Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
срс 3.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
21.05.2020
Размер:
40.49 Кб
Скачать

Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті

Кафедра: Тамақ және қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы

СӨЖ

Ұн тартатын зауыттардағы технохимиялық бақылаудың негізгі функциялары.

Орындаған: Амантай Г.

Тексерген: Леонидова Б. Л.

Астана 2018

Мазмұны

Бет

Кіріспе

3

1

2

3

4

Технохимилық бақылау міндеттері

Астықты қабылдаудағы технохимиялық бақылау

Астықты сақтаудағы технохимиялық бақылау 

Бидай ұнының ұндық қасиеті мен нан пісіру жақсарту жолдары

4

4

5

8

Қорытынды

11

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

12

Кіріспе

Бидай — негізгі азық-түліктік дақыл. Оның дәні, кебегі, сабаны құнарлы мал азығы, құрама жем өнеркәсібінің шикізаты. Бидай сұрыптаумен Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығына қарасты Қазақ егін шаруашылығы ғылыми-зерттеулер институты, Ботаника және фитоинтродукция институты, ҚазМУ, Қазақ мемлекеттік аграрлық университеті, аймақтық тәжірибе станциялары шұғылданады. Бидай зиянкестері мен аурулары оның өніміне үлкен шығын келтіреді, олардың зиянкестеріне гессен және швед шыбындары, дәннің сұр көбелегі, барылдауық қоңыз, астық қандаласы, бүргесі, биті, обыр шегірткелері, т.б. жатады. Аурулары: қаракүйе, тат, ақұнтақ, септориоз, тамыр шіруі, т.б. Оларды болдырмау үшін бидайды сепкенге дейін, өсіп тұрған кезінде және жинап алар алдында әр түрлі химиялық препараттар шашады. 

Бидайдан ұн, ұнтақ жармасын, «тритикале» және «булгур» жармасын жасайды. Ұнтақ жармасы – өзімізге белгілі «манная крупа». «Тритикале» – будандастырылған бидай мен қарабидайдан жасалған жарма. Ұннан нан, макарон, кондитерлік тағамдар өндіріледі. Кебектің қайнатпасы теріні жұмсартады. Бидайдың масағы флористикада гүл шоғырлары мен композицияларын безендіру үшін қолданылады.

Биіктігі 40 — 130 см, тамыр жүйесі — шашақты, тарамданған. Сабағы қуыс, жұмыр, жапырағы таспа тәрізді, сағағы сабағын орай орналасқан. Гүл шоғыры — күрделі масақ, оның қынабында 2 масақша қабыршағынан тұратын масақтар орналасқан, ал олардың аралығында 3 — 5 гүлдері болады. Масақтың пішіні ұршық тәрізді, түсі ақ, қызғылт, кейде қара, ішінде қылтанағы болады. Тұқымы — ұзына бойына тартылған сызаты бар, беті жылтыр дән. Масақ қылтығына, түсі мен масақша қабыршағының түк басуына, қылтықтары мен дәндерінің түсіне, т.б. байланысты бидайдың түрлері түршелерге бөлінеді, ал әрбір түрше сорттардан тұрады. Қазақстанда негізінен жұмсақ және қатты   бидай өсіріледі.

  1. Технохимилық бақылау міндеттері

Техно-химиялық бақылау бөлімінің1 /ТХББ/ міндеттері. Техно-химиялық бақылау бөлімінің астық сақтау және оны өңдеу мекемелерінің ең бір жауапты бөлімі. Мекеме жұмысының тиімділігі көбінесе осы бөлімнің жұмыс нәтижелеріне байланысты. Барлық технологиялық процесстерді ұйымдастыру Техно-химиялық бақылау бөлімінің жұмыс нәтижесіне негізделген.

Техно-химиялық бақылау бөлімі: мемлекетке тапсырылған және баска жаққа немесе мекемелерге босатылатын астықтың, одан алынған өнімдердің сапасын стандартарға және тұрақты /негізгі/ шектерю /нормаларға/ сәйкес тексереді;

- астықты жоспарға сәйкес камбаларға жайғастыруды;

- сақталып жатқан астықтың және басқа өнімдердің сақтау ретімін;

- астықты тазалау, кептірудің тиімділігін тексереді.

Аға технологпен бірге ұн тарту партияларан жасау, құрама жемнің рецептерін /үлестеріп/ ауыстыру т.б. процесстерді ұйымдастыруға қатынасады. Астықтан алынатын өнімдерді есептеп тауып, камбаларды қопару актісін жасайды.

Қап және басқа сиымдықтардың стандартты болуын, тесік болмауын тазалығын, оларға салынатын заттардың сапалы және салмағы дұрыс болуын, оларды босату уақытын т.б. тексереді.

Таразы және өлшеуіш кондырғылардың дәлдігін тексеріп, жаңа қондырғылар мен аспаптарды пайдалану және өнімдердің сапасын жоғарылатуға арналған технология ретімдерін енгізуге көмектеседі.

Мекемеде стандарттарды, тұрақты -технологиялық шарттарды жақсартуға қатынысып, олардың тиімділерін өндіріске енгізуге ат салысады.

Техно-химиялық бақылау бөлімінің астық өнімдерінің, құрама жемдердің және астық өндірісі қалдықтарының саласына жасалған қортындысы мекеменің барлық бөлімдерінің бәріне бірдей күші бар құжат.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]