Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лаборатория эволюция Зияева.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
285.18 Кб
Скачать

Жұмыстың барысы:

1.Жануарлардың әр түрлі түрлерінің биологиялық қасиеттерін зерттеу.

2.Олардың құрылысына терең тоқталып сыртқы ортаға байланысты бейімделгіштіктерін анықтаңыз.

3.Сүтқоректілердегі ароморфозды анықтаңыз.

4.Омыртқалы жануарлардың жүрегінің эволюциясының сызба-нұсқасын жасаңыз.

Систематикалық топ

Эволюция барысындағы бейімделгіштік

Пайда болған қасиеттің биологиялық маңызы

Систематикалық топтағы болашақтағы эволюциясы

Қорытынды: Ароморфоз негізінде ағзаның ұйымдастыру деңгейі жоғарылайды, ал идиоадаптация кезінде өзгеріссіз қалады. Морфофизиологиялық регресте ағзалардың құрылымы қарапайым болып қалады.

6 Зертханалық жұмыс

Сабақтың тақырыбы: Насекомдарда ароморфоз бен идиоадаптацияны анықтау.

Жұмыстың мақсаты: 1.Күрделі систематикалық топтардың ароморфоз жолымен түзілуін анықтау.

2.Насекомдардағы идиоадаптацияны көрсетіңіз.

3.Органикалық эволюцияның бағытына табиғи сұрыпталудың әсері.

Қажетті құрал-жабдықтар: Насекомдар коллекциясы, атластар, дайын препараттар.

Жұмыстың қысқаша мазмұны

Идиоадаптация деп сыртқы ортаның нақты жағдайларының белгілі тұрмыс қалпына ағзалардың жеке бейімделуін айтады. Әр түрлі идиоадаптациялардың құрылуына байланысты бір-біріне жақын түрлерге жататын нағыз әр түрлі аймақтарда тіршілік ете алады. Идиоадаптация бұл тұқымдасқа ариалдың едәуір кеңеюін және түрдің санының артуын қамтамасыз етеді. Идиоадаптация нәтижесінде ұқсас жүйе топтары пайда болады.

Ароморфоз деп ағзаның құрылымдық ұйымдастыруының жалпы деңгейін арттыратын бірақ айналадағы ортаға бір жақты бейімделушілігінің маңызы жоқ оның құрылысы мен қызметінің эволюциялық қайта құруын айтады.

Ароморфоздың кең бейімделушілік маңызы бар және олар жаңа мекен ету ортаны игеруге зор мүмкіншілік береді.

Жұмыстың барысы:

1.Насекомдар коллекциясын анықтай отырып, олардың систематикасының топтарын анықтаңыз.

2.Систематикалық топтардағы насекомдардың сыртқы ортаға бейімделуінен пайда болған белгілерін анықтаңыз.

3.Олардың биологиялық маңызын көрсетіңіз.

4.Насекомдарда жүрген эволюцияның бағытын көрсетіңіз.

5.Зерттеу нәтижелерін кестеге толтырыңыз.

Систематикалық топ

Эволюция барысындағы бейімделгіштік

Олардың биологиялық маңызы

Эволюция барысы

Сұрақтарға жауап беріңдер

1.Насекомдарда қандай маңызды ароморфоздар жүреді?

2.Идиоадаптацияны насекомдарды мысалға ала отырып түсіндіріңіз.

Қорытынды:

1.Ароморфоз-ағзаның ұйымдастырылу деңгейін көтереді.

2.Идиоадаптация жалпы ұйымдастырылу деңгейіне әсер етпейтін жеке бейімделушілік.

7 Зертханалық жұмыс

Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктерде идиоадаптация мен араморфозды анықтау.

Жұмыстың мақсаты: Бейімделгіштік механизмін өсімдіктерді мысалға ала отырып түсіндіру. Барлық бейімделу процестері табиғи сұрыпталу нәтижесі екендігіне көз жеткізу.

Қажетті құрал-жабдықтар: Лупа, пинцет, препараттық ине, гербарийлер, атластар, кітаптар

  • кактустар

  • қараңғы сүйгіш өсімдіктер

  • сулы өсімдіктер

  • пиязшықты, тамыржемісті өсімдіктер

  • жануарлар жей алмайтын өсімдіктер

- ерте гүлдейтін өсімдіктер