- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
- •Тараз мемлекеттік педагогикалық институты
- •Эволюциялық ілім пәнінен зертханалық жұмыстарды
- •Орындауға арналған әдістемелік нұсқау (лаборатроиялық практикум)
- •Тараз 2015
- •Зертханалық сабақтың тақырыптық жоспары
- •Жұмыстың қысқаша мазмұны
- •Жұмыстың барысы:
- •Жұмыстың қысқаша мазмұны
- •Жұмыстың барысы:
- •Жұмыстың қысқаша мазмұны
- •Жұмыстың барысы:
- •Жұмыстың қысқаша мазмұны
- •Жұмыстың барысы:
- •Жұмыстың қысқаша мазмұны
- •Жұмыстың барысы:
- •Жұмыстың қысқаша мазмұны
- •Жұмыстың барысы:
- •Жұмыстың қысқаша мазмұны
- •Жұмыстың қысқаша мазмұны
- •Бақылау қорытындысын мына таблицаға толтырыңдар (жауаптың мысалдары берілген)
- •Жұмыстың қысқаша мазмұны
- •Жұмыс барысы:
- •Жұмыстың қысқаша мазмұны
- •Жұмыс барысы:
- •Өсімдіктердің бейімделгіштік белгілерін зерттеу
- •Жануарлардың бейімделгіштік белгілерін зерттеу.
- •Жұмыстың қысқаша мазмұны
- •Жұмыстың барысы:
- •Жұмыстың қысқаша мазмұны
- •Коллекциялық сорттардың фенотиптік белгілерімен танысу
- •Жергілікті сорттардың фенотиптік белгілерімен танысу.
- •Жұмыстың қысқаша мазмұны
- •Жұмыстың қысқаша мазмұны
- •Жұмыстың барысы:
- •Жұмыстың қысқаша мазмұны
- •Жұмыстың барысы:
Жұмыстың қысқаша мазмұны
Қорғаныш реңдер мен қорғаныш тұрпаттар жануарларда кең етек алған құбылыс, бұл олардың әртүрлі систематикалық топтарында кездеседі. Қорғаныш реңдер мен қорғаныш тұрпатқа жануарлардың тіршілігін сақтап қалуына себеп болатын реңдер мен тұрпаттардың бәрі жатады. Бейімделушілік мынадай 4 топқа бөлуге болады: бүркеніш, демонстрация, белгілі бір заттарға еліктеуіш, ұқсастық, мимикрия (қорғаныш рең).
Бүркеніш. Жануарларды қоршап тұрған орта жағдайында, оларды көзге түсірмейтін реңдерінің бәрі бүркеніш болуға жатады. Бүркеніш екі реңнің табиғатта кең етек алған үш тобы бар: жасырушы рең, көлеңке көмескелеуші рең, ала-құла рең.
Жасырушы рең. Бұған фонға сәйкес келетін бояу жатады. Жануарлардың осындай болуы қоршаған ортаның фонымен үйлесіп, оны көрсетпей жасырып тұрады. Жасырушы рең табиғатта шеттен тыс өте кең тараған.
Көлеңке көмескелеуші рең. Мұндай жағдайда белгілі оптикалық жағдай мен рең қорғаныштық сипат алады. Көлеңке көмескелеуші реңді жануарлардың арқа жағы қоңырқай, ал бауыр жағы ақшыл болып келеді. Бұл жұлдыз құрттарда, балықтарда, жыландарда және көптеген сүт қоректілерде (бұғы, қоян, т.б.) жиі кездеседі.
Ала-құла рең. Мұнда жануарлар денесіндегі әркелкі теңбіл және жолақта ала-құла көріністі болып, осының нәтижесінде тұтас дене көзге түспей, оның шырыман реңі зейін аударып кетеді.
Демонстрация. Бұл жасырушы реңге қарама-қарсы құбылыс. Мұнда қызыл, қара, ақ түстер, сол сияқты қара және ақ түстер бір-бірімен кезекті үйлесіп жануарға ашық рең береді. Жалпы мұндай рең организмнің жеуге жарамсыздығымен ұштасады осыдан бұл сақтандырғыш рең делінеді.
Сақтандырғыш реңді насекомдар-солдат қандала, ала көбелек, әр түрлі аралар, қан қызы, теректің жапырақ жегіші, күлдіреткіш қоңыз мысал бола алады. Бұлардың қанында улы зат немесе жеркендіргіш иісті зат, болуымен байланысты жеуге жарамсыз болады.
Белгілі бір заттарға еліктеуіш ұқсастық. Жауын да, жемтігін де қызықтырмайтын заттарға ұқсағандықтан көптеген жануарлар қатерсіз өмір сүреді. Мұндай жануарлар көбінесе өсімдіктердің органдарына ұқсайды. Мысалы: теңіз атбас балығы алба-жұлба бейнелі өзі паналайтын балдырдың түріне ұқсайды. Тропиктік ормандардағы жыландардың көбісі лионнан ажыратылмайды.
Мимикрия. Екі немесе бірнеше насеком түрлерінің рең және пішіні жөнінен ұқсастығы мимикрия делінеді, мимикрия екі вариантқа бөлінеді. Оның біріншісін ашқан Г.Бейтс, екіншісіне Ф.Мюллер осыған сәйкес Бейтс мимикриясы және Мюллер мимикриясы деп аталады.
Жұмыстың барысы:
1.Зерттеліп отырған ағзаның айналасындағы ортаға бейімделгіштігінің айырықша белгілерін анықта: пішіні, түсі, мөлшері, қозғалу тәсілі, сезім мүшелерінің дамуы, қоректік заттарды табу тәсілі, ағзаның өсіп-өнуі және дамуы.
2.Мына кестені толтырыңдар.
№ |
Өсімдік немесе жануарлардың түрі |
Тіршілік ету жағдайы |
Бейімделгіштің белгілері |
Бейімделушілік белгінің пайда болуы |
|
|
|
|
|
Сұрақтарға жауап беріңдер:
1.Бүркеніш реңнің қандай маңызы бар ?
2. Қорғаныш реңнің пайда болуын қалай түсінесіңдер ?
3. Бейімделушіліктің алуан түрлі болуының эволюциялық дамуындағы рөлі қандай
4.Бейімделушіліктің салыстырмалық мәні неде ?
5.Демонстрациялық рең деген не ?
6.Бүркеніш реңнің табиғатта кең етек алған үш тобын ата ?
7.Белгілі бір заттарға еліктеушілік-ұқсастық насикомдарды атап шығыңдар.
8.Мимикрия деген не ?
9.Мимикрия қанша вариантқа бөлінеді және қалай аталады ?
10.Ала-құла рең байқататын жануарларды ата ?
№12 Зертханалық жұмыс
Сабақтың тақырыбы: Жергілікті өсімдік түрлері фенотипінің сипаттамасы.
Сабақтың мақсаты: Дәнді дақылдар көкөністер немесе жемістердің жергілікті түрлерімен танысу және олардың фенотиптік ерекшеліктеріне көз жеткізу.
Қажетті құрал-жабдықтар: Сорттар үлесінің үлестірілетін материалдары, кестелер, әртүрлі сорт өкілдерінің суреттері, жалпылай іріктеуден алынған сорттар (сұлы-Шетиловтікі, бидай-Мельтурм 120, күнбағыстар-Сібір пионері, тез пісетін-Омскінікі).
Жеке іріктеуден өсірілген сорттар (сұлы-Алтын Жаңбыр, Жеңіс, бидай-Шехурдиндікі, 065 және 0329 Ерелиевтікі, Украйна, күнбағыстікі-631). Будандастыру мен жеке іріктеуден алынған сорттар, жоғарғы өнімді қыстық бидай сорттары (Безостой 1, Авара, Кавказ, Мироновская 808, Юбилейная 50, Хорьковская 63, Илигевия), жаздық бидай (Саратовская 39, 36, 210), Мяхгой бидай (Герум 114) академик В.С. Пустовой шығарған күнбағыс сорттары, жүгерінің будандастырылған сорттары (Днепропетровская, Грушевская және т.б.), дәнді дақылдардың және көкөністердің жергілікті сорттары.
