Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лаборатория эволюция Зияева.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
285.18 Кб
Скачать

Жұмыстың қысқаша мазмұны

Бір ағзаның сыртқы, ішкі белгілерінің жиынтығын фенотип деп атайды. Бір ағзаның барлық гендерінің жинағын генотип деп атайды. Гендер ағзалар арқылы ұрықтап ұрпаққа өзгеріссіз беріліп отырады. Астық тұқымдастарына бидай, қара бидай, жүгері, арпа, күріш, тары жатады. Барлығы тек 1 жылдық өсімдіктер болып табылады.

Жұмыстың барысы:

Зерттеу нәтижелерін кестеге толтырыңыз.

1. Жануарлардың анаологиялық және гомологиялық органдарын анықтаңыз.

2.Дайын материалдарды пайдалана отырып, кестені толтырыңыз.

Түр

Аналогиялық органдар

Гомологиялық органдар

Сұрақтарға жауап беріңіз.

а) гомологиялық органдардың маңызы қандай?

ә)аналогиялық органдарға мысал келтіріңіз?

15 Зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Өсімдіктер мен жануарлардың модификациялық өзгергіштіктерін анықтау. Олардың вариациялық қатарын және вариациялық қисығын құру.

Жұмыстың мақсаты: Өсімдіктер мен жануарлардың модификациялық өзгергіштіктерін анықтау.

Қажетті құрал- жабдықтар: сызғыштар, пинцет, ақ қағаз, миллиметрлік қағаз, дәптер, өсіп тұрған әртүрлі талдардың жапырақтары, астық түқымдастардың масақтары, көбелектер, қоңыздар коллекциясы, маллюскалардың бақалшақтары.

Жұмыстың қысқаша мазмұны

Тұқым қуалайтын өзгергіштіктерден өзгеше, тұқым қуалайтын өзгергіштіктер модификация немесе флюктуация деп аталады. Бұл организімнің онтогенез процесінде сыртқы орта жағдайларының әсерімен пайда болады және жынысты жолмен көбейгенде ондай өзгерістер келесі ұрпақтарына берілмейді.

Қандай болмасын генотипі жағынан бірдей, бірақ әртүрлі сыртқы орта жағдайларында өсіп- дамыған организмдердің фенотиптері түрліше болады. Особътардың осылайша фенотипі жағынан әртүрлі болып өзгеруін модификациялық өзгергіштік деп атайды. Модификациялық өзгергіштік өзі белгілі бір реакция нормасымен шектеледі.Реакция нормасы дегеніміз организмнің түрліше белгілері мен қасиеттерінің сыртқы орта жағдайларына байланысты белгілі бір шамада өзгере алу қабілеті. Мұндай қабілет генотип арқылы анықталады. Реакция нормасын зерттеу үшін генетикалық жағынан біртекті материал алып, оны әртүрлі ортада өсіру керек. Бұл мақсатқа өздігінен тозаңданатын өсімдіктің таза сорты немесе адам мен жануарда болатын бір жұмыртқадан дамыған егіздер алынады.

Жұмыстың барысы:

Өсімдік жапырақтарының өзгергіштігін анықтап, оның вариациялық қатарын және вариациялық қисығын құрыңыздар:

1. Жапырақтың ұзындығын өлшеп алу (50-100 данадай).

2. Берілген белгінің өсу реті бойынша жапырақтарды ақ қағаз бетіне орналастырып, көбірек кездесетін белгілерді сандармен белгілеп, жапырақ төбелерінің сызықтарын қарап, олардың вариациялық қатарын құрыңыздар.

3. Вариациялық қатардың көрсеткіштерін кестеге толтырыңыздар.

N

V

Р

Е

М

Бұл жерде:

N - вариациялық қатардың нұсқауларының жалпы саны;

U- нұсқаулардың жалпы саны;

Р- нұсқаулардың кездесу жиілігі;

Σ - белгілердің қосындысы;

М- белгінің орташа көлемі

4. Жапырақ өзгергіштік белгісінің көрсетілген белгінің, пластинкасының ұзындығының мәнін құрыңыз.

5. Жапырақ пластинкасының ұзындығының орташа көлемін анықтаңыздар.

6. Вариациялық қисықтың сандық мәліметтерін салыстырып, жапырақ пластинкасының анықталған ұзындығының жиірек кездесетіндігі туралы қорытындылаңыз.

Масақшалар санының вариациялық қатарымен вариациялық қисығын құрыңыз (астық тұқымдастардың масақшалары):

1. Таратылып берілген материалдардан 50-100 дана масақтарды санап алыңыз (бидай, арпа).

2. 50-100 дана масақтың ішінен масақшалар санын санаңыз.

3. Есептеу барысында, кестені толтырыңыз.

Масақтың реттік нөмірі

Масақтағы масақшалар саны

4. Ақ қағазға масақтарды берілген белгінің көлеміне қарай, ондағы масақшалар санына байланысты өсу ретімен орналастырып, вариациялық қатар құрыңыз.

5. Белгінің өзгергіштігінің графикалық бейнесін жасаңыз (масақтағы масақшалар саны).

Сұрақтарға жауап беріңдер

1. Модификациялық өзгергіштік дегеніміз не?

2.Өсімдіктер мен жануарлардың модификациялық өзгергіштіктерін қалай анықтайды?

3. Вариациялық қатар дегеніміз не?

Анаболия – дамудың соңғы фазасында болатын филогениялық өзгеру жолы.

Девиация – Архаллаксис – органның эмбриондық дамуының ең басында болатын өзгерістер.

Ген – белгілі биохимиялық функциялы және особьтың қасиетіне ерекше әсер ететін ДНК молекуласының шоғыры.

Географиялық өзгергіштік – бір түрге жататын әр түрлі популяциялардың морфогенездің ортаңғы фазаларында болатын өзгерістердің онтогенездік жолы.

Дивергенция қолдан сұрыптау немесе табиғи сұрыптау нәтижесінде ата – тегі ортақ организмдердің белгілерінде айырмашылықтың пайда болуы.

Дихогамия – аталық пен аналық аузы әр түрлі мезгілде пісіп жетілуі.

Жеке өзгергіштік – бір жұп ата – ананың ұрпағындағы немесе тұтас бір популяциядағы жеке индивидуумдарда, басқа особьтарға ұқсастығы жоқ, әрқайсының өзіне ғана тән қандайда бір белгілерінің болуы.

Конвергенция – қолдан сұрыптаудың не табиғи сұрыптаудың нәтижесінде ата – тегі әр түрлі организмдерде ұқсас белгілер пайда болуы.

Коррелятивтік немесе арақатынастық – белгілі бір органның өзгеруімен байланысты басқа органдардың өзгеруі.

Конбинациялық өзгергіштік – бір органдардың және олардың функцияларының дамуы басқа бір органдарды тежеп, олардың жетілмей қалуына және редукциялануына себеп болады.

Методикалық сұрыптау – әрқашан жаңа тұқымдар мен жаңа сорттар жасайтын творчестволық процесс болып саналады.

Модификация (флюктуация) – тұқым қуалайтын өзгергіштіктердің өзгеше, тұқым қуаламайтын өзгергіштіктерді айтады.

Протерандрия – тозаңдықтары ерте пісіп жетілуі.

Протерогиния – аналық аузы ерте пісіп жетілуі.

Табиғи сұрыптау – пайдалы жеке ерекшеліктердің не өзгерістердің сақталып зияндыларының жойылып отыруын айтады.

Тұқым қуалау – организмдердің өз белгілерін және даму ерекшеліктерін келесі ұрпақтарына беріп отыру қасиеті.

Түр – бір – біріне тікелей жанаспайтын формалар.

Тіршілік үшін күрес – ол дамып келе жатқан организмдердің сыртқы ортаның физикалық факторына және басқа тірі организмдерге тәуелділігі.

Топтық (жалпылай) өзгергіштік – бір жерде мекендеуші особьтардың үлкен тобында, сол түрге жататын басқа топтардан қандайда бір белгілері жөнінен айырмашылықтарының болуы.

Филэмбриогенез – эволюциялық өзгерістер онтогенездік дамудың жолы өзгеруімен байланысты. Фен- генотип арқылы анықталатын белгінің көрінісі.

Феногенетика- организмнің жеке дамуы барысында генотиптің рөлін зерттейтін генетика ғылымының бір тармағы.

Фенокопия- сырытқы орта факторларының және қандай да болмасын тұқым қуалайтын мутацияның әсерінен пайда болатын организм фенетипінің тұқым қуаламайтын өзгерісі.

Фенотип- организмдегі барлық белгілердің жиыны.

Ценогенез – нақтылы жеке даму жағдайларына ұрпақтардың не жас особьтардың бейімделуі.

Эволюциялық ілім – тірі организмдердің эволюциялық дамуының себептері мен қозғаушы күштері, олардың механизмдерді және жалпы заңдылықтары туралы ілім.

Эволюция- тірі табиғаттың тұқым қуу,өзгергіштік және сұрыптау арқылы дамуы.

Экотоп – белгілі экологиялық жағдайларда өмір сүретін және де өзіне тән бейімдеушілік белгілері болады.

Экологиялық өзгергіштік – түр өз ареалының көлемінде әр жерде әр түрлі жағдайларда мекендеген болса ғана пайда болады.

Энтомфилия – өсімдіктердің айқас тозаңдануының ең кең тараған түрі.