изоляцияның генетикалық факторлары (хромосомдық өзгерістер, авто және алло полиплоидия);
5. Генетиканың эволюциялық теорияның дамуындағы маңызы.
Жұмыс барысы:
Бұл жұмыс популяцияның таралуы, оның толқындары, гендердің жиілігін анықтайды. Хромосомалық өзгерістердің популяцияның жиілігіне әсерін зерттей отыра, популяциялық генетиканың маңызы ашылады. Харди – Вайнберг заңы арқылы есептер шығарылады.
Сұрақтарға жауап беріңдер
1. Популяциялық генетиканың эволюциялық даму барысындағы маңызы қандай?
2. Жануарлар мен өсімдіктердің кез-келген түрінің популяциялық генетикасын анықтаңдар.
№ 10 Зертханалық жұмыс
Сабақтың тақырыбы: Ағзалардың мекен ету ортасына бейімделуін зерттеу.
Сабақтың мақсаты: Ағзалардың мекен ету ортасына бейімделу механизмін ұғыну.
Қажетті құрал-жабдықтар: Лупалар, пинцеттер, металл іліктер, шыны табақшалар.
